- •Бактериялар
- •Әр түрлі бактерия спорасының жоғары температураға төзімділігі
- •Бактериялардың жіктелуі
- •Микроорганизмдер систематикасы
- •Бактериялар систематикасы
- •Вирустар
- •Бактериофагтар
- •Микроорганизмдер физиологиясы
- •Микроорганизмдердщ қореқтенуі
- •Микроорганизмдердщ тыныс алуы
- •Микроорганизмдер ферменттері
- •Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері
- •Түрлі тағамдарды сақтау мен консервілеуде микроорганизмдер қасиетін пайдалану
- •1) Салқын күйінде сақтау; 2) қатырып, яғни тоңазытып сақ-тау.
Әр түрлі бактерия спорасының жоғары температураға төзімділігі
Бакериялар |
Қыздыру температурасына байланысты споралардың қырылыу |
|
800 С (сағат) |
1000 С (минут) |
|
Бациллус микойдес (топырақ микробы) Бациллус спорогенес (топырақ микробы) Бациллус антрахис (топалаңды қоздырғыш) Бациллус мегатериум (шіріткіш топырақ бактериясы) Бациллус субтилис (шөп таяқшасы) Бациллус ботулинус (шұжық уын түзетін микроб)
|
8 - - 16-17 74-75 -
|
10 60-120 10-12 15-16 175-180 350-ге дейін
|
Спора түзілу кезінде клетка ішіндегі заттар қатаяды да клетканың орта шеніне немесе бір шетіне жиналады. Мұнда клеткадағы су мөлшері күрт кемиді. Сыртқы қабығы қатайып, еш нәрсе өткізбейтіндей күйге көшеді. Сондықтан да бактериялық бояуларды қолданғанда спораларға ол өтпейді. Клетка спора түзгенде оны екі қабат қоршап тұрады. Сөйтіп сыртқы ортаның қолайсыз жағдайы спораға ешбір әсер ете алмайды. ІІішініне қарағанда, спора сопақша немесе дөңгелек болуы мүмкін. Спора әдетте вегетативтік клеткалардан әлдеқайда кіші болады, кейде оның вегетативтік клеткадан асып кетуі де мүмкін. Егер спора клетканың орта шамасында түзілсе, онда клетка — ұршық тәріздес (клостридиум); ол клетканың бір үшында пайда болса, барабан таяқшасы (плектридиум) сияқты болып өзгереді. Қолайлы жағдай туғанда спора өзіне ылғал тартып, ісінеді де сыртқы қабығы жұмсарып жарылады. Сөйтіп спорадан вегетативтік клетка пайда болады. Спорадан вегетативтік клетканың шығуы да 2 сағаттан артыққа созылмайды.
Спора түзу қасиеті көптеген бациллаларға тән. Олардың кейбіреулері, мәселен, топалаң және ботулизм бацилласы өз
2-сурет
Бактериялардың жіктелуі
денелерінен түрлі уды бөлуі арқылы адам мен жануарларды аса қауіпті ауруға ұшыратады.
Бактериялардың қозғалуы. Қозғалу қабілеті негізінен бактериялар дүниесіне тән қүбылыс емес. Бұлардың кей бір өкілдері ғана өздігінен козгалуға бейімді келеді. Бактериялар протоплазмалық талшықтары арқылы қозғалады. Бұл талшықтар кәдімгі микроскоппен қарағанда көрінбейді де электрондық микроскоппен қарағанда өте жақсы көрінеді. Жалпы алғанда бактерия талшықтарының ұзындығы клетканың денесінен аспайды, тек кейбір бактерияларда ғана ол клеткадан бірнеше есе асып түседі.
Бактерия клеткаларындағы талшықтардың саны түрліше болады. Егер бактерияның бір ғана талшығы болса — монотрихты, бірнеше талшығы болса — лофотрихты, талшық бактерия денесін түгел жауып жатса — перитрихты талшықтану деп атайды. Талшықтанудың соңғы түрі бактериялардың басым көпшілігінде кездеседі (3-сурет).
3-сурет
1,2,4, және 11. монотрихтар
5,6,12 және 13.лофотрихтар
3,7,8,9, және 10. перитрихтар
Бактерия клеткасы талшығының жиырылуынан қозғалады. Егер талшық клетканың бір ұшында орналасса бактерия тіке бағытта қозғалады да, денесінде жаппай орналасса (перитрихты)—клетка тәртіпсіз қозғалады.
Спора түзу барысында талшықтар түсіп қалады. Бактериялардың қозғалысына температураның жоғарылауы мен төмендеуіің түрліше әсері бар. Сонымен қатар ортада әр түрлі улы заттардың болуы талшықтардың қимылдау қабілетін жояды.
Бактериялардың қозғалу жылдамдығы түрліше болады. Мәселен, пішен таяқшасы секундына 10 микрон, оба вибрионы— 30 микрон, ал қозғала алатын басқа түрлері осы уақытта шамамен 2—10 микрондай қашықтыққа қозғала алады.
Бактериялардың көбеюі. Бактериялар бөліну арқылы көбейеді. Бөліну кезінде клетканың ортасынан біртіндеп қалқанша паііда болып, клетка ішіндегі заттарды екіге бөледі. Миксобактериялардың кейбір түрлерінде бұл байқалмайды. Егер таяқша тәрізді клеткалар бөлінгенде өз ара тең екі клетка пайда болса, оны изоморфты бөліну деп, керісінше, клетка бірдей тең екіге бөлінбей бөліктері әр турлі болса — гетероморфты бөліну деп атайды (4-сурет). Бөлінудің соңғы түрі, ересек бактерияларда байқалады. Бактериялардың көбею жылдамдығы орта жағдайларыпа байланысты болады. Егер бактерияларға қолайлы жағдай туса, олардың көбеюі де тездейді. Бактериялар үшін ортада қажетті қоректік заттар болып, жылу, ортаның реакциясы, аэробты бактериялар үшін оттегі жеткілікті болса, әрбір клетканың көбеюі 20—30 минут сайын кайталанып отырады. Сондықтан көбею жылдамдығы мен сыртқы орта жағдайының арасында тығыз байланыс, кейде тіпті тәуелділік бар деп те айтуға болады. Сөйтіп, азғана уақыт ішінде көлемі 1—2 микрондай болатын бактериядан орасан көп клеткалар түзіледі. Бактериялардың көбею жылдамдығын мына мысалдан айқын көруге болады. Егер 20 минут сайын клетка бөлінетінін ескерсек, ол бір тәулік ішінде 72 рет қайталап 272 = 472*1019 клетка пайда болады. Егер бір миллиард бактерия клеткасының салмағы 1 миллиграмдай болса, онда 472* 1019 клетка 4720 тоннага тең келеді. Осы бактериялар бір жұма бойына бөлініп отырса, клеткалар саны да орасан көп болып, бүкіл жер шар ынқаптап кеткен болар еді. Бірақ біз табиғаттағы мұндай құбылысты байқамаймыз. Өйткені пайда болған бактериялар клеткасының біразы сыртқы ортаның факторларының қолайсыз әсерінен қырылып кетеді. Аман қалған бірер организм қолайлы ортага түссе, тез бөлініп, жаңа ұрпақтар бере бастайды.
Жіп тәрізді бактериялардың бөлінуі ерекше. Бұлар жіпшелерінен жеке вегетативтік — конидий немесе гонидий деп аталатын арнаулы клеткалар түзу арқылы көбейеді. Клеткалардың кейбір түрлері қозғала алады. Оны зооспоралар деп атайды.
Ғылымда бактериялар көбеюінің бірнеше фазалары белгілі. Бұл микроорганизмдер тіршілігін басқаруға мүмкіншілік береді.
1. Көбеюдің тежелу фазасы. Мұны лаг-фаза деп те атайды. Бұл фазада бактериялардың көбеюі байқалмайды олар мұнда жаңа қоректік ортаға бейімделіп жатады. Бұл фаза 1—2 сағатқа созылады Фазаның аяқ шенінде клеткалар көбейе бастайды. Қоректік ортаға олардың әсері күшейе түседі.
4-сурет
бактериялардың гетероморфты бөлінуі
(200 мың есе үлкейтілген)
Көбеюдің актив фазасы. Бүл кезеңде бактериялар қар-қындап бөлінеді. Клеткалардың көбеюімен байланысты өсу жылдамдығы да арта түседі. Бұл екі сағаттай мерзімге созы-лады.
Стационарлық фаза. Қоректік ортадағы клеткалар саны ең көп мөлшерге жетіп, осы күйінде біраз уақыт түрады. Кө-беюдің осы фазасында тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда бол-ған заттар микроорганизмдердің көбеюін тежей бастайды. Клеткалардың көбею қарқыны баяулап, олардың біразы қыры-лып қалады. Сөйтіп жаңа пайда болған клетка саны, өлген клет-калар санына теңеледі. Бұл фаза бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылады.
Бактериялардың қырылу фазасы. Тіршілік әрекеті бары-сыпда пайда болған заттардың көптігі және күштілігі сонша-лық, ол бактерияларға зиян тигізе бастайды. Бүл кезде орта-дагы бактерияның қоректік заттары таусылады. Бұл фазаның үзақтығы түрлі микроорганизмдер үшін түрліше болып келеді. Мәселен, сүт қышқылы бактериялары +30° температурада 5—7 күн өткен соң қырылатын болса, шіріту бактериялары одан ұза-ғырақ тіршілік етеді.
