
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының
- •«Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау» пәнінің типтік оқу бағдарламасы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- Мұхамеджан е.А.
- •4. Пәннің сағаттық жоспары
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Глоссарий
- •11.Студенттердің үлгерімін бағалау жүйесі
- •Дәрістер
- •Қорытынды
- •Қорытынды
- •Дәріс 3 – Факторлық талдау
- •Дәріс – 4. Қаржылық коэффициенттер әдісі
- •Дәріс - 5. Басқарушылық талдау Басқарушылық талдаудың негізі
- •Дәріс – 6. Компанияның маркетингтік қызметін талдау
- •Дәріс – 7. Өнімді өткізу және өндірісті талдау
- •Дәріс – 8. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
- •Дәріс – 9. Өнімнің өзіндік құнын талдау
- •Дәріс – 10. Қаржылық талдау. Қаржылық талдаудың негізі
- •Қорытынды
- •Дәріс – 11. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
- •Қорытынды
- •Дәріс – 12. Баланс өтімділігін талдау
- •Дәріс – 13. Қаржылық тұрақтылықты талдау
- •Дәріс – 14. Ақша ағынын талдау
- •Дәріс – 15. Компанияның табыстылығын талдау
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Сөж тапсырмалары
- •Студенттердің оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Тесті тапсырмалары
Қорытынды
Аналитикалық зерттеу тиімді болуы керек, яғни оны жүргізуге кететін шығындар талдаудың үйлесімді түкпірінде және жинақтылығында аз мөлшерде болуы қажет. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың ұйымдастырушылық нысандары аппарат құрамымен және басқарудың техникалық деңгейімен анықталады.
Дәріс – 11. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
Мақсаты: Ұйымның қаржылық жағдайын талдауды үйрену. Сұрақтары:
Қаржылық есептілікке экспресс талдау жасау.
Қаржылық есептілікке тігінен және көлденең талдау жасау.
Баланс активтерінің құрамын мен құрылымы талдау.
Баланс активтерінің құрылу көздерінің құрамы мен құрылымын талдау.
Салыстырмалы талдамалық баланс
Қаржылық есепті оқып-танудың негізгі тәртібінде пайдаланатын талдау түрлері: тікелей (вертикальды) талдау; көлденең (горизонтальды) талдау; тренді талдау; салыстырмалы талдау; факторлы талдау; қаржылық козффициенттер әдісі.
1) Көлденең талдау – бұл көрсеткіштердің абсолютті және қатысты айырмашылықтарын анықтау.
2) Тікелей талдау - қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау немесе қорытынды көрсеткішке бөлек статьялардың үлес салмағын анықтау.
Тікелей және көлденең талдау бірін-бірі толықтырып отырады.
3) Тренді талдау – бұл есептің әрбір позициясының алдыңғы жылдар көрсеткіштер қатарымен салыстырылуы. Бұл жерде біздің мақсатымыз көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын немесе трендті анықтау (базисті жылдың деңгейімен бірқатар жылдарды салыстырамыз және де көрсеткіштердің барлығы базисті деңгейге 100% деп алынады).
4) Салыстырмалы талдау – бұл кәсіпорынның көрсеткіштерін бәсекелестер көрсеткіштерімен немесе орташа-салалық көрсеткіштермен салыстыру.
5) Факторлық талдау – бұл стохастикалық әдістер арқылы нәтижелі көрсеткішке факторлар әсерін талдау.
6) Коэффициенттер қатысты көрсеткіштер болып табылады, оларды есептеу кезінде, көрсеткіштің біреуін бірге теңейді, ал екіншісін бірге қатыстылығымен көрсетеді.
4. Аналитикалық жұмыс екі-модульді құрылым негізінде жүргізіледі:
- қаржылық есептің экспресс-талдауы;
- қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау.
Экспресс-талдаудың мақсаты – шаруашылық субъектісінің дамуының динамикасы мен қаржылық жағдайына баға беру.
Экспресс-талдау үш сатыда жүргізіледі:
1) дайындау; дайындық;
2) қаржылық есепті алдын-ала шолу;
3) есепті талдау және экономикалық оқып-тану.
Талдау жүргізуде қолданылатын ақпарат сапасы мен мазмұны, құрамы шаруашылық қызметті талдау әреттілігін қамтамасыз етуде шешуші рөль атқарады. Талдау тек экономикалық мәліметтермен ғана шектелмейді, сонымен қатар техникалық, технологиялық және басқа да ақпаратты кеңінен қолданады. Шаруашылық қызметті талдауға қажетті мәліметтердің барлық көздері жоспарлы, есептік және есептік емес болып бөлінеді.
Жоспарлы көздерге кәсіпорында өңделетін барлық жоспар типтері жатқызылады(перспективті, ағымдық, оперативті, шаруашылық есептік тапсырмалар, технологиялық карталар), сонымен қатар нормативтік материалдар, сметалар, баға көрсеткіштер, жобалық ғимараттар және т.б.
Кесте 1 - Экспресс-талдаудың аналитикалық көрсеткіштер жүйесі.
Талдау бағыты |
Көрсеткіштер |
1. Шарушылық субъектінің экономикалық потенциалын бағалау. |
|
1.1 Мүлікті жағдайды жалпы бағалау |
1. Активтердің жалпы құны 2. Өндірістік бағыттағы мүлік құны. 3. Негізгі құралдар құны және оның активтерінің жалпы құнындағы үлесі. 4. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті. |
1.2. Қаржылық жағдайды бағалау. |
1. Меншікті капитал және оның жал-пы капиталдағы үлесі. 2. Заемды және меншікті капитал қа-тынасының коэффициенті. 3. Ағымдық ликвидтілік коэффи-циенті. 4. Ағымды активтердегі меншікті айналым қржысының үлесі. 5. Запастарды жабу коэффициенті. |
1.3. «Ауру» статьялар |
1. Жабылмаған зиян. 2. Қамтамасыз етілмеген несиелер. |
2. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігін бағалау. |
|
2.1. Табыстылықты бағалау. |
1. Жалпы және таза табыс. 2. Бөлінбеген табыс. 3. Негізгі қызметтен түскен табыс. |
2.2. Динамикалық бағалау. |
1. Өнімді сату мен жалпы капиталдан табыстың өсу қарқыны. 2. Жалпы және таза табыстың өсу қарқыны. |
2.3. Іскерлікті бағалау. Кәсіпорынның іскерлігін және қаржылық-шаруарылық қызметінің тиімділігін бағалау. |
1. Ағымдық активтердің айналымды-лығы. 2. Еңбек өнімділігі. 3. Қор қайтарымы. 4. Өнімнің материал сыйымдылығы. 5. Меншікті капитал табыстылығы. 6. Жалпы капитал табыстылығы. |
Пассив – бұл кәсіпорынның қарыздары. Кәсіпорын тиістілігіне қарай капитал меншікті (пассивтің III бөлімі) және заемды (пассивтің I және II бө-лімі) болып бөлінеді. Пайдалану ұзақтылығы бойынша капитал ұзақ мерзім-ді, тұрақты (пермаментті) (III және I бөлімі) және қысқа мерзімді (II бөлімі) болып бөлінеді. Егер де, өндіріс мерзімді сипатта болса, кәсіпорынның меншікті капитал арқылы қаржылануы тиімсіз болады (бір кезеңдерде банк шотта-рында ақша қаражаттары көбейіп жатса, ал бір кезеіде азайып кетіп жатады). Егер де қаржы ресурстарына баға жоғары болмаса, кәсіпорын заемды капитал рентабельділігін жоғарылата алады. Бір жағынан, кәсіпорын өз қызметін тек қысқа мерзімді міндеттемелер арқылы жүргізіп отырса, оның қаржылық жағдайы тұрақсыз болып есептеледі. Сондықтан, меншікті және заемды капиталдың оптималды қатыстылығына кіспоырнның қаржылық жағдайы тәуелді.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін қаржылық стратегияны дұрыс анықтап алу қажет. Бұл тұрғыда кәсіпорынның рыноктық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерге мыналар жатады:
қаржылық тәуелсіздік коэффициенті немесе жалпы капиталдағы меншікті капиталдың үлесі;
қаржылық тәуелділік коэффициенті (заемды капитал үлесі);
қаржылық тәуекел коэффициенті (заемды капиталдың меншікті капиталға қатынасы).
Дебиторлық және кредиторлық қарыздар қатынасы 2:1 болғаны дұрыс деп саналады. Кәсіпорын айналымындағы кредиторлық қарыздарды пайдаланудың орташа ұзақтылығы келесі формула арқылы анықталады:
Баланс
бойынша активтердің құрамы мен олардың
орналасуын талдау үшін келесі аналитикалық
2 кесте құрылады:
20143=1.1а+1.2а=18642+1501
Өндірістік
бағыттағы мүлік коэффициентінің шектеуі
Kn
0,5
(біздің кәсіпорында 49,71% - өндірістік
потенциал үлесі).
Кәсіпорын активтерінің мобильділік коэффициенті ағымдық активтердің жалпы активке қатыстылығымен анықталады.
Бұл көрсеткіш қарыздарды өтеуге кеткен капиталдың үлесін көрсетеді. Кәсіпорын активтерінің тиімді орналасуын сипаттайтын көрсеткіштің бірі - бұл мобильді және иммобильді капиталдардың қатыстылығы коэффициенті (ағымдық активтердің ұзақ мерзімді активтерге қатыстылығы). Бұл көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен кем болмауы керек.
Кесте 2 - Активтердің құрамы мен олардың орналасуын талдау
№ |
Көрсеткіштер |
жыл басына |
жыл аяғына |
Ауытқу (+,-) |
|||
мың теңге |
үлес салмағы % |
мың теңге |
үлес салмағы % |
мың теңге |
үлес салмағы % |
||
1.
1.1
1.2. |
Активтер құны, оның ішінде: ұзақ мерзімді активтер оның ішінде: а) негізгі құралдар б) қаржылық салымдар ағымдық активтер о.і.: а) өндірістік запастар б) дайын өнім |
92551 18770
18642 128 13781 1501 7652 |
100 57,66
57,27 0,39 42,34 4,61 23,51 |
41917 20001
19497 504 21956 1358 14358 |
100 47,67
46,47 1,20 52,33 3,24 34,65 |
9406 1231
855 376 8175 -143 6886 |
28,9 6,56
4,59 293,75 59,32 -9,53 90,0 |
2. |
Кәсіпорынның өндірістік потенциал құны |
20143 |
61,88 |
20855 |
49,71 |
712 |
3,53 |
Ағымдық активтер құрамы мен құрылымын анықтау үшін келесі аналитикалық кестені құрамыз (кесте 3).
Кесте 3- Активтердің құрамы мен құрылымын талдау
№ |
Көрсеткіштер |
жыл басына |
жыл аяғына |
Артуы (+), кемуі(-),% |
||
мың теңге |
үлес салмағы % |
мың теңге |
үлес салмағы % |
|||
1.
1.1.
1.2. 1.3.
1.4. |
Ағымдық активтер оның ішінде: Тауарлы-материалдық запастар Дебиторлық қарыздар Ақша қаражаты және қысқа мерзімді қаржы-лық инвестициялар Басқа ағымдық активтер |
13781
11153 1165
1463
- |
100
80,93 8,45
10,62
- |
21956
17617 1671
1425
1243 |
100
80,24 7,61
6,49
5,66 |
59,3
57,9 43,4
-2,6
5,66 |
Ең мобильді активтерге ақша қаражаты және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жатады. Олардың ағымдық активтерге қатыстылығымен айналым құралдарының мобильділік коэффициенті анықталады. Бұл көрсеткіш ағымдық міндеттемелерді өтеу үшін кететін қаражаттың үлесін көрсетеді.
Меншікті капитал құрамына жарғылық қор, қосымша капитал, резервтік капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді. Меншікті айналым капиталы көлемін анықтау үшін меншікті капитал сомасынан баланс активінің І бөлім қорытындысын алып тастаймыз.
Меншікті капиталдың жалпы көлеміндегі меншікті айналым капиталының үлес салмағы жылдамдық коэффициенті деп аталады.
Kм=
Kм
0,5
Мұндағы Kм – жылдамдық коэффициенті.
Бұл коэффициенттің жоғары жеңгейі кәсіпорыннның оң қаржылық жағдайын сипаттайды.
Келесі қаржылық тұрақтылық көрсеткіші тауарлы-материалдық запастарды қамсыздандыру коэффициенті (Ко/з)
Ко/з=
,
Мұндағы З – тауарлы-материалдық запастар;
Сок – меншікті айналым капиталы.
Оның әдеттегі көлемі: Ко/з 0,6:0,8.
Дебитолық және кредиторлық қарыздар қатыстылығы 2:1 болып ұсынылады.