
- •1. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні.
- •2. Тауар, баға, құн категориялармен ақшаның байланысы.
- •3. Ақшаның қызметтері, оның екрекшеліктері.
- •4. Ақша түрлері, оның ерекшеліктері.
- •5. Ақша айналымы, оның құрылымы.
- •6. Қолма-қол ақша айналымы.
- •7. Қолма-қолмыз ақша айналымы. Негізгі формалары, принциптері.
- •8. Ақша массасы және ақша агрераты.
- •9. Ақшаның теориясы: металлистік, номиналистік, санық.
- •10. Ақшаның айналымдық заңы.
- •11. Ақша жүйесінің түсінігі, оның элементтері, ақша жүйесін ұйымдастыру принциптері.
- •12. Ақша жүйелерінің типтері.
- •13. Биметаллизм және монометаллизм.
- •28.Қр ұб Ұйымдастыру құрылымы және құқықтық статусы.
- •29.Қр ұб Басқару органдары
- •30. Қр ұб міндеттері және мақсаты.
- •31.Ақша-несие саясаттың теориялық негізі.
- •32.Қр ұб қызметін жетілдірудегі инфляцияның тоқтату мәні.
- •34.Қр ұб ақша-кредиттік саясаттың құралдары.
- •36.Коммерциялық банктердің қызметтері.
- •39. Қр лизингтік операциялардың дамуы.
- •40.Факторингтік операциялары , оның банк қызметің жетілдіру жолындағы мәні.
- •41.Трасталық операциялар , оның ерекшеліктері
- •42. Валюталық қатынастар және валюталық жүйе : түсінігі және элементтері
- •44. Кредиттік жүйе түсінігі, негізгі элементтері
- •49. Казіргі жағдайдағы қр банк жүйесінің даму тенденциясы(әлемдік қаржылық дағдарыстын шартттары).
- •51. 2008-2009 Жж. Қр ұб ақша-несие саясаттың негізгі бағыттары
- •1. 2007 Жылғы макроэкономикалық даму өлшемдері
- •1.1. Әлемдік қаржы және тауар нарықтарының дамуы
- •1.2. Қазақстан Республикасының төлем балансы және теңгенің айырбас бағамы
- •1.3. Макроэкономикалық және қаржылық көрсеткіштер
- •2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2007 жылға арналған Ақша-кредит саясаты
- •2.1. Инфляция бойынша қол жеткен мақсатты бағалау
- •2.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығын ұстап тұру жөніндегі шаралары
- •2.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары
- •3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2008-2009 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының мақсаты және басымдықтары
- •3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініңбасымдықтары
- •3.2. Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының сценарийлік нұсқалары
- •4. Ақша-кредит саясатының 2008 жылға арналған шаралары.
- •2008-2009 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •2008-2010 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •54. Халықаралық Валюталық Қордың ұр Ұлттық Банктің қызметіндегі мәні
- •55. Қр экспорттық және импорттық операциялардың банктік несиелеудегі механизмі
- •Экспортерге немесе импортерге берілетін несиелерді сақтандыру
- •56. Валюталық курстың тұрақтылығын қамтамасыз ету ұб
- •57. Дүниежүзілік банктің мақсаты және міндеттері, ұйымдастыру құрылымы
- •58. Валюталық жүйелерді ұйымдастыру формалары: ұлттық, халықаралық, аймақтық. Аймақтық валюталық жүйелердің даму жолдары.
- •59. Төлем және ақша құралдардың түрлері
- •2008 Жылдың IV тоқсандағы төлем құралдарына қатысты төлемдер бойынша мәліметтер
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •60. Халықаралық есептеудің валютадағы тәртібі
- •61. Ислам даму банкі және оның қызметінің ерекшеліктері
- •62. Қазақстан Республикасының ұлттық валютаның айырбастау курсының саясаты
56. Валюталық курстың тұрақтылығын қамтамасыз ету ұб
Қарашаның 15-і - ұлттық валютамыздың айналысқа енген күні. Қазақ елінің егемендігін әйгілеген тағы бір аса маңызды құрал ретінде 1993 жылы қолымызға тиген теңге алғашқы мүшелін абыроймен артқа тастады. Осыған орай, төл теңгеміздің төңірегіндегі бүгінгі ахуалға қысқаша шолу жасағанды жөн көрдік. Қазіргі заманда қандай да бір валюта болмасын, алдымен оның АҚШ доллары мен еуроға қатысты бағамы, сосын тұрақтылығы ауызға алынады. Ол заңдылық та. Күн сайын құбылған мына заманда тірнектеп жиған ақшаңды не саудаға, не кәсіпке «жегесің», әйтпесе банктердің депозиттік салымдарына саласың. Әйтеуір, қолдағы капитал құр жатпауы тиіс. Сондықтан, банкке саларда қай валютамен тиімді, қайсысы сенімді болатынына назар аударасың. Алдымен сенімділік жайында. Бүгінгі теңге тұтастай Қазақстан мен оның барша азаматтарының дербес тіршілігінің, мемлекет тәуелсіздігінің айғағы болып отыр. Ұлттық теңге 14 жылдың ішінде кездескен түрлі қаржы дағдарыстарына төтеп қана қоймай, жұртшылық тарапынан инвестициялық сенімге де ие болды. 1999 жылдан бері нарық реттейтін еркін бағам (курс) ағысына шығарылған ұлттық валюта соңғы кездері 1 АҚШ долларына қатысты тұрақтылығын 120 теңгенің айналасында тұрақты ұстап келеді. Есімізде болса, 1999 жылға дейін жасанды түрде тежеліп келген (құнсыздануы) теңге бағамы еркіне жіберілген кезде, 1 АҚШ долларының құны сол уақыттағы 67-70 теңгеден 200 теңгеге дейін барған еді. Алайда, бұл құнсыздану ұзаққа бармай, айналасы бір-екі аптада доллар құны қайта төмендеген-ді. Кейін ол 156-157 теңгенің шамасында тұрақтағаны белгілі. Содан бері теңгенің бағамын нарық реттеп келеді. Ел экономикасы өсіп, ішкі жалпы өнім ұлғайғалы бері теңге жұртшылық назарын тұрақты, сенімді валюта ретінде аудара бастады. Ал бір кездері теңгені қорғаған Ұлттық банкке экономикалық кері әсерлерді болдырмас үшін АҚШ долларының күрт түсіп кетпеуін де қадағалауға тура келген сәттер болды. Өйткені жалпы әлемде түрлі жағдайлардың ықпалымен доллардың құнсыздану үдерісі орын алды. Осы орайда, теңгенің сенімділігіне бір мысал келтіре кеткен де жөн секілді. Осыдан бір жарым ай бұрын «доллар қымбаттайды екен» деген шындыққа жанаспайтын сыбыстың салдарынан мәселенің анық-қанығына бармай үрейленген біраз жұрт банктерде теңгемен жатқан салымдарын жаппай долларға айырбастап салды. Соның ауанында қаланың валюта айырбастау орындарында шынымен-ақ доллар бағасы көтерілді. Бірақ біреулердің әдейі жасаған бұл әрекеті бәрібір ұзаққа бармады. Нәтижесінде, асығыс шешім қабылдап, теңгеден гөрі долларға үміт артқан ел ұтылды. Талай жұрт бармағын тістеп қалғанына куә болдық. Қазір теңге долларға қатысты 120 мен 121 теңгенің айналасында нық тұр. Теңге туралы, депозиттік салым туралы айтқанда, инфляция жайында сөз қозғамау мүмкін емес. Өйткені қолдағы қаражатты банктің депозитіне салып қойып, «пәленше пайыз сыйақы алам» деп малданып жүргенде, оны инфляция жұтып қоюы әбден мүмкін. Ал біздегі инфляция әжептәуір. Ресми деректер бойынша біздегі жылдық инфляция биыл 10 пайыз болатын түрі бар. Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов осы аптада жылдық инфляция -10 пайыз, ал орташа жылдық инфляция -15 пайыз шамасында болатынын айтты. Оның деңгейіне ішкі және сыртқы ықпалдар бірдей әсер етіп отыр. Атап айтсақ, әлемдік рыноктағы тауарлар бағасының өсуімен бір мезгілде ішкі рыноктағы тарифтердің өсуі де орын алды. Тағы бір назар аударатын жайт - банктердің сырттан қарыз алу мәселесі. Бұл да белгілі бір деңгейде теңгенің қазақстандықтар үшін тиімділігіне әсер етуі мүмкін. Олай дейтініміз, АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстың салқынымен жалпы халықаралық қаржы рыногында өзара қарыз алу мүмкіндігі қиындады. Бұл жағдай Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденовтың пікірінше, 2008 жылдың бірінші жартысына дейін созылуы мүмкін. Демек, сыртқы қарыздарға көбірек иек артып келген біздің екінші деңгейлі банктер қажетті қаражатты енді ішкі нарықтан, отандық ресурстардан іздеуге мәжбүр. Соның бір көрінісін әлден-ақ байқауымызға болады. Қазір банктер жаппай халықты депозиттік салымдарға қызықтыруға ұмтылып, салымдардың тартымдылығын, олардың пайыздық сыйақыларын көтеріп жатыр. Бұл бағытта тіпті қатаң бәсеке жүріп жатыр десек те болады. Бұл қолында аз-маз артық ақшасы бар жұрт үшін тиімді құбылыс. Тек салымды қай валютамен салатындығын пайымдап алған жөн. Ал ұлттық теңге өзінің тұрақтылығын күн өткен сайын дәлелдеп келеді. Өйткені ол – Ұлттық валюта.
Шетелдік сарапшылар соңғы кездері алдағы уақытта бір доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 140 теңге болады дегенді жиі айта бастады. Ал 2010 жылы тіпті бір доллар 155 теңгеге дейін жетеді деген де болжамдар жасалуда. Бүкіл әлемде құлдырай бастаған доллардың біздің елде бағасы шарықтап, күрт жоғары қарай көтерілу кезеңі басталғалы тұрған сыңайлы. Былай қарасаңыз, әлемдік экономикаға қосылып кеткен біздің елде де доллар бағамы төмендеуі тиіс. Ендеше неге ақылға қонымсыз болжамдар жасалуда деген сұрақтың туатыны заңды. Болжамдарды жасап отырған мұхиттың ар жағындағы басылымдар емес, тура иегіміздің астында тұрған ресейліктер екендігін айтатын болсақ, таңданыс одан бетер ұлғая түседі. Ресейлік «Smart Money» басылымы экономист Владимир Осаковскийдің айтқандарын мысалға келтіре отырып, қазақстандықтар үшін тағы бір «қорқыныштың» шетін шығарып отыр. Оның айтуынша, Қазақстанда ұлттық валюта бағамын ұстап тұратын қаражат көлемі азайып қалған, соған байланысты доллар күш алып кетуге жақын. Яғни, Ұлттық банктің резерві өткен жылдың жазынан бері қарай 25 пайызға азайып қалған дейді ол. Шындығына келетін болсақ, ресейлік басылымда жарияланған сарапшының айтқандарының жаны да бар секілді. Себебі, былтырғы жылдың тамызынан басталған еліміздегі қаржылық дағдарыс барысында долларға деген сұраныстың артып кеткенін білеміз. Жұрттың бәрі жапа-тармағай доллар сатып алып қоюға лап қойған кезде айырбас пункттеріндегі дүрбелең, бағасы аспанға ұшқан АҚШ валютасына деген сұраныстың бәрі көз алдымызда. Осы арада Ұлттың банк көмекке келмегенде, оның бағамы ақылға сыймастай шарықтап кете берер еді. Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын орнықтырып, жұртты сабырға шақырды. Содан бері қарай доллар бағамы 120-121 теңге аралығында келеді. Бірақ доллардың теңгеге шаққандағы бағамын ұстап тұру үшін бас банк тарапынан көрсетілген қолдау қаржы жүйесінде біраз өзгерістердің орын алуына жол бастаған сыңайлы. Дағдарыс кезеңі мен одан шығу мақсатында жасалған шаралардың жалпы экономикамызға қалай әсер еткенін саралайтын болсақ, Ұлттық банк қорының шынында да кемшін түсіп қалғанын байқауға болар еді. Аталған банк өкілдерінің өз ауызынан шыққан нақты мәліметтерге көз жіберіп көрейік. 2007 жылдың тамыз-қыркүйек айларында банктің алтын-валюталық қоры 5 миллиард АҚШ долларына азайып қалған көрінеді. Қаржы рыногындағы әлемдік дағдарыс қазақстандық банктер үшін сырттан қарыз алу талаптарын біраз күрделілендіргені белгілі. Соның нәтижесінде банктердегі шетелдік валюта өтімділігі тапшылығы халық тарапынан долларға деген сұранысты күшейтіп жіберіп, банктерге деген елдің сенімін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банктің өзі қордан долларды шығарып, теңгенің бағамдық тұрақтылығын сақтап қалды. Яғни, ол үшін 5 миллиард доллар шығарылды. Ал бұл дегеніңіз, алтын-валюта қоры үшін біраз салмақ еді. Себебі, тек 1999-2006 жыл аралықтарында пассивтік сальдо бойынша қордан 1,4 миллиард доллар ғана шығын шыққан екен. Айналдырған екі айда жеті жылда шықпаған шығынның 5 миллиардты құрағаны-ақ дағдарыстың экономикамызға тигізген салмағын көрсетеді. Ұлттық банктің валюта рыногына валюта сату рөлінде шарасыздан шығуы елдің төлем балансына көлеңке түсіргелі тұрған секілді. Доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамын нығайтқаннан кейін импорт көлемі артып шыға келетіні өзінен-өзі белгілі. Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, өткен жылдың 9 айында сырттан әкелінетін импорт тауардың көлемі 7,2 млрд. долларды құраған. Сырттан әкелінген импорт тауар көлемінің артуы мен Ұлттық банк резервінің азаюы арасында бір байланыс бар екендігін байқау еш қиындық тудырмаса керек. Ұлттық банк басшыларының айтуынша, банк еркін айналымдағы теңге бағамы саясатын ұстанады. Оның бағамы шетелдік валютаның сұранысы мен ұсынысына байланысты айқындалады. Ұлттық банк басшысы Сәйденовтің өзі »Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша белгілі бір бағыттар орнатпайды, тек инфляцияға айтарлықтай өзгеріс әкеліп, қаржы рыногының тұрақтылығына қауіп төндіретін өзгерістерге назар аударады» дейді. Ал теңге бағамына келетін болсақ, ол бас банк басшыларының пікірінше, көптеген факторларға тәуелді. Олардың арасында мыналарды мысалға ерекше келтіруге болады екен: әлемдік валюталық және тауарлық рыноктардағы ахуал, экспортшылардың табысынан құйылған шетелдік валюта көлемі, қазақстандық банктердің сырттан алған қарызының көлемі және басқа да сыртқы, ішкі факторлар. Сонымен қатар әлемдік рыноктардағы толқулар мен АҚШ экономикасында тағы да күтіліп отырған күрделі жағдайлар, сырттан қарыз алудың шектеле түсуі жағдайында сыртқы қарыздар алдындағы міндеттемелерді орындаудың қажеттігі елден біраз капитал ағынының шығып кетуіне жағдай жасайтын болады. Бұл теңгенің айырбас бағамына қысым жасап, оны әлсіретуі мүмкін. Банк басшылары осылай деп жұқартып айтқанның өзінде іштей мұнайдан түсетін долларларға тәу ететіні байқалады. Әлемдік рыноктағы «қара алтын» бағасы сағат сайын өсіп жатқан кезде (Нью-Йорк биржасында оның бір баррелі 108 долларды құрап, айды аспанға бір-ақ шығаруда) экспорттан түсетін шетелдік валютаның ағыны да тыйылмайтыны белгілі. Бұл дегеніміз, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген сөз.
Ілияс Исаев, қаржыгер-сарапшы:
– Экспорттан түсетін түсімнің доллармен болуы түсінікті. Сондықтан да ол доллардың Ұлттық банктің актив портфельдеріне салмақ салып, соған орай қосымша теңге шығаруға мәжбүрлейді. Ал ол ақша ешқандай еңбекпен, тауармен қамтылмаған ақша массасын көбейтеді. Осыдан барып, теңге девальвациясы бастау алады. Бүгінде құнсызданған доллардан әлем де, біздің тұрғындар да құтылғысы келеді. Ал біздің елде оған деген сұранысты тудырып отырған екінші деңгейлі банктер. Олар сыртқы қарыздарын доллармен қайтарады. Сонымен қатар сырттан импорт әкелу де долларға деген сұранысты арттырады. Бірақ ұсынысты емес. Осыдан келіп, бүгінде теңге уақытша қатайып отыр. Оны қатайтып отырған еңбек өнімділігі емес. Әлемдік рыноктағы дағдарыстан қаша бастаған тенденция. Теңгенің тұрақтылығын алдымен оның ішкі рыноктағы тауар бағасымен салыстырғандағы тұрақтылығы айқындайды. Ал бізде баға болса, күнде өсуде. Бұл арада теңге девальвацияға ұшырамайды деп айта алмайсың. Қазірдің өзінде оның девальвацияда екендігі жасырын емес. Күзге қарай оның девальвациясы күшейе түсуі мүмкін. Өйткені сырттан импорт тауар әкелініп, банктердің қарызы қайтарылады. Яғни, долларға деген сұраныс өседі.