
- •7 Соөж. Сабақтың құрылымы, оның варианттары. Көпкешенді, проблемалық жағдай туындау. Қорытынды сабақ, кіріспе т.Б.
- •8 Сөж Оқыту формасына және әдістемесіне қарай жіктеу (н.П.Казанцев бойынша). Білім беру және оны игеру сипатына қарай сабақтың жіктелуі. Оқу матерниалын мазмұндау сипатына қарай сабақтың жіктелуі.
- •9 Соөж. Оқу материалдарын сұрыптау және өңдеу. Сабақ беру әдіс-тәсілдерін таңдау. Көрнекті құралдарды дайындау. Шығармашылық есептердің варианттарын дайындау. Мақсатқа байланысты үш түрлі нұсқа жайлы.
- •10 Соөж. Сабақтың қосымша бөліктеріне өңдеу жасау. Әдістемелерді (сұрақтар, тапсырмалар, мысалдар, безендірулер, слайдтар, компьютерлік әдістерді қолдану, тестік тапсырмалар) дайындау.
- •11 Соөж. Биология пәнінен проблемалық сабақ өткізу әдісі. Проблемалық оқытудың деңгейлері. Мәселені шешудің кезеңдері.
- •12 Соөж. Жаңашыл педагог ғалымдар мен мұғалімдердің оқыту жүйесіне шолу. Шаталовтың оқыту жүйесінің тиімді, тиімсіз жолдары. Биологияны оқытуды ұйымдастыру түрлері
- •13 Соөж. Үйірмелер ұйымдастырудың басты принциптері. Туған өлкесінің табиғатын зерттеу. Конференция, ғылыми кештер, рольдік ойындар өткізу ережелері.
- •12.2.Кластан тыс және сабақтан тыс өткізілетін сабақтар
- •14 Соөж. Дәстүрлі және дәстүрлі емес жазбаша бақылау әдісі мен білімін бағалау.
- •15 Соөж. Мұғалімнің еңбегін талдау. Авторлық білім беру бағдарламаларына талдау. Әртүрлі деңгейдегі мектеп оқушыларына сабақ өткізу.
12 Соөж. Жаңашыл педагог ғалымдар мен мұғалімдердің оқыту жүйесіне шолу. Шаталовтың оқыту жүйесінің тиімді, тиімсіз жолдары. Биологияны оқытуды ұйымдастыру түрлері
1.Сабақ - білім берудің негізгі түрі
2.Сабақ өткізуге қойылатын талаптар
3.Сабақтың жіктелуі
4.Сабақтың құрылымы
Қорытынды.
1.Сабақты өткізудің негізгі формалары.
Кейбір жағдайларда сабақ берудің формасын, сабақ оқытудың әдістерімен шатастырып айтады. Мысалы, экскурсия өткізуді,экскурциялық әдіс деп түсінеді. Шындығында сабақ өткізу, ұйымдастырушы процесс, ал әдістеме оқушыға білім беру деп ұққан жөн, айта кетейік, биологияны оқытудың басқа пәндерден айырмашылығы, оқытудың бір-екі түрін ғана қолданып қоймай, бірнеше сабақ өткізу кешені немесе жүйесінен тұрады.
Оқыту формасы жүйесіне мыналар жатады:
-сабақ
-экскурсия
-үй жұмысы
-сабақтан тыс жұмыс
-сабақтан тыс сабақ
-қоғамдық-пайдалы еңбек
Оның ішінде жоғарғы төртеуі міндетті түрде барлық оқушыға міндетті орындауды талап етсе, қалған үшеуі, мұғалімнің де, оқушыныңда өз еркіне байланысты.
Сонымен сабақ заңды түрде оқушыларға тәлім-тәрбие берудегі ең маңызды, негізгі оқытудың формасы.
Н. М. Верзилиннің пікірі бойынша “Сабақ – күн, оның айналасындағы басқа планеталар айналып сабақ берудің қалған формаларын қамтиды”.
М. И. Махмутовтың айтуынша “Сабақ оқытудың басты қозғалыс формасы, оқытушы мен оқушының мазмұнын, әдіс-тәсілін жоспарлап белгілі бір” кеңістікте-шектеулі уақыт шегінде жүретін формасы” десе, В. Ф. Шаталов “Сабақ – әрбір актердің театры, актерлік шеберлікті игеру оны жетілдіру, мәнерлеп сөйлеу (дауыс ырғағы) күші, іс-қимылы, көзқарасы, дер кезіндегі жауап реакциясы, ойлап табу”. Бірақта оқытушыға сабаққа дайындалу,оны сапалы жүргізу әртістің рөліне қарағанда күрделірек. Себебі актер кинода, спектакльде ойнауға дайын материалды берсе, актерге ұжымда көмектеседі. (жазушы, драматург, режиссер, оператор, ассистент т.б.). Ал мұғалім барлық алдына қойған мақсат, міндетін, оны іске асыруды тек өзі ғана орындайды. Одан бөлек оқушылардың тәлім – тәрбиесін бақылауы тиіс.
13 Соөж. Үйірмелер ұйымдастырудың басты принциптері. Туған өлкесінің табиғатын зерттеу. Конференция, ғылыми кештер, рольдік ойындар өткізу ережелері.
12.2.Кластан тыс және сабақтан тыс өткізілетін сабақтар
Оқушыларға білім және тәрбие беруде басты ролін атқаратын оқу процесінің формаларының бірі сабақтан тыс және кластан тыс жұмыстар болып саналады.
Сабақтан тыс жұмыстар биология кабинетінде, тірі табиғат аясында, табиғат аясында оқу-тәжірибе участогінде орындалады. Жұмыс тәжірибе, өсімдіктердің коллекцияларын, гербарийлерді бақылау арқылы жүргізіледі.
Әрбір оқушы жылына бір, екі жұмысты сабақтан тыс жағдайда орындау керек. Осы орындалған жұмысты ұстаз бағалап отырады.
Кластан тыс жүргізілетін жұмыстардың тапсырмалары өткен сабақтың тақырыптарына жақын, тіпті сәйкес келуі мүмкін. Үй жұмысы сияқты кластан тыс жұмыстарды оқушыларға алдын ала бірнеше мерзім ішінде орындауға беріледі. Мысалы, тәжірибе жұмысына екі ай уақыт, оттегінің бөлінуіне арналған тәжірибеге 3 күн, тамырдың қысымын зерттеуге екі күн, бегония өсімдігін жапырақтан өсіруге екі ай уақыт беріледі. Ал жануарлармен жүргізілетін тәжірибе жұмыстарға одан да көп уақыт беріледі.
Жазғы мектеп тәжірибе участогіндегі жұмыстарға бірнеше айлар кетуі мүмкін.
Кластан тыс жұмыстар да оқушылармен еркін түрде, өз қалаулары бойынша жүргізілетін сабақтың формасының бір түрі болып есептеледі. Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыруға үлкен әсерін тигізеді. Сондықтанда кластан тыс жұмыстардың білімдік маңызымен қатар оқушыларға тәрбиелік те ролі бар.
Биология пәнінен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың формалары алуан түрлі: топтасып жүргізілетін, жалпылама түрінде жүргізілетін жұмыс, жеке түрде жүргізілетін жұмыстар.
Топтасып өткізілетін жұмыстарға мыналар жатады: жас натуралистер үйірмесіндегі жүргізілетін жұмыс, биология кабинетінде «ассистенттік» жұмыс атқарып, оны жабдықтауға, безендіруге қатысу.
Оның ішіндегі жас натуралистер үйірмесінің алдына қойылатын мақсаты-биологияны қызығып оқитын талапкерлердің білімін тереңдету, олардың шеберлігін және әскерлігін арттыра отырып табиғаттың даму заңдылығына деген материалистік көзқарастарын дамыту.
Үйірме жұмысы бір жүйелі түрде өзінің жоспарланған бағдарламасы бойынша өз еркімен қызығып қатысушы оқушылардың белгілі бір тобымен жүргізіледі. Әрбір класта биология пәнінің салаларынан арнауы мынандай үйірмелерді ұйымдастыруға болады. 6 кластарға жас ботаниктер үйірмесі, 7-класта жас зоологтар үйірмесі, 8-9 кластарда жас физиологтар, 10-11 кластарда жас биологтар үйірмесін ұйымдастыруға болады. Әрине бұлардың барлығында жас натуралистер үйірмесі деп айтуға болады.