Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы на АНБ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
843.26 Кб
Скачать

42. Валюталық қатынастар және валюталық жүйе : түсінігі және элементтері

Халықаралық валюталық қатынастар – әлемдік экономиканың қажетті элементі, қоғамдық қатынастардың бүтін жиынтығы, олар арқылы әр түрлі елдер арасында барлық есеп айырысу, несиелік, ақшалай келісімдер жасалады. Тауар өнімі, халықаралық сауда, капиталдардың қозғалысы мен қызмет ету барысы олардың негізі болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар ұлттық шаруашылықтардың жұмысының нәтижелері бойынша өзара алыс-берістер жасауды қамтамасыз етеді. Бұл іспеттес қатынастар, негізінен, валютаның әлемдік шаруашылықта өз рөлін атқарғанда қалыптасады. Және де әрбір мемлекетте заңды өтеу құралы болып, оның ұлттық валютасы саналады. Алайда, әлемдік шаруашылықта әдетте конвертирленген шетел валюталары пайдаланылады. Мұның өзі осы әлемдік шаруашылықта барлық елдер үшін жалпы мойындалған валютаның жоқтығымен түсіндіріледі. Елдердің әлемдік шаруашылықта интеграциялануы ( экономикалық одаққа кіруі ) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады. Яғни, халықаралық қатынастарға қызмет ететін ақшаларды валюта деп атайды. Халықаралық шаруашылық байланыстардың даму барысы валюталық жүйені қалыптастырады.

Валюталық жүйе дегеніміз – ұлттық заңдылықтармен, немесе мемлекетаралық келісімдермен бекітілген валюталық қатынастар түрі.

Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түптамырымен құртуға мүмкіндік жасау.

Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Ең алдымен халықаралық құқық нормасымен үйлесетін, ұлттық заңмен бекітілген ұлттық валюта жүйесі туындады. Ұлттық валюта шекара жиегінен шығыңқырап тұрса да, мемлекеттік ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Ұлттық ваюта жүйесі қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта қолма- қол формада (банкнота, монета) және қолма-қолсыз формада (банктік шоттағы ақша қалдығы) болатын елдің ақша бірлігі. Оның эмитенттері орталық Ұлттық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:

  • ұлттық валюта;

  • ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы:

а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында «еркін қолданылатын валюта» деген ұғым енгізілген. Оған жататындар: американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг;

ә) жарым жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль;

б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;

- валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысты. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды. Халықаралық валюта қорының жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады;

- валюта бағамының тәртібі ( белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі). Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;

- валюталық шектің болуы немесе болмауы. 1996 жылдары Халықаралық валюталық қордың жарғысына сәйкес саудалық және саудалық емес операцияларға шектеулерді жойды;

- ұлттық валюта мен бағыттық тәртібі;

- конвертиленудің шарттары;

- халықаралық валюталық өтімділікті ұлттық тұрғыдан реттеу;

- ұлттық нарықтар мен алтынның реттелуі;

- валютаны реттеуші ұлттық органдар(парламент, орталық банк, үкімет);

- валюталық парапарлықтың реттілігі – екі валютаның арақатынастары.

Шаруашылық байланыстар неғұрлым интернационалдырылған сайын ұлттық валюта жүйесінің негізінде әлемдік және аймақтық валюта жүйелері құрылады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісімдермен заңды түрде бекітілген.

Әлемдік валюта жүйесі – шаруашылықты интернационалдандырудың негізінде құрылған және мемлекетаралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюталық қатынастар түрі, яғни ол – халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық-шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл жүйенің негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушылардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Әлемдік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. «Әлемдік валюта жүйесі» деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін – әлемдік ақша белгілері.

Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады. Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде әлемдік валюта жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты. Олар:

  • әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);

  • валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;

  • валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;

  • валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;

  • халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу;

  • халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;

  • әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;

  • мемлекетаралық реттеу институтының статусы – 1944 жылдан Халықаралық валюта қоры бекітілді.

Әлемдік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе әлемдік валюта жүйесі әлсін-әлсін дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.

Аймақтық валюта жүйесі (ЕЖВ) – аймақтық келісімдермен бекітілген валюта өрісіндегі жекелеген елдер тобы қатынастарының ұйымдық-экономикалық түрі. Аймақтық валюта жүйесінің негізгі элементтері мыналар:

  • халықаралық валюта өтімділігін мемлекетаралық реттеу;

  • валюталық шектеулер мен валютаның конвертирлену жағдайларын мемлекетаралық реттеу;

  • халықаралық төлем мен қосалқы қаржы функцияларын атқаратын валюта түрлері;

  • валюта бағамының реттілігін мемлекетаралық белгілеу;

  • валюта мен алтынның әлемдік нарығының реттілігі;

  • валютаны мемлекетаралық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар.

Әлемдік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған «Жалпы нарық» одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты – ынтымақтастық процессін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын – Еуропалық одақ құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері әлемдік валюта жүйесінің элементтеріне сәйкес келеді.

Валюта жүйесінің эволюциясы, ұйымның мемлекеттік-құқықтық формасы әлемдік шаруашылықтың, өндірістің және әлемдік сауданың, әлемдік шаруашылық байланыстары мен еңбектің халықаралық бөлінуінің даму дәрежесімен анықталады. Өнеркәсіптік төңкерістің нәтижесінде бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе – алтын стандарты түріндегі алтын монометаллизм құралды. 1867 жылы Париж келісімі алтынды әлемдік ақшалардың бірден-бір түрі ретінде таныды. Осы кездерде ақшалар әлемдік нарыққа тап бола отырып, өздерінің ұлттық шекпендерін шешіп тастап, төлемдерді салмақ бойынша атқаруға кірісті. Алайда, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі еркін бәсекелестік пен нарықтық экономиканың даму барысында оны 1922 жылы Генуез конференциясының шешімімен бекітілген алтынға және жетекші капиталистік дүниенің валюталарына негізделген алтын дивизінің стандарты ауыстырды. Бұл Генуез валюта жүйесі конференцияда келісімге келген 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды. Бұл девиздің принципі бойынша банкноталар алтынға емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды.

Девиз деген кез келген формадағы шетел валютасы. Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында Бреттон-Вудс конференциясына дейін резервтік валюта статусы (айырбасталатын валюта ерекше атағы) ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен американдық доллар осы атақты бірінші болып алуға өзара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты.

Үшінші әлемдік валюта жүйесі 1944 жылғы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вуд конференциясында заңды түрде резервтік валюта бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Алтын девизі тек қана халықаралық қатынастарда сақталып, ақша жүйесі ұсақталмайтын несие ақшаларына негізделеді.

Бреттон-Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей:

  • доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ретіндегі атағы;

  • халықаралық валюталық қорға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға алтын арқылы айырбастайды, онда валютаның паритеті және бағамы бекітілді;

  • шетел орталық банктерінің доллаллық резервтері алтынға американдық қазынашылық мекемесі арқылы ресми бағамен айырбасталады;

  • алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді;

  • мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін орган – Халықаралық валюта қоры құрылды.

Халықаралық Валюта Қоры Біріккен Ұлттар Ұйымының маманданған органы ретінде 1944 жылы Бреттон-Вудсте өткен халықаралық валюта-қаржылық конференциясында қабылданған қаулыға сәйкес өз жұмысын 1947 жылы наурыз айында бастады. Оның штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан, басқарушы органы – басқармалар кеңесі қатысушы елдердің қаржы министрлерінен немесе орталық банктердің басқармаларынан тұрады.

Халықаралық Валюта Қорының негізгі қызметтері төмендегілер:

  • халықаралық сауданың және валюталық ынтымақтастықтың дамуына көмек көрсету;

  • валюталық паритеттің тұрақтылығын сақтау және валюталық шектеуді жою;

  • төлем балансының теңелуі үшін кез-келген қатысушы елге несие ресурстарын беру.

Халықаралық Валюта Қорының негізгі қызметтері мемлекетаралық қорға мүше елдердің валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын бақылауды қамтамасыз ету, ал міндеті мемлекетаралық валюталық реттеуді күшейту, мүше елдердің өзара тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету, әлемде валютаның тұрақтылығына қол жеткізу үшін әр түрлі валюталық шектеулерді жою. Сонымен қатар оның міндеттеріне мыналар да жатады:

  • несие валюталық қатынастарды реттеу туралы ұсыныстар әзірлеу;

  • дамып келе жатқан елдерге экономикалық реформаларды өткізуге кеңес беру;

  • қорға жаңа мүше қабылдау, берілген несиелерді тиімді пайдалану мақсатында инспекторлық бақылау жүргізу, т.б.

Халықаралық қатынастарды нарық тұрғысынан реттеу Халықаралық Валюта Қорымен мемлекетаралық реттеумен толықтырылады.

Генуез валюта жүйесіне қарағанда америка доллары мен фунт стерлингіне халықаралық төлем мен қосалқы қаржы ретінде пайдаланылатын конвертирленген ұлттық валютаның айрықша категориясы – валюта қорының атағы бекітілді. Осының нәтижесінде АҚШ-тың қысымшылық жасаумен доллардың үстемділігіне негізделген валюта жүйесі – доллар стандарты қалыптасты. Ол кезде доллардың алтынмен байланысы сақталған еді, соғыстан кейінгі кезеңде АҚШ алтын қорының 75 %-ын өз қолында ұстады, мұның өзі экспорттың үштен бірінен астамы еді және әлемдік өндірістің жартысынан артық болатын. Мұнымен қатар алтынның мол қоры АҚШ-та алтынға конвертирленіп, валютаға парапарлықтың негізгі болып есептелген долларды әлемдегі бірден-бір валютаға айналдырады. Яғни, доллар әлемдік ақшаның функциясын атқара бастады. Алайда, АҚШ-тың алтын қоры азайып, шетелдік долларды алтынға конверсиялауға күші жетпей қалған XX ғасырдың 60-шы жылдарының аяғынан бастап тас-талқан болған Бреттон-Вудс дағдарысы орын алды. Оның орнына 1975 жылы Ямайка келісімімен бекітілген төртінші әлемдік валюта жүйесі дүниеге келді. Оның негізгі принциптеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • кейін көпвалюталық стандартқа ауысқан алтын девизі орнына СДР (ХВҚ-дағы қарыз берудің арнайы құқықтары) енгізілді;

  • алтынның кері доменетаризациясы өткізіліп, бағалардың ресми ауқымы алып тасталынды;

  • валюталар бағытының жылжымалы жүйесі орын алды;

  • халықаралық есептерді жүзеге асырғанда еркін конвертирленген валюта мен СДР негізгі құралға айналды;

  • ХВҚ-ға мемлекетаралық валютаны реттеу алдын ала жүктеледі.

СДР-дың стандартты ресми түрде енгізілгенмен, практика жүзінде шын мәнінде доллар стандарты сақталып қалды. СДР-ды пайдалану ХВҚ-ы өткізетін операциялардың ауқымымен шектелді.

Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы:

  • алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір валютаның құрамында алтын жоқ. ХВҚ-ның өзгерген жарғысына сәйкес алтын құн өлшемі ретінде және валюта бағамын есептеуге де қолданбауы тиіс. Сөйтіп алтын паритетінің, алтынның ресми бағасының, шетел орталық банктері мен үкімет органдары үшін американдық қазынашылықтың долларлық резервтерді алтынға айырбастауы жойылғандығы заңмен бекітілді. Дегенмен, Ямайка валюта жүйесінен алтынды валюта соғылатын металл ретінде заң жүзінде ығыстырғанға қарамастан, іс-жүзінде оның ақша ретінде қолдану мүмкіндіктері таусыла қойған жоқ. Алтынның нақты бағасы болғандықтан ол бұрынғыдай төтенше халықаралық ақша және аса сенімді резервтік актив ретінде саналды;

  • алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есепайырысу құралы – СДР енгізілді. Ол валюталық паритет пен валюта бағамының негізі деп жарияланды. Дегенмен СДР эмиссияланған (1970 ж.) 30 жыл ішінде ол құн эталонына, не басты халықаралық төлем және резерв құралына айналған жоқ. Ол әлемдік ақша рөлін орындаудан тым алыс болды. СДР стандарты шын мәнінде көп валюталы стандартқа ауысты. Ол – үш әлемдік валюталық орталықтың валюталарына, яғни американдық долларға, неміс маркасына (1999 жылы еуромен алмастырылған), жапондық иенге негізделген.

  • ХВҚ-ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез келген валюта бағамының тәртібін пайдалануға құқық алды. Сөйтіп өзгермелі валюта бағамының ережесі бекітіліп, оған көптеген елдер 1973 жылдың наурызынан бастап ауысты. Бұрынғы бекітілген валюта бағамына қарағанда бұл тәртіп икемді болғанымен валюта бағамдарының арақатынасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген сенімді ақтамады. Керісінше, орталық банктің валюта нарығындағы операцияларға араласуы формасындағы жүргізетін операцияларға араласуы формасындағы жүргізетін валюталық интервенциясына (оның ішінде ұжымдық) шығындары көбейді.

Ямайка валюта жүйесін басқа жүйелермен салыстырғанда өзінің икемділігімен төлем баланстары мен валюта бағамдарының тұрақсыздығына және әлемдегі күштердің жаңадан орналасуына тез лайықтанды. Қарым-қатынастардың дамуы әлемдік және ұлттық валюта жүйелерімен шектелмей, аймақтық жүйелерді құрумен де ұласуда.

Еуропалық Одақтың елдері 1976 жылы наурыз айында Еуропалық экономикалық одақтың шеңберінде Батыс Еуропа елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында аймақтық валюта жүйесі – Еуропа валюта жүйесін құрып, оны Ямайкалық валюта жүйесіне қарсы қойды. Бұл жүйеге кіретін мемлекеттер ХВҚ-ның мүшелері болғандықтан Еуропа Валюта Жүйесін әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық бөлігі ретінде қарастыруға болды. Ол еуропалық валюта бірлігіне (ЭКЮ), алтынмен мемлекетаралық операцияларды жаңартуға және валюталардың еркін экономикалық интеграцияны, тауарлардың, қызметтердің, капиталдардың және Еуроплық Одақ елдері арасындағы тұлғалардың еркін қозғалуын қарастырып, қуаттау болды. Осының негізінде біріккен Еуропаның ішкі нарығының қалыптасуы 1993 жылға дейін практика жүзінде аяқталды. Бұл жүйені әлемдік валюта жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады, себебі, ЕВЖ-ге кіретін елдер ХВҚ-ның мүшелері болып табылды.

ЕВЖ құрамына 12 батыс-еуропалық валюталар кірді. ЕВЖ-ге қатысушы елдер өздерінің валюталық бағамын ЭКЮ-дің орталық бағытына қарай белгіледі, ал ол арқылы бір-бірімен белгілеседі.

Аймақтық валюта жүйесін реттеп отыру үшін 1994 жылы Еуропалық валюталық институт болып өзгерген валюталық қызметтің Еуропалық қоры құрылған болатын. ЭКЮ орталық және коммерциялық банктердің есеп-шоттарында жазылу мен ол арқылы ақшасыз есептерді жүргізу үшін ғана өмір сүріп келеді.

Еуропа Валюта Жүйесі өмір сүре бастаған алғашқы 10 жылдың барысында өзін-өзі бекемдей түсіп, ең басты міндеттердің бірі – ұлттық валюталардың айырбасталу бағытын тұрақтандырды. Бұл жағдай өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында-ақ жаңа ұжымдық валюта – еуроның қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалай формада айналуын пайдалануды білдіретін интеграцияның жаңа сатысына көтерілуге негіз болды.

Валюталық одақ экономикалық одақтан, тауарлардың, қызмет көрсетудің, капиталдар мен жұмысшы күшін құрудың бірыңғай нарығын қалыптастырудан тыс құрыла алмайды. Міне, сондықтан валюталық интеграцияның нәтижесі, қорытындысы болып экономикалық және валюталық одақ құру болып саналуға тиіс.

Қазақстан Республикасы 1992 жылдың шілдесінде Халықаралық Валюта Қорына мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда.

Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары болмаған. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындалып, жеке алтын валюта резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді.

1993 жылдың қарашасынан бері ұлттық валюта жүйеміздің негізі – теңге енгізілді.1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Валютаны реттеу туралы» Заңы қабылданды.

Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Қазақстан Республикасының валюта заңының негізгі элементтері төмендегідей:

  • валюта заңының басты-басты түсініктерін нақты анықтау;

  • валютаны реттеу мен валютаға бақылау жасаудың тәртібі;

  • валюталық операциялар оларды өткізудің рұқсат етілу тәртібі;

  • шетел валюталарын, құнды қағаздарды әкелу мен сыртқа шығарудың тәртібі;

  • халықаралық төлемдер мен жіберудің тәртібі.

Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің обьектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, алтын мен басқа да бағалы металдарды республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу болып есептеледі. Валюталық қатынастардың субьектілері болып «резиденттер» және «резидент еместер» саналады. Резиденттерге жататындар:

  • Қазақстан Республикасында тұратын және кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер;

  • Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және одан тыс жерлердегі өкілдіктері;

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер, сондай-ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен шұғылданбайтын өкілдіктер.

Қазақстан Республикасындағы «резидент еместерге» жоғарыда республика «резиденттері» түсінігінде көрсетілмеген заңды және жеке тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасының валюта жүйесінің маңызды элементі валюталық реттеу мен валюталық бақылау саналады. “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы резиденттер мен резидент еместердің валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, міндеттері мен тәртібін айқындайды.

Валюталық реттеудің мақсаты – тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу.

Валюталық реттеудің міндеттері мынадай:

1) республикада валюталық құндылықтардың айналысының тәртібін белгілеу;

2) Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға одан әрі кіруі үшін жағдайлар жасау;

3) валюталық операциялар мен капитал легі жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасында валюталық рет­теу­дің негізгі органы Ұлттық банк болып табылады.

Валюталық бақылауды Ұлттық банк, заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде өзге де мемлекеттік органдар (валюталық бақылау органдары) және валюталық бақылау агенттері жүзеге асырады.

Ұлттық банк  пен Үкімет осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін міндетті нормативтік-құқықтық актілер шығарады.

Валюта бақылауының мақсаты экспорттық түсім­нің толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ шетел валютасымен және теңгемен қаражатты импорт мақсатына пайдаланудың заңдылығын және негізділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Валюта бақылауының негізгі бағыттары:

- жүргізілетін экспорт-импорт валюта опера­ция­лары­ның заңға сәйкес келуін және қажет бол­ған жағдайда  Ұлттық банктің тиісті лицен­зия­лары немесе тіркеу куәліктерінің болуын анықтау;

- төлемдердің негізділігін тексеру;

- экспорт-импорт валюта операциялары жөніндегі есептің толық және дұрыс болуын тексеру.

Валюталық реттеу және бақылау жүйесі 2007 жылдан бастап мынадай негізгі қағидаттарға негізделген:

  • валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операцияларды лицензиялау режимінің күшін толық жою;

  • ұлттық Банктің тіркеу талабын енгізу (тараптар міндеттемелерін орындауды бастағанға дейін) және валюталық операциялар туралы хабардар ету тәртібін айқындау (ол жасалғаннан кейін) жөніндегі Ұлттық Банктің заңмен бекітілген құқығын сақтау;

  • резидент және резидент емес валюталық операцияларды жүзеге асырған кезде операция жүргізуге негіздеме болып табылатын тиісті түрде ресімделген құжаттарды уәкілетті банкке ұсынуға міндеттілігі туралы талапты сақтау. Қажетті құжаттардың тізбесі валюталық заңнамада бекітіледі;

  • экспорт-импорт мәмілелері бойынша валютаны қайтару талабын сақтау. Қайтару талабы резидентке экспорттан түскен түсімді немесе импорт бойынша пайдаланылмаған авансты сыртқы сауда келісімшартында көзделген мерзімде уәкілетті банктердің шоттарына есептеу міндеттемесін болжайды. Бұл ретте заң кесімінде резиденттер валютаны уәкілетті банктердің шоттарына есептемеуге құқылы жағдайларының жабық тізбесі айқындалуға тиіс;

  • резиденттер арасындағы ұлттық валютамен операциялар бойынша ақша төлемдері мен аударымдарын міндетті түрде жүргізуді айқындайтын норманы сақтау. Заңнама кесімінде осы талаптан шығатын ерекше жағдайлар айқындалуға тиіс;

  • заңды тұлғалардың шетел валютасын сатып алу мақсаттарына және соның есебінен шетел валютасын сатып алу жүзеге асырылатын ұлттық валютаның көздеріне (резиденттерге, сол сияқты резидент еместерге қатысты) барлық шектеулердің күшін жою.

Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастарына қызмет етіп, ол мемлекеттің төлем балансында көрініс табады.

Төлем балансы валюталық сомалардың шетелдерден келіп түсуі мен елдің басқа елдерге белгілі бір мерзім ішінде өтеген төлемдерінің арақатынасы, екінші сөзбен айтқанда ол елдің басқа елдермен жасасқан сыртқы экономикалық байланыстарын білдіреді.

Төлем балансының белгілі бір мерзімдігі (жыл, тоқсан, ай) және белгілі бір күні (ол жазылып көрсетілмейді, бірақ күн сайын өзгеріп отыратын өзара қатынас есебінде көрсетіледі) болады. Төлем балансы белгілі бір мерзім ішіндегі төлемдер мен келіп түскен ақшалардың арақатынасын білдіреді де елдің халықаралық экономикалық байланыстардағы өзгерістердің, оның экономикасының ахуалы мен даму барысын анықтауға мүмкіндік береді.