
- •Қаржылық менеджмент пәні, түсінігі.
- •Қаржылық менеджменттің функциялары және принциптері.
- •1. Қаржылық менджмент пәні, түсінігі
- •2. Қаржылық менджменттің функциялары және принциптері.
- •Тақырып 2. Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары және көрсеткіштері
- •Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары
- •Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері.
- •1. Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары
- •2. Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері
- •Тақырып 3. Тәуекел және табыстылық.
- •2.Портфель теориясы.
- •3. Тәуекелдерді бағалау әдістері
- •4. Инвестициялық портфельдің табыстылығы және тәуекелі
- •Тақырып 4. Активтер портфелін басқару
- •Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі .
- •Альтернатиті (Баламалық) теориялар.
- •Қаржылық актвитердің табыстылығын бағалау үлгісі.
- •2. Альтернатиті (Баламалық) теориялар.
- •2.Операциялық рычаг тиімділігінің түсінігі
- •3.Операциялық анализ элементтері
- •Тақырып 6. Қаржылық(тетік) рычаг тиімділігі
- •2. Капиталдың орта өлшенген құны
- •Капиталдың негізгі көздерінің құны
- •Капиталдың шекті құны
- •5.Капитал құрылымының негізгі теориялары
- •Тақырып 8. Дивидендтік саясатты басқару
- •2.Дивидендтік саясаттың негізгі көрсеткіштері және оның кәсіпорынның нарықтық құнына әсері
- •1 Акцияның таза табысы
- •Дивидендтерді төлеу үшін шектеулер, формалары және қайнар көздері
- •Дивидендтік төлемнің негізгі әдістемесінің сипаттамасы.
- •Тақырып 9: Инвестициялық жобаны талдау әдістері.
- •Инвестиция түсінігі, түрлері
- •4.Капитал салым бюджетінің оптимизациясы және қалыптасуы
- •Кәсіпорынның айналым капиталы ұғымы. Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрылымы.
- •2. Кәсіпорынның қаржылық эксплуатациялық қажеттілік ұғымы (қэқ). Оларды төмендету тәсілдері.
- •3. Ағымдық активтер мен ағымдық пассивтерді басқару.
- •5. Дебиторлық қарызды басқару.
- •6. Ақшалай активтерді басқару.
- •Әдебиеттер:
2.Портфель теориясы.
Портфель теориясы - бұл табысты бағалау және бағалы қағаздар портфелінің тәуекелін тиімді үлестіру арқылы жүзеге асыратын статистикалық әдіс шеңберіндегі қаржылық инвестициялар теориясы.
Уильям Шарп және Гарри Марковицтің инвестициялық портфель теориясы кең таралған болып саналады (Нобель сыйлығының лауреаттары).
Осы теорияда сипатталған негізгі принциптер:
Инвестициялардың тиімділігі активтер типі бойынша дұрыс үлестірілген қаражаттарға байланысты. Табыс анықталады:
94%-на қолданылатын инвестициялық құралдар түрлерін таңдау әсер етеді;
4%-на анықталған түрдегі нақты бағалы қағаздарды таңдау әсер етеді;
2%-на бағалы қағаздарды сатып алу кезіндегі бағалау әсер етеді.
Бағалы қағаздың бір түрі бойынша инвестициялардың тәуекелі күтілетін мәннен табыстың ауытқу мүмкіншілігімен анықталады;
Жалпы табыстылық және инвестициялық портфельдің тәуекелділігі оның құрылымының ауытқуымен өзгеруі мүмкін;
Инвестициялық портфельді құруда қолданатын барлық бағалаулар, ықтималдық сипатқа тән.
Инвестициялық портфель теориясында негізгі түсініктердің бірі «тиімді портфель» - бұл күтілетін табыстылықтың максималдылығын қамтамасыз ететін портфель.
«Оптималды портфель» тиімді портфельдер арасындағы барынша жоғары табысты портфель.
3. Тәуекелдерді бағалау әдістері
Тәуекелді есептеуге статистикалық, эксперттік, аралас (комбинирленген) әдістерді қолданамыз.
Статистикалық әдіс негізгі болып варияция, дисперсия және стандартты аутқулар есептеледі.
Вариация – бір жағдайдан екіншіге ауысу кезіндегі көлемді бағалар белгілерінің өзгеруін (толқуын) айтамыз. Мысалы: экономикалық рентабельділіктің жылдан жылға өзгеруі.
Варияция ауқымы- осы қатардағы нышандардың мәнінің арасындағы максималды және минималды айырмашылығы. Варияция дисперсия арқылы ( σ2), оның орташа мәнінен нақты мән белгілерін бөліп-бөліп беру өлшемімен бағаланады.
Дисперсия белгі мәнінің өзгеруінің орташа квадраты болып саналады. Мына формула бойынша есептеледі:
Стандарртты ауытқу (орташа квадраттық ауытқу) тарату ортасына қатысты орташа ауытқу мәніндегі өзгермелі белгіні көрсетеді, оның көлемі дисперсияның түбір астындағы квадратымен анықталады:
Вариация коэфиценті келесі формуламен есептеледі:
Корреляция көрсеткіші – қызметі түрлері арасындағы арақатнастарды есептеуге немесе экономикалық статистика өндірісінде қолданылады. Бұл белгілер арасындағы байланыс, басқаларының мәнінің өзгеруіне байланысты орташа көлем ұлғайуынан тұрады.
Оң және теріс коррелиацияны ажыратады.
Егер басқа белгі мәнімен бір бағытта тағы бір белгі мәні өзгерсе, онда олардың арасында оң коррелиация, ал егер әртүрлі бағытта өзгеретін болса онда теріс коррелиация боады.
Ковариация қызметі екі акцияның өзгеру денгейін өлшеу болып саналады. Акция ковариациясы екі акция арасындағы қарым-қатнасты анықтауға мүмкіндік береді. Ковариация корреляциясы p12-ге екі стандартты аутқуды көбейтумен көрсетіледі.
Cov=P12*σ1*σ2
P12-екі акция арасындағы корреляция.
Экспорттық әдіс- тәжірибелі мамандардың көзқарастарын талқылау.
Қолайлы әдіске комбинирленген әдісті алуға болады, яғни статистикалық және эксперттік әдістердің жиынтығы.