
43. Атмосферадалық ауадағы шаң тозаңды қалай анықтайды?
Ауадағы шаң құрамын бақылауды еңбек қауіпсіздік лабороториясы немесе санитарлы лабороториялы кәсіпорын жүргізеді. Ауадағы шаң концентрациясын анықтау процессі 2операциядан тұрады: ауадан шаңды сурыптау және атмосферадағы шаңның лабороториялы тұрғыда анықтау. Ауадағы шаңды сурыптау үшін келесі аппаратураны пайдаланады: шаң ұстағыш құрылғы арқылы ауаны сору, ауаны шығару индикаторы, шаң ұстаысғыш құрылғы (алланж, фильтр, шаң сурыптағыш түтік).
Шаң ұстағыш құрылғы арқылы ауаны сору құрылғысын келесі приборларда пайдаланады: 822 типті аспиратор, ВН-2 воздушный насос, Рихтер эжекторы.
Ауаны шығару индикаторы ретінде: РС-3 типті ротаметр 3-тен 20л/мин шкаласымен, сұйықтықты диафрагмалы реометр 3-5-тен 20-25л/мин шкаласымен, ГК-6 типті газды есептегіш.
Фильтрлеу әдісімен анықтау үшін келесі құрылғылар пайдаланылады: кәдімгі шаңды алланждар, шаңның аз концентрациясында – қағазды немесе мембранналы фильтрі орналасқан арнайы патрондар.
Арнайы орында ауадағы шаңды анықтау үшін үнемі шаңды ауа өтіп отыратын ашық аллонж пайдаланылады.
Желдеткіш ауа өткізгіште шаң ұстағыш құрылғысы, ауа өткізгіште емес орналасқан, шаңдалған ауада ішкі фильтрация әдісі пайдаланылады.
55. Қазақстан территориясының химиялық ластауны.
Қазақстан Республикасында химиялық заттардын өте қатты зиян келтіретін токсикалық әсері бар, ыдырауы өте жәй, берік органикалық ластану – әртүрлі химиялық заттар группасы болып табылады. У-дан айырмашылығы, арнайы бір органды бұзып, ішкі реттеу жүйесін бұзады. Тіпті аз мөлшердің өзінде ол заттар биологиялық функцияны бұзып, келесі ұрпаққа берілу қаупі бар.
Осы берік органикалық ластаушыларға: дихлордифенил-трихлорэтан C₁₄H₉Cl₅ , альдрин C12H8Cl6, дильдрин C12H8Cl6O, гексахлорбензол C6Cl6 , хлордан C10H6Cl8, гептохлор C10H5Cl7.
Олардың негізгі көздеріне келетін болсақ: А тізімінің қосылысы: бұлар қазір әлемде шығарылмайды әрі пйдалануға тыйым салынған, тек қана қосымша ретінде кәдеге жаратады.
В және С тізімінің қосындысы: пестицид ретінде шығарылады.
Диоксиндер,. Дифенилдер, дибензофурандар: қалдықтарды жағу, автокөліктер, цемент пештері, көмірлі мазутты құрғақ мұнай электрстанциялары, пластмасс шығару, әртүрлі химиялық зауыттар.
Сонымен қатар Қазақстандағы ауаны ластайтын химиялық заттар ретінде шойын мен болат өндірістерінен шығатын ауаны улы көміртек оксидімен (CO2), күкірт оксидімен (SO2), сутекті күкіртпен (H2S) ластаушылар қатарына жатады. Онымен қоймай химия өнеркәсібінен, мұнай өңдейтін зауыттардан шығатын зиянды қалдықтардың әсерінен де химиялық ластану кеңінен таралған. Химия өнеркәсібінде сан түрлі шикізат, неше түрлі химиялық қалдықтар шығып Қазақстанның химиялық ластануына әкеліп отыр. Бұл салада экологиялық проблемаларды шешу қиынға соғуда.
Газды, сұйық, қатты түрде тіршілік орталарына түсіп, негізгі заттар, атап өтсек, көміртек (C), күкірт, азот оксиді, көмірсутек, аммиак , Фенол (C6H6O), бензин, галит (NaCI), спирттер (С2HOH), фосфогипс (CaSO4*nH2O) ластайды.
Химия өнеркәсібіне байланысты шешімін таба алмай келе жатқан проблеманың бірі фосфор өндірісінің қалдықтары фосфогипс пен галит мәселесі болып отыр. Олар көп мөлшерде жиналып қалдықтар ретінде топырақты қышқылдандырады.
Сонымен қатар Қазақстан мұнай мен табиғи газға бай ел. Бірақ мұнаймен және мұнай өнімдерінің қалдықтарымен ластануы үлкен мәселеге айналып отыр. Мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға зиянды әсер тигізеді. Мұнай өңдейтін өндірістің кәсіпорындары атмосфераны көмірсутектпен, күкіртті оксид (SO2), көміртек оксидімен (CO2), азот оксидімен (NO2) ластайды. Кейбір кәсіпорынадарда көп мөлшерде суды қажет етеді, ал олардан шыққан ақаба суларда көп мөлшерде мұнай өнімдері, сульфат, хлорид, азот қосылыстары, фенол болғандықтан суаттар осы заттармен ластанады.