
- •1. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні.
- •2. Тауар, баға, құн категориялармен ақшаның байланысы.
- •3. Ақшаның қызметтері, оның екрекшеліктері.
- •4. Ақша түрлері, оның ерекшеліктері.
- •5. Ақша айналымы, оның құрылымы.
- •6. Қолма-қол ақша айналымы.
- •7. Қолма-қолмыз ақша айналымы. Негізгі формалары, принциптері.
- •8. Ақша массасы және ақша агрераты.
- •9. Ақшаның теориясы: металлистік, номиналистік, санық.
- •10. Ақшаның айналымдық заңы.
- •11. Ақша жүйесінің түсінігі, оның элементтері, ақша жүйесін ұйымдастыру принциптері.
- •12. Ақша жүйелерінің типтері.
- •13. Биметаллизм және монометаллизм.
- •28.Қр ұб Ұйымдастыру құрылымы және құқықтық статусы.
- •29.Қр ұб Басқару органдары
- •30. Қр ұб міндеттері және мақсаты.
- •31.Ақша-несие саясаттың теориялық негізі.
- •32.Қр ұб қызметін жетілдірудегі инфляцияның тоқтату мәні.
- •34.Қр ұб ақша-кредиттік саясаттың құралдары.
- •36.Коммерциялық банктердің қызметтері.
- •39. Қр лизингтік операциялардың дамуы.
- •40.Факторингтік операциялары , оның банк қызметің жетілдіру жолындағы мәні.
- •41.Трасталық операциялар , оның ерекшеліктері
- •42. Валюталық қатынастар және валюталық жүйе : түсінігі және элементтері
- •44. Кредиттік жүйе түсінігі, негізгі элементтері
- •49. Казіргі жағдайдағы қр банк жүйесінің даму тенденциясы(әлемдік қаржылық дағдарыстын шартттары).
- •51. 2008-2009 Жж. Қр ұб ақша-несие саясаттың негізгі бағыттары
- •1. 2007 Жылғы макроэкономикалық даму өлшемдері
- •1.1. Әлемдік қаржы және тауар нарықтарының дамуы
- •1.2. Қазақстан Республикасының төлем балансы және теңгенің айырбас бағамы
- •1.3. Макроэкономикалық және қаржылық көрсеткіштер
- •2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2007 жылға арналған Ақша-кредит саясаты
- •2.1. Инфляция бойынша қол жеткен мақсатты бағалау
- •2.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығын ұстап тұру жөніндегі шаралары
- •2.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары
- •3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2008-2009 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының мақсаты және басымдықтары
- •3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініңбасымдықтары
- •3.2. Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының сценарийлік нұсқалары
- •4. Ақша-кредит саясатының 2008 жылға арналған шаралары.
- •2008-2009 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •2008-2010 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •54. Халықаралық Валюталық Қордың ұр Ұлттық Банктің қызметіндегі мәні
- •55. Қр экспорттық және импорттық операциялардың банктік несиелеудегі механизмі
- •Экспортерге немесе импортерге берілетін несиелерді сақтандыру
- •56. Валюталық курстың тұрақтылығын қамтамасыз ету ұб
- •57. Дүниежүзілік банктің мақсаты және міндеттері, ұйымдастыру құрылымы
- •58. Валюталық жүйелерді ұйымдастыру формалары: ұлттық, халықаралық, аймақтық. Аймақтық валюталық жүйелердің даму жолдары.
- •59. Төлем және ақша құралдардың түрлері
- •2008 Жылдың IV тоқсандағы төлем құралдарына қатысты төлемдер бойынша мәліметтер
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •60. Халықаралық есептеудің валютадағы тәртібі
- •61. Ислам даму банкі және оның қызметінің ерекшеліктері
- •62. Қазақстан Республикасының ұлттық валютаның айырбастау курсының саясаты
7. Қолма-қолмыз ақша айналымы. Негізгі формалары, принциптері.
Қолма-қолсыз ақша айналымы 2 түрге бөлінеді: тауарлық айналым және тауарға қатыссыз айналым.
Айналымның тауарлық қолма-қол ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мемлекеттердің қолма-қолмыз ақша аударымдары жолымен жүзеге асырылатын төлемдер кіреді. Тауарға қатысы жоқ қолма-қолмыз ақшалар төлемдерге жататындар: еңбекақыдан ұсталатын салық төлемі, тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық және басқа қызмет түрлері кредит төлеудің төлемі және қолма-қолсыз ақша есеп айырысу арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер.
Қолма-қолсыз ақшалар есеп айырысудың артықшылықтары мынада:
кредит қатынасын дамытуға мүмкіндік береді.
Қолма-қол ақша сомасының тұтынуын кемітеді.
Банкноталар мен тиындарды басып шығару, сақтау, тасымалдау, санау түріндегі айналыс шығындардың кемуіне мүмкіндік тудырады.
Қолма-қолсыз ақшаларды ұйымдастырудың принциптері:
Еркіндік принципі – болашақ клиентке мәдениеті жоғары әрі есеп айырысуоперацияларын жылдам және дәл орындай адатын банктерді таңдауға мүмкіндік береді.
Төлеушінің төлем келісімін міндетті түрде беру принципі – яғни төлеушінің төлеуге келісім бергені немесе бермегені туралы ақпарат міндетті түрде болуы керек.
Төлемнің мерзімдік принципі – ақшалай қаражатты алушы қаражаттың келісімшартта көрсетілген мерзімде өзінің шотында аударылуына мүдделі. Төлемді уақытылы алуының маңызы зор.
Бақылауды жүзеге асыру.
Есеп айырысудың барлық принциптері бір бірімен өзара тығыз байланысты болғандықтан бұлардың біреуінің бұзылуы екіншісінің бұзылуына әкеп отырады. Қолма-қолсыз есе айырысу жеке және заңды тұлғалармен оларға тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі. Төлем тапсырмасы – шот иесінің өз шотынан алушының шотына тапсырмада көрсетілген белгілі бір соманы аудару туралы банк берілетін жазбаша өкімін білдіреді. Чек беруші – бұл тауар үшін төлемдерді төлейтін және толтырылып қол қойылатын чек арқылы төлемдерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға. Чек ұстаушы – бұл чек бойынша төлемді алатын заңды тұлға.Пластикалық карточкамен есеп айырысу. Қолма-қолмыз есеп айырысуды ұйымдастырудың бір түрі – пластикалық карочкалар болып табылады. Сатып алушы сатып алынған тауарды пластикалық карточкамен төлей отырып, сатушыға тиісті соманың кредиттік міндеттемесін береді.
8. Ақша массасы және ақша агрераты.
Ақша-несиелік реттеу дегеніміз – экономикада ақша қаражаттарының қозғалысын және оларға әсер етуші факторларды экономикалық құралдармен жанама және тікелей реттеу. Ақша-несиелік реттеудің элементтері:
ақша базасы
ақша массасы
ақша агрегаты
ақша мультипликаторы
ҚР-да ақша-несиелік реттеуді екі мекеме жүзеге асырады:
ҚР ҰБ-кі - ол экономиканы ақша-несиелік реттеуге заңнамалық база жасайды.
ҚР-ның қаржы нарығы және қаржы деддалдарын реттеу және бақылау агенттігі – бұл мекеме экономикалық құралдармен әр бір ұйымныңқаржылық-экономикалық жағдайын қарастырады.
Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға, мекемелерге тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Ақша базасы – банк жүйесінен тыс қолма-қол ақша, сонымен қатар ҰБ-те сақтандыратын коммерциялық банктердің резервтері. Ақша агрегаты – ақша массасының құрылымы. Әлемдік экономикада ақша агрегаттарының жиынтығы пайдаланады: М1, М2, М3, М4.
ҚР-ң ақша массасының құрылымына келесі ақша агрегаттары жатады: М0, М1, М2, М3.
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша және банктегі ағымдағы шоттар.
М2 – М1 агрегаты – мерзімі 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі жинақ салымдар.
М3 – М2 агрегаты + арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді.
М4 – М3 агрегаты + ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары.
ҚР-ғы ақша агрегаттары:
М0 – айналыстағы қолма-қол ақша.
М1 – М0 + халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері.
М2 – М1 + жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдары.
М3 – М2 + мемлекеттік заемдық облигациялар.
2006 жылмене салыстырғанда 2007 жылы ақша базасы 14,7 пайызға өсті, яғни 663 млрд. теңгеге ұлғайды. 2007 жылда 2006 жылмен салыстырғанда ақша массасы 25 пайызға дейін өсті.
2007 жылда 2006 жылмен салыстырғанда айналыстағы қолма-қол ақша 8,6 пайызға өсті немесе 32,5 млрд. теңгеге өсті. Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының микроэкономикалық деңгейдегі субъектісі ҰБ болып табылады. Ақша-несие саясатының басты көзделген мақсаты инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.