
- •Мазмұны
- •Нормативтік сілтемелер
- •Анықтамалар
- •Қыздырғыш бу - ыстық жылу тасымалдаушы ретінде пайдаланылатын су буы.
- •Белгілеулер мен қысқартулар
- •1 Әдебиеттік шолу және патенттік ізденіс
- •2 Жылуылғалдылық өңдеу тәсілін және қондырғыны таңдауды негіздеу
- •3 Жылулық қондырғының конструкциясын және жұмыс істеуін қысқаша сипаттау
- •4 Жылулық қондырғының жұмыс істеу режимін таңдау
- •5 Бұйымдарды жылуылғалды өңдеу барысында жүретін физика-химиялық процесстер
- •6 Жұмыс камерасының негізгі өлшемдерін есептеу
- •7 Жылулық қондырғының санын есептеу
- •8 Жылулық балансты есептеу және жылутасымалдағыштың меншікті шығынын анықтау
- •10 Бу қазандығын таңдау
- •11 Қауіпсіз жұмыс істету, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша а
- •Қосымша б
4 Жылулық қондырғының жұмыс істеу режимін таңдау
Жылумен өңдеудің жалпы уақыты, бұйымды алдын – ала камерадан тыс ұстап алынатын болса, келесі периодтардан құралады:
қыздыру (τқыз.), сағат;
изотермалық ұстау (τиз.), сағат;
cуыту (τсуыту), сағат.
Жылумен өңдеудің жалпы ұзақтығы осы әр периодтардың ұзақтығының қосындысымен өрнектеледі:
сағат
(1)
мұнда:
-
қосымша уақыт, ол келесі процестердің
өтуіне кететін уақыттың қосындылары
бойынша шығады. Буды шығарған соң,
бұйымды суытуға кететін уақыт 0,5 сағат;
бұйымды арту мен қайтып шығаруға кететін
уақыт 0,5 сағат; қақпақты ашып жабуға
кететін уақыт 0,3 – 0,4 сағат[7].
Қабылданған жылулық өңдеу режиміне сәйкес барлық сатылардың өту мерзімі график түрінде көрсетіледі (2-сурет).
t, oC
174
20
τ, сағат0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Сурет 2. Жылулық өңдеу режимінің графигі
5 Бұйымдарды жылуылғалды өңдеу барысында жүретін физика-химиялық процесстер
Жылуылғалдылық өңдеу режимі негізгі үш сатыдан тұрады: температураны көтеру, изотермиялық ұстап тұру және температураны төмендету.
Жылумен өңдеу кезінде темірбетон бұйымдардың құрылымы бұзылмау үшін, бұйымның алғашқы құрылымдық беріктігі болуы керек. Бұдан басқа температураны жылдам көтеру бетондағы цемент тасының айналасындағы заттар тез қатып, реакцияның жылдамдығының төмендеп, цемент жеткілікті дәрежеде пайдалануы төмендейді. Сондықтан бұйымды қоршаған орта температурасында біраз ұстап тұру ең тиімді жолдың бірі болып табылады.
Темірбетон бұйымдарды жылуылғалды тәсілдерімен өңдеудің мәні – жылу тасымалдағыштың ылғалдылығы (95%-тен жоғары) және температурасы 60-1000С аралығында цементтің гидратация реакциясы өтеді, нәтижесінде, бұйымдар аз уақыт ішінде қалыптан алып тастауға, тасымалдап, монтаждауға қажет беріктігін қалыптастырады.
Темірбетон бұйымдарды жылуылғалды өңдеу кезінде цементтің гидратациялану процесі жүреді. Цемент гидратациясы кальций гидросиликаттары түзілетін күрделі процесс. Температура, қысым қатаятын жүйенің химиялық құрамы, сұйық және қатты фазалардың ара қатынасы гидратация кезіндегі химиялық реакциялардың жылдамдығы мен механизміне, кристаллгидраттардың құрамына үлкен әсерін тигізеді. Ал қатайған цемент тастарының физикалық техникалық қасиеттері кристаллгидраттардың саны мен түріне, кристалдардың формасы мен өлшеміне, кеуектердің саны мен өлшемдеріне байланысты. Гидратация процесі 3 сатыдан тұрады: бастапқы саты 1-3 сағат, этрингидттің түзілуі 24 сағат шамасында, минералдардың түзілуі[8].
Жылумен өңдегенде ауа бос күйінде бөлініп шығады. Сонда оның термиялық кеңею коэффициенті бетонның қатты құрамдарымен салыстырғанда 200-300 есе артық болады. Деструктивтік факторлар санатына қыздыру мерзіміндегі блоктың сыртқы және ішкі қабаттар аралығындағы температуралық градиентін, су булануын және де ылғалдың бұйымның ортасына қарай ығысуын жатқызуға болады. Температураны жайлап көтерерде, жақсы силикатты блок структурасын қалыптастыруға қолайлы жағдай тудырады. Бұйымдарды қатты, жабық қалыптарда қыздырғанда қыздыру жылдамдығының бұйымдар сапасына әсері едәуір азаяды. Себебі қалыптар температуралық деформацияның болуына кедергі келтіреді.
Бұйымдарды булауды әдетте бетон жобалық мықтылығының 50-70% кем емес беріктігін жинағанға дейін жүргізеді. Қазір силикатты блоктар зауыттарында булау ұзақтығы 80-100°С аралағында көпшілік жағдайда 8-15 сағат құрайды. Қажет болған жағдайда қысқартылған булау режимінде тезқатаюшы, мықтылығы жоғары портландцементті, азғана сушынымен қатты бетон араласпасын және төмен С/Ц және де қатаюды жеделдетушілерді қолдану есебінде бетонның интенсивті қатаюын қамтамасыз етуге болады.
Жылумен өңдеу соңына қарай температураны түсіру маңызды этаптардың бірі болып табылады. Бұйымды жылдам температураны түсіруден сақтау керек, бұл сатыда баяу әрі бір қалыпты бұйымның барлық қиылысы бойынша температураны төмендету керек. Бұйымды камерадан шығарудан алдынғы температурасы қоршаған орта температурасынан 40-450С аспауы қажет[9].