Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы на АНБ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
843.26 Кб
Скачать

41.Трасталық операциялар , оның ерекшеліктері

Коммерциялық бантер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпоротивті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. «траст» сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі (жеке немесе заңды тұлға) өз капиталын басқа тұлғаға (сенімді) оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты қызметтер көрсетуін және клиент атынан оның мүддесі үшін сенімді тұлға ретінде басқа да қызметтер көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады. Бұнда сенімді тұлға белгілі бір құқықтарға ие болып, мүліктің, капиталдың иелік етуші ретінде болады. Сенімді тұлға мүлікпен бенефициар мүддесін қорғай отырып, иелік етуге тиіс. Бенефициар болып мүліктің иесі, яғни сенім иесінің өзі, немесе үшінші тұлға болуы мүмкін.

Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қосымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпорациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.

Банктер трасталық қаражаттарды, негізінен, өздерімен ұзақ қатынастағы фирмалардың акцияларына, ірі компаниялардың бағалы қағаздарына, қозғалмайтын мүлік бойынша кепілдемелерге, депозиттерге және басқа да табысты активтерге орналастырады.

Банктерге қаражаттарды бағалы қағаздарға салу қосымша табыстан басқа, ірі фирмаларды және корпорацияларды бақылауға мүмкіндік береді.

Банктердің трасталық бөлімдерінің қызметтерін жеке және заңды тұлғалар, жәрдем қорлары, басқа да қоғамдық ұйымдар пайдалана алады. Банктер трасталық қызметтерді әр түрлі клиенттердің кеңірек тобына көрсетуге мүдделілік танытады.

Коммерцияық банктер өз клиенттерінің сенімхаттары бойынша келесі операцияларды жасай алады:

  • жеке тұлғаларға сенімхат боцынша акциялар, басқа да қорлық құндылықтар түріндегі мүлікті, қозғалмайтын және басқа да мүлікті (жауапты сақтауға берілген немесе хат бойынша) басқару;

  • акционерлік қоғамдардың тапсырмасы боынша сенімділік функцияларды орындау;

  • фирмалар мен жеке тұлғаларға агенттік қызметтерді көрсету;

Сенімді операциялар екі түрге бөлінеді: жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға.

Жеке тұлғалар үшін трасталық қызметтердің негізгі 3 категориясы бар:

  1. иесі қайтыс болғаннан кейін мүлікті басқару;

  2. мүлікті сенімді негізде басқару;

  3. агенттік қызметтер. Банк басқаруындағы траст түрлері әр түрлі болып келеді: сеніп қалдыратын, бүкіл өмірлік, сақтандыру, корпоротивтік институцияналдық, коммуналдық.

Банктер іскерлік фирмалар мен компанияларға мынадай агенттік қызметтер көрсетеді:

  • трансферт бойынша агент – облигацияларды, акцияларды, олар бойынша құқықты бір иеден екінші иеге беру;

  • акцияларды тіркеуші – банк шығарылған бағалы қағаздардың есебін жүргізеді;

  • депозитарии, яғни қаржылық қайта ұйымдастыру кезіндегі құндылықтарды сақтау ретінде;

  • акциялар бойынша дивиденттерді және облигацияларға пайыздарды төлейтін агент.

Трасталық қызметтер үшін комисиялық төлемақыны әрбір операцияға дифференциалды түрде қояды: агенттік қызметтер үшін келісімді түрде, басқаларына заңмен немесе сот шешімімен қойылады.