Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын ш-қ жағдайы(лекция).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.3 Mб
Скачать

Дәріс – 9. Өнімнің өзіндік құнын талдау

Мақсаты: Өнімнің өзіндік құнын талдауды үйрену.

Сұрақтар:

1. Өнімді өндіру шығындарының жалпы сомасын талдау?

2. Бір теңгеге өндірген өнімге жұмсалатын шығынды талдау?

3. Жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнын талдау?

Өнімнің өзіндік құнын талдау - өзіндік құнның өзгеруін, жоспардың орындалуын резервтерді және факторлар әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өзіндік құнды төмендету мүмкіндіктерін бағалаймыз. Ақпарат көздері: өнімді өндіру және сатып алу есебі, өзіндік құндық калькуляциялау жоспары және есебі, негізгі және қосымша шығындар бойынша синтетикалық және аналитикалық есеп және т.б.

Талдау объектісі:толық өзіндік құн және шығын элементтері; бір теңгеге өндірген өнімге жұмсалған шығын деңгейі; жекелеген өнімнің өзіндік құны; жауапкершілік орталығы.

Талдау барысында жалпы шығын сомасы және негізгі элементтер бойынша шығындар анықталады. Жалпы шығын сомасы келесі фокторлардың әсерінен өзгереді: өндіріс көлемі; өнімнің құрылымы; әрбір өнімге тиесілі айнымалы шығын деңгейі; тұрақты шығын деңгейі.

Өндіріс көлемі өзгергенде айнымалы шығын өзгереді, ал тұрақты шығын өзгермейді. Жалпы шығын сомасы келесі формуламен анықталады:

Ш=

Жалпы шығын сомасына фактролық талдау жасау:

1. Базалық кезең: Ш=

2. Базалық құрылымды сақтай отырып, іс жүзіндегі өндіріс көлемін қайта есептеу: Ш=

3. Іс жүзіндегі өндіріс көлеміне байланысты жалпы шығынды базалық деңгеймен қайта есептеу: Ш=

4. Іс жүзіндегі өндіріс көлеміне байланысты базалық кезеңдегі тұрақты шығынмен қайта есептеу: Ш=

5. Іс жүзіндегі өндіріс көлеміне байланысты жалпы шығынның есептік кезеңдегі деңгейі: Ш=

Өзіндік құн материал, еңбек, ресурстар, қор және энергия сыйымдылығына байланысты болады. Ресурстар инфляцияға байланысты өзгереді. Инфляция әсерін анықтау үшін келесі формула қолданылады: - өзіндік құнның өзгеруі; - тұтынылған i ресурсының саны; - i ресурсының орташа бағасы.

Бір теңгеге өндірген өнімге жұмсалатын шығынды талдау арқылы өзіндік құн мен табыс арасындағы байланыс анықталады және әр сала бойынша есептеу жүргізе отырып, шығын сыйымдылығының деңгейін анықтаймыз. Бұл көрсеткіш келесі формуламен анықталады:

z=Ш/Q, z- бір теңгеге өндірілген өнімге жұмсалатын шығын; Q – ағымдық бағамен есептелген өндіріс көлемінің құны; Ш – жалпы өндіріс шығыны.

Егер бірлік өндірістен z аз болса, онда өндіріс рентабельді, ал көп болса, онда зиянды болып табылады.

Талдау кезінде z динамикасын және жоспардың орындалуын есептеу керек Бұдан кейін факторлық талдау жасалады: z=

Табысқа әсер ететін факторларды талдау:

Терең талдау үшін жекелеген өнімдердің өзіндік құнының калкуляциясы бойынша іс жүзіндегі бір өнімге тиесілі шығынды жоспармен, өткен кезеңмен салыстыру керек. Жекелеген өнімдердің өзіндік құнына әсер ететін факторларға талдау жасау үшін келесі формула қолданылады:

Факторлық талдаудан кейін шығынның жекелеген баптары бойынша және әрбір өнім түрі бойынша өзіндік құнды талдаймыз.

Өзіндік құнды талдау үшін қайта есептеу әдісі қолданылады. Яғни шығынның баптары бойынша әрбір шығын түрлерін іс жүзіндегі өндіріс көлемінің базистік өндіріс көлеміне қатынасының көбейтіндісі бойынша есептейміз.

Шығын баптары*Q1/Q0

Өзіндік құн*Q1/Q0