
- •1. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні.
- •2. Тауар, баға, құн категориялармен ақшаның байланысы.
- •3. Ақшаның қызметтері, оның екрекшеліктері.
- •4. Ақша түрлері, оның ерекшеліктері.
- •5. Ақша айналымы, оның құрылымы.
- •6. Қолма-қол ақша айналымы.
- •7. Қолма-қолмыз ақша айналымы. Негізгі формалары, принциптері.
- •8. Ақша массасы және ақша агрераты.
- •9. Ақшаның теориясы: металлистік, номиналистік, санық.
- •10. Ақшаның айналымдық заңы.
- •11. Ақша жүйесінің түсінігі, оның элементтері, ақша жүйесін ұйымдастыру принциптері.
- •12. Ақша жүйелерінің типтері.
- •13. Биметаллизм және монометаллизм.
- •28.Қр ұб Ұйымдастыру құрылымы және құқықтық статусы.
- •29.Қр ұб Басқару органдары
- •30. Қр ұб міндеттері және мақсаты.
- •31.Ақша-несие саясаттың теориялық негізі.
- •32.Қр ұб қызметін жетілдірудегі инфляцияның тоқтату мәні.
- •34.Қр ұб ақша-кредиттік саясаттың құралдары.
- •36.Коммерциялық банктердің қызметтері.
- •39. Қр лизингтік операциялардың дамуы.
- •40.Факторингтік операциялары , оның банк қызметің жетілдіру жолындағы мәні.
- •41.Трасталық операциялар , оның ерекшеліктері
- •42. Валюталық қатынастар және валюталық жүйе : түсінігі және элементтері
- •44. Кредиттік жүйе түсінігі, негізгі элементтері
- •49. Казіргі жағдайдағы қр банк жүйесінің даму тенденциясы(әлемдік қаржылық дағдарыстын шартттары).
- •51. 2008-2009 Жж. Қр ұб ақша-несие саясаттың негізгі бағыттары
- •1. 2007 Жылғы макроэкономикалық даму өлшемдері
- •1.1. Әлемдік қаржы және тауар нарықтарының дамуы
- •1.2. Қазақстан Республикасының төлем балансы және теңгенің айырбас бағамы
- •1.3. Макроэкономикалық және қаржылық көрсеткіштер
- •2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2007 жылға арналған Ақша-кредит саясаты
- •2.1. Инфляция бойынша қол жеткен мақсатты бағалау
- •2.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығын ұстап тұру жөніндегі шаралары
- •2.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары
- •3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2008-2009 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының мақсаты және басымдықтары
- •3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініңбасымдықтары
- •3.2. Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының сценарийлік нұсқалары
- •4. Ақша-кредит саясатының 2008 жылға арналған шаралары.
- •2008-2009 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •2008-2010 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •54. Халықаралық Валюталық Қордың ұр Ұлттық Банктің қызметіндегі мәні
- •55. Қр экспорттық және импорттық операциялардың банктік несиелеудегі механизмі
- •Экспортерге немесе импортерге берілетін несиелерді сақтандыру
- •56. Валюталық курстың тұрақтылығын қамтамасыз ету ұб
- •57. Дүниежүзілік банктің мақсаты және міндеттері, ұйымдастыру құрылымы
- •58. Валюталық жүйелерді ұйымдастыру формалары: ұлттық, халықаралық, аймақтық. Аймақтық валюталық жүйелердің даму жолдары.
- •59. Төлем және ақша құралдардың түрлері
- •2008 Жылдың IV тоқсандағы төлем құралдарына қатысты төлемдер бойынша мәліметтер
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •60. Халықаралық есептеудің валютадағы тәртібі
- •61. Ислам даму банкі және оның қызметінің ерекшеліктері
- •62. Қазақстан Республикасының ұлттық валютаның айырбастау курсының саясаты
13. Биметаллизм және монометаллизм.
Биметаллизм – баламаың жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі тетал – алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі. Биметаллизмнің 3 түрі болған:
қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы арақатынас металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік түрде белгіленеді
егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол – екі жақты валюта жүйесі
«ақсақ» валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем құралдары болып табылады.
Нәтижесінде күміс монеталар алтын белгілеріне айналады. Биметаллизм 16-17 ғасырда кеңінен тараған, ал Батыс Еуропа елдеріне 19 ғасырда пайда болды. Алайда, биметаллизм дамыған тауар өндірісінің экономикалық қатынасқа қоятын талаптарына сәйкес келмейд, өйткені екі металдың бір мезгілде құн өлшемдері ретінде пайдалануы осы ақша қызметінің табиғатына қайшы кеді. Құнның жалпыға бірдей өлшеміне тек бір тауар ғана қызмет ете алады. Оның үстіне, мемлекет белгіленген алтын мен күміс арасындағы нақты құндық арақатынас олардың нарықтық құнына сәйкеспейді. 19 ғасырдың соңында күміс өндірісінің артуы мен олардың құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналымынан қазынаға кете бастады. Түпкі есебінде Құн заңының стихиялы әрекет екі жақты құн өлшемін жойып, монометаллизм (алтын) биметаллизмді ығыстырды.
Монометаллизм – ақша жүйесі. Онда бір металл (алтын немесе күміс) жалпыға бірдей балама ретінде әрі ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді. Алтын монометаллизмді алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда – 1871-1873 ж.ж., Жапонияда – 1897 ж., АҚШ-та 1990 ж. белгіленеді. Ал Ресейде күміс монометаллизм жүйесі 1893-1843 ж.ж., ақша реформасының нәтижесінде еңгізіледі және бұл жүйе 1852 жылға дейін қолданыста болды.
Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын монометаллизмнің үш түрі болды: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын-девиз (алтын-валюталық) стандарты.
15 - инфляцияның мәні және түрлері
Инфляция – латыншадан «inflation» аударғанда «қампию» дегенді білдіреді. Инфляция түсінігі 1861-1865 ж. азаматтық соғыс кезінде пайда болған. алайда, инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі Рим мен ежелгі Қытайда болып тұрған. Алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажеттілік туған кезде қазынадан айналымға келіп түседі. Осылайша, ақша айналымы өзін-өзі реттей алады. Нақты қағаз ақша айналымында, яғни толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты ақша өкілдері айналымында міндетті түрде инфляция болады. Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономика мен қоғамға шындап қауіп-қатер төндіреді. Сонымен, инфляция – тек қана қағаз ақшаның айналымына тән, айналым арнасы тауар айналымы қажеттілігімен салыстырғанда қағаз ақшамен артық шамада толып кетуі, олардың бағасының төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтерілуін, ақшаның сатып алатын қабілетінің түсуіне мән беретін әлеуметтік-экономикалық феномен. Онда экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелер ұштасады.
Инфляцияның бірнеше түрлері болады:
1. бағаның өсуіне қарай:
- баяу (бәсең) инфляция – бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны 10 пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсуімен сипатталатын инфляция;
- орташа инфляция – баға өсуінің орташа жылдық қарқыны 10-15 пайызды құрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция.
- қарқынды инфляция (гиперинфляция) – бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляциясы, бағалардың өсуі жылына 100 пайыздан асады.
2. пайда болу сипатына қарай:
- әкімшілік инфляция – «әкімшілікті» басқарулы бағалардан туындаған бағаның өсуімен пайда болатын инфляция;
- шығын инфляциясы – ресурстар мен өндіріс факторларына бағаның өсімен көрінетін инфляция;
- сұраным инфляциясы – ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуымен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция;
- ұсыным инфляциясы - өндірістік ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өндіріс шығындарының өсуімен байланысты бағалардың өсінен туындайтын инфляция;
- импортталған инфляция – сыртқы факторлар әрекетінен туындаған инфляция;
- кредиттік инфляция – шамадан тыс кредиттік экспансиядан туындаған инфляция.
16 – инфляцияның әлеуметтік-әкономикалық салдары
Жұмыссыздықтың өсуіне, жинау процесінің тежелуіне, шаруашылық байланыстардың шырқын бұзуға инфляция экономикадағы үйлесімсіздікті күшейтіп, ұзақ мерзімді инвестицияларға ынталандыруларды жояды. Тұтыну сұранысының құрылымын бұрмалайды, ақшаларды нақты байлыққа айналдыру ұмтылысын оятады, ішкі нарық сыйымдылығын бұзады және төмендетеді, нақты жалақыны төмендетеді және халықтың барлық топтарын кедейлендіреді, төлем қабілеті бар сұранысты азайтады, ақша-кредит жүйесінің жұмыс істеуін бұзады, оның қорларын азайтады, капиталдарды тарту және салу ауқымында күрес жүргізіледі, елден капиталдын кетуін күшейтеді, халықаралық экономикалық байланыстарға жағымсыз әсер етеді, экспорт азайып, импорт өседі, елдің төлем балансы нашарлайды, қаржыландыру процесіне мемлекеттік бюджетке жағымсыз әсер етеді, мемлекет қарызы көбейеді, валюталық дағдарыс күшейеді. Одан басқа өмір сүру деңгейі төмендеу себебінен инфляция қоғамда әлеуметтік шиеленісті күшейтеді, шағын және орта өндірушілер мен кәсіпкерлер шығынға ұшырайды.
17 – инфляцияға қарсы ақша-кредиттік саясаты
Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады. Инфляция қарсы саясат инфляцияны қысқартуға бағыттыалған экономиканы мемлекеттік реттеудің шаралар жиынтығы болып ұсынылады. Осы шараларды ұзақ мерзімді сипатты мақсаттар мен әдістерді енгізетін стратегиялық және қысқа мерзімді нәтижелер алуға бағытталған тактикалық деп бөлуге болады. Инфляцияға қарсы стратегия ақша-кредит, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.
Инфляцияға қарсы тактика ағымдағы инфляцияның қысым жасауын азайтатын қысқа мерзімді әрекет шараларын білдіреді. Оның әдістері сұранысты бірге өсірмей ұсынысты кенет көбейтуге мүмкіндік береді.
Инфляцияға қарсы саясаттын формалары мен әдістері қайта өндірудің механизмдерімен қоса ақша-кредит, бюджеттік, салықтық шаралардың кең көлемін көрсетеді. Ұлттық банк инфляцияға қарсы шаралар сияқты реттеуде ашық нарықтағы операцияларды, қайта қаржыландырудың мөлшерлемелерін міндетті резервтер нормаларын, пруденциалды нормативтердің бекітілуін өзіне қосатын ақша-кредит саясатын қолданады. Ұлттық банк ақша жиынының өзгерісіне қатаң бақылау жасап отырады, оның тауар жиынымен қызмет көрсетілуінің сәйкестігіне тікелеі және жанама әдістермен әсер етеді. Ақша айналымының тұрақтылығы экономиканың тұрақты дамуын нақты бейнелейді. Сондықтан неоклассикалық және экономиканың тұрақтылығы үшін ақша-кредит және қаржылық шараларды қолдануға бағыттайды. Қазақстан бұл екі теорияны нақты экономикалық әлуметтік, саяси жағдайлар есебімен экономиканы тұрақтандыруды және ақша айналымында инфляциямен күрес жүргізуде тырысады.
18 – валюталардың тұрақтылығының әдістері: девальвация, ревальвация, деноминация, нуллификация. Қазақстандағы 2009ж. девальвация.
Девальвация «de» төмендеу, «valko» тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің немесе ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетел валюталарына қатысты алтын мәнің төмендеуін білдіреді. Қазақстанда 1999ж. қыркүйегінде Оңтүстік шығыс азия мен Ресейдегі экономикалық дағдарысымен байланысты Америка долларына қатысты теңге бағамының төмендеу жолымен ақша девальвациясы болды. Аталған шара отандық өнімнің өндірісі мен тұтынуда өте жағымды рөлін атқарды, сондай-ақ шетел валюталары мен инвестициялардың құйылуына себеп болды.
Ревальвация «re” жаңару және «valko» тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша белгілерінң бұрыеғы алтын мәнің қалыптастыруды немесе ұлттық валюта бағамының шетел валютасымен салыстырғандағы жоғырылауын көрсетеді, яғни девальвацияға қарама қарсы. Қазақстанда теңгенің ревальвациясы мұнай мен металлға әлем бағаларының күрт өсіп шетел валюталарының көп ағылуына байланысты 2003-2005ж. болды.
Латынның «denomination» сөзін аударғанда деноминация қайта атау дегенді білдіреді және арақатынасы бойынша жаңа ақша бірліктеріне ауыстыру жолымен ақша белгілерінің көрсетілуі құның ірілендірілуі, яғни ескмен салыстырғанда жаңа бір – атаулы ақша бірлігінің номиналды сатып алу қабілетін көтермелеу жолымен бағалар масштабын ірілендіруді көрсетеді. Деноминацияның негізгі қызметі айналымда ақша жиынының номиналды кемуі болып табылады, нәтижесінде есепке алу жеңілдейді, айналым шығындары қысқарады және ақша айналым жүйесі реттеледі. Деноминация тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, тарифтердің, жалақылардың, зейнетақы мен жәрдемақының, банктін есеп шоттарындағы қаражат қалдықтардың және т.б. бағаларға сәйкес бір мерзімде қайта есптеумен қайта жүреді. Деноминация бүгінгі таңдағы қазақстанда жүргізілмеген.
Латынның «nullification» сөзінен нуллификация шығыды және ол “жою» деген мағынаны береді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынғы өте құнсызданған ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары енгізіледі. Осы процедура есепке алуды жеңілдетеді, өйткені материалдық құндылықтардан іске аспаған ақшалай қаражаттар мен жинақ ақшалардың барлығы іс жүзінде жойылады. Қазақстанда ақша реформасы нуллификация әдісімен жүргізіледі, яғни ескі құнсыздалған кеңестік рубльдер айналымнан толық шығырылып, жаңа қазақстандық ақша белгілері – теңгелер енгізілді.
19 - 1947 ж. ақша реформасы
Өндіріс пен халық тұтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттін табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу мақсатында халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, баласыз адамдарға салық, шағын жанұяларға салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Бюджет тапшылығы эмиссиялау есебінен жабылды. өндіріс көлемінің қысқаруымен айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған нарықта бағаның көтерілуіне әкелді. Мемлекеттік сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда корточкалық жүйе арқылы қол жеткізді. 1947 ж. ақша реформасы ақша жүйесінің түбірімен қайта құрылуын білдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейінде, реформаға дейінгі болған ақша айналысының құрылымы сақталды. Реформа ақша жүйесін нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілеті бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. бірақ бұл 50 жылдардың басында-ақ бағаларды төмендетулің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.
20 - 1961 ж. ақша реформасы
Рубль бағамын алтын базасына өткізгеннен кейінгі он жылдың ішінде (50-60ж) елдің ақша айналымы, мемлекеттік бюджеттің мөлшері, сондай-ақ өндіріс, ұлттық табыс көлемі және т.б. шамадан тыс өсті. Экономикалық қызметтердің көптеген көрсеткіштері жүздеген миллиардтармен және триллиондармен бейнеленеді. Осындай үлкен соммалардағы шоттармен жұмыс жасау іс жүзінде қаржы банктік және шаруашылық органдарының жұмысын қиындатып жіберді. Баға масштабы өте ұсақ болып қалды. Сондықтан да үкімет баға масштабының он есе ірілендіру, рубльдің алтындық құрамын көрсету және айналыстағы ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешім қабылдады. 1961 ж. қаңтарынан бастап, айналысқа жаңа үлгідегі мынадай ақша бірліктері шығарылды:1, 3, 5 қазыналық билеттер мен 10, 25, 50 және 100 рубльдегі мемлекеттік банк биліктері, сондай-ақ 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 және 50 тиындық монеталар. Айырбас үш ай ішінде 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап 1 сәуір аралығында ешқандайда шектеусіз жүргізілді. Сондықтанда 1961 ж. 1 тоқсанында айналыста ескі және жаңа ақшалар қатар жүрді.
21 – 1993ж. ҚР ақша реформасы
ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің (толық немесе ішінара) жаңғартылуын көрсетеді.
1991 ж. кеңес одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ң басқа мемлекеттерімен бірге рубль аумағанда қала берді. 93 ж. 12 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаев ҚР-на ұлттық валютаны енгізуі туралы жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 93 ж. 15 қаращада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – теңге енгізілді. 15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен және рубльменде есеп айырыса алды. жаңа ақша бірлігін енгізумен байланысты ақша реформасы – экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден –бір шарасы және оның кезекті тұрақтылығын көрсететін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан, Қазақстанда 1993ж. жүргізілген ақша реформасы мемлекеттін экономикалық саясатымен тығыз байланысты. Ол макроэкономикалық тұрақтылыққа және кезекті ақша-кредит, баға, салық және инвестициялық саясаттын табысына жету мақсатымен жүргізіледі.
22 – экономикалық категория ретінде кредиттің мәні
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасызете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты байнелейді. Неисенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері: қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъект болып табылады және ол қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Оған: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объектіде жатады. беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
23 – несие функциялары бойынша пікір
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша орналастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады.
Несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша орналастыру қызметі қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысында жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмыс жасауына қиынға түседі.
25 – кредиттің түрлері және формалары
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрініс білдіреді.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені – банктік деп атайды.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді. Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тарағн несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік неисе бойынша несиелік қатынастың құралынан несиелік шарт немесе несиелік келісім жетеды.
Несиенің түрлері. Коммерциялық және банктік несиеден туындайды. Оның бірнеше түрі бар: тұтыну, ипотекалық, овердрвфт, овернайт, онкольдық, банкаралық, ломбардттық, лизингтік, рамбрустық, сенім, маусымдық несиелер.