
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының
- •«Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау» пәнінің типтік оқу бағдарламасы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- Мұхамеджан е.А.
- •4. Пәннің сағаттық жоспары
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Глоссарий
- •11.Студенттердің үлгерімін бағалау жүйесі
- •Дәрістер
- •Қорытынды
- •Қорытынды
- •Дәріс 3 – Факторлық талдау
- •Дәріс – 4. Қаржылық коэффициенттер әдісі
- •Дәріс - 5. Басқарушылық талдау Басқарушылық талдаудың негізі
- •Дәріс – 6. Компанияның маркетингтік қызметін талдау
- •Дәріс – 7. Өнімді өткізу және өндірісті талдау
- •Дәріс – 8. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
- •Дәріс – 9. Өнімнің өзіндік құнын талдау
- •Дәріс – 10. Қаржылық талдау. Қаржылық талдаудың негізі
- •Қорытынды
- •Дәріс – 11. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
- •Қорытынды
- •Дәріс – 12. Баланс өтімділігін талдау
- •Дәріс – 13. Қаржылық тұрақтылықты талдау
- •Дәріс – 14. Ақша ағынын талдау
- •Дәріс – 15. Компанияның табыстылығын талдау
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Сөж тапсырмалары
- •Студенттердің оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Тесті тапсырмалары
Дәріс – 10. Қаржылық талдау. Қаржылық талдаудың негізі
Мақсаты: Қаржылық талдаудың мазмұнын ашу
Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндетті
Қаржылық және басқарушылық талдаудың өзара байланысы
Қаржылық талдау әдістері
Шаруашылықты жүргізудің тиімділігін арттыру көбінесе басқарушылық шешімдердің дәлелдігіне, мақсатқа лайықтылығы мен өз уақыттылығына тәуелді. Бұның барлығына талдау барысында жетуге болады. Бірақ та тек шаруашылықты жүргізудің нәтижелеріне аналитикалық зерттеулерді дұрыс ұйымдастыру оның әрекеттілігін және тиімділігін қамтамасыз етіп, шаруашылық процестердің ағымына негізді түрде әсер етеді. Сондықтан, кәсіпорында шаруашылық қызметті талдауды ұйымдастыру бірқатар талаптарға сәйкес болуы тиіс. Оның ішінде, біріншіден, талдаудың ғылыми сипатын атап өту керек.
Талдауды жүргізу әрбір маманның, шаруашылықтың әртүрлі деңгейлері басшылырының қызметтік міндеттерінің табиғи байланысты бөлігі, басқару шешімдерін қабылдауға қатысы бар барлық қызметкерлердің міндеті болуы тиіс. Осыдан талдауды ұйымдастырудың тағыы бір маңызды қағидасы – жеке атқарушылар арасында шаруашылық қызметті талдауды жүргізу бойынша міндеттерді негізді түрде бөлу. Бұл бөлудің мақсатқа лайықтылығынан талдау объектілерін қамту толықтығы ғана емес, сонымен қатар бір ғана зерттеуді көпөлшемді(әртүрлі адамдармен) жүргізу мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұл мамандардың жұмыс уақытын тиімді қолдануға көмектеседі және талдау жинақтылығын қамтамасыз етеді.
Аналитикалық зерттеу тиімді болуы керек, яғни оны жүргізуге кететін шығындар талдаудың үйлесімді түкпірінде және жинақтылығында аз мөлшерде болуы қажет. Осы мақсатпен ұйымдастырудың мақсатқа лайықтылығынан басқа, оны жүргізуде кең түрде аналитик жұмысын жеңілдету үшін озат әдіснама, құралдар қолданылуы керек.
Шаруашылық қызметті талдауды өте ұқыпты ұйымдастыруға осы жұмысты үйлестіру жетуге болады. Бұл жерде арнайы өңделген кестелердің шектеулі санын толтыруды болжамдайтын әдіснамаларды құру туралы сөз болып отыр. Олар әрбір ішкішаруашылық бөлімшелер үшін ерекше болуы керек, және де жиынтығында шаруашылық нәтижелерінің кешенді сүретін береді. Кестенің барлық көрсеткіштері қорыту, бағалау және де салыстыру үшін жарамды болуы қажет. Бұл шаруашылық қызметті талдауды жүргізу бойынша міндеттерді қатал белгіленгег түрде бөлуге бағыт береді, талдауға кететін уақыт шығынын азайтады, нәтижесінде оның тиімдылыгының артуына әкеледі.
Кәсіпорындағы аналитикалық зерттеу ұйымдастырушылық кезеңдерден тұрады.
Шаруашылық қызметті талдаудың субъектілері мен объектілерін ерекшелеу, оларды зерттеудің ұйымдастырушылық нысандарын таңдау және жеке зерттеушілер арасында міндеттерді бөлу.
Аналитикалық жұмысты жоспарлау.
Шаруашылық қызметті талдаудың ақпараттық және әдіснамалық қамтамасыз ету.
Шаруашылықты жүргізу нәтижелері мен оның барысы туралы мәліметтерді аналитикалық өңдеу.
Талдау нәтижелерін рәсімдеу.
Талдау нәтижелері бойынша жасалған ұсыныстарды өндіріске енгізуді бақылау.
Ары қарай бұл кезеңдердің әрқайсысы жеке жеке толығырақ қаратырылады. Бұл кезеңдер жиынтығында шаруашылық қызметті талдаудың тиімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық элементтердің кешенін береді.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың ұйымдастырушылық нысандары аппарат құрамымен және басқарудың техникалық деңгейімен анықталады.
Кең ауқымды өндірістік кәсіпорындарда экономикалық қызметтің барлық қызметімен экономикалық мәселелер бойынша жұмыс атқаратын директор меңгерушісі болып табылатын бас экономист айналысады. Ол кәсіпорындағы шаруашылық қызметке талдау жүргізуді де қоса, барлық экономикалық жұмыстармен айналысады. Өндірісті ұйымдастыру және экономика лабораториясы, жоспарлы-экономикалық бөлім, еңбек және еңбекақы бөлімшелері, бухгалтерлік есеп, қаржылық және т.б. бөлімдер оның тікелей басшылығында болады. Жеке құрылымдық бөлімшеге эконмикалық талдаудың бөлімі немесе тобы бөлінуі мүмкін. Орта және шағын кәсіпорындарда аналитикалық жұмыстарды бас бухгалтер немесе жоспарлау бөлімінің басшысы басқарады. Аналитикалық жұмыстарды үйлестіру үшін құрамына кәсіпорынның барлық бөлімдерімен қызметтерінің басшылары кіретін технико-экономикалық кеңес құрылуы мүмкін.
Экономикалық талдау экономикалық қызмет қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар техникалық бөлімдердің(бас механик, энергетик, технолог, жаңа техника және т.б.) міндеттері болып табылады. Онымен сонымен қатар цехтік қызметкерлер, бригада,участок басшылары да айналысады. Зерттелетін сұраққа байланысты жан жақты білімдерді меңгерген экономистердің, техниктердің, технологтардың, әртүрлі өндірістік қызметтердің басшыларының бірлескен күші арқылы мәселені комплексті түрде зерттеп, оны шешудің тиімді жолдарын табуға болады.
Шаруашылық қызметін талдау функцияларын бөлудің мөлшерленген сызбасы келесі түрде берілуі мүмкін.
Өндірістік бөлім өнімді көлемімен ассортименті бойынша шығару жоспарын орындауды, жұмыс ырғақтылығын, өнім сапасын көтеруді, жаңа техникамен технологияны енгізуді, өндірісті кешенді механизациялау мен автоматизациялауды, құрылғылардың жүмысын, материалдық ресурстардың шығындалуын, технологиялық циклдің ұзақтығын, өнімді шығарудың кешенділігін, өндірістің жалпы техникалық және ұйымдастырушылық деңгейін талдайды.
Бас механикпен энергетиктің бөлімі машиналармен құрылғылардың эксплуатациялық жағдайын, құрылғыларды жаңартумен жөндеу жоспар-графиктерінің орындалуын, жөндеудің сапасы мен өзіндік құны, құрылғыларды және өндірістік қуаттарды қолдану толықтығымен энергоресурстарды тұтыну орындылығын зерттейді.
Техникалық бақылау бөлімі дайын өніммен шикізат сапасын, ақау және ақаудан болған жоғалтулар, тұтынушыларды жарнамалау(рекламация), ақауды азайтуға байланысты шаралар, өнім сапасын жақсарту, технологиялық тәртіпті сақтау және т.б. талдау жасайды.
Жабдықтау бөлімі өндірісті материалдық-техникалық қамсыздандыру сапасымен өз уақыттылығын, өнім көлемі, номенклатурасы, мерзімі, сапасы бойынша жеткізу жоспарларын орындау, қойма қорларының сақтығымен жағдайын, материалдарды жіберу нормаларының сақталуын және т.б. бақылауға алады.
Өткізу бөлімі келісім шарт міндеттемелерінің орындалуын және өнімді тұтынушыларға көлемі, сапасы, мірзімі, номенклатурасы бойынша жөнелтуді, қоймадағы қорлар жағдайымен дайын өнімнің сақтығын зерттейді.
Еңбек және еңбекақы бөлімі еңбекті ұйымдастыру деңгейін, оның деңгейін көтеру бойынша шаралар жоспарын орындау, кәсіпорынды дәрежесі және мамандығы бойынша еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақыт қорын және еңбекақы қорын пайдалануға талдау жасайды.
Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі(бухгалтерия) өндіріс шығындары сметасының орындалуына, өнімнің өзіндік құнына, кіріс жоспарының орындалуымен және оны қолдануға, кәсіпорынның төлемқабілеттілігіне, қаржылық жағдайына және т.б. талдау жасайды.
Жоспарлау-экономикалық бөлімі немесе экономикалық талдау жасау бөлімі талдауды әдіснамалық қамтамасыз етумен, аналитикалық жұмыс жоспарын құрумен және оның орындалуына бақылау жасаумен айналысады, кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне талдау жасау нәтижелерін қорытып ұйымдастырады, талдау қорытынды бойынша шараларды өңдейді.
Шаруашылық қызметке талдау жасауды жүргізу бойынша мұндай бірлескен жұмыстар оның жинақтылығын қамтамасыз етеді және де бастысы терең, квалифицированно шаруашылық қызметін, оның нәтижелерін зерттеуге, қолданылмаған резервтерді толығырақ көрсетуге көмектеседі.
Кәсіпорын экономикасының кезеңдік талдау жоғарғы басқару органдарымен жүргізіледі. Бұл органдардың мамандары жеке мәселелелер бойынша сұрақтарды зерттей алады немесе кәсіпорынның шаруашылық қызметіне кешенді талдау жүргізе алады. Бұл талдау қорытындысынан басқару органдары кәсіпорын қызметінің экономикалық жағдайларын бір шама өзгертуі мүмкін.
Ведомствалық емес шаруашылық қызметті талдау статистикалық, қаржылық органдармен, салық инспекциясымен, аудиторлық фирмалармен, банктермен, инвесторлармен, ғылыми-зерттеу институттарымен және т.б. жүргізіледі. Статистикалық органдар, мысалы, статистикалық есептілікті және нәтижелерді талдап жинақтайды да сәйкес министрліктермен ведомостваларға тәжірибе жүзінде қолдануға тапсырады. Салық инспекциялары кәсіпорынның кірісі бойынша, мемлекеттік бюджетке салықтарды аудару бойынша жоспарының орындалуын, материалдық және қаржылық ресурстарының ұтымды қолданылуына бақылау жасайды. Банктер және де басқа инвесторлар кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның төлемқабілеттілігін, несиеқабілеттілігін, несиені тиімді пайдалануды және т.б.зерттейді.
Кәсіпорындар сонымен қатар, аудиторлық және консультациялық фирмалардың мамандарының қызметін пайдалана алады.
Ішкішаруашылық, ведомствалық, ведомствалық емес, қоғамдық бақылау және талдау барлық нысандарын қолдану кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау жасауды жан жақты зерттеуге және өндіріс тиімділігін көтеру резервтерін толығырақ іздеуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – оның қаржылық тұрақтылығын айқындайды. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл оның қаржыны пайдалану барысында табысты және капиталды арттыру негізінде кәсіпорынның дамуын қамтамасыз етіп отыратын жағдай, (яғни кәсіпорын төлемқабілетті және несиеқабілетті) болып саналады.
Рыноктық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында келесі негізгі міндеттері:
есепті жылдағы жалпы қаржылық жағдайға және оның өзгерісіне жалпы баға беру;
активтердің өзара байланысын және олардың қалыптасу көздерін анықтау, олардың рационалды және тиімді пайдалануын зерттеу;
айналым капиталының көлемін анықтау;
қаржылық-есептеу және несие тәртібін сақтау;
кәсіпорынның актив құрылымын және оның міндеттерін анықтау; активтер айналымдылығын есептеу;
баланс ликвидтілігін, кәсіпорынның төлемқабілеттігін, қаржылық тұрақтылығын абсолютті және салыстырмалы көрсеткішін анықтау;
кәсіпорын табыстылығын бағалау;
кәсіпорынның қаржылық стратегиясын анықтау;
кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
Есептік сипаттағы ақпарат көздері – бұл бухгалтерлік, статистикалық және оперативті есеп құжаттарын қамтитын барлық мәліметтер, сонымен қатар барлық есептілік түрлері, бастапқы есептік құжаттамаларды кірістіреді.
Талдауды ақпаратпен қамтамасыз етуде басты орынды шаруашылық құбылыстар, үрдістер, оның нәтижелері толық көрсетілетін бухгалтерлік есеп және есептілік ақпараттары алады. есептік құжаттарда және есептілікте болатын мәліметтердің толық және өз уақытылы талдау жасалынуы шаруашылықта өте жақсы нәтижелерге жету үшін, жоспардың орындалуын жақсартуға бағытталған қажетті шараларды қолдануды қамтамасыз етеді.
Жаппай құбылыстармен үрдістерге сандық сипаттаманы қамтитын статистикалық есеп деректері экономикалық заңдылықтарды айқындау үшін, өзара байланыстарды түсіну үшін және терең зерттеу үшін қолданады.
Оперативті есеп және есептілік статистикамен бухгалтерлік есепке қарағанда талдауды ақпаратпен жылдам қамтамасыз етеді(мысалы, өнімді түсіру мен өндіру туралы, өндірістік қорлар жағдайы туралы) және аналитикалық зерттеулердің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Есептік құжат болып, біздің жіктеуімізге сәйкес, бірнеше жылға шаруашылық қызмет нәтижесі туралы мәліметтер жинақталатын кәсіпорынның экономикалық паспорты табылады. Паспортта жинақталған көрсеткіштердің маңызды нақтылануы динамиканы көп сандық зерттеулер жүргізуге, кәсіпорынның даму заңдылықтарын және тенденцияларын анықтауға көмектеседі.
Компьютерлік техниканың кеңеюімен ақпараттың жаңа машиналық көздері пайда болды. Оған ДЭЕМ оперативті жадында, икемді дискіде сақталатын мәліметтер жатқызылады, сонымен қатар әртүрлі машинограммалар түрінде беріледі.
Есептік емес ақпарат көздеріне шаруашылық қызметті реттейтін құжаттар және де жоғарыда көрсетілгеннен басқалар жатады. Нақты оның құрамына келесі құжаттар кіреді:
шаруашылық өз қызметінде қолдануы тиіс ресми құжаттар: мемлекет заңдары, президент жарлықтары, Үкімет және жергілікті басқару органдарының қаулылары, тексерулер мен ревизия актілері, шаруашылық басшыларының бұйрықтары мен жарлықтары.
шаруашылық-құқықтық құжаттар: келісімшарттар, келісімдер, сот органдарымен арбитраж шешімдері, рекламация.
коллективтің жалпы жиналысының, толығымен кәсіпорынның немесе оның жеке бөлімдеріндегі еңбек коллективі кеңесінің шешімдері.
әртүрлі ақпарат көздерінен (радио, телевидение, газеттер және т.б.) жиналған озот тәжірибені зерттеу материалдары.
техникалық және технологиялық құжаттама.
басқа кәсіпорын өкілдерімен және өз коллективінің мүшелерімен кездесуден алынған ауызша ақпарат.
Талдауды ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бәршама талаптар қойылады. Бұл ақпарат талдаулылығы, оның объективтілігі, біркелкілігі, жеделдігі, орындылығы және т.б.
Бірінші талаптың мәні мынада: экономикалық ақпараттың барлық жүйесі түсу көздеріне байланыссыз шаруашылық қызметті талдау талғамына сәйкес болуы қажет, яғни экономикалық құбылыстармен үрдістерді жан жақты зерттеу үшін қажетті ақпараттармен аналитикті дәл сол кезде сол қызмет бағыттарына және сол нақтылықпен мәліметтердің келуін қамтамасыз етуі тиіс, өндіріс тиімділігін арттыратын ішкішаруашылық резервтерді анықтау және негізгі факторларды көрсету. Сондықтан шаруашылық қызметті талдауды ақпаратпен қамтамасыз етудің барлық жүйесі үнемі жетілдіріліп отырылуы тиіс.
Бұл кәсіпорында есепті, жоспарлау және статитиканы ұйымдастырудың қазіргі тәжірибесінде мәлім. Онда үнемі құжат нысаны, оның мазмұны, құжатайналымын ұйымдастыру қайта қаралып отырылады, мәліметтерді сақтаумен жинаудың жаңа формалары пайда бола бастады(компьютерлік техника жайлы сөз болып отыр). Барлық өзгерістер есеп және жоспарлау талаптарына ғана емес, сонымен қатар маңызды мөлшерде шаруашылық қызметті талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету қажеттілігімен және басқарушылық шешімдерді қабылдауға бағынышты.
Экономикалық ақпарат зерттелетін құбылыстамен объектілерді объективті түрде көрсетуі тиіс. Басқа жағдайда талдау нәтижесі бойынша жасалған қорытындылар шндыққа жанасымды болмайды, ал аналитиктермен өңделген ұсыныстар кәсіпорынға пайдамен қоса зиян да әкелуі мүмкін.
Ақпарат ағымын ұйымдастыруға қойылатын келесі талап – бұл, әртүрлі көздерден келетін ақпараттардың бірлігі(единство)(жоспарлы,есептік және есептік емес сипаттағы). Бұл қағидадан әртүрлі ақпарат көздерінің қайталануымен жекеленуін болдырмау қажеттілігі туындайды. Бұл мынаны білдіреді: әрбір экономикалық құбылыс, әрбір шаруашылық акт тек бір рет қана тіркелуі тиіс, ал алынған нәтижелер есепте, жоспарлауда, бақылауды және талдауда қолжанылуы мүмкін.
Талдау тиімділігі, тек егер де өндіріс процесіне оның нәтижелері бойынша оперативті түрде араласуға болатын жағдайда ғана ұамтамасыз етіледі. Бұл дегеніміз ақпарат аналитикке неңұрлым жылдам түсуі қажет. Ақпаратқа қойылатын талаптың бірі – оперативтіліктің мәні осыда. Ақпараттың оперативтілігін арттыруға жаңа байланыс құралдарын қолданыумен, оны ЭЕМ өңдеу арқылы жетуге болады.
Және де, соңында, ақпарат жүйесі орынды болуы тиіс, яғни мәліметтерді жинау, сақтау, қолдану шығындары төмен ьолуы қажет. Онымен қоса, ақпарат толығымен талдау және басқару қажеттіліктерін қамтамасыз етуі тиіс. Ақпарат қажеттілігін зерттеу қажеттілігі осы талаптан шығады және осыны негізгі ала отырып ақпарат ағымын қажеттісін енгізіп қажет емес мәліметтерді жою арқылы жетілдіру мәселесі туындайды.
Осылай, шаруашылық қызметті талдау ақпараттық жүйесі жоғарыда көрсетілген талаптарды ескере отырып жетілдірілуі тиіс, бұл шаруашылық қызметті талдау тиімділігімен әрекеттілігін көтерудің бірден бір жолы , қажетті шарты болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық базасы болып қаржылық есеп беру болып табылады. 1998 жылдан бастап ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есеп» туралы жарлығына сәйкес, қаржылық есеп беруге: бухгалтерлік баланс; қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп; ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп.
Ақша қаражаты қозғалысы есебі бойынша есепті жылы келіп түскен және жаратылған ақшалардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер бойынша айқындауымызға болады. Ақша қаражаты – бұл кассадағы және банк шоттарындағы ақша. Операциялық қызмет – бұл субъектінің табыс табу жолындағы негізгі қызметі. Инвестициялық қызмет – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, несие алу және оны жою. Қаржылық қызмет – бұл субъект қызметі барысында меншікті және заемды капитал құрамы мен көлемінің өзгерісі.