Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ книга2009каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
637.44 Кб
Скачать

Тақырып 3. Тәуекел және табыстылық.

  1. Тәуекел түрлері және түсінігі

  2. Портфель теориясы.

  3. Тәуекелді бағалау әдістері.

  4. Табыстылық және инвестициялық портфель тәуекелі.

  1. Тәуекел түрлері және түсінігі

Экономикалық сипаттағы шешімді қабылдау келесідей 4 жағдайдың біріндеде жүзеге асырылуы мүмкін:

  • анықтылық шартында;

  • тәуекел шартында;

  • белгісіздік шартында;

  • келіспеушілік, дауласу шарттарында.

Экономикада тәуекелсіз операция болмайтындықтан, екінші жағдай кең таралған болып саналады.

Тәуекел – бұл қажетсіз жағдайдың орындалу мүмкіндігі.

Тәуекел – болжау нұсқасымен салыстырғанда шығынға ұшырау мүмкіндігі немесе табыс алмауы. Тәуекелдердің 10 шақты түрі бар: инвестициялық, валюталық, өндірістік, экологиялық және тағы басқа.

Қаржылық активтермен операция тәуекелді болып саналады. Қаржылық активтерге келесі тәуекел интерпретациясы мен оның шаралары қолданылады: активтердің тәуекелділігі табыстың вариабельділік деңгейімен сипатталады, оны активтерді иелене отырып ала аламыз. Тәуекелі төменірек болып мемлекеттік бағалы қағаздар саналады, себебі табыс варияциясы нольге тең. Кез - келген компанияның қарапайым аециялары тәуекелді актив. Себебі олардан табыс сезілетіндей өзгеріп отырады. Қаржылық активтер операциясының қорытындысы «табыс» және «табыстылық» терминімен есептеледі.

Табыс құрамы дивиденд алу және актив құнының өзгеруінен түсетін табыстан тұрады.

Активтің алғашқы құнынан % есептелген табыс «осы актив табыстылығы немесе пайда нормасы» деп аталады. Пайда – жоғары көрсеткіш, оны кеңістікте және уақытта есептеуге болады.

Табыстылық - көрсеткіш қатынасы және оны жаңағыдай есептеуге болмайды. Актив табыстылығы пайызбен өлшенеді.

Бағалы қағаздар нарығында әділ баға тәуекел сыйақысы механизмі түрінде тәуекелсіз табыстылықта анықталады. Пайда табу мақсатымен заңды және жеке тұлғалармен сатылып алынған нарықтық бағалы қағаздар жиынтығын көрсететін, кез-келген инвестор тәуекелді азайту үшін бір ғана бағалы қағазға емес, инвестициялық портфель ұйымдастырады. Инвестициялық портфель арқасында көп пайда табуға болмайды, бірақ бір жағынан көп ұтылуға болмайды.

Инвестициялық портфельдің түрлі мақсаттары бар: мысалы мақсатты критерий бойынша табысты максималдау немесе тәуекелді минималдау.

Ең көп тараған мақсатты құрылым: портфельде «табыстылық/тәуекел» комбинациясын мәнін алу туралы бағалы қағаздар болады.

Бір ғана бағалы қағаз бөлек көрсетілген немесе портфельдің құрамындағы секілді. Оның тәуекелі әртүрлі сипатталады. Егер бағалы қағаздар бөлектеніп тұрса, портфель құрамындағы қаржылық актив тәуекелі төменірек. Актив тәуекелділік сипаттамасы инвестициялық портфель контексінде жалпы және нарықтық тәуекелдер көмегімен орындалады.

Жалпы тәуекел осы активтің салыстырмалы күтілетін табыстылығы мүмкінді шығындардың дисперсиясымен өлшенеді және бөлік қарастырылады, нақты бір қаржылық активке жатады.

Нарықтық тәуекел жалпы портфель тәуекелінде берілген активтің тәуекел үлесін құрайды және инвестициялық портфельдің бір бөлігі ретінде қарастырылатын нақты қаржылық активке жатады.

Портфельдің күтілетін табыстылығы оның компоненттерінің күтілетін табыстылығының орташа өлшенгенін көрсетеді (=табыстылық*үлесі). Портфель тәуекелінің және оның құрамындағы бағалы қағаздардың тәуекел көрсеткіштері, тәуекел өлшемінің сызықтық еместігі мұндай қатынасқа байланысы болмайды.

Жалпы портфель тәуекелі өзінде диверсификацияланатын (жүйелік емес) тәуекел және диверсификацияланбайтын (жүйелік немесе нарықтық) қосады.

Диверфикацияланатын тәуекелді-портфельді (диверсификациялау) әртараптандыру арқылы (тәуекелді тарату) шешуге болады.

Диверфикцияланбайтын тәуекел- портфельді диверсификациялау арқылы құртуға (төмендетуге) болмайды. Диверфикациялық тәуекелді 10-20 таңдаулы бағалы ққағаздарды қоса отырып, төмендетуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]