- •24. Тұрақты сөз тіркестерін аудару.
- •25. Интернационал сөздер және аудармашының «жалған достары»
- •1. Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп
- •2. «Эквиваленттілік» терминінің қалыптасуы туралы.
- •1. Аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және
- •2. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының
1. Аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және
трансформациялық модельдер жатады.
2. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының
негізінде қалыптасқан.
Біз, болашақ аудармашылар кез келген аударма үдерісі кезінде сөздіктерде берілген баламаларды сәтті, орынды қолдану жүзеге аспай жататын жағдайларға жиі ұшырап жүреміз. Себебі контекстінің шарттары қатаң орындалуы тиіс. Мұндай жағдайда аудармашылар аударманың трансформациялық үлгісіне жүгінуіне мәжбүр болады және бұл мәжбүрлік түпнұсқа мен аударма тілдерінің арақатынасы нәтижесінде туындаған заңдылыққа бағынады.
Аударманың трансформациялық теориясының мәні аударма үдерісі барысында ой-мазмұнды толыққанды беру мақсатында түпнұсқалық лексикалық бірліктің ішкі формасын түрлендіруде немесе оны аударма тілінің лексикалық бірлігімен ауыстыруда. Аударманың трансформациялық үлгісін жасауда аудармашы аударма үдерісі кезінде қиыншылық тудырған күрделі мәселені тауып, оның шешімін табу үшін аударманың басты мақсаты оның адекватты болуы екенін ескере отырып, қажетті аудармалық трансформацияларды жасауы тиіс.
Біздің жұмысымыздың тақырыбы «Лексикалық трансформацияларды аударудың ерекшеліктері» деп аталады.
Осы тақырыпты зерттеуді қолға алған кезде біздің алға қойған мақсатымыз ағылшын көркем әдебиеті аудармасы материалы негізінде қазақшаға аударуда лексикалық трансформациялардың қолдану ерекшеліктерін анықтау болды.
Мақсатымызға жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:
Аударманың трансформациялық теориясын қарастыру;
Аудармадағы трансформацияның түрлерін анықтау;
Аудармадағы лексикалық трансформациялардың жіктемелерін қарастыру;
Лексикалық трансформация жасаудың тәсілдерін белгілеу;
Лексикалық трансформацияларға сипаттама беру;
Лексикалық трансформацияларға көркем әдебиеттен мысалдар қарастырып, оларды талдау.
Жоғарыда қойылған міндеттерді орындау барысында ғылыми зерттеу әдістерінің келесі түрлерін таңдадық:
Жалпылама таңдау әдісі;
Грамматикалық талдау;
Лексикалық талдау;
Синтаксистік талдау;
Семантикалық талдау;
Кешенді талдау әдісі;
Салыстырмалы анализ.
Біздің тақырыбымыздың өзектілігі аударма үдерісінде трансформация жасауды оқып-үйреніп алудың аса маңыздылығында. Қандай да бір қалыптағыдан тыс ерекше шарт қоятын контекстіде функционалдық қызметінен ауытқыған басқа бір бірліктер қолданылуы тиіс. Басқаша айтқанда, трансформация жасау қажет. Осы талап кей аудармашылардың назарына ілінбей жатады. Тілдік бірліктердің окказионалды қолданыс ерекшеліктеріне мән бермеу нәтижесінде аударма мәтінінде түпнұсқаның мазмұны жоғалып, аудармада әр қилы ағаттықтар мен кемшіліктер орын алады.
Біздің жұмысымыздың жаналығы деп онда бір мезетте лексикалық трансформацияларды жалпы аудармадағы трансформациялардың бір түрі ретінде жеке, яғни аударманың трансформациялық теориясы тұрғысынан және басқа трансформация түрлерімен салғастыра отырып, аудама теориясының аясында қарастырдық. Өйткені аударма үдерісі барысында әр түрлі трансформациялар бір-бірімен араласып, бірінің туындауын екіншісі қажет етіп жатады. Сондықтан біз кешенді талдау жасауды ұйғардық.
Бұл жұмыстың құндылығына келер болсақ, теориялық жағынан да, практикалық жағынан да аударма теориясы курсы бойынша маңызды материал көзі бола алады, өйткені мұнда лексикалық трансформацияға байланысты жан жақты ақпарат қамтылған.
Зерттеу материалына танымал американдық жазушы Эдгар Поның «Алтын қоңыз» және «Қара мысық» әңгімелерінің түпнұсқалары мен Б. Баймаханов жасаған аудармалары алынды.
Жұмыстың құрылымы мынадай: кіріспе, Ӏ, ӀӀ және ӀӀӀ, қорытынды бөлімдер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша. Ӏ бөлімде аударманың трансформациялық теориясының қағидаларымен таныстық. ӀӀ бөлімде трансформациялардың түрлерін, оның ішінде лексикалық трансформацияларды, олардың маңызын, пайда болу себептерін және жіктемелерін қарастырдық. ӀӀӀ бөлімде Ӏ және ӀӀ бөлімдерді теориялық негізге алып, нақты мысалдардың аудармаларындағы лексикалық трансформацияларға талдау жүргіздік.
Қазақстандағы аударма теориясының дамуы
Аударма қай уақытта да мәдениетте зор маңызға ие болған 20-ғасырдың орта шеңінен бастап халықаралық қатынасң ұлғаюынан,аударма ісі бұрыңғыдан да қажет, соның нәтижесінде әдебиет және мәдинет тұрғысынан, психология мен аудармаға қатысты зерттеулер ұлғая түсті. Аударма тарихы еуропалық жаңа дәуірде 16-17ғ-да түгелдей дерлік көркем әдебиет аудармасы ретінде қарастырылып келді. Аударма тарихы басқа тілдегі мәтінді екі түрлі жеткізу үрдісі болғандығын байқатады: 1) Түпнұсқа тілін дәлме-дәл жеткізуге негіз-ген сөзбе-сөз аударма 2)Түпнұсқа шығ-ң мақсатын “рухын” ғана қалдырып өз тілінің деңгейінен көруіне негізделген еркін аударма. Аударманың 1-ші түріне мысалға: Інжілдің грек латындық кейбір аудармаларын ортағасырлық еуропа халық-ның тіліне Аристотелдің философ-қ шағын ортағ-қ аудармаларын жатқызуға болады. Аударманың келесі түрі еркін аударма көбіне зайырлы мағыналы шығ-ға байл пайдаланған. Мысалы:грек тілінде жазылған шығармашылықтың жоғарғы үлгілерін латын тіліне аударуды алатын болсақ. Бұл аудармалардың теориялық негізіндегі мақсатын ұлы Цицерон(б.з.д) белгілеп берген еді.
Аударма өнері – тіл өнері. Аударма халықтың мәдени өмірінің, ғылыми білімінің, әдебиетінің бөлінбес бөлігі. Аударма – мәдениетінің өсіп өркендеуіне жол ашады. Аударманың ауқымы кең. Аударма деген басқа тілге дәл, әрі толық түрде өз төл тіліндегі ақпаратты жеткізу және керісінше басқа тілдегі ақпаратты туған тілінде сөйлету; Аудармада тіл халықаралық қатынастың маңызды құралына айналады.Ол бір тілден өлең, көркем проза,ғылыми және ғылыми көпшілікке арналған әрқилы еңбектер диплолатиялық құж-р,саяси қайраткерлеринің сөздері, газет-журнал баспалары сияқты толып жатқан дүниелер аударылуы мүмкін.Осының бәрі аудармашыға қойылатын үлкен талаппен жауапкершілікті қажет етеді. Кезінде Якобсон аударма туралы, деген жесінде аударманың 3 түрін көрсеткен: 1) Бір тілдің өзінің ішіндегі тілшілік аударма. Яғни бір тілдін лингвис-қ белгілерін басқа белгілерімен сиппаттау: түсініктеме,талдау, мазмұндау. Бір тілдің ескі нұсқасында жазылған жаңаша сөйлету. 2) Сөздің төл мағынасы аударма немесе тіларалық аударма. Яғни бір тілдің лингв-қ мағыналарын басқа тілге беру. 3) Симиотика аралық аударма немесе трансмутация. Яғни тілдің лингвис-қ белгілерін бейленгвистикалық белгілер жүйесі арқылы қайталау. Мысалы: белгілі бір роман немесе повесть желісінде кино түсіру немесе қойылым даярлау.
Тіларалық аударма өзге елдің мәдениетінің тілін, дәстүрін игеруде ерекше орын алады. Аударма арқылы басқа ұлттың мәдениетін танып, рухани қазынаны байыта түседі. Қабылдаушы - мәдениет үшін аударма маңызды рөл атқарады. Аудармада түпнұсқаның мәтіні ұлттық өзіндік консептік сферасының болуы арқасында, сол мәдениеттің өзіндік конгетивтік кеңестігі.
Концептосфера(концепттер әлемі) туралы айтатын болсақ осыны ғылымға орыс ғалымы, философы, академигі, мәдениеттанушысы Д.С.Лихачев енгізген болатын. Концепт деп қалыптасқан мәдениеттің ықпалынан туындайтын, әрі сол мәдениет өкілдерінен әлем бейнесін сипаттауына қайтпай тұрмайтын ядролық бірліктті айтты.
Мәдениеттің негізгі концепттеріне жалпы адамзаттық мәнге ие ұғымдар кіреді: отан, ұят, тағдыр, ерік-жігер, күнә, заң, еркіндік т.с.с. келесі бір орыс мәдениеттанушысы А.Я.Гуревичь мәдени концепттерді 2 топқа бөліп қарастырған: 1) мәдениеттің әмбебап концепттері: уақыт, кеңістік, себеп, өзгеріс, қозғалыс сынды “ғарыштық” философиялық категория. 2) еркіндік, құқық, байлық меншік сияқты категориядан тұрақты әлеуметтік концепттер. Аталғандарға қоса ұлттық мәдениет концепттері тағы бір топ құруға болады. Мысалы: Қазақ-ұлттық концепто-сферасын құрайтын төмендегілерді жатқыза аламыз: Атамекен, жерұйық, құт-береке, рух, пиғыл, ниет, тілек, арман, жомарттылық, сағыныш т.б. мәдениеттің негізгі концепттерінің ұжымдық тілдік санада рөлі зор, өйткені онсыз ұлттық өзін түсіну, оның дінін, арман-мұратын ұғу қиын. Ұлттық мәдениеттің концептосферасын танымай тұрып бір тілден екінші тілге көркем аударма жасау өте қиын.
Ендеше Аудармашы кім? Ол ғылыми тәжірибесі мол лингвистика жөнінде хабары бар; аудара алатын әрі басқа үй мәдениетінің концепт бір кісідей білетін дәнекер.
Аудармашы өзге ұлтпен өз ұлтының айырмашылығын қарастыра алатын мүмкіншілігі бар адам. Аударма ісінің озық үлгісі ұлттық әдебиетінің ұлттық мәдениетінің көтерілуіне үлкен септігін тигізеді. Аударма әрқашан өзіндік ерекшелікті сақтай отырып халықтар мәдениетін жақындастыруға еларалық байланыстың өсуін тереңдетуге қызмет етеді. Ол терең тамырланған ұлт мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз зор үлес қосады.
Қазақ аудармасының тарихында бүгінгі тәжірбесінде де тіларалық аударма, яғни өзге тілде жазылған шығарманы ана тілімізге және керісінше қазақ тілімізге шығарманы өзге ұлтың тіліне аудару өнері қалыптасқан. Қазақ тіліне алғашқы аударма үлгісі XVI-XVII ғасырларда келген. Араб-парсы шағатай тілдерінен ауысқан айтылғанын аңыз-ертегілер, неше түрлі мысал нақылдар осы пікірдің тиянақты тірегі бұлар таза аударма болмасада да мазмұндап қайталап айту түрлеріндегі түсініктеме аударма болған. Пушкин орысша былай деген: “Переводчики почтовые лошади просвящения”,- деген кезінде А.С.Пушкин
Расында да дәл солай, мысалға алысқа бармайақ өз мәдениетіміздің тарихымызға көз жіберер болсақ, одан біз орыс ғұламасының дәлелін табамыз. Аударма ісі, яғни тіларалық көркем аударма ретінде қазақ мәдинетінде XIX - ғасырдың екінші жартысында басталады.
Бұл орыс әдебиетінің алдыңғы қатарлы шығармаларын аудару мезгілі екенін. Осы бағытты басталған: Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А .Құнанбаевтарды жатқызуға болады. Ұлт пен ұлт арасындағы мәдени дәнекер болған, Абай аударма шебері деп айтуға толық негіз бар. Абай орыстың ақындарын ана тілімізде үйлесімді сөйлете білген. Абайдың кезінде өзі сусындаған, нәр алған орыс халқының классиктерін ана тіліне аударып өз халқына паш етуі үлкен рухани қажеттілікпен туған еді.
Абай орыстың Крылов, Пушкин, Лермонтов сияқты ұлы ақын-жазушыларының шығармаларын аударды. Аудара отырып олардан нәр алды, өлең жазудың шеберлігін, сөз сараптаудың, ойды бейнелеп айтудың асқақ үлгілерін үйренді. Абай заманында қазақ арасында аударма ісі мүлде дамымаған болатын, егер онымен бірең-сараң шұғылданушы табыла қалса да, негізгі мамандығының мұқтажына қажетті қосалқы құрал ретінде қараған, мысалы: көрнекті ағартушы және тұңғыш педагог Ы. Алтынсариннің осы саладағы еңбегіне назар аударсақ соның куәсі боламыз. Ол жас жеткіншектерді оқытуға себтігі тиетін бірнеше ғибрат-әңгімелерді орысшадан қазақ тіліне аударған, бірақ бұл игілікті іспен кең көлемде және арнайы айналысқан жоқ. Ы. Алтынсариннің аударғандары негізінен Толстойдың, Крыловтың, Ушинскийдің Паульсонның шығармалары еді. Ш. Құдайбердейівті де аудармашы ретінде тани аламыз. Оның көркем аудармаға қосқан үлесінің шоқ жұлдыздары Пушкиннің “Дубровский” және “Боран” хикаясы болды. Ә.Бөкейхановтың қазақ тарихындағы саяси орнын бәріміз білеміз, ал оның қазақ мәдениетінде аудармалы ретіндегі өзіндік орнын екінің бірі біле бермейді. Оның кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасының ең көлемдісі көркем аударма. Аудармаларының ішінде орыстың классик жазушылары Л. В. Толстой, А. П. Чехов, В. Г. Кароленко, Д. М. Сибиряк сынды жазушылардың Еуропа өркениетті елдерінің қаламгерлері Ги Де Мопассан әңгімелерін, сондай –ақ үнді, түркі тектес халықаралығының әдеби шығарманын және антикалық дәуірдің жәдігерлерін аударғаны ұшырасады.(Жәдігер-мұра, ескерткіш).
Абай аудармалары қазақ әдебиетінің тарихында болған үлкен оқиға. Аудармашыға қойылатын ең бірінші талап: оның екі тілді де барынша жақсы меңгеруіне байланысты болса, оған қоса аудармашыға тіл сырын, сөз мәнін, көркемдіктің қадірін білетін өмірге суреткерше қарап әрбір көрініс пен құбылысты көркемдік , әсемдік тұрғысынан ұғына алатындай қиялы ұшқыр, ойы терең,жаны сергек те сезімтал ақындық-жазушылық дарынның иесі болуын керек етеді.
Ақынның әдеби мұрасы ішінде аударма үлгілерінің өзіндік орны мен салмағы бар. Аудармаға арнаған 15-жылында үлкендігі – кішілігі 50-ден астам шығарманы орыс тіліне қазақша аударыпты. Ол Пушкиннің “Евгений Онегин” атты шығармашылығынан жеті үзінді, Лермонтовтан 30-ға таяу өлең, Крыловтан 12 мысал және басқа авторлардан 7 өлең шамасыонда аударған.
Абайдың жасаған аудармаларының дәл не еркін болуы әр-түрлі тарихи жағдайлардың жемісі. Өз заманындағы оқушы көпшілікке аударманы ұғымды ету үшін азды - көпті алшақтыққа Абай саналы түрде барған, біріақ ол еш уақытта Пушкиннің негізгі сарынымен рухын мүлде өзгертіп көрген емес. Пушкінді қазақшалағанда Абай қайтседе оның мәтініне тың жолдар енгізіп, өнер таластыруға және орыс ақыны тапқан желіні бұзып соны тақырыпққа әдейілеп барған жоқ. Ол түп нұсқасынан алшақтау кесте оны қазақ оқырмандарының қамын жемеуінен туған заңды көрініс деп білу керек.
Абайдың екінші сүйіп аударған ақыны М.Ю Лерментов. Абайдың ерекше зейіні қойып аударған үшінші ақыны орыстың атақты мысалшысы И.А Крылов. Аударма өнері жолға қойылмай тұрған шақтың өзінде Крыловтың бір мысалын, (Қарға мен түл) содан кейін Абай оның 12 мысалын қазақ тіліне аударды. Крыловтың өсиетшіілдік бағыты басымырақ шығармаларын Абай дем қоя аударған.
Қазірдің өзінде Абайдың кейбір аудармалары көркемдік қасиеттерімен дәлелдері жағынан кейінгі буын талапкерлердің бәріне қол жетпес үлгі болып келе жатыр.
Қазақстанда аударма тарихы мен теориясын зеріттеу жұмысы ғылыми әдебиетте аударма жайында алғаш пікір айтқан Сәкен Сейфулиннен бастау алды.
Спандияр Көбеевтің “Үлгілі тәржімәсі” (тәржімә-аударма) Молдияназ Өтетілеуовтың “жиған тергені” және басқа авторлардың жарияланған аударма туралы ойлары Қазақстанда аударма өнерін өркендетуге айрықша қызмет атқарды.
Аудармашы өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Аударма әрқашан адамдар, қауымдар, тайпалыр, қамықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік экономикалық, рухани, ғылыми қары-қатынастың алыс-беріістің айырбастың құралы. Аударма – ел тану жолы.
Достықтың, ынтымақтастықтың, тәжірибе-тағылым алмасудың делдалы. Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсігудің құралы. Олармен қарым – қатынас жасаудың делдалы, дәнекері. (делдал, дәнекер – біріктіруші, байланыстырушы).
Қазақ халқының Ресейге қосылған кезінен басталады. Орыс ғұламалары мен әдебиетшіллері бұл дәуірде, бір жағынан, қазақ тақырыбын орыс әдебиетіне әкелсе, кінші жағынан, қазақ оқымыстылары орыс дәуірдің бастапқы кезінде, жоғарыда айтқанымыздай, әуелі әр түрлі сөздіктер жасалды. 49- орыс сөзінің қазақша және маңғолша аудармасының қолжазбасы. 1774 жылы жазылған орыша-қазақша сөздіктің колжазбасы. Аударма ісіне мемлекеттік қамқорлық күшейді. Ол мемлекетік ісіміздің құралына, халықтардың рухани қазынасына, өздерін де, әдебиеттерін де туыстыратын дәнекерге айналды.
Бұдан бұрынғы аудармада еркін және сөзбе-сөз аудару тәсілі басым болатын.Аударманың теориясы мен тәсілі, аудармашының шеберлігі жайында ғылыми-зерттеу жұмысы жоққа тән еді.
Аударма техникасы
1.Аударма барысының сатылары. Сөздікпен жұмыс істеу техникасы.
2.Аудармашының стратегиясы. Аударманың техникалық амалдары.
Қазіргі «ақпараттар легі» ғасырында аудармашының жұмысын
сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, аудармашы арнайы
терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, ақпараттың қандай дереккөздері
бар екенін және оларды қандай ретпен әрі қалай пайдалану керектігін білуі
қажет.
Ақпараттың барлық дереккөздерін екіге бөлуге болады:
1) Жалпы дереккөздерге жалпы қолданысқа арналған сөздіктер мен
энциклопедиялар жатады.
2) Арнайы дерек көздерге– арнайы сөздіктер, арнайы энциклопедиялар,
анықтамалықтар және ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына арналған
арнайы әдебиеттер жатады.
Теоретикалық модельдер мен аудармашының аудармашылық трансформациялардың көмегімен орындалатын аударма процесін суреттеу өз алдына аудармашыға нақты іс-әрекеттер мен аудармашылық мақсаттарды қажет етпейді. Мұндай суреттеу аударманың лингвистік процестеріне тән, түпнұсқа мен аударманың арасындағы қатынастар мен мәтіндегі жеке бірліктер, бұл бірліктер арнайы лингвистикалық қайта құрудың нәтижесі болып табылады. Осындай қайта құрулар аударма тәсілі ретінде қарастырылады және аудармашы осы тәсілдерді керекті кезде пайдалана алады. Аударма процесінде аудармашы әрқашан аударылатын тіл мен аударылатын тілдік бірліктерді салыстырып отырады. Аударылатын тілді қолдана отырып аудармашы түпнұсқаның мағынасын түсінеді, аударылған тілдің көмегімен мәтінді аударады.Осыған байланысты аударма процесінде бір-бірінен өзгешеленетін екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезеңге аудармашының түпнұсқадан ақпаратты алу әрекеті жатады. Екіншісіне- аударылған тілде жасалынатын барлық қажетті әдіс-тәсілдерді жатқызуға болады.Ақпаратты алу кезеңі түпнұсқаның мағынасын түсінумен анықталады. Яғни бұл кезеңде аудармашы түпнұсқадағы барлық ақпаратпен танысып, оның толық мән-жайын түсінеді. Содан кейін аударуды бастайды. Кейде мәтіннің мазмұны күрделі ақпараттық жүйеден тұруы мүмкін, сондықтан да аудармашыдан ойлау қабілетінің жоғары болуы талап етіледі.Аудармада түсінік ұғымын екі жолмен анықтауға болады: түпнұсқаның мағынасына жалпы қорытынды жасау мен аударылатын тілдің құрамын жасау. Аудармашы аудармның мазмұнын жете ұғынып, оны аудармада дәл жеткізу қажет. Мысалы, мына сөйлемде: It is important to get clear which are the structural and instutional impediments that prevent Britain from making the best use of its resources. Ағылшынның құрушысына (рецептор) institutional сөзінің нақты мағынасы қажет емес, себебі бұл сөз басқарма, көпшілік, жалпы әлеуметтік институтпен байланысты. Ал аудармашыға бұл сөздің жалпы әлеуметтік институтпен байланысты. Ал аудармашыға бұл сөздің жалпы мағынасыз жеткіліксіз, өйткені ол түпнұсқаның нақты мағынасын жеткізе білуі керек.
Аударма процесіндегі екінші кезең – аударылатын мәтін құрастыру үшін тілдік бірліктерді кездестіру және бұл жерде аудармашы тұрғысынан аударылған тіл кәдімгі тілдік қарым-қатынастардан өзгешеленеді. Бұл жерде аударылатын тілдің нормасына байланысты емес, екінші бір аударылатын мәтіннің ерекшеліктеріне байланысты.
Түпнұсқаның мағынасын баламалы түрде берілуінде аударылатын тілде ешқандай шектеулілік болмайды: аударма түпнұсқа мәтіннен жиі қолданылатын құрамымен, түпнұсқаның аналогиялық құрамы, жасанды тілдік бірліктердің көп мөлшерімен, лексикалық бірліктермен, түпнұсқада жиі айтылатын сөздерді қолдануымен ерекшеленеді. Аударылатын тілдің көптеген аударма актісінің нәтижесі бойынша өзіндік жүйе қалыптасады.Осы айтылған екі кезең аударма кезінде тығыз байланыста болады. Аудармашы аудару барысында екі тілдің бірліктерін іздестіріп, түпнұсқаға қажетті бірліктерді салыстыра отырып аударады. әсіресе аударма барысында аудармашы сөздіктермен жұмыс жасай білуі керек. Кейде сөздікте көрсетілген сөздер түпнұсқаның мағынасымен сәйкес келеді, мұнда аудармашы бұл сөздерді қолданады. Ал егер түпнұсқада берілген сөздер сөздікте болмаса, онда аудармашы аударылатын тілден керекті бірліктерді іздестіре отырып, сөйлемнің мағынасына қарай аударады. Аудармашы мына сөйлемді аударып жатыр деп есептейік:
The United States worked out a formula which later came to be known as dollar diplomacy.
БАРС бойынша formula сөзінің төрт түрлі мағынасы бар: «формула», «рецепт», «догмат» және «шаблон», бұлардың біреуін де берілген сөйлемге қолдануға болмайды. Бірақ аудармашы сөздіктегі нұсқалардың мынадай әдістерін қолдана алады: 1) formula сөзін сөздіктен іздеп табу: «формула рецепт»- «жұмысқа басшылық» 2) табылған сөзді нақты жағдайларға ауыстыру(біздің мысалда бұл саяси өмірге қатысты), саяси сөзде жұмысты басқару бұл бағдарлама, платформа, докторина. Енді сөйлемді аударайық:
АҚШ жақында саяси бағдарламаны ойлап тапты, уақыт өте келе бұл саясат долларлық дипломатия деп аталды. Түпнұсқаның жалпы мағынасы аудармада іздестіре берілмейді.
Аударма барысында нақты стратегия мен техникалық тәсілдер түпнұсқа мен аударылатын тілдің қарым-қатынасына тәуелді. Ең бастысы аудармашы түпнұсқаның мағынасын түсінуі керек. Тек қана түсінген мәтінді ғана аудармашы аудара алады. Бір жағынан түсінік түрлі деңгейде болуы мүмкін, ал екінші жағынан аудармада сәйкес келетін бірліктерді пайдалануымен түсіндіріледі.
Екінші принцип- аудармашының мақсаттарын анықтауға бағытталған және мұнда түпнұсқаның әріптерін емес, мағынасын аудару керек делінген. Түпнұсқаны әріптермен жеткізу бұл тек қана арнайы жағдайларда қолданылады, мысалы транскрипцияда немесе транслитерацияда. Мәтіннің толық мағынасы дұрыс тілдік бірліктерді қажет етеді.
Үшінші принцип аударылған мәтіндегі маңызды элементтерді анықтауға бағытталған. Мысалы аудармашы түпнұсқаның мазмұнын толық түрде жеткізді дейік. Ол тікелей аударма барысында түпнұсқаның ең жақын лексикалық бірліктері мен аналогиялық синтаксистік бірліктерін қолданады. Бірақ аудармашыға түпнұсқаның мағынасы бірдей емес. Бұл жағдайда аудармашы түпнұсқада басыңқы және басты басты элементтерді анықтап алып, керек болған жағдайда басыңқы элементтің көмегімен басты элементті толықтай жеткізеді. Осы аудармада бір мезетте логикалық және түпнұсқаның коннотативті құрамын таңдауы тиіс:
Сөйлемнің басты элементтері болып тілдік бірліктегі лингвистикалық мағыналары болуы мүмкін. Мәтінде жәй берілген сөздер көп мағыналы немесе омонимдерден тұруы мүмкін. Бұл кезде сөйлемнің доминанты құрамы формалды байланысқа айналады.Байланыс ойын сөздердің аудармада құрамын сақтап қалуына көмектеседі.
“Can you herd sheep? “Do you mean have I heard sheep? (O. Henry)
Сіз қойларды баға аласыз ба?
Аудармашы айтылуы бірдей herd пен heard сөздерін «бағу» және «көмектесу» сөздерімен алмастыры.
Мәтіндегі доминанты құрамдарын анықтап, айтылған ойдың нақты мағынасын беру аудармашылық тәжірибенің басты бөлігін құрайды.
Аудармашының төртінші принципі постулатпен шектеледі, мұнда сөйлемнің жеке бөліктеріне қарағанда, жалпы мағынасы басты орын алады. Жоғарыда айтылып өтілген үш принциптен айырмашылығы оның ақпаратты жеке бөліктерге емес, оның жалпы мағынасын қамтиды.
"Isn't it nice here", she said, "All Dickens. And look at that little waiter there with
the funny face. He is utterly swine ".(J. Braine)
Бұл жер өте тамаша екен, солай ғой?-деп ойын білдірген Сьюзен. Тура Диккенсдікіндей. Мына кішкентай бойлы күтушіге қараңызшы, бет-әлпеті сондай күлкілі. Ол торай секілді толық .
Мысалда көрсетілген сөйлемнің құрамы өзгертілсе де, толық аударманы беріп тұр. Тағы бір айта кететін жайт- аударма аударылатын тілдің нормаларына сәйкес келуі керек. Аудармашы түпнұсқаның формасына байланыссыз, өзі тұрғысынан өзгертіп, әсемдеп табиғи пішінге келтіріп аудару керек.
Аударманың бағдарламалық принциптері арнайы техникалық әдістермен толықтырылады. Осы толықтырулар аудармада толық баламалықты береді. Көп жағдайда қолданылатын тәсілдерге орналастыру, қосу, лексикалық бірліктерді түсіру жатады.
Лексикалық бірліктерді орналастыру тәсілі түпнұсқаға жақын келетін сәйкес сөздерді қолдануды қарастырады.
Сөйлемде сөздерді орналастыру түрлі грамматикалық орын ауыстырулардың көмегімен жасалынады:
Ең басты қосу әдісі прогматикалық фактолармен негізделген мәтіннің мағынасын анықтауға бағытталған.
Тастап кету тәсілі қосу тәсіліне қарама-қарсы және мәтінде синоним сөздерді тастап кетуге негізделген. Аударылатын тілдің қайсысы болмасын мағыналары жақын синонимдес сөздердің біреуін түсіреді. Ағылшын тілінде синонимдес сөздерді қолдану ораторлық стильге тән.
Ғылыми- техникалық стильде синонимдер техникалық терминдерді анықтауға көмектеседі.
Техникалық тәсілдерді қолдану аударманың барлық түрлеріне жарамсыз, ол тек қана аударманың бір кезеңінде қолданылады. аудармашылық трансформация ретінде сөзбе-сөз аударманы жатқызуға болады. Бұл кезде аудармашы түпнұсқаның бөліктерін сөзбе-сөз аударып, осыған сәйкес баламалы бірліктерді қарастырады
неологизмдер
Неологизмдер дегеніміз – ғылым, мәдениет, өнер және қоғам өмірінің өзгерісінен тілде туындайтын жаңа сөздер жиынтығы. Неологизмдердің екі негізгі түрлерін айыра білген жөн, олар: жаңа сөздер және көне сөздердің жаңа мағыналары. Осы екі түр аудару әрекетінде қиындықтар туғызады. Себебі, мұндай сөздер мен мағыналарды кәдімгі, тіпті, ең жаңа ағылшын – қазақ сөздіктерінен табу мүмкін емес. Кез-келген сөздік жаңадан туған жаңа мағына беретін сөздерді енгізуде бірнеше жылға артта қалатыны әрбір аудармашыға белгілі. Бірақ сөздіктің артта қалуы аудармашы үшін тығырыққа тірелетін мәселе емес. Ағылшын – қазақ сөздіктерінде, сондай-ақ қазақ – ағылшын сөздіктеріндегі неологизмдердің кеш тіркелуі, олардың (неологизмдердің) тілдегі уақытша немесе өткінші қолданыс аясында болатындығы басты фактор. Яғни, бұл, слэнг саласында туындайтын фактормен пара-пар. Кеңес лингвисті, лексикограф И. Р. Гальпериннің айтуы бойынша «Бірде-бір сөздік неологизмдердің пайда болуын бірден тіркемегені жөн», өйткені неологизмдер және басқа да образды сөздер мен сөз тіркестер, слэнгтар тілде, әсіресе, ғылым мен техника салаларында тез пайда болады. Сондықтан ағылшын лексикографтар кейде неологизмдерді «окказиональды» деп атайды, яғни, бұл, тілде аяқ астынан пайда болып, қолданысқа ие болған сөздер дегенді білдіреді. Аудармашы неологизмді кездестірген жағдайда не істеу керек? Біріншіден, аудармашы, контекстің құрамын негізге ала отырып, контекс анализы арқылы неологизмнің мағынасын табады. Атап айтқанда, мынадай бірнеше аудару әдістерін қолданады: лексикалық трансформация әдісі, транскрипциялау әдісі, транслитерация әдісі, калькалау әдісі, конкретизация әдісі, генерализация, яғни жалпылау әдісі, модуляция немесе мағыналық даму әдісі. Неологизмдерді аударудың ең кең тараған әдісінің бірі, ол қазақ тіліндегі сәйкес келетін аналогты таңдау арқылы аудару. Өкінішке орай, қазақ тіліндегі неологизмдер сөздігі өте сирек жарыққа шығады. Бұл орайда аударманың бірнеше әдістеріне қысқаша тоқталайық: Формальды аудару әдістері: лексикалық трансформация әдісі, транскрипциялау әдісі, транслитерация әдісі, калькалау әдісі Лексикалық трансформация әдісі аудару әдістерінің ең қысқа да ыңғайлы аудару жолы, түсінік беру арқылы жүзеге асады. Яғни, ағылшын сөздерін қазақ тіліндегі сәйкес келетін эквиваленттерімен аударылады, мысалы: collar workers — қызметші, қызметкер; gravitation — жердің тартылыс заңы; to model the behaviour of fluids – газ тәрізді немесе сұйық заттардың қозғалыс тәртібінің үлгісін бейнелеу. Транскрипциялау әдісі – шет тіліндегі сөздің түпнұсқасын дыбыстау арқылы аудару. Бұл әдіс жер, су атауларын, ұйымдар атауларын, көптеген неологизмдерді аударғанда кеңінен қолданады мысалы: Automation is one of the ways to increase production – Автоматизациялау өндірісті арттырудың бір жолы. Транслитерация әдісі дегеніміз – аудармада сөз түпнұсқасын графикалық формасының берілуін айтамыз. Мысалы: The Finnish plant was built on 60-year purchase contracts signed by electricity buyers, by a firm (the French Areva) that scarcely seems to be making good money on the deal. – Финдық құрылыстар, Areva атты француз ұйымының электр тоғын сатып алушылардың келісімі бойынша 60 жылға салынған және де жақсы кіріс, табыс алып келетін сияқты. Калькалау әдісі дегеніміз – сөз элементтерді, сөз тіркестерді аударып, оларды бір бірлікке біріктіру әдісі. Мысалы: superpower = сверхдержава, дамыған мемлекет, polyethylene = полиэтилен, maneuver – өздігінен әрекет ету, first-strike weapon = бірінші соққыдағы қару және т.б.. Сөз бірліктерінің ізділігі де өзгеруі мүмкін. Негізгі аудару әдістеріне жататындар: конкретизация әдісі, генерализация, яғни жалпылау әдісі, модуляция немесе мағыналық даму әдісі. Конкретизация әдісін қолдана отырып, аудармашы берілген сөздің аударылатын тілдегі сөздің нақты мағынасын қолданады. Мысалы: The settlement may be considered to be of primary importance to the industries concerned. – Бұл шешім, өнеркәсіптің қатысты салаларына шешуші маңызы бар деп есептесек болады. Можно считать, что это решение (урегулирование) имеет решающее значение для тех отраслей промышленности, которых оно касается. Генерализация, яғни жалпылау әдісі, шет тіліндегі тар шеңберлі сөздің аудару тіліндегі кең шеңберлі сөз бірлігімен алмастыруды білдіреді. Мысалы: to dissipate сөзі қазақша – арылу; бытырау; себу; сейілу; серпілу деп аударылады бірақ «to dissipate high power» сөз тіркесі – «жоғары деңгейде қуат өндіру» — деп аударылады. «performance» сөзі қазақ тіліне 1) атқару, 2) ойнау,орындау (сахнада), 3) қызметі (құрал-жабдықтың). Бірақ, қазақ, орыс тілдеріне аудару кезінде жоғарыдағы аудармалардың бірден-біреуі қолданылмайды: «The awful performance of state-owned enterprises and the growing potential of a financial disaster are surely the Achilles» heel of what is called China»s “primary stage of socialism» — сөйлемде «The awful performance of state-owned enterprises…» – «Мемлекеттік ұйымдардың нашар жағдайы», «Ужасное состояние государственных предприятий…» – деп аударылады. Модуляция немесе мағыналық даму әдісі дегеніміз – шет тіліндегі сөздің аударылатын тілге бастапқы бірліктің мағынасынан логикалық тұрғыдан аударылуын айтамыз. Мысалы: to filter out unwanted frequencies – жағымсыз жиіліктен құтылу. Радионың пайда болуы мынадай неологизмдердің пайда болуына себепкер болды: (radio) receiver – радиоқабылдағыш, radio inte – ference – радиокедергі, to radio – радио арқылы хабарлау. Атомдық энергияның дамуымен қатар жаңа неологизмдер де қолданысқа ие болды: atomic-powered vessel – атомдық кеме, decontamination – қатерсіздендіру, dosimeter – дозиметр (радиацияны өлшейтін құрал) және т.б. Шындығында, неологизмдер, тілдегі бар сөзжасам әдістерін қолдана отырып, тілдік салттың негізінде пайда болады. Мысалы, ағылшын тіліндегі неологизм to dieselize етістігі diesel сөзіне -ize жұрнақ жалғануы арқылы жасалды, мынадай сөздік бірліктерді негізге ала отырып: to equalize, to organize. Егер контексте сөздікке енгізілмеген неологизм кездессе жоғарыда айтып кеткендей, аудармашы контекстік мағынаға және де сөзжасам бірліктеріне сүйене отырып, өз бетінше неологизмнің мағынасын анықтайды. Мысалы: Сөйлемде сөздікте жоқ propellant неологизмін кездестіреміз, бұл сөздің мағынасын анықтайық: Сөзді – ant жұрнағынан бөліп қарастырайық, түбір сөз propel (екінші l әріпін алып тастап). Сөздіктегі propel сөзінің етістік ретінде мағынасы: алға шығу, қозғалтқышты іске қосу-ant жұрнағы зат есімнен етістік жасаушы жұрнақ екендігін ескере отырып мағынасын анықтасақ — propellant: іске қосушы зат. Контекстің құрамына байланысты сәйкес мағына табамыз: жағармай. Толық сөйлемді аударсақ: Реактивті ұшақтар үлкен көлемде жағармайды жұмсайды. Етістіктердің мағынасы, жоғарыда атап өткендей, түбір сөздің мағынасынан табылады және де міндетті түрде контекстің бірыңғай мағынасына сәйкес аударылады. Кірме неологизмдерді аудару кезінде мағынаны ашатын контекс болып саналады және де, әрине кірме сөздің тіліндегі сөздік қана көмектеседі. Ғылыми-техникалық прогрестің шарықтауына байланысты қоғамымыз жаңара түссе, тіліміздегі төл сөздеріміз де қоғаммен бірге жаңарып, жаңа атаулармен толығып отырады. Тілдегі сөздік қордың да байи түсуі осындай тілімізге енген жаңа сөздердің үлесі. Сонымен, түпнұсқаны дұрыс, әрі нақты жеткізу үшін, аударма тілінде тек қажет сөздерді тауып қана қоймай, оларды сәйкес грамматикалық үлгіде жеткізе білу қажет. Оған қоса көп жағдайда еш есептен шығаруға болмайтын стилистикалық факторлар да араласады. Аудару – басқа тілде айтылған нәрсені, екінші бір тілде толық, әрі дұрыс білдіру. Аударма – тілдік қонақжайлылық, кеңпейілділік, кеңшілік түрі. Аударма өзге тілді өз тіліңдей қабыл алып, өзге тілге мейірбандық таныту. Ол беталды жасалған тегін әрекет емес. Аударма – өз тіліңді қайта ашудың, өз тіліңді байытудың, соның әсерінен өз мәдениетіңнің көкжиегін кеңейтудің пәрменді құралы.
Фразеолагизмдер