
- •1. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні.
- •2. Тауар, баға, құн категориялармен ақшаның байланысы.
- •3. Ақшаның қызметтері, оның екрекшеліктері.
- •4. Ақша түрлері, оның ерекшеліктері.
- •5. Ақша айналымы, оның құрылымы.
- •6. Қолма-қол ақша айналымы.
- •7. Қолма-қолмыз ақша айналымы. Негізгі формалары, принциптері.
- •8. Ақша массасы және ақша агрераты.
- •9. Ақшаның теориясы: металлистік, номиналистік, санық.
- •10. Ақшаның айналымдық заңы.
- •11. Ақша жүйесінің түсінігі, оның элементтері, ақша жүйесін ұйымдастыру принциптері.
- •12. Ақша жүйелерінің типтері.
- •13. Биметаллизм және монометаллизм.
- •28.Қр ұб Ұйымдастыру құрылымы және құқықтық статусы.
- •29.Қр ұб Басқару органдары
- •30. Қр ұб міндеттері және мақсаты.
- •31.Ақша-несие саясаттың теориялық негізі.
- •32.Қр ұб қызметін жетілдірудегі инфляцияның тоқтату мәні.
- •34.Қр ұб ақша-кредиттік саясаттың құралдары.
- •36.Коммерциялық банктердің қызметтері.
- •39. Қр лизингтік операциялардың дамуы.
- •40.Факторингтік операциялары , оның банк қызметің жетілдіру жолындағы мәні.
- •41.Трасталық операциялар , оның ерекшеліктері
- •42. Валюталық қатынастар және валюталық жүйе : түсінігі және элементтері
- •44. Кредиттік жүйе түсінігі, негізгі элементтері
- •49. Казіргі жағдайдағы қр банк жүйесінің даму тенденциясы(әлемдік қаржылық дағдарыстын шартттары).
- •51. 2008-2009 Жж. Қр ұб ақша-несие саясаттың негізгі бағыттары
- •1. 2007 Жылғы макроэкономикалық даму өлшемдері
- •1.1. Әлемдік қаржы және тауар нарықтарының дамуы
- •1.2. Қазақстан Республикасының төлем балансы және теңгенің айырбас бағамы
- •1.3. Макроэкономикалық және қаржылық көрсеткіштер
- •2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2007 жылға арналған Ақша-кредит саясаты
- •2.1. Инфляция бойынша қол жеткен мақсатты бағалау
- •2.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығын ұстап тұру жөніндегі шаралары
- •2.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары
- •3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2008-2009 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының мақсаты және басымдықтары
- •3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініңбасымдықтары
- •3.2. Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының сценарийлік нұсқалары
- •4. Ақша-кредит саясатының 2008 жылға арналған шаралары.
- •2008-2009 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •2008-2010 Жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •54. Халықаралық Валюталық Қордың ұр Ұлттық Банктің қызметіндегі мәні
- •55. Қр экспорттық және импорттық операциялардың банктік несиелеудегі механизмі
- •Экспортерге немесе импортерге берілетін несиелерді сақтандыру
- •56. Валюталық курстың тұрақтылығын қамтамасыз ету ұб
- •57. Дүниежүзілік банктің мақсаты және міндеттері, ұйымдастыру құрылымы
- •58. Валюталық жүйелерді ұйымдастыру формалары: ұлттық, халықаралық, аймақтық. Аймақтық валюталық жүйелердің даму жолдары.
- •59. Төлем және ақша құралдардың түрлері
- •2008 Жылдың IV тоқсандағы төлем құралдарына қатысты төлемдер бойынша мәліметтер
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •2008 Жылдың 4–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану
- •60. Халықаралық есептеудің валютадағы тәртібі
- •61. Ислам даму банкі және оның қызметінің ерекшеліктері
- •62. Қазақстан Республикасының ұлттық валютаның айырбастау курсының саясаты
44. Кредиттік жүйе түсінігі, негізгі элементтері
Нарықтық экономикада кредит-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан кредиттік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты екінші кезекте бола тұра, кредит жүйесі оған үнемі және едәуір дәрежеде ықпал етеді. Ол ақша жинақтарының масштабын бірнеше есеге кеңейтеді, ақша құралдарының бір саладан екінші салаға құйылуын қамтамасыз етіп, сол арқылы өндіріс тиімділігінің өсуіне ықпал етеді.
Кредит жүйесің рөлі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: кредиттік қаражаттардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік ссудалардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
Кредит жүйесі өз қызметін атқарған кезде кредиттік қатынастар туындайды. Кредиттік мекемелер және әр түрлі субьектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары кредиттік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Бірақ кредиттік қатынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Кредиттеу процессінде өндірістік құнға, яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем құралдарының қосымша массасы қалыптасады. Төлем айналымының үлкен ағымы кредит жүйесі арқылы өтеді, ол кредиттік қатынастардың мазмұнын толықтыра отырып, төлеушілер мен кредиттік мекемелер арасында, кредиттік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.
Кредит жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтерді көрсетеді, соның нәтижесінде кредиттік экономикалық қатынастар туындайды.
Кредиттік қатынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субьектілері үшін де, кредит жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Кредит мекемелерінде ақшаны сақтау – кредиттік ресурстардың құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру – кредит беруді білдіреді.
Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен кредит жүйесі, кредит жүйесі мен халық, мемлекет пен кредит жүйесі, кредиттік мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердің кредиттік мекемелері арасында.
Кредиттік қатынасардың сыртқы көрінісін кредит формасы сипаттайды. Ол кредиттік қатынастардың мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Кредиттік қатынастардың формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады.
Кредит екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауарлық кредит коммерциялық кредиттің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл кредит ақша формасына өзгереді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субьект кредит берушіге алынған тауарлық кредиттің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа құжаттарды жазып береді, кредит беруші оларды ссуда алу үшін банкке ұсынады. Бұл жерде кредиттік қатынастардың субьектілері ретінде шаруашылық субьектілері ретінде шаруашылық субьектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы өзгерістер салдарынан кредиттік қатынастардың тауарлық формасы ақша формасына ұласады.осылайша, тауар формасы негізінде кредиттің, ең алдымен банктік кредиттің ақшалай формасы туындайды және дамиды.
Кредиттік қатынастардың , кредит формаларының және кредиттік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы кредит жүйесі түсінігін құрайды.
Тар мағынадағы кредит жүйесі – бұл кредит-қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші кредит мекемелерінің желісі.
Басқаша айтқанда, кредит жүйесі банктік және басқа кредиттік мекемелердің, кредиттік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдемелерінің жиынтығымен сипатталады. Кредиттік қатынастарды ұйымдастырудың екі жүйесі бар: банктік және банктік емес институттар шеңберінде. Сәйкесінше кредиттік жүйенің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік мекемелер және мамандандырылған кредит-қаржы мекемелері.
Кредит жүйесі кредиттік операциялардың көлемінің функционалдық мамандануымен және кредиттік мекемелердің санымен, сонымен бірге шаруашылықты жүргізудің жекелеген субьектілеріне ұсынылатын қаржы-кредит қызметтерінің санымен сипатталады.
Қазіргі кездегі кредит жүйесі бұрынғы жүйеден төмендегі белгілер бойынша өзгешеленеді:
банктік капиталдың және банктік монополиялардың шоғырлануы және орталықтануы;
кредиттік мекемелердің әр алуан түрлері арасындағы бәсекенің күшеюі;
банктік капиталдың өнеркәсіптік капиталмен байланысуы және қаржылық капиталдың қалыптасуы;
кредиттік, соның ішінде монополистік мекемелер қызметінің ғаламдануы мен интернационалдануы және континент аралық халықаралық кредиттік монополиялардың пайда болуы.
Қазіргі кездегі кредиттік жүйенің үш маңызды элементін бөліп көрсетуге болады:
орталық (эмиссиялық)банк;
коммерциялық банктер;
мамандандырылған кредит мекемелері (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік және т.б.)
орталық банк – бірінші деңгейдегі басты мемлекеттік банк, мемлекеттік, халықтық және ұлттық банк деп аталуына қарамай кез келген елдің басты эмиссиялық, ақша-кредит институты. Оталық банк – бұл «банктердің банкі». Ол заңды және жеке тұлғалармен операцияларды жүргізбейді. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа кредиттік мекемелер, сонымен бірге үкіметтік ұйымдар, оларға әр алуан қызметтер ұсынады.
Орталық банк тікелей ықпал ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін банктік мекемелерге ғана қатысты орындайды. Орталық банк кредиттік жүйенің басқа буындарына негізінен тек жанама ықпал етеді, ол кредиттік және ақшалай операциялардың, нарықтың әр алуан секторларының, қаржы-кредит қызметтерінің өзара байланысынан көрініс табады.
Коммерциялық банктер ссудалық кпитал нарығының әр түрлі секторларында әрекет етуші көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибеде танымал қаржылық операциялар мен қызметтердің басым бөлігін орындайды. Коммерциялық банктер дәстүр бойынша кез келген елдің кредит жүйесінің базалық жүйесі рөлін атқарады.
Олар бұрынғысынша үкіметтің, іскер топтардың және миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын жинақтаушы қаржы орталығы болып табылады. Ссудалық және инвестициялық операциялар арқылы коммерциялық банктер әр түрлі қарыз алушылар үшін өз қорларына жол ашады.
Мамандандырылған қаржы-кредит мекемелері (оларды басқаша парабанктер деп атайды) нарықтық экономикадағы кредиттік жүйенің маңызды және обьективті қажетті буыны болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі буындарында және халыққа көрсететін кредит жүйесінің қызметтері толық болмай қалады.
Парабанктік мекемелер не клиенттердің белгіленген типтеріне қызмет көрсетуге, не банктік қызметтің бір-екі түрін жүзеге асруға бағытталады. Олардың қызметі көп жағдайда нарықтың шағын сегментіне қызмет көрсетуге, арнайы клиенттерге қызметтерді және де арнайы қызметтерді ұсынуға негізделеді.
Бұл мекемелер үшін екі жақты тәуелділік тән болады: бір жағынан, кредиттік-есеп айырысу операцияларын жүзеге асырумен байланыса отырып, олар Орталық банктің сәйкес талаптарын негізге алуы тиіс; екінші жағынан, белгілі бір қаржылық, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа операцияларға мамандана отырып, олар сәйкес ведомстволардың реттеуші ықпалына түседі.
Қазақстанның кредит жүйесі 1999 жылдан бастап өз егемендігін алғаннан кейін қалыптасты.
Қазақстаннның кредит жүйесі Орталық банк – ҚР Ұлттық банкінен, екінші деңгейлі банктерден, олардың ішінде Қазақстан Даму Банкі және Қазақстан Құрылыс-жинақ Банкі. Және де мамандандырылған қаржы кредиттік мекемелерден, олар: кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар, ломбардтар, «Қазпошта» акционерлік қоғамы бастаған пошталық-жинақ жүйесі, сақтандыру компаниялары, мемлекеттік емес жинақ ұлттық қоры, жаңа инвестициялық қорлар, Қазақстан мемлекеттік қоры және басқалардан тұрады.