
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының
- •«Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау» пәнінің типтік оқу бағдарламасы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- Мұхамеджан е.А.
- •4. Пәннің сағаттық жоспары
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Глоссарий
- •11.Студенттердің үлгерімін бағалау жүйесі
- •Дәрістер
- •Қорытынды
- •Қорытынды
- •Дәріс 3 – Факторлық талдау
- •Дәріс – 4. Қаржылық коэффициенттер әдісі
- •Дәріс - 5. Басқарушылық талдау Басқарушылық талдаудың негізі
- •Дәріс – 6. Компанияның маркетингтік қызметін талдау
- •Дәріс – 7. Өнімді өткізу және өндірісті талдау
- •Дәріс – 8. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
- •Дәріс – 9. Өнімнің өзіндік құнын талдау
- •Дәріс – 10. Қаржылық талдау. Қаржылық талдаудың негізі
- •Қорытынды
- •Дәріс – 11. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
- •Қорытынды
- •Дәріс – 12. Баланс өтімділігін талдау
- •Дәріс – 13. Қаржылық тұрақтылықты талдау
- •Дәріс – 14. Ақша ағынын талдау
- •Дәріс – 15. Компанияның табыстылығын талдау
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Сөж тапсырмалары
- •Студенттердің оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Тесті тапсырмалары
Астана 2013 ж.
1. Оқытушы туралы мәлімет.
Аға оқытушы- Мұхамеджан е.А.
Қазақ гуманитарлық заң университеті
«Қаржы және есеп» кафедрасы
Т: 70 – 30 -45; 416-каб.
Базалық білімі: Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «Экономика» факультетінің, «Экономика» мамандығы бойынша оқып бітіргенмін.
Ғылыми қызығушылығы: Қазақстан экономикасындағы мәселелерді көре отырып, экономикалық бағдарлама жасау. Келесі негізгі пәндер бойынша дәріс оқимын: Банктік менеджмент, Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау, Бағалы қағаздар нарығы, Өнеркәсіп статистикасы, Валюталық операциялар.
Пререквизиттері: "Экономикалық теория", "Экономикадағы математика", «Қаржылық есеп»
Постреквизиттері:, «Аудит».
Пәннің мазмұны:
Курс мазмұны «Есеп және аудит» мамандығы бойынша студенттердің теориялық және практикалық дағдысын қалыптастыруға; экономикалық талдаудың жетілген әдістерін игеруге, басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпаратты талдау және бағалауға мүмкіндік береді. Оқу пәнi нарықтық экономика жағдайында қаржы саласында студенттердiң теориялық әзiрлiгiн қалыптастыруға, экономикалық талдауды тереңдетiп оқуға және аталған салада бiлiмiн жетiлдiруге бағытталған.
Пәндi оқыту мақсаты болашақ мамандарды шаруашылықтағы нақты жағдайды сипаттауда қаржылық талдау әдістерін қолдануға, тиімді басқару шешімдерін негіздеуде, оснымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту жолдарын табуға үйрету.
Пәндi оқыту мiндеттерi
кәсiпорын қызметiне экономикалық талдау жүргiзудiң теориялық, әдiстемелiк және тәжiрибиелiк негiзiн игеру;
белгiлi бiр салаларда жекелеген талдау түрлерiн қолданылу, басқару шешiмдерiн қабылдауға қажеттi ақпараттарды талдай бiлу;
талдау әдiстерiнiң қолданылуын жете меңгеру;
кәсiпорында орын алған жағдайлардың себебiн және оған әсер ететiн факторларды анықтай бiлу;
ұйымның қаржылық жағдайын бағалай бiлу;
кәсiпорынды тиiмдi ұйымдастыра бiлу және ең тиiмдi шешiмдердi қабылдап үйрену;
қаржылық активтердің құрамы мен қозғалысын талдау және бағалау әдістемесін беру.
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдерінің мазмұнын білуі тиіс; экономикалық талдаудың негізгі түрлерін және олардың қолданылу аясын білуі тиіс; экономикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуына талдау жүргізу тәртібін білуі тиіс.
Істей білуі керек: талдау жүргізіліп отырған құбылыстар мен процестерге әсер ететін факторларды анықтай білу және экономикалық талдау мақсатын қоя білу; экономикалық құбылыстарға факторлық талдау әдістерін қолдана білуі керек.
Дағдысын қалыптастыру: дағдысын қалыптастыру; экономикалық талдау жүргізу міндеттерін алға қоя білу, талдау нәтижесін қорытынды жасай білу және ұсыныс беру дағдысын қалыптастыру;
Құзыреттілігі болуы керек: экономикалық талдау жүргізу әдістерінің қолданылуын меңгеру, талдау жүргізу қажетті ақпараттары жинақтауды меңгеру, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін негіздей білуді меңгеруі тиіс.
4. Пәннің сағаттық жоспары
№ |
Тақырыптар және олардың көлемі (сағ). |
Сағаттар саны |
|||
|
Дәріс |
Семинар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
|
|
1. Экономикалық талдаудың теориялық негіздері |
|
|
|
|
1 |
Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны |
2 |
1 |
1 |
4 |
2 |
Экономикалық талдаудың әдiстерi мен тәсілдері |
2 |
1 |
1 |
4 |
3 |
Факторлық талдау |
2 |
1 |
2 |
4 |
4 |
Қаржылық коэффициенттер әдісі |
2 |
1 |
1 |
4 |
|
2. Басқарушылық талдау |
|
|
|
|
5 |
Басқарушылық талдаудың негізі |
2 |
1 |
1 |
4 |
6 |
Компанияның маркетингтік қызметін талдау |
2 |
1 |
2 |
4 |
7 |
Өнімді өткізу және өндірісті талдау |
2 |
1 |
1 |
4 |
8 |
Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау |
2 |
1 |
3 |
4 |
9 |
Өнімнің өзіндік құнын талдау |
2 |
1 |
1 |
4 |
|
3. Қаржылық талдау |
2 |
1 |
|
|
10 |
Қаржылық талдаудың негізі |
2 |
1 |
1 |
4 |
11 |
Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау |
2 |
1 |
1 |
4 |
12 |
Баланс өтімділігін талдау |
2 |
1 |
2 |
4 |
13 |
Қаржылық тұрақтылықты талдау |
2 |
1 |
2 |
5 |
14 |
Ақша ағынын талдау |
2 |
1 |
2 |
5 |
15 |
Компанияның табыстылығын талдау |
2 |
1 |
2 |
5 |
|
Барлығы 30 сағат |
30 |
15 |
23 |
67 |