Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бакт.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.52 Кб
Скачать

Микроорганизмдер систематикасы

Микроорганизмдер систематикасының өзіндік ерекшеліктері бар. Бактериялардың өте ұсақтығы және өте тез өзгергіштік қасиеті систематикалық орнын анықтауға көп қиыншылықтар келтіреді. Қазір микробиологияда бактерияларды классифика-ңиялауда олардың толып жатқан қасиеттерін еске алады. Сон-дай-ақ, морфологиялық ерекшеліктері — клетка пішіні, мөлше-рі, қозғалуға және спора түзуге қабілеттілігі, Грам әдісімен боялуы, ерекше қоректік ортада өсу қасиеттері — ет-пептонды сорпада, ет-пептонды агарда және желатина бар қоректік орта-да осу ерекшеліктері, физиологиялық қасиеттерінен; қоректену, тыиыс алу ерекшеліктері, ортаға бөлетін заттарының түрі мен түрлі химиялық реакцияларға қатысы ескеріледі. Қазір Отаны-мызда және шетелдерде ұсынылып отырған бактерияларды класспфикациялаудың бірнеше әдістері бар. Бірақ бұларды аяқталған схема деп айту қиын. Өйткені олардың әрқайсысы-ның н.чіпе тон кемшіліктері мен жетістіктері бар.

Леман мен Нейман (1896 ж.) барлық микроорганизмдерді екі үлкеп топқа немесе қатарға бөлді. Оның бірі — шизомицет-тер, екіншісі — актиномицеттер (сәулелі саңырауқұлақтар) соңғы жылдардағы зерттеулермен байланысты бұған миксобак-териялар қатары қосылд'ы. Бұлардың әрқайсысының өзінде бір-неше түқымдас жәпе туыстар бар. Бүл системада микроорга тұқымдастарға бөлуде олардың сыртқы формасы, спора түзу қабілеттері ескерілсе, туысқа бөлгенде клетка ирек-тігі мен оны бөлетін аралық перденің орналасу тәртібі негізге алынады. Ал бактерияларды түрлерге бөлгенде, морфологиялық, қоректік ортада бактериялардың өсіп-даму қабілеті және физио-логиялық қасиеттері еске алынады. Осы классификацияға тоқта-лып, оның кейбіреулерін сипаттап өтеміз (1-схеманы қара).

Бактериялар систематикасы

Шизомицеттер қатары. Бұл қатар негізінен алты тұқымдас-қа бөлінеді: коккалар, бактериялар, спириллалар, спирохета-лар, десмобактериялар және бациллалар.

Қоккация тұқымдасына шар тәрізді бактериялар — кокка-лар жатады. Аталуына сәйкес олардың клеткасы шар тәрізді, көпшілігі қозғалуға қабілеті жоқ, спора түзбейтін формалар. Бұл тұқымдастьщ үш туысыныц 300-ден астам түрі белгілі.

Стрептококкалар бөліну арқылы көбейеді. Сарциналар кө-бейгенде сегіз-сегізден бірінің үстіне бірі тең тәрізді болып ор-наласады. Микрококкалар көбейгенде жеке-жеке клеткаларға ажырап, жүзімнің шоқ жемісіне ұқсап орналасады.

Бактериялар тұқымдасы. Бұған 300-ден астам түрі бар бак-теориялардың бір-ақ туысы жатады. Олардың клеткалары ци-линдр тәрізді жұмыр болады. Спора түзбейді, қозғалмайды.

Кейде олар бір немесе екі-екіден, болмаса моншак тәрізді тізіле орналаскан таяқшаларға ұқсайды. Топырақта кеңінен таралған және кейбір процестерді қоздырғыштар болып саналады.

Спиралляциялар тұқымдасы екі туыстан тұрады. Спирилла-лар туысына жататын бактериялар клеткаларының пішіні спи-раль тәрізді болады да спора тузбейді. Ал осы тұқымдасқа жа-татын туыс — оба вибриондарының пішіні үтірге ұқсайды. Тал-шықтары арқылы бұл екі туыстағы бактериялар да актив қозғала алады.

Спирохета тұқымдасы. Қлеткалары нәзік әрі ұзын болады. Кейде клетка ұзындығы еиінен 200 есеге дейін артады. Бұл тұ-қымдасқа бірнеше туыстар (спирохета, лептоспира т. б.) жата-ды. Негізінен олардың барлығы да ауру қоздырғыштар (мерез, іш сүзек т. б.).

Десмобактериялар тұқымдасы, бұларды жіп тәрізді бакте-риялар деп те атайды. Өйткені бұл тұқымдасқа жататын орга-низмдер көп клеткалы ұзын жіпшелер. Жіп тәрізді клеткаларда, темірдің және марганецтің гидрототықтары жиналатын қынап-тары бар. Бұл тұқымдасқа күкірт және темір бактериялары жатады. Күкірт бактериялары клеткаларының бір шеті ептеп шырышталған. Осы шетімен олар табиғи заттарға жабысып тұрады. Олар гонидии арқылы көбейеді. Го-нидийларының сыртын-да талшықтары өте көп. Сол арқылы олар қозғалады.

Бациллалар тұқымдасы. Ол тек бацилла туысынан ғана тұрады. Спора түзетін таяқшалар. Олардың қозғалатын да, қозғалмайтын да түрлері бар. Спора түзу кезінде ұршық немесе барабан таяқшасы тәрізденіп өзгереді. Бациллалар тұқымдасъшың 500-ден астам түрі белгілі. Олар табиғатта өте кең тараған, азотты және азотсыз қалдықтарды ыдыратуда өте үлкен роль атқарады. Бұлардың ішінде қауіпті ауруларды қоздыратын түрлері де бар.

Актиномицеттер қатары бұл қатарға бір клеткалы проакти-номицеттер және актиномицеттер деп аталатын екі тұқымдас жатады. Бірінші тұқымдасқа таяқша тәрізді, бұтақтануға бе-йім бактериялар жатады. Олардың бір ерекшелігі — бұтақтал-ған бір клеткалы мицелий түрінде өсуі (11-сурет). Оның бір ұшы ортаға бекиді де, екінші ұшы ауада қалады. Бұлар ауада-ғы мицелий ұшында пайда болатын споралар арқылы көбейеді. Актиномицеттер табиғатта кең тараған, олар топырақта, суда және есімдіктер мен жануарлар қалдықтарында тіршілік етеді. Сөйтіп топырақтағы органикалық қалдықтарды ыдыратып, гу-мус, яғни қарашірікті түзуге қатысады. Актиномицеттер ез де-несінен ортаға түрлі түсті бояулар (пигменттер) бөледі. Кейбір түрлері адам мен жануарларда болатын актиномикоз деп ата-латын қауіпті ауруды қоздырады. Актиномицеттердің өніп-өсуі-не ең қолайлы температура +23—27° жылылық, Қүрғақшылық-қа тезімді, кейде қүрғақ топырақта он жылдан астам уақытқа дейін тіршілігін сақтай алады. Оларға қолайлы қышқылдық (Рн) мөлшері 6,8—8,0 шамасында болуы жеткілікті. Топырақ-тағы актиномицеттер саны жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады. Мәселен, кездесетін микроорганизмдердің саны жал-пы санына шаққанда кектемде 20 проценттей, ал күзде 30 про-центтей болады. Топырақтың терең қабаттарында сирек кезде-седі.

Актиномиңеттердің ішінде басқа микроорганизмдер тіршілі-гін тежейтін, кейде оларды құртып жіберетін ерекше заттар белетін түрлері де кездеседі. Оны антибиотиктер деп атайды. Олар түрлі ауруларға қарсы қолданылып жақсы нәтиже беріп отыр.

Миксобактериялар қатары. Миксобактериялардың көпшілігі таяқша тәрізді. Бұлардың бактериялардың басқа топтарына қарағанда негізгі ерекшелігі көбею мен даму процесінің өте күрделілігінде. Кейбір түрінде жекеленген ядро болады. Қорек-тік ортаның бетінде түзілген колониялар аз уақыт ішінде оны жауып кетеді. Клеткадан бөлінген шырын ісініп, оны алға қа-рай жылжытып отырады. Қоректік ортаны алқызыл түске бояй-ды. Мұның миксококкус, полиангум, хондромицес және соран-гум деп аталатың туыстары бар.

Миксобактериялардың кепшілігі кеңде, шіріген ағаш қал-дықтарында, топырақта көп кездеседі. Олар табиғаттағы орга-никалық заттардың қалдықтарын, әсіресе клетчатканы ыдыра-татын организмдер.