
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының
- •«Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау» пәнінің типтік оқу бағдарламасы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- Мұхамеджан е.А.
- •4. Пәннің сағаттық жоспары
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Глоссарий
- •11.Студенттердің үлгерімін бағалау жүйесі
- •Дәрістер
- •Қорытынды
- •Қорытынды
- •Дәріс 3 – Факторлық талдау
- •Дәріс – 4. Қаржылық коэффициенттер әдісі
- •Дәріс - 5. Басқарушылық талдау Басқарушылық талдаудың негізі
- •Дәріс – 6. Компанияның маркетингтік қызметін талдау
- •Дәріс – 7. Өнімді өткізу және өндірісті талдау
- •Дәріс – 8. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
- •Дәріс – 9. Өнімнің өзіндік құнын талдау
- •Дәріс – 10. Қаржылық талдау. Қаржылық талдаудың негізі
- •Қорытынды
- •Дәріс – 11. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
- •Қорытынды
- •Дәріс – 12. Баланс өтімділігін талдау
- •Дәріс – 13. Қаржылық тұрақтылықты талдау
- •Дәріс – 14. Ақша ағынын талдау
- •Дәріс – 15. Компанияның табыстылығын талдау
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Сөж тапсырмалары
- •Студенттердің оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Тесті тапсырмалары
Дәрістер
Тақырып 1. Экономикалық талдаудың теориялық негіздері Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны
Мақсаты: Экономикалық талдаудың теориялық негізі, мәнiн және мақсатын анықтау
Сұрақтары:
Экономикалық талдау мазмұны
Индукция және дедукция әдістері
Шаруашылық үрдістегі себептік байланыстар
Экономикалық талдаудың пәні мен объектісі
Экономикалық талдау және шектес ғылымдар
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: аналитикалық зерттеу, үйлестіру, Ішкішаруашылық, ведомствалық, ведомствалық емес, қоғамдық бақылау және т.б.
1. Талдау кез келген құбылыстарды жеке бөлшектерге бөлшектей отырып, ішкі мазмұнын оқуды айтамыз. Пәні – экономикалық құбылыстардың өзгерісін, өзгеру себебін, оған әсер ететін факторларды зерттеу. Шаруашылық қызметті талдау саласы өндірісті жоспарлау, бағалау, есептеу және басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Талдау объектісі – шаруашылық қызметтің экономикалық нетижесі.
Талдау ерекшеліктері:
1. талдау өндірістік циклдің барлық фазасында жүргізіледі.
2. шаруашылық қызметке әсер ететін фокторларды оқу керек.
3. кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сандық және сапалық жағынан талдау.
4. талдау кәсіпорынның қалыптасуы үшін қажетті өндірістік, заңдық, саяси, қаржылық және экологиялық салалар бойынша жүргізіледі. Шаруашылық қызметті талдау пәнінің орны: экономикадағы және кәсіпорынның ішкі жүйесінде.
Экономикадағы орны:
1. Фундаменталдық: макро-микроэкономика, қаржы, экономика ғылымының тарихы.
2. Қолданбалы:
- функционалдық: жоспарлау, бухгалтерлік есеп, талдау, бақылау.
- арнайы:
- салааралық: еңбек экономикасы, венчурлік қаржылық.
- аймақтық: аймақтық экономика, өзге елдердің экономикасы.
- салалық: өнеркәсіптік, сауда.
- экономикалық география, кибернетика.
Кәсіпорынның ішкі жүйесіндегі орны: Басқару жүйесі жоспарлау, есеп пен бақылау, талдау, басқару шешімдерін қабылдау қызметтерін басқарады.
Талдау пәнін төрт бөлімге бөліп оқытады:
шаруашылық қызметті талдау – талдаудың мазмұнын, әдістерін, қағидаларын, ақпарат көздерін, өзге де ғылымдармен байланысын, экономикадағы алатын орнын зерттейді.
Экономикалық талдау – ресурстарды үнемдеу және өндірістік жоспарды құру үшін қолданылады.
Қаржылық талдау – кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін жүргізіледі.
Басқарудағы талдау – басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданылады.
Талдау түрлері келесі қасиеттер бойынша жіктеледі:
1. ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша: ішкі, сыртқы;
2. талдау жүйесі бойынша: өндірістік, қаржылық;
3. мерзімі бойынша: ретроспективтік, перспективтік;
4. мазмұны бойынша: кешендік, тақырыптық;
5. талдау шегі бойынша: стратегиялық, оперативтік, тактикалық;
6. объектісі бойынша: инвестициялық, жобаны талдау, маркетингтік, тәуекелділікті талдау, залалсыздықты талдау және т.б.
7. сала бойынша: салалық, салааралық;
8. кеңістік бойынша: фирмаішілік, фирма аралық;
9. зерттеу әдісі бойынша: экспресс талдау – диагноз қояды; фундаменталдық талдау – терең талдау үшін; маржиналдық талдау – басқару шешімдерін қабылдау үшін; экономикалық-математикалық.
10. қамту дәрежесі бойынша: жаппай, ішінара.
Талдау кезеңдері:
талдаудың мақсаты мен міндеттерін анықтау;
талдау объектісін анықтау және көрсеткіштер жүйесін құру;
қажетті ақпараттарды жинақтау;
талдау нәтижелерін салыстыру;
факторлық талдау жасау;
өндіріс тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау;
нәтижені бағалау, шараларды қарастыру, шешім қабылдау.
Талдауға қажетті ақпарат көздеріне қаржылық есептіліктегі мәліметтер жатады.