
- •1. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні.
- •2. Тауар, баға, құн категориялармен ақшаның байланысы.
- •3. Ақшаның қызметтері, оның екрекшеліктері.
- •4. Ақша түрлері, оның ерекшеліктері.
- •5. Ақша айналымы, оның құрылымы.
- •6. Қолма-қол ақша айналымы.
- •7. Қолма-қолмыз ақша айналымы. Негізгі формалары, принциптері.
- •8. Ақша массасы және ақша агрераты.
- •9. Ақшаның теориясы: металлистік, номиналистік, санық.
- •10. Ақшаның айналымдық заңы.
- •11. Ақша жүйесінің түсінігі, оның элементтері, ақша жүйесін ұйымдастыру принциптері.
- •12. Ақша жүйелерінің типтері.
- •13. Биметаллизм және монометаллизм.
- •28.Қр ұб Ұйымдастыру құрылымы және құқықтық статусы.
- •29.Қр ұб Басқару органдары
- •30. Қр ұб міндеттері және мақсаты.
- •31.Ақша-несие саясаттың теориялық негізі.
- •32.Қр ұб қызметін жетілдірудегі инфляцияның тоқтату мәні.
- •34.Қр ұб ақша-кредиттік саясаттың құралдары.
- •36.Коммерциялық банктердің қызметтері.
- •39. Қр лизингтік операциялардың дамуы.
- •40.Факторингтік операциялары , оның банк қызметің жетілдіру жолындағы мәні.
- •41.Трасталық операциялар , оның ерекшеліктері
- •42. Валюталық қатынастар және валюталық жүйе : түсінігі және элементтері
- •44. Кредиттік жүйе түсінігі, негізгі элементтері
- •49. Казіргі жағдайдағы қр банк жүйесінің даму тенденциясы(әлемдік қаржылық дағдарыстын шартттары).
- •51. 2008-2009 Жж. Қр ұб ақша-несие саясаттың негізгі бағыттары
- •1. 2007 Жылғы макроэкономикалық даму өлшемдері
- •1.1. Әлемдік қаржы және тауар нарықтарының дамуы
- •1.2. Қазақстан Республикасының төлем балансы және теңгенің айырбас бағамы
- •1.3. Макроэкономикалық және қаржылық көрсеткіштер
- •2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2007 жылға арналған Ақша-кредит саясаты
- •2.1. Инфляция бойынша қол жеткен мақсатты бағалау
- •2.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығын ұстап тұру жөніндегі шаралары
- •2.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары
- •3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2008-2009 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының мақсаты және басымдықтары
- •3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініңбасымдықтары
- •3.2. Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының сценарийлік нұсқалары
- •4. Ақша-кредит саясатының 2008 жылға арналған шаралары.
- •2008-2009 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •2008-2010 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •54. Халықаралық Валюталық Қордың ұр Ұлттық Банктің қызметіндегі мәні
- •55. Қр экспорттық және импорттық операциялардың банктік несиелеудегі механизмі
- •Экспортерге немесе импортерге берілетін несиелерді сақтандыру
- •56. Валюталық курстың тұрақтылығын қамтамасыз ету ұб
- •57. Дүниежүзілік банктің мақсаты және міндеттері, ұйымдастыру құрылымы
- •58. Валюталық жүйелерді ұйымдастыру формалары: ұлттық, халықаралық, аймақтық. Аймақтық валюталық жүйелердің даму жолдары.
- •59. Төлем және ақша құралдардың түрлері
- •2008 Жылдың IV тоқсандағы төлем құралдарына қатысты төлемдер бойынша мәліметтер
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •60. Халықаралық есептеудің валютадағы тәртібі
- •61. Ислам даму банкі және оның қызметінің ерекшеліктері
- •62. Қазақстан Республикасының ұлттық валютаның айырбастау курсының саясаты
11. Ақша жүйесінің түсінігі, оның элементтері, ақша жүйесін ұйымдастыру принциптері.
Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениетті ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі ірі олар құнының ақшалай формасы – ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі 15-17 ғасырлардан қалыптаса бастады.
Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша – тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көртеген өзгерістерге тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамитды:
ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі
ақша бірліктерінің атауы
ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты
ақша аналымын ақша-кредит тұғысынан реттеудің тегі
ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастау тәртібі.
Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:
ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотивация) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді
тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі
ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері. Ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет.
Ақша эмиссиясының кредиттік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының кредит операциялары негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді
Эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі
Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.
12. Ақша жүйелерінің типтері.
Металдық айналымға ақша жүйесінің биметаллизм және монометаллизм деп аталатын екі түрлері тән.
Биметаллизм – баламаың жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі тетал – алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі. Биметаллизмнің 3 түрі болған:
қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы арақатынас металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік түрде белгіленеді
егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол – екі жақты валюта жүйесі
«ақсақ» валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем құралдары болып табылады.
Нәтижесінде күміс монеталар алтын белгілеріне айналады.
Биметаллизм 16-17 ғасырда кеңінен тараған, ал Батыс Еуропа елдеріне 19 ғасырда пайда болды. Алайда, биметаллизм дамыған тауар өндірісінің экономикалық қатынасқа қоятын талаптарына сәйкес келмейд, өйткені екі металдың бір мезгілде құн өлшемдері ретінде пайдалануы осы ақша қызметінің табиғатына қайшы кеді. Құнның жалпыға бірдей өлшеміне тек бір тауар ғана қызмет ете алады. Оның үстіне, мемлекет белгіленген алтын мен күміс арасындағы нақты құндық арақатынас олардың нарықтық құнына сәйкеспейді. 19 ғасырдың соңында күміс өндірісінің артуы мен олардың құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналымынан қазынаға кете бастады. Түпкі есебінде Құн заңының стихиялы әрекет екі жақты құн өлшемін жойып, монометаллизм (алтын) биметаллизмді ығыстырды.
Монометаллизм – ақша жүйесі. Онда бір металл (алтын немесе күміс) жалпыға бірдей балама ретінде әрі ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді. Алтын монометаллизмді алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда – 1871-1873 ж.ж., Жапонияда – 1897 ж., АҚШ-та 1990 ж. белгіленеді. Ал Ресейде күміс монометаллизм жүйесі 1893-1843 ж.ж., ақша реформасының нәтижесінде еңгізіледі және бұл жүйе 1852 жылға дейін қолданыста болды. Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын монометаллизмнің үш түрі болды: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын-девиз (алтын-валюталық) стандарты.