Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы на АНБ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
843.26 Кб
Скачать

9. Ақшаның теориясы: металлистік, номиналистік, санық.

Ақшаның металл теориясы: Ақшаның металл теориясы 15-17 ғасырларда пайда болды. Олар оны қоғам байлықтарымен, яғни асыл тастар – алтын және күміспен теңестіріп, олардың біреуіне қарсы шықты. Бұл ақша теориясы киелі затқа табынуға жатады, себебі ақшаны алтын мен күміске теңеген. Ақшаның номиналистік теориясы: 17-18 ғасырларда ақшаның номиналистік теориясы өкілдері Дж. Беркли мен Дж Стюарт, А. Смит болып табылады. Сонымен бірге ақашаның номиналитсік теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен теңестіру, өте онды сан бірлігі болыпт табылады. Бұл теория ақша айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде пайда болды. Ақшаның санық теориясы: Ақшаның сандық теориясы 16 ғасырда пайда болды, ол тауарлық құн деңгейі мен ақшаның құны айналымындағы санына байланысты деп түсіндіріледі. Бұл жорамалды француз Жан Боден ойлап тапты. Оның пайымдауынша, Батыс Еуропада тауардың қымбаттауына бағалы метелдардың көп қымбаттауына бағалы метелдардың көп әкеліне бастауы әсер тигізді, сол себепті бұл жағдай ақша санының көбеюіне әкеп соқты, ақша саны мен тауардың бағасы да өсті. Осы заманғы монетаризм: Монетаризм, ақша сұранысы қызметін экономиканы сараптау барысында ақша табысы мен баға деңгейі сияқты шамаларды анықтау үшін маңызды рөл атқаратын құрал ретінде қарастырады. Аталған жағдайда тауарлар мен қызметтердің сұранысына емес, ақша сұранысына назар аударуға мәжбүр етеді.

10. Ақшаның айналымдық заңы.

Әр түрлі формадағы ақша айналысы тауарлар массасының, олардың баға деңгейлерінің және ақша айналысы жылдамдығының арасындағы экономикалық байланысты білдіретін экономикалық заңмен реттеледі. К. Маркс ашып беріп кеткен аақша айналысы заңының мәні мынада: айналыс құралының және төлем құралының қызметтерін орындауға қажетті ақша мөлшері сатылған тауардың баға сомасына ақшалай бірлік айналысының мөлшеріне тең болуы керек. К. Маркстің пікірінше, ақша қызметін алтын орындаған кезде айналысқа қажетті ақша мөлшері автоматты түрде стихиялы жолмен реттелген: егер ақша нақта қажетті деңгейінен асып кетсе, онда алтын айналыстын шығып асыл қазынаға, яғни жеке қазынаға жинауға кететін. Егер ақшаға деген қажеттілік артатын болса, онда алтын асыл қазынадан айналысқа қайтып оралатын. Осыған ұқсас ахуал алтынға еркін айырбасталатын банкнот айналысында да орын алады, яғни қағаз ақшалар ақша бірліктерінің рөлін мүтіксіз орындалады. К. Маркстің айналыс заңына сәйкес қағаз ақша эмиссиясы айналысқа қажетті алтын ақшаның теориялық мөлшерімен шектелуі ерек. Поблема ештеңемен шектелмеген ақша эмиссиясы ақша белгілерін артығымен көбейтіп, ақша айналысы заңының бұылуына жол ашып осыған байланысты инфляцияны тудырған жаңдайда ғана пайда болды. Ақша айналысының негізгі принципі – айналыста тұтынылатын ақша массасын шектеп, осыған қарай экономиканың балансты түрде дамуына ықпал ету болып табылады. Металға немесе қағаз ақшаларға айырбасталмайтын банкнот айналысында қолма-қол ақша қағаз –ақша айналысының заңына сәйкес айналымда жүреді.