
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының
- •«Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау» пәнінің типтік оқу бағдарламасы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- Мұхамеджан е.А.
- •4. Пәннің сағаттық жоспары
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Глоссарий
- •11.Студенттердің үлгерімін бағалау жүйесі
- •Дәрістер
- •Қорытынды
- •Қорытынды
- •Дәріс 3 – Факторлық талдау
- •Дәріс – 4. Қаржылық коэффициенттер әдісі
- •Дәріс - 5. Басқарушылық талдау Басқарушылық талдаудың негізі
- •Дәріс – 6. Компанияның маркетингтік қызметін талдау
- •Дәріс – 7. Өнімді өткізу және өндірісті талдау
- •Дәріс – 8. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
- •Дәріс – 9. Өнімнің өзіндік құнын талдау
- •Дәріс – 10. Қаржылық талдау. Қаржылық талдаудың негізі
- •Қорытынды
- •Дәріс – 11. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
- •Қорытынды
- •Дәріс – 12. Баланс өтімділігін талдау
- •Дәріс – 13. Қаржылық тұрақтылықты талдау
- •Дәріс – 14. Ақша ағынын талдау
- •Дәріс – 15. Компанияның табыстылығын талдау
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Сөж тапсырмалары
- •Студенттердің оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Тесті тапсырмалары
Қорытынды
Аналитикалық зерттеу тиімді болуы керек, яғни оны жүргізуге кететін шығындар талдаудың үйлесімді түкпірінде және жинақтылығында аз мөлшерде болуы қажет. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың ұйымдастырушылық нысандары аппарат құрамымен және басқарудың техникалық деңгейімен анықталады.
2 - дәріс. Экономикалық талдаудың әдiстерi мен тәсілдері
Мақсаты: Экономикалық талдаудың әдiстерiнің қолданылуын меңгеру.
Сұрақтары:
Экономикалық талдаудың әдістерінің түсінігі.
Экономикалық талдау әдістері мен тәсілдері
Әдіс грек тілінен аударғанда бір жаққа бастап апарар жол дегенді білдіреді.Әдіс пәннің мазмұнын ашу үшін қажет.
Талдау әдістері – бұл талдау мақсатына жету үшін шаруашылық қызметтер мен экономикалық құбылыстарды зерттеу ережелері мен тәсілдерінің жиынтығын айтамыз. Талдау әдістері жалпы (әр салада бірдей әдістердің қолданылуы) және жеке (әрбір салада тек өзіне тән әдістің қолданылуы) болып бөлінеді.
Талдау әдістерінің жітелуі:
1. Формалдық емес, логистикалық әдістер:
- көрсеткіштер жүйесін құру;
- салыстыру;
- сараптау кестесін құру;
- бөлшектеу;
- эксперттік бағалау;
- болжау.
2. Формалдық, математикалық әдістер:
2.1 Экономикалық талдаудың классикалық әдістері: баланстық, детерминирленген факторлық талдау (тізбектік қатарлар, дифференциалдық, интегралдық, логарифмдік, абсолюттік айырма), пропорционалдық байланыс негізінде болжау.
2.2 экономикалық статистиканың дәстүрлі әдістері: орташа шама, топтастыру, индекстік әдіс.
2.3 математикалық статистика әдістері: корроляциялық, регресиондық, дисперсиялық, кластерлік әдіс.
2.4 Шешімдерді қабылдау әдістері: шешімдер діңгегін құру, сызықтық бағдарламалау, сезімталдылықты талдау.
2.5 Қаржылық есептеу әдістері: қаржы ағымдарын дисконттеу әдістері.
Қорытынды
Экономикалық талдау әдістерінің мәнін ашу және экономиклық құбылыстардыға талдау жүргізу барысында әдістерлі қолдану.
Дәріс 3 – Факторлық талдау
Мақсаты: Факторлық талдау жүргізу тәртібін меңгеру.
Сұрақтары:
Факторларды жүйелендіру қажеттілігі мен мазмұны
Детерминдік және стохостикалық әдістердегі факторларды жүйелендірудің негізгі тәсілдері
Детерминдік факторлық модельдердің негізгі типтері
Модельдеу ережесі
Кез келген әлеуметтік-экономикалқ құбылыс ішкі және сыртқы факторлармен байланыста болады. Сондай-ақ барлық факторлар да өзара байланыста болады. Бір оқиғаның өзгеру әсерінен екінші бір оқиғаның орын алуына әкелетін байланысты детерминирленген өзара байланыс немесе себеп-салдарлық байланыс деп атайды. Яғни бірінші оқиға – себебі, ал екінші оқиға – салдары болып табылады.
Себебін анықтайтың белгіні фактор деп атайды, Фактор болып табылатын көрсеткіштер – тәуелсіз, экзогенді болып табылады.
Салдарын сипаттайтын белгіні нәтиже деп атайды. Нәтиже болып табылатын көрсеткіштер тәуелді болып табылады.
Факторлар мен нәтиже арасындағы байланыс бір ғана себеп-салдардан туындаса, онда мұндай факторлар мен нәтиже жиынын факторлық жүйе деп атайды.
Факторлық және нәтижелік белгілердің арасындағы байланысты математикалық формуламен сипаттауды факторлық жүйенің үлгісі деп атайды. Факторлық жүйенің үлгісі: y=f(x1 x2 x3……xm).
Бұндай байланысқа аналикалық сипаттама беру процесін экономикалық құбылысты үлгілеу деп атайды. Факторлар арасында әр түрлі байланыс болады. Осы байланыстарға экономикалық үлгі құру үшін математикалық формулалар қолданылады.
Факторлар мен нәтиже арасындағы байланыстың түрлері:
1. Аддитивтік байланыс – нәтижелік көрсеткіш факторлық көрсеткіштердің сомасы арқылы анықталады және олардың арасында тікелей пропорционалдық байланыс болады. Аддитивтік байланыс үлгісі:
y=x1 +x2 +x3 +……+xm
2. Мультипликативтік байланыс - нәтижелік көрсеткіш факторлық көрсеткіштердің көбейтіндісі арқылы анықталады.
y=x1 *x2 *x3 *……*xm
3. Қатыстық байланыс нәтижелік көрсеткіш факторлық көрсеткіштердің қатынасы арқылы анықталады.
y=x1 /x2
4. Аралас байланыс – аталған байланыс түрлерінің комбинациясы арқылы нәтижелі көрсеткіш анықталады.
y=x1 +х2/x3 y=x1 /x2 –х3
Байланыстың екі типі бар:
Функционалдық немесе қатаң детерминирленген байланыс – нәтижелі көрсеткіштің нақты бір мәніне факторлық көрсеткіштің кез келген бір мәнінің сәйкес келуін айтамыз.
Стахастикалық немесе ықтималдылық байланыс – нәтижелі көрсеткіштің көптеген мәніне факторлық көрсеткіштің кез келген мәнінің сәйкес келуін айтамыз.
Экономикалық үлгінің үш типі бар:
1. Дискретивтік – кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін қолданылады. Бұ,ан мыналар жатады: баланс құру, қорытынды есептілікті ұсыну, тігінен және көлденең талдау жасау.
2. Предикативтік – кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен табысын болжау үшін қолданылады. Бұған мыналар жатады: залалсыздық нүктесін анықтау, қаржылық болжамдар жасау, динамикалық талдау.
3. Нормативтік – іс жүзіндегі нәтижені жоспармен салыстыру үшін қолданылады. Бұл көбінесе басқару есебін жүргізуде, шығындарды басқаруда қолданылады.
Факторлардың жіктелуі:
- табиғи факторлар: температура, ылғалдылық,
- әлеуметтік-экономикалық: жұмыссыздық, біліктілік,
- өндірістік-экономикалық.
Өндірістік-экономикалық факторлар мынандай қасиеттері бойынша келесі түрге жіктеледі:
1. Мәнділігі бойынша: негізгі, екінші реттік.
2. Тәуелділігі бойынша: ішкі, сыртқы.
3. Мерзімі бойынша: тұрақты, айнымалы.
4. Әсер ету дәрежесі бойынша: жалпы, арнайы.
5. Сипаты бойынша: экстерналдық – қоршаған ортаны ластау, интерналдық – компанияның дәстүрі.
6. Өлшеу мүмкіндігі бойынша: өлшенетін, өлшенбейтін.
7. Құбылысты сипаттау қасиеті бойынша: сандық, сапалық.
8. Дамуы бойынша: экстенсивті - өндірістің кеңеюі, интенсивті – ҒТП дамуы.
Детерминирлік
факторлық талдау әдісінің негізгі
құрылымы мынау: y=f(x1
x2
x3……xn)
– детеминирлік үлгі, яғни нәтижелі
көрсеткіш у-тің xn
факторларының
өзгеруінен өзгеріске ұшырауы сипатталады.
у өзгеруі:
y=
x1у
x2у
x3у……
xnу.
Осы өзгерісті анықтау үшін факторлық
талдауда мынандай әдістер қолданылады:
тізбектік қатарлар, салыстырмалы айырма,
дифференциалдық, интегралдық, логарифмдік.
Тізбектік қатарлар әдісі - әмбебеп, қарапайым. Алдымен сандық көрсеткіштер, содан соң сапалық көрсеткіштердің өзгеруі сипатталады. Кемшілігі жылдық талдау нәтижесінің мәні әр ай сайынғы талдау нәтижесінің қосынды мәніне сәйкес келмейді.
y=ab
ay=
;
by=
;
y=
aу
bу
Cалыстырмалы айырма – көп факторлардың әсерін талдауға мүмкіндік береді. Бірақ тек мультипликативтік үлгіде ғана қолданылады.
y=ab
ay=у0
;
by=
;
Интегралдық әдіс әр түрлі үлгілерде қолданылады.
y=ab
ay=
аb0
+
;
by=
ba0
+
;
y=
bу
aу
y=abc
ay=1/2
а(b0c1+b1c0)
+
;
by=1/2
b(a0c1+a1c0)
+
;
cy=1/2 c(a0 b1+a1b0) +
y=
ay=
;
ay=
y
-
ay
y=
ay=
;
by=
;
cy=
Логарифмдік тек мультипликативтік үлгіде ғана қолданылады.
y=ab
ay=
егер
болса, онда
y=abc
Дифференциалдық әлсіз өзгерістер орын алғанда ғана қолданылады.