
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының
- •«Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау» пәнінің типтік оқу бағдарламасы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- Мұхамеджан е.А.
- •4. Пәннің сағаттық жоспары
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Глоссарий
- •11.Студенттердің үлгерімін бағалау жүйесі
- •Дәрістер
- •Қорытынды
- •Қорытынды
- •Дәріс 3 – Факторлық талдау
- •Дәріс – 4. Қаржылық коэффициенттер әдісі
- •Дәріс - 5. Басқарушылық талдау Басқарушылық талдаудың негізі
- •Дәріс – 6. Компанияның маркетингтік қызметін талдау
- •Дәріс – 7. Өнімді өткізу және өндірісті талдау
- •Дәріс – 8. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
- •Дәріс – 9. Өнімнің өзіндік құнын талдау
- •Дәріс – 10. Қаржылық талдау. Қаржылық талдаудың негізі
- •Қорытынды
- •Дәріс – 11. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
- •Қорытынды
- •Дәріс – 12. Баланс өтімділігін талдау
- •Дәріс – 13. Қаржылық тұрақтылықты талдау
- •Дәріс – 14. Ақша ағынын талдау
- •Дәріс – 15. Компанияның табыстылығын талдау
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Сөж тапсырмалары
- •Студенттердің оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Тесті тапсырмалары
Дәріс – 8. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
Мақсаты: Өндірістік ресурстардың қолданылуына талдауды жүргізуді меңгеру.
Сұрақтары:
Негізгі қорлардың техникалық жағдайын бағалау.
Негізгі қорлардың тиімді қолданылуын талдау.
Қорқайтарымын талдау
Техникалық жабдықтардың қолданылуын талдау.
Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау.
Материалдық ресурстардың тиімді пайдаланылуын талдау.
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін және тиімді қолдануын талдау.
Еңбек өнімділігін талдау.
Еңбек уақытының қорын талдау.
Еңбекақы қорын талдау.
Негізгі өндірістік қорлардың қолданылуын талдау
Негізгі қорлардың техникалық жағдайын бағалау;
Негізгі қорлардың тиімді қолданылуын талдау;
Қорқайтарымын талдау;
Техникалық жабдықтардың қолданылуын талдау.
Кәсіпорыннның материалдық ресурстарын талдау
Талдау келесі бағытта жүргізіледі:
негізгі құралдардың қамтамасыз етілуін талдау;
негізгі құралдардың құрылымын талдау;
негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау.
Негізгі құралдардың қамтамасыз етілуін талдау қажеттілігі мынада:
негізгі құралдармен қамтамасыз етуді, оның құрылымын анықтау және тиімді қолданылу деңгейін анықтау;
негізгі құралдардың өзгеру деңгейінің себебін анықтау;
негізгі құралдарды қолданудың өндіріс көлеміне және өзге де көрсеткіштерге әсерін анықтау;
өндіріс қуаттылығының қолданылуын анықтау;
негізгі құралдарды қолдану тиімділігін арттыру үшін қорларды құру.
Талдау барысында негізгі құралдардың көлемін, қозғалысы мен құрылымын талдаймыз. Бұл орайда, алдымен вертикалдық талдау әдісін қолдана отырып, ағымдық және базистік мәліметтерді салыстырамыз. Содан соң негізгі құралдардың құрамының белсенді бөлігінің көлемін анықтаймыз. Егер де белсенді бөлігі өссе, онда негізгі құралдардың құрамының жақсарғандығын, ал азайса, онда құрамының нашарлағандығын көрсетеді.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын бағалау үшін келесі көрсеткіштерді анықтаймыз:
жаңарту коэффициенті:
К=К/Ржс мұндағы: К – келіп түскен негізі құралдар;
Ржс – негізгі құралдардың жыл соңындағы құны.
жаңарту мерзімінің коэффициенті:
К= Ржб/К мұндағы: К – келіп түскен негізі құралдар;
Ржб– негізгі құралдардың жыл басындағы құны
жұмсау коэффициенті:
К=Ж/Ржб мұндағы: К – келіп түскен негізі құралдар;
Ржс – негізгі құралдардың жыл басындағы құны.
4. өсім коэффициенті:
К=Ө/Ржб мұндағы: Ө – өсім сомасы;
Ржс – негізгі құралдардың жыл басындағы құны.
5.тозу коэффициенті: Бұл негізгі жинақтаушы көрсеткіш.
К=Т/Ра мұндағы: Т –негізі құралдардың тозу құны;
Ра– негізгі құралдардың алғашқы құны.
жарамдылық коэффициенті:
К=Рқ/Ра мұндағы: Т –негізі құралдардың қалдық құны;
Ра – негізгі құралдардың алғашқы құны.
Тозу коэффициенті өссе – техникалық жағдай төмендейді, ал кемісе – техникалық жағдай артады.
Қалған көрсеткіштер өзара тығыз байланыста. Яғни жаңару коэффициентінің мәні жұмсау коэффициентінен жоғары болса, бұл техникалық жағдайдың жақсарғандығын білдіреді және керісінше төмендегенін білдіреді. Техникалық жағдайды бұдан әрі талдау үшін тиімді қолдану мерзіміне қарай негізгі құралдарды топтастырамыз және әрқайсысының үлесін анықтап, бір-бірімен салыстырамыз.
Негізгі құралдардың тиімді қолданылуын сипаттайтын көрсеткіштер:
Қортұрақтылығы – бір теңге негізгі қорды қолданса, қанша теңге табыс табуға болатындығын сипаттайды.
,
Т – табыс,
- негізгі құралдардың жылдық орташа
құны.
Қорқайтарымы – бір теңге қор жұмсай отырып, қанша өнім өндіруге болатындығын сипаттайды.
Негізгі құралдардың белсенді бөлігінің қорқайтарымы:
-
негізгі құралдардың белсенді бөлігінің
жылдық орташа құны.
Қорсыйымдылығы – бір өнім өндіру үшін неше теңге қор жұмсау керектігін сипаттайды.
Қорменқарулану немесе жабдықтану:
R
– жұмысшылар
саны.
Жинақтаушы көрсеткіш – қорқайтарымы. Қорқайтарымы өссе – тиімді, кемісе – тиімсіз.
Қорқайтарымы еңбек өнімділігі мен қорменқарулану көрсеткіштерімен тығыз байланысты.
,
еңбек өнімділігіне тура, қормен
қарулануға кері пропорционалды.
Егер қорқайтарымы өссе, онда қормен қарлану дәрежесін қысқарту керек. Бұдан кейін факторлардың әсер етуін талдау керек. Ол үшін келесі формуланы қолданамыз:
Q=R*w=R*fқарулану*fқайтарымы
Негізгі құралдардың үнемделуін сипаттау үшін келесі формула қолданылады:
Үнқ=НҚ1-НҚ0*Iv, Iv - өндіріс көлемінің индексі.
қорқайтарымын талдау екі бағытта жүргізіледі:
Қорқайтарымына әсер ететін факторларды талдау, яғни әрбір фактордың өзгеруі әсерінен қорқайтарымының қаншалықты өзгеретінін анықтау.
f=Km*wж*Ксм*1/Sж*Ya,
мұндағы: Km – материалдық шығындар коэффициенті: Km=Q/Q-МҚ – материалдық қорлар,
wж - жабдықтардың өнімділігі: wж = Q-МҚ/Qмс – кезекпен жұмыс істейтін машиналар саны.
Ксм – жабдықтармен жұмыс істеу кезектілігінің коэффициенті: Ксм=Qмс/Q о – орналастырған жабдықтар саны
Sж – жабдықтардың бірлік құны: Sж=Fa/Qo
Ya
– белсенді активтердің үлес салмағы:
Ya=Fa/
Fa – белсенді активтер құны; - жылдық орташа құны.
Өнімді өндіру үшін қолданыстағы негізгі құралдардың қолданылуына факторлардың әсерін анықтау:
Q=Q*F/ =f*F, f – қорқайтарымы; F негізгі құралдардың құны.
Жабдықтардың жұмысқа қосылуын талдау үшін жұмысшылар саны, жұмыс уақыты және қуаттылыққа байланысты қолданылуын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау керек:
Қолма-қол жабдықтарды қолдану коэффициенті:
К=іске қосылған жабдықтар саны/қолма-қол жабд. Саны
Орналастырған жабдықтарды қолдану коэффициенті:
К=іске қосылған жабд. саны/орналастырған жабд. саны
резервтің деңгейін сипаттайтын коэффициент:
Р=Жқ-Жо*
Жқ – қолма-қол жабдықтар;
Жо – орнатылған жабдықтар;
- базистік жылдық орташа өнімділік.
Талдау жүргізу бағыттары: мамандарды жіктеу; мамандар құрамының тұрақтылығын анықтау; мамандардың сапалық құрамын талдау; үнемдеу және жұмысшы күшінің жетіспеушілігін анықтау.
Персоналдар - өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес болып екіге бөлінеді. Өнеркәсіптік емес персоналдар әлеуметтік салада жұмыс істейтіндер.
Өнеркәсіптік - өндірістік жұмысшылар, қызметкерлер, болып бөлінеді.
Қызметкерлер - басшылар, мамандар, өзге де жұмысшылар
Жұмысшылар - өндірісте жұмыс істейтіндер;
Қызметкерлер – жетекші мамандар;
Өзге де жұмысшылар – кассир, табельшілер, құжат толтырушылар және т.б.
Жұмысшылардың жіктелуін талдау:
Персоналдардың тұрақты құрамын анықтау:
өнеркәсіп.+өнеркәсіп. емес=персоналдар
Өнеркәсіптік персоналдардың құрамының үлесін анықтау:
өнд. жұмысшылар+қызметкерлер=өнеркәсіп. жұмысшылар
Қызметкерлер құрамының үлесін анықтау:
Басшылар+мамандар+өзге де жұмысшылар=қызметкерлер
Жалпы жұмысшылардың ішінен негізгі және көмекші өндірістік жұмысшылардың үлесін анықтау.
Жұмысшылардың сапалық құрамы жалпы білім және мамандану дәрежесіне байланысты анықталады. Бұл келесі білім дәрежесі бойынша анықталады:
1 топқа жататындар: толық емес орта білім; орта білім; техникалық мамандану;
2 топқа жататындар: орта маманданған; жоғарғы білімді.
Әр топ бойынша үлесі анықталады. Инженерлік-техникалық маманды жұмысшылардың деңгейі жоғарғы, орташа, тәжірибелі болып үшке топтастырылады да, әр қайсысының үлесі анықталады.
Жұмысшылардың мамандану дәрежесін бағалау үшін жинақтаушы көрсеткіш ретінде – орташа тарифтік разряд анықталады:
,
Ri
– берілген разрядтағы жұмысшылар саны;
Нi
– берілген разряд номері; R – барлық
разряд бойынша жұмысшылар саны.
Жұмысшылардың орындайтын орташа тарифтік разряды:
,
Тi
– берілген разрядтағы жұмысшылардың
жұмыс істеу уақытының нормалық саны;
Нi
– берілген разряд номері; Т – барлық
разрядтағы жұмысшылардың жұмыс істеген
уақытының нормасы.
Егер жұмысшылардың орташа тарифтік разряды өссе, онда орындалатын орташа тарифтік разряд азаяды және керісінше. Егер жоғарғы тарифтік разряд көп болса, онда еңбекақы шығыны өседі, сөйтіп өнімнің өзіндік құны артады.
Жұмысшы күшінің қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер:
К=қабылданған жұм. саны/ТЖС*100
К=шығарылған жұм саны/ТЖС*100
К=өз еркімен шыққандар саны+еңбек тәртібін бұзғандар/ТЖС*100
К=01.01-31.12 жұм. Істегендер саны/ТЖС*100
Персоналдарды тиімді қолдану интенсивтілігінің деңгейін бағалау үшін жинақтаушы, жеке және көмекші еңбек өнімділігін сипаттайтын көрсеткіштер қолданылады.
Жинақтаушы көрсеткіштер – бір жұмысшыға шаққандағы: орташа жылдық өнімділік; орташа тәулік өнімділік; орташа мерзімдік өнімділік.
Жеке көрсеткіштер: еңбек сыйымдылығы; бір жұмысшының бір күндегі немесе сағаттағы өндірген өнімінің натуралдық сипаты;
Көмекші көрсеткіштер: белгілі бір жұмыс түрін орындауға жұмсалған уақыт шығын; бір сағатта орындалған жұмыстың көлемі.
3.Ең негізгі көрсеткіш – бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі, ол келесі формуламен анықталады:
w=Ry*wm, Ry - өнеркәсіп жұмысшылары санының үлесі;
wm – мерзімдік өнімділік.
w=Q/R, R – барлық өнеркәсіп персоналдарының саны.
w=Q/r, r – барлық өнеркәсіп персоналдарының ішіндегі жұмысшылар саны.
Өнеркәсіп персоналдарының жылдық орташа өнімділігі:
wR=Ry*D*П*wm, Ry - өнеркәсіп жұмысшылары санының үлесі; D – жұмыс істелген күндер саны; П – жұмыс күнінің ұзақтығы; wm – мерзімдік өнімділік.
wr=D*П*wc, wr – өнеркәсіп персоналдарының ішіндегі өндіріс жұмысшыларыныңжылдық орташа өнімділігі.
Еңбек өнімділігін талдау барысында жұмыс уақытын да талдау керек. Толық күндік және ішкі сменалық жұмыс уақытын жоғалту нәтижесінде өндіріс көлемінің өзгеруін есептеуге болады:
Толық күндік жұмыс уақытын жоғалту:
,
- толық бір күндік жоғалту нәтижесінде
өндіріс көлемінің өзгеруі;
=D1-D0
-
базалық кезеңдегі 1 өнеркәсіп персоналының
орташа күндік өнімділігі.
өссе,
онда
кемиді, ал
кемісе, онда
өседі.
Ішкі сменалық жұмыс уақытын жоғалту:
Орташа
мерзімдік өнімділіктің өзгеруінен
өндіріс көлмінің өсімі келесі формуламен
сипатталады:
R> Q – мұндай жағдайда бұл формула қолданылмайды.
100%< R< Q - мұндай жағдайда бұл формула қолданылады.
Еңбек факторының өндіріс көлеміне әсері келесі формуламен анықталады:
Q=r*D*П*wm
Жұмысшылардың санын үнемдеу және артық шығуын есептеу үшін келесі формула қолданылады:
Ү(А) =R1-R0*KQ
Ү – үнемдеу, - KQ= q1/q0
А – артық, +
R1 – есептік кезеңдегі жұмысшылардың іс жүзіндегі саны;
R0 – есептік кезеңдегі жұмысшылардың жоспарланған саны;
KQ - өндіріс көлемінің өзгеру коэффициенті.
Егер салыстыру өткен жылғымен немесе жоспармен жасалса, онда R0, KQ мәні сәйкесінше алынады.
Еңбек өнімділігінің өсуін есепке ала отырып, жұмыс күшін үнемдеу немесе артылуын есептеу үшін келесі формула қолданылады:
Ү(А)w =R1-R0(1+ KQ*Dr)
KQ - өндіріс көлемінің өсімі;
Dr – жұмысшы санының өзгеруінен өндіріс көлемінің өсім үлесі.
Жұмысшы күшін тиімді пайдаланылуын бағалау үшін персоналдар рентабельділігін қолданамыз:
R=N/ТЖС*100, N – сатудан түскен табыс.
Факторлық талдау үшін келесі формула қолданылады:
R=Ra*Ty*wr Ra – айналым рентабельділігі; Ty – сатылған тауарлардың жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі; wr – бір жұмысшының жылдық орташа өнімділігі.
4.Еңбек уақытының қорын үш бағытта талдаймыз:
еңбек уақыты қорының құрылымын талдау;
жұмыс уақытының қолданылуын сипаттайтын көрсеткіштерді талдау;
жұмыс уақытының қолданылуына әсер ететін факторларды анықтау.
Талдау жүргізу үшін кесте құрылады. ЕУҚ бір адамның бір сағатта орындаған жұмысымен сипатталады. Сондай-ақ бір айда, бір жылда орындаған жұмысты және ТЖС бойынша сипатталады.
Талдау кезінде мынандай жұмыс уақыты қорының түрлері анықталады:
Күнтізбелік жұмыс уақытының қоры – бір жылдағы барлық жұмысшылардың жұмыс істеген күнімен анықталады және мынандай формуламен есептеледі:
ТЖС*365=КЖҚ
Табельдік жұмыс уақытының қоры: КЖҚ-демалыс және мейрам күндері=ТЖҚ
Ең жоғарғы мүмкін жұмыс уақытының қоры: ТЖҚ-кезекті демалыс күдері=ЕЖМЖҚ
ЕЖМЖҚ екіге бөлінеді:
орындалған жұмыс уақытының қоры: іс жүзіндегі жұмыс уақытыынң қоры; жұмыс істеу тоқтатылған жұмыс уақытының қоры.
орындалмаған жұмыс уақытының қоры және оның себептері: жылдық демалыс, оқу бойынша демалыс, әкімшіліктің рұқсаты бойынша қосымша демалыс, ауырғандығы, себепсіз босату, тоқтатылу.
4. Қолданылмаған жұмыс уақытының қоры: іс жүзіндегі жұмыс уақытының қоры – КЖҚ
5. Ең жоғарғы қолданылмаған жұмыс уақытының қоры: іс жүзіндегі жұмыс уақытының қоры – ЕЖМЖҚ
6. Жұмыс уақытының бюджеті: орындалған жұмыс уақытының қоры*жұмыс күнінің ұзақтығы
7. КЖҚ қолдану коэффициенті=іс жүзіндегі жұмыс уақытының қоры/КЖҚ*100
8. ЕЖМЖҚ қолдану коэффициенті= іс жүзіндегі жұмыс уақытының қоры/ЕЖМЖҚ*100
9. ЕЖМЖҚ жоғалту коэффициенті= іс жүзіндегі жұмыс уақытының қоры-ЕЖМЖҚ
10. Сменалық коэффициенті=ең көп жұмысшылары бар сменадағы жұмысшылар саны/барлық смена бойынша жұмысшылар саны
11. Сменалық режимді қолдану коэффициенті=сменалық коэффициент/сменалық режим*100
Осы көрсеткіштерді анықтағаннан соң келесі үш көрсеткішрті есептейміз:
1. Белгілі бір мерзім аралығында бір жұмысшының жұмыс істеген орташа жұмыс күнінің саны:
К=жұмыс
істеген күндер саны/
- бұл көрсеткіш толық бір күндік жоғалтуды
сипаттайды.
2. Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы:
К=(жұмыс істеген сағат саны-артық істеген сағат)/жұмыс істеген күндер саны – бұл көрсеткіш жұмысшылардың өндіріс процесінде толық жұмыс бастылығын сипаттайды.
3. Бір жұмысшының орташа жұмыс істеген сағатының саны – негізгі жинақтаушы көрсеткіш:
К=жұмыс істеген сағат саны/
Толық бір күндік жұмыс уақытын жоғалту себептері: қосымша демалыс беру; материалдардың дер кезінде жеткізілмеуі; себепсіз жұмысты босату; басқа жұмыспен айналысу; көтеріліс.
Ішкі сменалық жұмыс күнін жоғалту: техникалық ақаулар; толық ұйымдастырылмау; қажетті жабдықтардың жетіспеушілігі; жұмысшының кінәсінен жұмысты тоқтату.
Жұмыс уақытының қорына факторлардың әсер етуін талдау үшін келесі формула қолданылады:
ЖҚ=r*D*П
Еңбекақының екі түрі бар: негізгі, қосымша.
Еңбекақының екі формасы бар: кесімді, мерзімдік.
ЕАҚ
талдау үшін мынандай абсолюттік айырманы
анықтаймыз:
бұдан кейін салыстырмалы айырманы
анықтаймыз:
-
айнымалы - өндіріс көлеміне байланысты;
- тұрақты - өндіріс көлеміне тәуелсіз;
Бұдан кейін факторлық талдау жасаймыз:
ЖЕҚ=D*П*CЕ
Еңбекақы қорын еңбек өнімділігінің өсу қарқынына қатысты үнемдеу және артылуын келесі формуламен есептейміз:
-
еңбекақы индексі;
- жылдық орташа өнімділігі.
Үнемдеу «–»
Артылу «+»