Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын ш-қ жағдайы(лекция).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.3 Mб
Скачать

Қорытынды

Қаржылық есепті оқып-танудың негізгі тәртібінде пайдаланатын талдау түрлері: тікелей талдау; көлденең талдау; тренді талдау; салыстырмалы талдау; факторлы талдау; қаржылық козффициенттер әдісі.

Дәріс – 12. Баланс өтімділігін талдау

Мақсаты: Баланс өтімділігіне талдау жүргізуді меңгеру

Сұрақтары:

  1. Өтімділік және төлемқабілеттілік түсінігінің экономикалық мазмұны

  2. Өтімділіктің абсолютті көрсеткіштері

  3. Өтімділіктің қатысты көрсеткіштері

  4. Өтімділіктің негізгі көрсеткіштерінің серпінін экономикалық түсіндіру

Міндеттемелер бойынша өтімділік – кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтей алу қабілеттілігін айтамыз.

Активтердің өтімділігі – белгілі бір уақыт аралығында активтердің ақша қаржысына айналу жылдамдығын айтамыз. Активтердің ақша қаражатына айналу мерзімі неғұрлым қысқа болса, онда соғұрлым өтімділік дәрежесі жоғары болады. Өтімділік –қызқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге жеткілікті меншікті айналым капиталының болуын айтамыз. Яғни айналым активтерінің қысқа мерзімді міндеттемелерден артық болған сайын кәсіпорынның өтімділік деңгейі жоғары, әрі қаржылық жағдайы жақсы болады. Кәсіпорын активтерінің өтімділігі бухгалтерлік баланс бойынша анықталады. Баланста активтер нашар өтімділіктен жоғары өтімділік дәрежесі бойынша, ал міндеттемелер ұзақ мерзімнен қысқа мерзімді өтелуіне қарай орналасқан. Өтімділік дәрежесі бойынша баланс баптары былай топтастырылады:

А4 – нашар өтімді активтер: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, алдағы кезең шығындары, күдікті борыштар.

А3 – баяу өтімді активтер: ұзақ мерзімді инвестиция, аяқталмаған өндіріс, тауарлық-материалдық қорлар.

А2 – жылдам өтімді активтер: берешектер борышы, дайын өнім, тауарлар, өзге де активтер.

А1 – жоғары өтімді активтер: ақшалар, қысқа мерзімді міндеттемелер, құнды қағаздар.

П1 – жедел төленетін міндеттемелер: қысқа мерзімді алашақтар борышы және қарыздар, жұмысшылардың еңбекақысы және қарызы, өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер.

П2 – Қысқа мерзімді міндеттемелер: қысқа мерзімді несиелер мен борыштар, зайымдар, қарыздар.

П3 – Ұзақ мерзімді міндеттемелер: ұзақ мерзімді несиелер мен борыштар, займдар, қарыздар.

П4 – тұрақты міндеттемелер: меншікті капитал.

Әрбір топтастыру бойынша өтімділікті анықтағаннан кейін өзара салыстыра отырып, абсолюттік өтімділік дәрежесін анықтаймыз.

осы теңсіздік

Өтімділікті сипаттайтын көрсеткіштер:

1. Жалпы өтімділік көрсеткіші: К=( А1+ А2+ А3)/( П1+ П2+ П3) >0.9

2. Абсолюттік өтімділік көрсеткіші: К=( ақшалар+құнды қағаздар)/( П1+ П2)

3. Ағымдық өтімділік көрсеткіші: К=( А1+ А2+ А3)/( П1+ П2)

Төлемқабілеттілік – алашақ міндеттемелермен есеп айырысуға байланысты қажетті ақша қаражаттарының жеткілікті болуын айтамыз. Төлемқабілеттілігінің белгісі: әр түрлі шоттарда ақшаның болуы; қысқа мерзімді міндеттемелердің өз уақытылы өтелуі.

Төлемқабілеттілігінің екі түрі бар:

1. Ағымдық төлемқабілеттілік- балансты құру кезінде анықталады, яғни осы сәтте жабдықтаушыларға деген міндеттеменің, банктік қарыздардың және өзге де міндеттемелердің болмауын айтамыз.

2. Күтілген төлемқабілеттілік – нақты мерзімге байланысты анықталады және жедел міндеттемелер мен төлем құралдарын салыстыра отырып анықтаймыз. Төлемқабілеттілігінің коэффициенті: К=ақшалар/жедел міндеттемелер, егер 1 артық болса, онда төлемқабілетті, ал аз болса төлемқабілетсіз.

Кәсіпорынның негізгі қызметтен тұрақты табысты алып тұру деңгейін бағалау үшін келесі көрсеткіштер анықталады:

1. ақша қаражатының жеткіліктілігі: К=сатудан түскен табыс/капитал шығыны+двиденд+айналым құралдарының өсімі. Мәні 1 артық болса, онда қалыпты, ал аз болса қалыпсыз.

2. ақша қаражатының капиталдандыру: K=сатудан түскен табыс-двиденд/негізгі құралдардың алғашқы құны+инвестиция+өзге де активтер+меншікті айналым капиталы. К=8-10% болса, онда жеткілікті ақша қаражатының бар екендігін көрсетеді.