Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын ш-қ жағдайы(лекция).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.3 Mб
Скачать

Дәріс – 13. Қаржылық тұрақтылықты талдау

Мақсаты: Қаржылық тұрақтылыққа талдау жүргізуді меңгеру

Сұрақтары:

  1. Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері

  2. Қаржылық тұрақтылықтың қатысты көрсеткіштері

  3. Компанияның абсолютті төлем қабілетсіздігі мен тұрақсыздығының түсінігі

  4. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау

Қаржылық тұрақтылық ұзақ мерзімді сипатта болады. Қаржылық тұрақтылық дәрежесі қаржының құрылымына, кредиторлар мен инвесторларға байланысты. Қаржылық тұрақтылыққа әсер ететін факторлар: кәсіпорының тауар нарығындағы жағдайы; өнімнің сұранысқа ие болуы; кәсіпорының мүмкіндігі; кредиторлар мен инвесторлар. Қаржылық тұрақтылық екі жолмен бағаланады:

  • активтердің құрылу көздерінің құрылуы;

  • салым бойынша кәсіпорын активтерінің жұмсалуына.

Қаржылық тұрақтылықтың төрт түрі бар:

1. Ішкі қаржылық тұрақтылық – кәсіпорынның дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ететін тұрақтылық.

2. Сыртқы қаржылық тұрақтылық – нарықтық экономикаға сәйкес сыртқы ортаға байланысты дұрыс басқара білу.

3. Жалпы тұрақтылық – шығындардан табыстың артуын қамтамасыз ететін тұрақтылық деңгейі.

4. Қаржылық тұрақтылық – ақша қаражатын тиімді қолдану, үздіксіз өндіріс процесін қамтамасыз етуге жұмсай отырып, шығыннан табыстың артуын сипаттайтын тұрақтылық.

Қаржылық тұрақтылықтың төрт типі бар:

1. Абсолюттік қаржылық тұрақтылық: запастар<МАК+несиелер

2. Қалыпты қаржылық тұрақтылық: запастар құрылуының негізгі көздері>запастар >МАК+несиелер

3. Тұрақсыздық жағдайы: запастар=МАК+несиелер және запастар> запастар құрылуының негізгі көздері

4. Қаржылық тоқылау: запастар>МАК+несиелер

Қаржылық тұрақтылық сипаттайтын көрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді:

Абсолюттік көрсеткіштер – шығындарды өтеу және запастармен қамтамасыз ету дәрежесін сипаттайды. Сондай-ақ активтер мен пассивтердің жағдайын бағалайды. Оған мына көрсеткіштер жатады:

1. Меншікті айналым капиталы: МК-ұзақ мерзімді активтер;

2. Запастар мен шығындардың меншікті және қарыз капиталынан құрылу көздері: МАК+пассивтің 2 бөлімі

3. Запастар мен шығындардың жалпы құрылу көздері: Запастар мен шығындардың меншікті және қарыз капиталынан құрылу көздері+қысқа мерзімді міндетемелер

Бұл үш көрсеткіштің өсуін немесе кемуін анықтау:

1. =МАК-запастар;

2. запастар құрылуының ұзақ мерзімді көздері=ЗШҚҰМК-запастар

3. Запастар мен шығындардың жалпы құрылу көздері=ҚШҚЖК- запастар

Салыстырмалы көрсеткіштер:

1. меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті;

2. тартылған құралдарды шоғырландыру коэффициенті;

3. тәуелсіздік коэффициенті;

4. қаржылық тәуелділік коэффициенті;

5. меншікті капиталды жұмылдыру коэффициенті;

6. ұзақ мерзімдік салымды өтеу құрылымының коэффициенті;

7. ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің құрылымының коэффициенті;

8. тартылған құралдардың құрылымының коэффициенті;

9. қарызға алынған құралдардың құрылымының коэффициенті;

10. меншікті капитал мен қарыз капиталының қатынасының коэффициенті

Банкроттық жағдайды туғызатын объективтік себептер:

  • инфляция деңгейінің қарқындауы;

  • нормативтік базаның жетілдірілмеуі;

  • құнды қағаздардың нарықтық құнының құлдырауы;

  • жоғары бәсекелестіктің салдарынан тауар бағасының арзандауы.

Субъективтік себептер:

  • басшылардың банкроттық жағдайдың алдын алмауы;

  • маркетингтік зерттеудің дұрыс жүргізілмеуі;

  • өндіріс көлемінің азаюы;

  • шығынның ақталмауы;

  • табыстылықтың азаюы;

  • өндіріс циклінің ұзақ болуы;

  • қарыздың өсуі;

  • қаржылық, инвестициялық және баға саясатының бағытын дұрыс жолға қоймауы.

Банкроттық жағдайдың алғашқы белгілері: қаржылық есептіліктің құрылымындағы ірі өзгерістер және оның өз уақытылы ұсынылмауы.

Банкроттық жағдайды талдаудың үш әдісі бар:

Э. Альтманның 2 факторлық үлгісі;

Э. Альтманның 5 факторлық үлгісі;

Э. Альтманның 7 факторлық үлгісі.

1. Банкротқа ұшырау деңгейі келесі формуламен есептеледі:

z=-0,3877+КА*(-1.0736)+K3*0.0579,

Э. Альтманның пікірінше банкротқа ұшырау ықтималдылығы ағымдық өтімділік және қаржылық тәуелсіздік коэффициентіне байланысты.

Егер z=0 – банкротқа ұшырау ықтималдылығы 50 пайыз, z<0 – 50 пайыздан төмен z мәні азайған сайын банкротқа ұшырау ықтималдылығы төмендейді, z>0 - 50 пайыздан жоғары, z мәні өскен сайын банкротқа ұшырау қаупі артады. Бұл үлгінің артықшылығы қарапайым және аз ақпарат қолданылады.

Кемшілігі банкротқа ұшырау жағдайын нақты болжамайды және қаржылық жағдайға әсер ететін факторларды қарастырмайды.

Екі факторлық үлгі бойынша болжау қателігі 0,65 интервал аралығында ауытқиды.

Бес факторлық үлгі бойынша бес көрсеткіш қолданылады:

Z=1,2*К1+1,4*К2+3,3*К3+0,6*К4+1,0*К5

К1=МАК/барлық активтер

К2=бөлінбеген табыс/ барлық активтер

К3=салық төленгенге дейінгі табыс/ барлық активтер

К4=меншіктік капиталдың нарықтық құны/ барлық активтер

К5=сатудан түскен табыс/ барлық активтер

Егер z<2,675 – банкротқа ұшырау мерзімі 2-3 жыл; z>2,675 қаржылық жағдай тұрақты. Банкротқа ұшырау жағдайының шекарасының шегі:

z<1,81 – банкрот болу ықтималдылығы жоғары;

z>3 - төмен.

Бұл үлгінің артықшылығы 1 жылға дейінгі болжамның дәлдігі 95 пайыз, 2 жыл – 83 пайызды құрайды.

Жеті факторлық үлгі бойынша жеті көрсеткіш қолданылады:

Активтердің рентабелділгі;

Табыстың динамикасы;

Кредит бойынша пайызды өтеу коэффициенті;

Ағымдық өтімділік коэффициенті;

Тәуелсіздік коэффициенті;

Активтердің жиынтық құны.

Бұл үлгі бойынша болжамның дәлдігі 5 жылға дейін 70 пайызды құрайды.

Көп факторлық талдау әдістері қор биржасына тіркелген кампаниялар үшін қолданылады.

Банкротқа ұшырау ықтималдылығын сипаттайтын көрсеткіштер:

  • негізгі қызметтегі жоғалтулар;

  • қысқа мерзімді қарыздарды көп қолдану,

  • алашақ борыштың өсуі;

  • өтімділік коэффициентінің мәнінің төмен болуы;

  • айналым құралдарының тапшылығы;

  • міндеттемелердің өз уақытылы орындалмауы;

  • берешектер борышының өсуі;

  • тиімсіз қаржы көздерін қолдану;

  • жабдықтардың ескіруі;

  • ресурстардың нормадан артық қолданылуы.

Тиісті шаралардың қолданылмауына байланысты қаржылық жағдайдың бірден төмендеуіне әсер ететін көрсеткіштер:

  • басқару аппаратындағы жұмысшылардың жұмыстан шығарылуы;

  • өндірістің бір қалыптылығының бұзылуы;

  • кәсіпорының бір ғана жобаға, актив түріне, жабдыққа тәуелді болуы;

  • жаңа жобаның табыстылығы мен сәттілігі;

  • техникалық жабдықтардың жаңаруын жете бағаламау,

  • ұзақ мерзімдік мәмілелердің тиімсіздігі;

  • саяси тәуелділік.

Бұл екі топтағы көрсеткіштердің артықшылығы кез келген кәсіпорынның банкротқа ұшырау ықтималдылығын анқытау үшін қолданылады. Кемшілігі көр жақты міндеттемелерді орындаудың күрделілігіне байланысты.