
- •1. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні.
- •2. Тауар, баға, құн категориялармен ақшаның байланысы.
- •3. Ақшаның қызметтері, оның екрекшеліктері.
- •4. Ақша түрлері, оның ерекшеліктері.
- •5. Ақша айналымы, оның құрылымы.
- •6. Қолма-қол ақша айналымы.
- •7. Қолма-қолмыз ақша айналымы. Негізгі формалары, принциптері.
- •8. Ақша массасы және ақша агрераты.
- •9. Ақшаның теориясы: металлистік, номиналистік, санық.
- •10. Ақшаның айналымдық заңы.
- •11. Ақша жүйесінің түсінігі, оның элементтері, ақша жүйесін ұйымдастыру принциптері.
- •12. Ақша жүйелерінің типтері.
- •13. Биметаллизм және монометаллизм.
- •28.Қр ұб Ұйымдастыру құрылымы және құқықтық статусы.
- •29.Қр ұб Басқару органдары
- •30. Қр ұб міндеттері және мақсаты.
- •31.Ақша-несие саясаттың теориялық негізі.
- •32.Қр ұб қызметін жетілдірудегі инфляцияның тоқтату мәні.
- •34.Қр ұб ақша-кредиттік саясаттың құралдары.
- •36.Коммерциялық банктердің қызметтері.
- •39. Қр лизингтік операциялардың дамуы.
- •40.Факторингтік операциялары , оның банк қызметің жетілдіру жолындағы мәні.
- •41.Трасталық операциялар , оның ерекшеліктері
- •42. Валюталық қатынастар және валюталық жүйе : түсінігі және элементтері
- •44. Кредиттік жүйе түсінігі, негізгі элементтері
- •49. Казіргі жағдайдағы қр банк жүйесінің даму тенденциясы(әлемдік қаржылық дағдарыстын шартттары).
- •51. 2008-2009 Жж. Қр ұб ақша-несие саясаттың негізгі бағыттары
- •1. 2007 Жылғы макроэкономикалық даму өлшемдері
- •1.1. Әлемдік қаржы және тауар нарықтарының дамуы
- •1.2. Қазақстан Республикасының төлем балансы және теңгенің айырбас бағамы
- •1.3. Макроэкономикалық және қаржылық көрсеткіштер
- •2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2007 жылға арналған Ақша-кредит саясаты
- •2.1. Инфляция бойынша қол жеткен мақсатты бағалау
- •2.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығын ұстап тұру жөніндегі шаралары
- •2.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары
- •3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2008-2009 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының мақсаты және басымдықтары
- •3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініңбасымдықтары
- •3.2. Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының сценарийлік нұсқалары
- •4. Ақша-кредит саясатының 2008 жылға арналған шаралары.
- •2008-2009 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •2008-2010 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •54. Халықаралық Валюталық Қордың ұр Ұлттық Банктің қызметіндегі мәні
- •55. Қр экспорттық және импорттық операциялардың банктік несиелеудегі механизмі
- •Экспортерге немесе импортерге берілетін несиелерді сақтандыру
- •56. Валюталық курстың тұрақтылығын қамтамасыз ету ұб
- •57. Дүниежүзілік банктің мақсаты және міндеттері, ұйымдастыру құрылымы
- •58. Валюталық жүйелерді ұйымдастыру формалары: ұлттық, халықаралық, аймақтық. Аймақтық валюталық жүйелердің даму жолдары.
- •59. Төлем және ақша құралдардың түрлері
- •2008 Жылдың IV тоқсандағы төлем құралдарына қатысты төлемдер бойынша мәліметтер
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •60. Халықаралық есептеудің валютадағы тәртібі
- •61. Ислам даму банкі және оның қызметінің ерекшеліктері
- •62. Қазақстан Республикасының ұлттық валютаның айырбастау курсының саясаты
30. Қр ұб міндеттері және мақсаты.
ҚР-сы ҰБ-нің басты міндеті- ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі;
ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу;
ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
банктік қызметті ретейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз беруші мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы мынадай көздерден құрылады:
меншікті қаражат есебіне;
басқа банктерден таратылған және Ұлттық банкте шарты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан
арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.
31.Ақша-несие саясаттың теориялық негізі.
Қазақстан Ұлттық банкімемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басы мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша саясатын, несие көлемін,сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк арапынан ретеу объектісіне экономикадағы қлма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
Экспанциондық ақша-несие саясаты;
Рестрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі бактердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты –несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
32.Қр ұб қызметін жетілдірудегі инфляцияның тоқтату мәні.
Инфляцияны төмендету жолдарының бір шаралары бұл бюджет шығыстарын шектеу. Жалпы бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:
Тура әдістермен шектеу, яғни заңнамалық актілермен немесе мемлекеттік органдардың өкілі арқылы қол жеткізген деңгейде салыстырмалы түрде оларды мәжбүрлеу;
Секрестрлеу әдәсәмен, барлық шығындарды әр түрлі факторлапмен анықталатын төмендетудің жалпы мөлшеріне сәйкес пропорционалды төмендетумен;
Қолдағы кірістерді бақылаумен;
Мемлекеттік бюджет тапшылығы деңгейін шектеумен.
Инфляцияны жою мына әдістер арқылы жүзеге асырылады:
жалақы көлемін төмендету;
шикізат және энегетикалық ресурстардың бастапқы өніміне бағаны тұрақтандыру;
- шаруашылық механизмін қатаң қадағалау.
ҚР-ның статистика агенттерінің мәліметтеріне сәйкес инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2007ж 101,6% құрады. Қазақстанда инфляциямен күресу ақша-несие саясатының басты мақсаты. Шетелдік бұдан бері қолдаданылған ұсыныстарға сәйкес валюта саясатынбасқарылатын ырықтандыру есебінен инфляция өсуінің келенсіз салдарын барынша төмендету мақсатында нақты айырбас бағасының қажетті тиімділігін қамтамасыз ету керек. Егер экономикадв үрдістің қызып кету жағдайы тындаса, мұнда экономикада СТАГ нация тәуекелі пайда болды. Ол кәсіпорындардың және тұрғындардың табыстарын шектейді, экономиканың өсу қарқының тоқтатады. Инфляцияны алдын алуға экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету ең маңызды шарт болып табылады. Осыған байланысты ҰБ бағалардың тұрақтылығы шартын қабылдаған. Оған мынадай факторлар әсер етеді:
ішкі экономикалық қолайлы шарттар;
елдегі макроэкономикалық тұрақтылық;
экономикалық өсудің тиянақтылығы.
33.ҚР-ның ҰБ-тін қызметіндегі инфляциялық таргеттеудің принциптерінің манызы.
Қазақстан экономикасының тенденциясы жақсаруына байланысты ҚР-ң ҰБ жаңа ақша жүйесіне көшуге рұқсат береді. Ол инфляцияның таргетингтеу болып табылады.
Таргетинг (ағылшын мақсат қою, мақсат бағыты, мақсаттылық).
ҰБ-ң инфляциялық таргетингтеу әдісіне сәйкес SWOT анализдің инфляциялық таргетингке көшуі негізгі 4 бөліктен тұрады:
1.күшті жақтары;
2.әлсіз жақтары;
3.мүмкін болу жағдайлары;
4.қысым көрсету жағдайлары.
Күшті жақтарына макроэкономикалық көрсеткіштер ҚР-да Кеңес елдері деңгейінен алдағы орынды алуда (экономикалық өсу қарқының шоғырлануы, инфляцияның тұрақтылығы, ұлттық валюта бағамының тұрақтылығы, халық жағдайының жақсаруы, инфляцияның құйылуы).2004ж бастап барлық бақыланатын және басқарылатын қаржы қорының қызметін ҚР-ң қаржылық бақылау агенттігі жүзеге асырады, ал ҰБ-ң басты мақсаты тұрақты бағаны орнату және төмендегі тапсырмаларды орындау:
мемлекеттегі ақша-несие саясатының жұмыс істуі;
төлем балансының теңгерілімдігін арттыру.
ҚР-ң Ұлттық қоры мынадай мақсатта құрылған, яғни шикізат салаларынан түсетін кірістің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Экономикада мезгілсіз жағдайлардан туындайтын резервтік активтер және де ҰБ-ке ауыспалы валюталық курстан кетуге мүмкіндік береді. ТМД жүйесінде Қазақстанның қаржы секторы өзінің дамуындағы жаңа және сапалы этапта екені белгілі. Қазақстанның қаржы секторы барлық қаржылық ұйымдарды қамтиды. Қазақстанның халықаралық стандарттарға көшуі капиталдарды банктік интеграциялық қаржы нарығында және сол сияқты Қазақстанның интеграциялы әлемдік экономика аумағында қарқынды дамуда.
Әлсіз жақтары – Қазақстан экономикасының шикізат саласына бағытталуы. Экспорттық валюта көлемінің шикізат ресурсына деген әлемдік бағадан шығуы. Бұл елдің төлем балансы мен ұлттық валюта курсына әсер етеді. Портфельдік бағалы қағаздар нарығының жетіспеушілігі ҰБ-ң ашық экономикадағы үлкен маштабтағы операцияларын орындауға мүмкіндік бермейді. Себебі осы операциялардан инфляциялық таргетингтеудің жоғары деңгейде болуында.
Мүмкін болу жағдайлар – Қазақстанның 2015ж/ға дейінгі индустриалды иновациялық даму стратегиясын қабылдау және Қазақстан экономикасының қарқынды даму процесі (технологиялық) экономика дамуында қарама-қарсы тұжырым жасауға әкеледі. Қазіргі кездегі мемлекеттік қаржы жүйесіндегі ең белсенді – бұл бюджеттік - несие саясаты.
Қысым болу жағдайлары – Қазақстан экономикасының дамуы әлемдік мұнай бағасының теңгерілімдігіне тікелей байланысты. Осыдан келіп экспорттық шикізат көлемінің алмастыру курсының ауыспалығы нәтижесінде біздің валютамыз үлкен проблемаға ұшырауы мүмкін. Яғни, бұл процестің ең соңында галандтвқ ауру (Голандская болезнь) және де көрші елдердің экономикасының тұрақсыздығының әсерінен біздің еліміздің жалпы экономикасы тұрақсыздыққа ұшырауы мүмкін.