Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы на АНБ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
843.26 Кб
Скачать

1. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні.

Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін жалпыға балама айрықша тауар. Тауар – стауға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған. Ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнің нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.

Ақшаның мәні мына 3 қасиеттер арқылы көрінеді:

  • ақшаның жалпы тікелей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде ешқандай шетеусіз қабылдануы тиіс.

  • ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр түрлі тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады.

  • ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.

2. Тауар, баға, құн категориялармен ақшаның байланысы.

Құн - тауарды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталынады және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар – бұл сату мен айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде атауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың пайдалылығына байланысты құнның әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады. Айырбастық құн – бұл олардың салыстырмалы немесе сатыпалушылық құны. Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі кезінде сол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді.

3. Ақшаның қызметтері, оның екрекшеліктері.

Ақша мынадай қызметтерді атқарады:

  1. Құн өлшемі

  2. Айналыс құралы

  3. төлем құралы

  4. Жинақтау және қорлану құралы

  5. Әлемдік ақша

  1. Құн өлшемі – яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанғадейін орындалады. Құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады. Демек, құн өлшемі – бұл ақша бірлігі, ол тауардлар мен қызмттер құнын өлшеу және салыстыру үшін қолданылады.

  2. Айналыс құралы – тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін, сонымен бірге қарыздарды төлеу үшін қолданылатын ақшалар. Ақшаның айналыс құралы ретінде қызметтің айрықша белгілірінің бірі – бұл тауардың және де ақшаның қарама-қарсы қозғалысын белгілеу; оны қолма-қол ақшалар тауарлар айырбасы кезіндегі ұшқыр делдал ретінде әрекет етеді, онда оны толыққұнды ақшалар емес, оның орынбасарлары- қағаз және кредиттік ақшалар орындайды.

  3. Төлем құралы – төлем құралы ретінде ақшаны пайдалануды К Маркс бойынша сипаттайды: «Бір тауар иесі қолма-қол тауарларды сатады, ал екіншісі ақша өкілі немесе болашақ ақша иесі ретінде әрекет ете отырып, сатып алады. Сатушы кредит беруші болады, сатып алушы қарыз алушы болады». Сонымен қатар төлем қызметін қолма-қол ақшаларда атқара алады. Фирмалар, кішігірім кәсіпорындар ұйымдар мен мекемелер төлем құралы қызметіндегі қолма-қол ақашаларды қолданылады, еңбек ақы төлеу, сыақы төлеу, жәрдемақы, зейнетақы, стипендия төлеу, облигация, лоторелиялық билет бойынша ұйымдастырады төлеу, тұтынушылық қажеттіліктерге және ипотекаға кредит беру, сонымен бірге халықтың коммуналдық қызметтер үшін төлем және т.б.

  4. Жинақтау және қорлану құралы – қор кез келген қызметті алуға яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақашалар жинақтау құралы қызметін атқарады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, жылжымайтын мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі ақша және т.б. түрде сақтай алады. Бірақ ақшалар көбінесе осы қызметті атқарады.

  5. Әлемдік ақша - әлемдік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлемі және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.