
- •Бактериялар
- •Әр түрлі бактерия спорасының жоғары температураға төзімділігі
- •Бактериялардың жіктелуі
- •Микроорганизмдер систематикасы
- •Бактериялар систематикасы
- •Вирустар
- •Бактериофагтар
- •Микроорганизмдер физиологиясы
- •Микроорганизмдердщ қореқтенуі
- •Микроорганизмдердщ тыныс алуы
- •Микроорганизмдер ферменттері
- •Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері
- •Түрлі тағамдарды сақтау мен консервілеуде микроорганизмдер қасиетін пайдалану
- •1) Салқын күйінде сақтау; 2) қатырып, яғни тоңазытып сақ-тау.
Вирустар
Бұлар бактерияларға қарағанда анағұрлым ұсақ, құрылысы қарапайым организмдер. Жай микроскоптармен керуге болмайды. Оларды 1892 жылы Д.И. Ивановский ашқан болатын (12-сурет). Ол зақымдалған темекінің жапырақтарын әбден езіп, әдеттегі бактериялар өтпейтін сүзгіден өткізгенде оның сүзіндімен бірге кететінін байқады. Осы сүзіндіні сау темекіге жүқтырса, қайтадан ауруға шалдығатыны анықталды. Бүл ор-ганизмдерді Д. И. Ивановский латынша вирустар, яғни «у» деп атады. Қазір бірнеше мың есе үлғайтып көрсететін микроскоп-тардың қүрастырылуы вирустарды жете зерттеуге мүмкіндік туғызды. Олардың 200-ден астам түрлері анықталды. Сондық-тан вирустар микробиологияда жеке клас ретінде қарастыры-лып, оларды вирусология ғылымы зерттейді.
Вирустарда ядро, цитоплазма, клетка қабығы өз ара жеке-ленбеген. Олардың мөлшері 10-нан 350 миллимикронға дейін барады. Мәселен, аусыл вирусының шамасы—10 т\х, қүтыру вирусы— 100—150 тц, темекі мозаикасы— 15 тц болады.
Вирустардың негізгі қасиеттеріне олардың микробтардан да өте үсақтығы; соның салдарынан бактериялар өтпейтін арнаулы сүзгілерден өтетіндігі; лабораторияда қолдан жасалған қорек-тік орталарда өсіп-дамымайтындығы; тек тірі клеткада ғана тіршілік ететіндігі; түрлі тірі немесе структурасы алдын ала бү-зылып, ұнтақталған тканьдерде, тауық жүмыртқасында өніп-өсе алатын қабілеттілігі; кейбір вирустардың кристалл түзетін де қасиеті бар.
300 мың есе үлғайтып көрсететін электрондық микроскоппен Қврағанда вирустардың өзіндік ерекшеліктері байқалды, оны пшінморфтық қасиет деп атады. Соның нәтижёсінде табиғатта-і ы шар торізді, эллипс пішінді, таяқша немесе жіп тәрізді түр-лері анықталды.
Олардыи хнмиялық қүрамы РНК-дан (рибонуклеин қышқы-лы) жонс ДІІҚ-дан (дезоксирибонуклеин қышқылы) қүралған нуклеонротеидтсрден түрады, Сонымен қатар клетка қүрамына епетін ферменттері бар белокты қабықтар да болады. Осы қабық вирустардың нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қо-лайсыз жағдайларынан сақтап тұрады. Ал вирустардың кейбір түрлерінде белок пен нуклеин қышқылдарынан басқа түрлі уг-леводтар, май тектес заттар, рибофлавин (витамин), биотин және жез молекулалары кездеседі. Жалпы вирустар тек тірі клеткада ғана өніп-өсіп, көбейе алады.
Вирустар тіршілік жағдайларына сәйкес әзгергіш келеді. Олардың осы қасиетін ескере отырып, Қазіргі кезде аса тиімді шипалық қасиеті бар вакциналарды жасайды.
Төменгі температурада вирустар тіршілігін жоймайды. Ал температура +55—60°-қа көтерілгенде олардың кейбіреулері бір сағаттың ішінде, ал көпшілігі +90 градуста қырылып бітеді. Вирустар құрғатуға да тезімді, олардың тіршілігі жо-йылмайды. Ультракүлгін сәулелер де бұларға күшті әсер етеді. Қептеген химиялық заттар: этил, метил спирттері, эфир және хлороформ, вирустарды қырып жібереді. Мәселен, құтырма ви-русына формалин, сулема және карбол қышқылымен әсер ет-кенде олар тез өледі. ҚазіргІ кезде ғылым вирустарды одан әрі зерттеуде.
Бактериофагтар
1896 жылы Н. В. Гамалея кейбір бактериялар сүзінді-сінің басқа бактериялардың клеткаларын ерітіп (лизис) жібе-ретін қасиетін анықтады. Ол топалаң вирусын тазартылған (дистиляцияланған) суда ерітіп, оны жаңадан өсірілген топалаң вирусына жұқтырады. Сонда бұл ерітінді жаңадан өсірілген вирусты ерітіп, құртып жіберген. Мұны бактериофагтар деп атады. Дәлме-дәл аударғанда ол бактерияларды «жеушілер» немесе «жалмаушылар» деген сөз (13-сурет).
Бұдан кейінгі зерттеулер басқа бактерияларды ерітіп жібе-ретін, табиғатта толып жатқан бактериофагтардың барлығын анықтады. Бактериофагтардың жеке түрлері белгілі бір бакте-рияны зақымдай алады. Ол тек ауру қоздырғыш бактериялар-ды ғана жойып жібермей, пайдалы түрлерін де жоя алады.
Бактериофагтардың пішіні де алуан түрлі. Олардың кейбі-реулері шар тәрізді қосалқы бұтақшалары бар денелер. Қейбір түрлері итшабаққа ұқсайды. Өз бұтақшасымен фагтар бактерия клеткасына бекіп, клеткасындағы заттары бактерия ішіне ене-ді, ал оның бұтақшасы мен сыртқы қабығы бактерия клеткасы-ның сыртында қалып қояды. Фаг клетка ішіне кірісімен өзінің зиянды әрекетін тигізе бастайды. Бактерия клеткасы бұдан ке-йін ісініп, жарылады да, одан жаңадан дамыған фаг бөлініп шығып, ол келесі клетканы зақымдауға кіріседі.
Бактериофагтардың шамасы 40—100 миллимикронға тең. Олардың бактериялар сияқты клеткалық құрылысы болмайды
және тек тірі клеткада тіршілік етуге бейімделген. Ол құрғақ-шылыққа, төменгі температураға, көптеген химиялық уларға төзімді. Бірақ 50 проценттік глицерин ертіндісі бактериофагтар-ды қырып жібереді, ал +80 градусқа дейінгі ыстықты олар оңай кетереді. Температура +100 градусқа көтерілгенде бактерио-фагтар қырылып кетеді. Фагтардың кебеюі небәрі 30—90 ми-путқа дейін созылады. Олар табиғатта ете көп тараған. Қазіргі ксзде бақтериофагтарды медицинада және ветеринарияда кей-бір зиянды ауру қоздырғыштарға қарсы қолданады.
Сонымен қатар бактериофагтар өндіріске, әсіресе тамақ өперкәсібіне көп зиян келтіреді. Мәселен, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынатын сүт тағам-дарының сапасын төмендетеді.