
- •1. Жалпы Банк құрылымы мен оның бөлімдерімен танысу
- •1.2 «Қазақстан Халық Банкі» ақ Астаналық облыстық филиал.
- •2 «Қазақстан Халық Банкі» ақ негізгі қаржылық көрсеткіштері.
- •2.1 Банктің 2006 жыл бойынша қызметін талдау
- •2006 Жыл бойынша қаржылық қызметі
- •2.2 Банктің 2007 жыл бойынша қызметін талдау
- •2.3 Банктің 2008 жыл бойынша қызметін талдау
- •3. Банктің ұйымдық құрылымы
- •3.1 Кассалық есеп айырысу бөлімінде тәжірибе
- •Коммуналдық және басқа қызметтер үшін төлемдер
- •2. Бюджеттік төлемдер
- •3. Зейнетақылық төлемдер
- •4. Бюджетке әлеуметтік төлемдерді аудару
- •3.2 Несие менеджерлер бөлімінде тәжірибе
- •3.3 Жеке қызмет көрсету орталығында тәжірибе
- •3.4 Орта және шағын бизнесті несиелеу бөлімінде тәжірибе
- •3.5 Заң бөлімінде тәжірибие
- •2006 Жылдың қорытынды негізгі қаржылық көрсеткіштер:
- •2007 Жыл бойынша қорытынды негізгі қаржылық көрсеткіштер:
- •2008 Жыл бойынша қорытнды қаржылық көрсеткіштер:
КІРІСПЕ
Осы есепте «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ның толықтай немесе оның филиалдарының қызметінің негізгі принциптері көрсетілген.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қызметінің жалпы мінездемесі, акционерлері, басшылары туралы айқындалған. Сонымен қатар банк филиалдарының қызметі, негізгі ережелері, ұйымдық құрылымы, әрбір бөлімнің жұмыс принциптері бейнеленген. Филиал өзінің қызметі барысында Қазақстан Республикасының заңымен, банктің ішкі құжаттарымен, банктің жарғысымен, басқарма шешімдерімен және филиал бойынша ережемен реттелінеді. Филиалдың негізгі өндірістік қызметі келесі негізгі бөлімдермен жүзеге асырылады: шағын және орта бизнеске сату, бөлшек сауда , операциялық қызмет заңды және жеке тұлғаларды, влютаны қадағалау секторы, дербес қызмет көрсету орталығы, кассалық есеп айырысу бөлмдері және тағы басқа.
Есептің екінші бөлімінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның соңғы үш жылдағы жағдайына талдау көрініс тапты. Талдауда банктің капитал қозғалысы, негізгі кірісі мен шығысы көрініс тапқан. Банктің жағдайына талдау жасауға ақпарат негізінде бухгалтерлік баланс, табыс және шығыс есебі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, капитал қозғалысы және тағы да басқа құжаттар.
Ары қарай әрбір банктік бөлімшенің қызметі, принциптері, құрылымы, атқаратын міндеттері, құқықтары көрсетілген.
Есептің соныңда банктің жарғысы, қосымша құжаттар, несиелік келісім шарт, салым келісім шарттары көшірмелері, бухгалтерлік баланс, табыс және шығыс есебі, банктің ішкі құжаттары қосылған.
Осы жұмыстың теориялық және практикалық негізі ретінде, экономистердің еліміздегі мәселелерді зерттеген материалдары, Қазақстандық коммерциялық банктердің жұмысын талдау барысында алынған материалдар, статистикалық материалдар және мерзімдік басылымдардың мәліметтері табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
коммерциялық банктің даму тарихымен танысу;
коммерциялық банктің ұйымдастырылуы мен қызметімен танысу;
коммерциялық банктің операцияларының құрамын талдау;
Зерттеу пәні коммерциялық банктің сырттан тартылған ресурстарының саясаты және оның қалыптасуы мен жүзеге асырылу үрдісіндегі экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастары болып табылады.
Зерттеу объектісі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 2006-2008 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметін талдау.
Жалпы алатын болсақ менің білім мекемесінде алған теориялық білімімді практикамен ұштастыру негізгі мақсатым болды. Яғни тәжірибе өту барысында банктің қаржылық жағдайын талдау, оның құрылымы, әрбір бөлімнің негізгі мінездемесін, банктің соңғы 3 жылға оның қызметі жайлы қорытынды жасап, оны растайтын құжаттарды дайындау болып табылды.
1. Жалпы Банк құрылымы мен оның бөлімдерімен танысу
1.1 «Қазақстан Халық банкі» АҚ ның жалпы мінездемесімен танысу Биыл Қазақстан Халық Банкінің құрылғанына 86 жыл. Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған. Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды. Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды. Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі – натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды. 1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті. Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы,1986 ж.).
60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады. Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды. 1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды.
Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.
1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді. 2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.
Халық Банкінің бүгінгі тарихы – бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы демеушілік және қайырымдылық қызмет Халық банкі қоғам дамуы және әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде белсенді ат салысып, жауапты корпоративтік азамат болуға тырысады. Банк құндылықтарының бірі (қызметкерлерінің алдында болсын, жалпы қоғам алдында болсын) әлеуметтік жауапкершілік болып табылады.
Халық банкі 2008 жылы демеушілік көмек және қайырымдылық көрсетудің бекітілген бағдарламасына сәйкес басты үш бағыт: компьютерге оқыту, спорт және жоғары білім бойынша жобаларды іске асыруын жалғастырды.
2009 жылы «Балаларға арналған халық технологиялары» бағдарламасы аясында қамқорлыққа алынған балалар мекемелерін компьютерлік техникамен жабдықтау жалғастырылды. Бүкіл республика бойынша балаларды компьютерлік дағдыларға үйрету жобасына қамқорлыққа алынған 18 балалар үйі және мектеп-интернат қатысты. Мұнда техникалық жабдықталған оқу орталықтары ашылды, осы орталықтарда жұмыс істеу үшін 18 жаттықтырушы дайындықтан өтті, 2 деңгейлі әдіс бойынша 12-15 жастағы 982 оқушы оқытылды.
Банк бес жыл бойы белсенді баскетбол қозғалысын құру бойынша «Халық Лигасы» әлеуметтік жобасын қаржыландырып келеді. Бұл жобаның басты мақсаты жас қазақстандықтар арасында салауатты спортшыл ұрпақты тәрбиелеу, қамқорлыққа алынған балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілері арасында салауатты өмір салтын және бос уақытты қызықты пайдалануды насихаттау болып табылады. Жоба аясында балалар мекемелерін спорттық құрал-саймандармен жабдықтау, жаттықтырушылар құрамын іріктеу және оларға еңбекақы төлеу шаралары жүргізілді. «Халық лигасының» қатысушылары Қазақстанның 16 облысынан келген 1992-1996 жылғы ұл балалар болды. Бүкіл оқу жылы бойы жоба қатысушылары баскетбол бойынша кәсіпқой жаттықтырушылардың жетекшілік етуімен жаттығу мүмкіндігіне ие болды, осы жаттығулардың нәтижесі жыл сайын мамыр айында өткізілетін «Сенім Кубогы» («Кубок Надежды») турнирі болып табылады. Бесінші Республикалық «Сенім Кубогы 2009» турнирі «Сосновый бор» шипажайында өткізілді. Банк «Халық лигасы» жобасына 2009 жылы 24 млн. теңгеден астам қаржы жұмсады.
2009 жылы «Халық студенттері» бағдарламасы бойынша стипендиаттардың екінші терімі жасалды, олар қамқорлыққа алынған балалар мекемелерінің 29 тәрбиленушісі болды. Бағдарлама банк қамқорлығындағы балалар мекемелерінің үздік бітірушілері үшін еліміздің экономикалық жоғары оқу орындарында білім ақысын төлеуді және оларға Қожахан Әбенов атындағы стипендияларды беруді қарастырады. Кейіннен стипендиаттар практиканы банкте өтіп, перспективалы резерв деректерінің базасына автоматты түрде енгізіледі. Қазіргі таңда жобаның 29 қатысушысына Қ. Әбенов атындағы стипендия төленеді.
Әлеуметтік «Жеңіс марафоны» жобасы аясында Жеңіс күніне байланысты акция өткізіліп, негізгі ардагерлер ұйымдарына көмек көрсетілді.
2008 жылы Банк «Халық лигасы» жобасы аясында 3 556 700 теңге сомасына спорт саймандарын (баскетбол ойынына киетін аяқ киімдер, доптар, торлар, ысқырықтар, шұлықтар) алып, 16 балалар үйі мен мектеп-интернатқа жіберді.
«Халық лигасы» жобасы аясында баскетбол ойынының жаттықтырушыларына 2009 жылғы қаңтар-мамыр айлары үшін 2 527 785 теңге мөлшерінде еңбекақы төленді.
«Халық лигасы» жобасы аясында қамқорлыққа алынған 16 балалар үйі мен мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері арасында «Сосновый бор» шипажайында бесінші республикалық «Сенім Кубогы 2009» турнирі ұйымдастырылып, өткізілді.
Сегізінші Евразиялық Медиа Форумға 300 000 теңге мөлшерінде көмек көрсетілді.
Алматы қаласындағы тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған №2 Арнаулы мектеп-интернатқа көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Банк басшылығы мен қызметкерлерінің күшімен 431 500 (төрт жүз отыз бір мың бес жүз) теңге жиналды, сондай-ақ Банктің демеушілік бюджетіндегі қаражаттан 113 000 (жүз он үші мың) теңге пайдаланылды. Жиналған қаражатқа қазіргі заманғы талаптарға сай 7 тренажер (2 степпер, 2 велотренажер, жүгіру жолағы, эллиптикалық тренажер мен Cardio Cruiser тренажері) және балалардың денелерін шынықтыруға арналған спорттық құрал-саймандар (жүзуге арналған тақтайшалар, жарғақ аяқтар, бассейндегі жаттығуларға доптар, жүзуге арналған жилеттер, бадминтон мен үстел теннисінің керек-жарақтары) сатып алынды.
Сакина Миришлиге көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Жарнама және жұртшылықпен байланыс басқармасына 133 500 теңге өткізілді, жиналған қаржы Эмина Миришлидің деректемелеріне аударылды.
Банктің қызметкері Әбдіқасымова Жәмиләнің ұлына көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қаржыны аудару үшін Ж. Әбдіқасымованың карт-шоты көрсетілді.
1 маусымға - Халықаралық балаларды қорғау күніне қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
9. Алматы қаласындағы перинаталдық орталық үшін 9750 Евроға тыныс алуға арналған 1 аппаратты сатып алу үшін «Аяла» қайырымдылық қорына демеушілік көмек көрсетілді.
10. Шаңырақ шағын ауданында тасқын су апатынан зардап шеккен 1 үйдің құрылысына 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Кесте №1 2009 жылдың 30 қыркүйектегі және 2008 жылдың 30 қыркүйектегі жағдай бойынша группаның негізгі акционерлері болып , яғни олардың үлесі жалпы шығарылған капиталдың 5% нан жоғары болып табылатындар:
|
2009 жылдың 30 қыркүйек |
2008 жылдың 30 қыркүйек |
||
Шығарылған акциялардағы үлесі |
Дауыс беруші акциядағы үлесі |
Шығарылған акциялардағы үлесі |
Дауыс беруші акциядағы үлесі |
|
Тимур Кулибаев және Динара Кулибаева |
41.25% |
68.12% |
62.09% |
93.33% |
Самрук-Казына |
27.88% |
26.20% |
- |
- |
Басқа да 5% акция иеленетіндер |
30.87% |
5.68% |
37.91% |
6.67% |
Жалпы |
100.00% |
100.00% |
100.00% |
100.00% |
2009 жылдың 30 қыркүйекте банк өз қызметін Қазақстанда орналасқан Алматыдағы бас офис арқылы және 22 облыстық филиал, 125 аудандық филиал, 478 есеп айырысу орталықтары (2008ж 31 желтоқсанда -22,125,467 болған еді). Тіркелген бас офис ул. Розыбакиева 97, Алматы, 050046, Қазақстан Республикасында орналасқан.
Диаграмма №1 «Қазақстан Халық Банк» АҚ акционерлері
Жалпы осы диаграммада «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ның негізгі акционерлері бейнеленген. Яғни онда Негізгі басым акцияларды Тимур мен Динара Кулибаевтардың еңшісінде. Яғни 41,25% ды құрайды. Ал 27,88% ын «Самрұқ-Қазына» еншісігде. Ал Қалған бөлігі яғни 30,87 % ұсақ акционерлерге бөлінген. Яғни олардың еңшісінде 5% дан аспайтын мөлшерлерді иеленеді.
Кесте №2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ның акция түрлері
KASE дегі бағалы қағаз коды |
Бағалы қағаздың мемлекеттік идентификациялық номірі |
Акция түрі |
Шығарылым валютасы |
Шығарылған акция данасы |
NRBN |
KZ1C33870011 |
Жай акция |
KZT |
1,129,016,660 |
NRBNp6 |
KZ1P33870117
|
Артықшылығы бар акция |
KZT |
24,742,000 |
NRBNо7 |
KZ1P33870216
|
Жай акцияға конвертирленетін артықшылығы бар акция |
KZT |
80.225.222
|
– Жай акциялар (НИН – KZ1C33870011);
– Артықшылығы бар акциялар (НИН – KZ1P33870117);
– Жай акцияларға конвертирленетін артықшылығы бар акциялар
(НИН – KZ1C33870216);
– Бірінші облигация шығарылым жобасымен
екінші облигация 5.000.000.000 (НИН – KZPC2Y06B192),
үшінші 4.500.000.000 теңге (НИН – KZ2CKY06A760),
төртінші 4.000.000.000 теңге (НИН – KZPC4Y10B190),
бесінші 4.000.000.000 теңге (НИН – KZPC5Y10B197),
алтыншы 3.000.000.000 теңге (НИН – KZPC6Y10B195)
және жетінші 5.000.000.000 теңге (НИН – KZPC7Y10B193) шығарылымдар.
Басшылық
Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесінің Төрағасы
Павлов Александр Сергеевич
Директорлар кеңесінің мүшелері
Шаяхметова Үміт Болатханқызы
Арыстанбекова Камиля Валерьевна
Сатылғанов Қайрат Алпамысұлы
Елемесов Асқар Раушанұлы
Кристоф Рель
Фрэнк Кайларс
Басқарма
Басқарма Төрайымы
Шаяхметова Үміт Болатханқызы
Басқарма мүшелері
Абдулина Нәйла Құрманбекқызы
Қарабаев Дәурен Сапаралыұлы
Кішкімбаева Сәуле Бахыткерейқызы
Сатыбалдин Марат Сағындықұлы
Смағұлов Асқар Сағидоллаұлы
Өскімбаев Қожамұрат Беиісұл
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының ең үлкен банктерінің бірі болып табылады. Қазақстан қор биржасындағы «А» листигіне қосылған. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ үлесіне Қазақстан халқының салымының 50 % және 15 миллион заңды және жеке тұлғалардың шоттары ашылған. 10,5 мың астам жұмыспен қамтылған. 1200 ден астам құрылымдық бөлімшелері бар.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
ТМД Жинақ Банктер ассоциациясының мүшесі
Қазақстан Республикасының Банктері ассоциациясының мүшесі
Әлемдік Жинақ Банктер Институты мүшесі
S.W.I.F.T. халықаралық төлем жүйесінің қатысушысы
Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығының үлкен төлемдер жүйесіне қатысушысы
1999жылдан бастап MONEYGRAM халықаралық төлем жүйесімен жұмыс істейді.
Жеке тұлғалардың салымдарын қамтамасыз ету қорының қатысушысы.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ тұтынушылары:
■ Мемлекеттік басқару аппараты
■ ННК «КАЗАХОЙЛ»
■ ААҚ «УЗЕНМУНАЙГАЗ»
■ ЖАҚ НКТН «КАЗТРАНСОЙЛ»
■ «ШЕВРОН МУНАЙ ГАЗ» корпорациясы
■ «ДРЕССЕР СЕРВИСЕЗ» корпорациясы
■ «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы
■ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»
■ ААҚ «Галахер Қазақстан»
■ ААҚ «ҚазақТелеКом»
Филиал өзінің мөрі, штампы, және фирмалық бланктері бар. Бас банк бекіткен негізде және мерзімде бас банкке есебін беріп отырады. Филиал банктік және басқа да операцияларды ақылы негізде жүргізеді.
Банктің ресурстары мыналардың негізінде құрылады:
- банке берілетін қаражаттар негізінде;
- тұтынушы қаражаттар негізінде, ағымдағы шотқа салған ақшалар;
- Заңды және жеке тұлғалардың салған салымдары және басқа да.