
- •1.Шикізаттың зерттелетін түрлеріндегі полисахаридтерді және бос көмірсуларды сапалық және сандық бағалау. Зерттеу әдістерін валидациялау.
- •2. Целлобиозаның құрылысын анықтау, химиялық қасиеттері және биологиялық активтілігін түсіндіріңіз.
- •6.Альдозадан кетозаға өзара ауысуы жолдарын қарастырыңыз.
- •13.Глюкоза негізінде көмірсу мутаротациясына нақты масалдар келтіріңіз.
- •16) Олигосахаридтер.
- •23. Целлюлоза. Таралуы, өсімдік шикізатынан бөлінуі, құрылысы, идентификациясын көрсетіңіз
- •24. Крахмал(амилоза, амилопектин). Таралуы, өсімдік шикізатыннан бөлінуі, құрылысы, идентификациясы жолын ұсыныңыз.
- •35. Құрамында карбоксил топтары бар қанттарды (урон қышқылы) қалай анықтауға болады.
- •1. Шикізаттың зерттелетін түрлеріндегі полисахаридтерді және бос көмірсуларды сапалық және сандық бағалау. Зерттеу әдістерін валидациялау
13.Глюкоза негізінде көмірсу мутаротациясына нақты масалдар келтіріңіз.
Мутаротация екі түрге бөлінеді: жәй мутаротация және күрделі мутаротация . Жәй мутаротацияға жататын бірінші реттегі кері реакцияглюкоза. О және Н изотоптардың қолдануымен зерттелген. Глюкоза мутаротациясын зерттеу үшін глюкозид гидроксилын О18 бен таңбалаймыз, бұл таңбаның жоғалуы 30 рет баяу жүреді. Бұл жағдайда сақина ашылып, альдегид формасының түзілетінін көрсетеді. Ал таңбаның жоғалуы сақина ашылған кезде жартылай альдегид гидратының түзілгенін көрсетеді.Жәй мутаротация кезінде ерітіндіде тек αжәне βпиранозалар , ал күрделі сонымен бірге α жәнеβ фуранозалар кездеседі. Пиранозалар мен фуранозалар түрлерінің қатынастарына ерітінділер әсері бар. Оны мынадан түсінуге болады: қанттардың сулы ерітінділерінде гидратталып, көлемді болады да, тепетеңдік пираноза формалы кресло конфармациялы жаққа ауысады, бұл жағдайда көлемді орынбасарлар кеңістікке оңай орналасады.
Төменде күрделі мутаротация жүйесі келтірілген, глюкоза мысалында.
14) Рибоза пентоза тобынын моносахариді, түссіз кристалл түрінде болады. Суда онай ериді, тәтті дәмі бар. Арабинозанын эпимері. 1905 жылы ашылған.
Бета D рибоза Альфа D рибоза Ациклді түрі
Химиялық қасиеттері
Сутегімен немесе натрий амальгамасымен рибитке дейін тотықсызданады.
Альдегид тобы бойынша альдон қышқылына дейін тотығады
HOCH2[CH(OH)]nCOOH
Гидразинмен озазон түзеді.
Биологиялық активтілігі
Рибоза рибонуклеин қышқыл, аденозин, нуклеотид құрамына кіреді. РНК нын компонетті болып генетикалык транскрипцияда колданылады. Рибозанын туындысы дезоксирибоза ДНК компоненті болып табылады. Рибоза АТФ тагы баска метаболизмге катысатын заттар компонетті болып табылады.
15)
Көмірсулар химиясында қанттар құрылысын анықтауда және гидроксил топтарын қорғауда жәй эфирлердің маңызы өте зор. Метилдеу. Спирттік гидроксил топтарды метилдеудің бірнеше өдістері бар.Пудри әдісі- көмірсуға йодты метил және күміс тотығымен әсер ету керек. Өдістің кемшілігі заттың өзі күміс тотығымен тотығадыда , метилдеу гетерогенді ортада журеді.Хеуэрс әдісі-30пайызды сілтілік натриййдің сулы ерітіндісінің катысында диметилсульфатпен бөлме температурасында немесе суытылған жағдайда жүреді. Әдістің кемшілігі негіздік ортада кант деструкцияға ұшырауы мүмкін және күрелі эфирлердің жартылай гидролизі ьолуы ықтимал. Бұл реакцияны поташтың көмегімен жүргізген жөн. Кун әдісі бойынша көмірсуды йодты метил немесе диметилсульфатпен күміс тотығының немесе барий гидроксидінің қатысуымен диметилформамид немесе диметилсульфоксид ортасында жүргізеді. Бұл жағдайда реакция гомогенді ортада жүріп, реакция толық өтеді. Гликозидті гидроксилде метилденеді.Диолдардың тотығып ажырауы. Периодатты тотығу кезінде диолдар ыдырап көміртек –көміртекті байланыс үзіледі.
Реакция нәтижесінде пайда болатын сірке альдегиді , құмырсқа қышқылы , формальдегид фотометриялы анықталады. Ал периодаттың азаюын спектрофотометриялы әдіспен аныктайды.
Метилдеу
және периодатты тотығу әдістерін бірдей
қолдану қанттың құрылысын зерттеудегі
ең таптырмайтын әдіс, бұл әдіспен
тотығу циклдің мөлшерін, кұрделі
эфирдің байланысын, канттар арасындағы
байланыс ретін аныктауға болады.