
- •1. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні.
- •2. Тауар, баға, құн категориялармен ақшаның байланысы.
- •3. Ақшаның қызметтері, оның екрекшеліктері.
- •4. Ақша түрлері, оның ерекшеліктері.
- •5. Ақша айналымы, оның құрылымы.
- •6. Қолма-қол ақша айналымы.
- •7. Қолма-қолмыз ақша айналымы. Негізгі формалары, принциптері.
- •8. Ақша массасы және ақша агрераты.
- •9. Ақшаның теориясы: металлистік, номиналистік, санық.
- •10. Ақшаның айналымдық заңы.
- •11. Ақша жүйесінің түсінігі, оның элементтері, ақша жүйесін ұйымдастыру принциптері.
- •12. Ақша жүйелерінің типтері.
- •13. Биметаллизм және монометаллизм.
- •28.Қр ұб Ұйымдастыру құрылымы және құқықтық статусы.
- •29.Қр ұб Басқару органдары
- •30. Қр ұб міндеттері және мақсаты.
- •31.Ақша-несие саясаттың теориялық негізі.
- •32.Қр ұб қызметін жетілдірудегі инфляцияның тоқтату мәні.
- •34.Қр ұб ақша-кредиттік саясаттың құралдары.
- •36.Коммерциялық банктердің қызметтері.
- •39. Қр лизингтік операциялардың дамуы.
- •40.Факторингтік операциялары , оның банк қызметің жетілдіру жолындағы мәні.
- •41.Трасталық операциялар , оның ерекшеліктері
- •42. Валюталық қатынастар және валюталық жүйе : түсінігі және элементтері
- •44. Кредиттік жүйе түсінігі, негізгі элементтері
- •49. Казіргі жағдайдағы қр банк жүйесінің даму тенденциясы(әлемдік қаржылық дағдарыстын шартттары).
- •51. 2008-2009 Жж. Қр ұб ақша-несие саясаттың негізгі бағыттары
- •1. 2007 Жылғы макроэкономикалық даму өлшемдері
- •1.1. Әлемдік қаржы және тауар нарықтарының дамуы
- •1.2. Қазақстан Республикасының төлем балансы және теңгенің айырбас бағамы
- •1.3. Макроэкономикалық және қаржылық көрсеткіштер
- •2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2007 жылға арналған Ақша-кредит саясаты
- •2.1. Инфляция бойынша қол жеткен мақсатты бағалау
- •2.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығын ұстап тұру жөніндегі шаралары
- •2.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары
- •3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2008-2009 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының мақсаты және басымдықтары
- •3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініңбасымдықтары
- •3.2. Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының сценарийлік нұсқалары
- •4. Ақша-кредит саясатының 2008 жылға арналған шаралары.
- •2008-2009 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •2008-2010 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •54. Халықаралық Валюталық Қордың ұр Ұлттық Банктің қызметіндегі мәні
- •55. Қр экспорттық және импорттық операциялардың банктік несиелеудегі механизмі
- •Экспортерге немесе импортерге берілетін несиелерді сақтандыру
- •56. Валюталық курстың тұрақтылығын қамтамасыз ету ұб
- •57. Дүниежүзілік банктің мақсаты және міндеттері, ұйымдастыру құрылымы
- •58. Валюталық жүйелерді ұйымдастыру формалары: ұлттық, халықаралық, аймақтық. Аймақтық валюталық жүйелердің даму жолдары.
- •59. Төлем және ақша құралдардың түрлері
- •2008 Жылдың IV тоқсандағы төлем құралдарына қатысты төлемдер бойынша мәліметтер
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •60. Халықаралық есептеудің валютадағы тәртібі
- •61. Ислам даму банкі және оның қызметінің ерекшеліктері
- •62. Қазақстан Республикасының ұлттық валютаның айырбастау курсының саясаты
62. Қазақстан Республикасының ұлттық валютаның айырбастау курсының саясаты
Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы айырбас бағытының жүйесі арқылы әр түрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтауды ұсынады.
Валюта бағыты әр түрлі елдердің ақшалық бірліктері арасындағы қатынастарды білдіреді, яғни бір елдің ақшалық бірлігінің құны екінші бір елдің ақшалық бірлігіне және халықаралық есепшот бірліктеріне қалай келеді деген сөз.
Бір ұлттың валютасын екінші елдікімен айырбастау қажеттігі халықаралық келісімдерді (валюталық, есептесу және кредиттік-қаржылық операциялар мен сауда) жүзеге асырғанда туындайды, және ол олардың арасында нақты сатып алушылық қабілетін байқататын қатынастың орнығуын талап етеді. Валюта нарығындағы ұлттық валюталардың сандық өлшемі сұраныстар мен ұсыныстардың қаншалықты әсер ететіндігіне байланысты, оған төлем балансы, инфляция деңгейі, пайыздық өсімнің деңгейі, валюталық сауда-саттық, валюта саясаты, ұлттық валютаның конвертирленуі және басқа жәйттер сияқты түрліше факторлар ықпалын тигізеді.
Валюта бағытының құндық негізі болып сатып алушылық қабілетінің парапарлығы саналады, яғни валютаның арақатыстығы оны сатып алушылыққа байланысты.
Айырбас бағытының төмендеуі ұлттық валютаның арзандауын білдіреді, яғни оны сатып алу қабілетінің төмендеуі де, көтерілуі керісінше.
Егер елде инфляция қарқыны жоғары болса, оның валютасының сатып алу қабілеті және оған сәйкес валюта бағыты төмен болады.
Егер осы елде пайыздық мөлшер басқа елге қарағанда неғұрлым жоғары болса, шетелдік капиталдың келіп құйылуына жол ашып, сол елдің валютасы мен оның бағытына деген сұранысты арттырады. Мысалы, АҚШ үкіметі 1980-1985 жылдары құнды қағаздар мен депозиттерге деген пайыз мөлшері саясатын қолданғанда, ол доллар бағытының өсуіне алып келді.
Төлем балансының сальдосы (кіріс пен шығыс айырмашылығы) шетел валютасының ұсынысының және де шетелдік борышкерлердің осы елдің валютасына деген сұранысының артуымен үндес болады да ұлттық валютаның бағасы көтерілуі мүмкін.
Қазіргі кезде АҚШ доллары халықаралық есеп-қисаптарға басқа валюталарға қарағанда аса көп және барлық жерде кеңінен қолданылып отыр, яғни оған деген сұраныс өте үлкен, сондықтан сатып алыну қабілеті, немесе АҚШ-тың өтем балансындағы пассивті сальдо қуатталады. Бұл жерде долларды капиталдың халықаралық нарығы мен халықаралық есеп қисаптарда кеңінен қолдану факторы роль атқарады.
Валюта бағытының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағытын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Қазақстан соңғы 5-6 жылда экспортқа дем беру мен төлем балансының белсенділігін қуаттау үшін теңге бағытын төмендету саясатын ұстап отыр. Ұлттық банк осы мақсатпен үнемі валюта интервенциясын (шетел валютасын сатып алу сату) жүргізіп, айналымға теңгені көбірек жіберудің арқасында теңге бағытын төмендету. Алайда, 2003-2005 жылдары доллардың өзінің бағытының төмендеуіне елімізге көптеп келіп түсуде, осы себепті теңгенің бағыты өсіп келеді.
Дәл осы жағдайда теңге бағытының төмендеуі мен шетел валюталарының өсуі импортқа кері әсерін тигізуде. Егер теңге бағытының төмендеуі бір доллар үшін 135-тен 130-ға дейін болса, экспорттаушы 5 теңге ұтады, ал импорттаушы әрбір долларды сатып алғанда, өзі де көрініп тұрғандай 5 теңге ұтылады. Бірақ, Қазақстан мұндай саясатты жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарларын импорттауды тежеу үшін пайдаланып, осы аталған тауарларды өзімізде шығарушыларға қолдау көрсету үшін пайдалануда. Валюта курсын осылайша реттеп отыру экономикалық өсу мен экономикалық тұрақтылықты сақтауға қажетті шара. Валюта бағытының белгіленген және құбылмалы деген екі түрі бар. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар арасында еркін құбылған бағыты басым болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін валютаны тұрақтандыру мақсатымен Бреттон-Вуд келісімі бойынша белгіленген валюта парапарлығы ендірілді, оның парапарлықтан толқуы шектеулі болды. (ЭВҚ-ның жарғысы бойынша ауытқушылық ±1%, Еуропалық валюта келісімі бойынша ±0,75%). Белгіленген валюта бағытының режимі орталық банкілерді долларға деген ұлттық валютаның бағытын валюта интервенциясының көмегімен осы көрсетілген деңгейлерде ұстап тұруды міндеттеді.
Бреттон-Вуд валюта жүйесінің дағдарысы нәтижесінде 1973 жылдың наурызынан Париж келісімі бойынша барлық елдер белгіленген бағыттан бас тартып, валюта бағытының жүзу түріне ауысты.
1972 жылдың сәуірінен 1979 жылдың наурызына дейін ЕО елдері (ГФР, Франция, Италия, Нидерланды, Бельгия, Люксембург) бірлескен толқымалы бағыттың режимін ұстанды, ол «еуропалық валюта жыланы» деп аталады. «Жылан» дегені ЕО валюта бағыттары өзара толқуының тар шектерін көрсеткені еді (±125%).
ЕВО-ның валюта бағытының режимі 1979 жылдан «жылан» механизмін сақтауға негізделген. Бағыттардың өзара толқуының шектері олардың орталық бағытынан ±2,25% мөлшерінде белгіленген.
1978 жылы өзгертілген ЭВҚ Жарғысы қатысушы-елдерге валюта бағытының режимін таңдауға еркіндік берді.
Валюта бағыттары валюталық операцияларды жүзеге асыру мерзімдеріне қарай төмендегіше бөлінеді:
күнделікті (кассалық) бағыт – дәл осы сәттерде жүзеге асырылатын шарттар бойынша бағыт, яғни банкілік екі күн барысында;
жедел (форвардты) бағыт – бұл болашақта белгілі бір мерзім жүзеге асырылатын операциялар бойынша бағыт.
Қандай операция жүзеге асырылатындығына қарай:
валютаны сатып алу немесе сату (айырбастау пунктінде).
Сондай-ақ, валюта бағыттарының бірнеше түрлерін ажыратады.
Сатып алушы бағыты – ол арқылы банк валютаны сатып алады.
Сатушы бағыты – ол арқылы айырбас пункті, банк валютаны сатады. Банкілер шетел валюталарын сатып алғаннан гөрі қымбатырақ сатады. Сатушы бағыты мен сатып алушы бағытының айырмасы (маржа) банкінің валюта операциялары табысын құрайды.
Орталық бағыт сатушы бағыты мен сатып алушының орта арифметикалық көрсеткішін байқатады. Орталық бағыт валюта бағытын сыртқы сауда контрактілерінде белгілі бір мерзім ішіндегі валюта бағыттарын салыстыру үшін және т.б. пайдаланылады.
Мұнан басқа валюталардың кросс бағыты бар, ол үшінші валютаға қатысты олардың бағытынан шығатын екі валюталардың өзара қатынасы. (Көбінесе АҚШ долларына). А валютасын С арқылы В валютасына айырбастау үшін алгебралық тұрғыдан төмендегідей болып шығады: (А/С)(С/В)=А/В.
Валюталардың кросс – бағытын пайдалану көптеген айырбас бағыттарының бар екендігімен түсіндіріледі, мысалы, АҚШ долларын теңгемен, рубльмен, фунт-стерлинг пен және кез келген шетел валютасымен бағалауға болады.