Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
audarma_teoriasy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.66 Кб
Скачать

22. Қазақ аударма ғылымының дәуірлеу мәселесі.

Бұл модульде мынадай тілдік мәселелер оқытылады: ғылыми, публицистикалық, көркем әдеби стильде, іс-қағаздар стилінде жазылған мәтіндердің аударылуы, тілдік қолданыстары, ондағы сөзжасам мәселелері.

Аударудағы сөздерді дұрыс, орнын тауып қолдану, оладың грамматикалық тұлғаларының да дұрыс қолданылуын талап етеді. Онымен қатар қазақ тіл біліміндегі сөзжасам саласының да тұрақты орнығуына септігін тигізеді. Осы пәнді оқу барысында аударма, оның ғылыми-теориялық мәселелері, сөзжасамға қатысы туралы докторанттар көп мәлімет ала алады.

23. Сөздіктер және олардың аудармадағы орны.

Сөздіктердің түрлері өте көп, шартты түрде оларды лингвистиқалықфилологиялық және анықтама сипатындағы энциклопедиялық Сөздіктер деп бөледі. Энциклопедиялық сөздіктердебелгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталса, лингвистикалық Сөздіктер әліпбилік тәртіппен белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат тұтады. Мұндай сөздіктер әдеби тілдің әбден қалыптасып, халықтың тіл мәдениеті кемелденген тұста, сөз байлығын нормалық тұрғыдан сипаттау қажеттілігі туындаған жағдайда жасалады. Лингвистикалық сөздіктердің бірнеше түрлері бар: екі тілді не көп тілді аударма сөздіктер, т.б. Аударма сөздіктер бір тілдегі сөздерді басқа тілдің балама сөздерімен беріп, ұлттар арасында сөз алмасу үрдісін, өзара қарым-қатынас жасауды дамытса, түсіндірме сөздіктер сөздердің лексика-грамматикалық сипатын, экспрессивті-эмоционалды бояуын танытып, маңызды ақпараттық дереккөзін сақтаған рухани қазына ретінде қабылданады (қараныз Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі).

Көп елдерде ұлттық тілдің түсіндірме сөздіктерін жасау мемлекеттің тіл саясатының негізгі бөлігі ретінде арнайы мемлекеттік бағдарламаларға енеді. Синонимдер сөздігі сөздің экспрессивті-стилистикикалық реңі мен мағынасын сол сөзге мағынасы жағынан жуық келетін басқа бір сөзбен түсіндіріп, синонимдік шоғыр жиынтығын құрайды. Омонимдер сөздіктұлғасы бір, мағыналары әр түрлі сөздерді, ал антонимдер сөздігі мағыналары қарама-қарсы сөздерді қамтиды. Фразеологиялық сөздіктер тілдегі тұрақты тіркестердің (идиомдар, фразеологизмдер) мағынасын түсіндіріп, стилистик. сипатын айқындайды. Этимологиялық сөздіктер жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін ашады. Орфографиялық сөздік сөздердің дұрыс жазылуын, ал орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын көрсетеді (қараңыз Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктеріҚазақ тілінің орфоэпиялық сөздіктері). Терминологиялық сөздіктер жеке ғылым салаларына байланысты терминдерді түсіндіреді, олардың түрлері кәсіп салаларына қарай ұдайы толығып отырады.

Лингвоелтану сөздігі белгілі бір тілде сөйлеушілердің ұлттық ерекшеліктерін сипаттайды. Топонимикалық сөздіктер жер-су аттарын түсіндіруге, қаламгер тілінің сөздігі оның шығармаларының көркемдігін, ұлттық тіл байлығын қолдану ерекшелігін тануға арналған. Мұнан басқа да диалектологиялық, ономастикалық, паронимдік, жиілік, жаңа атаулар, т.б. сөздік түрлері бар. Техниканың дамуына байланысты сөздік түзудің компьютерлік технологиясы жасала бастады. Компакт-дискімен таратылатын немесе компьютерлік жүйенің серверлерінде орналастырылған түрлі электрондық сөздіктер бар.

24. Тұрақты сөз тіркестерін аудару.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды. Фразеологизмдерге идиома, фраза, мақал-мәтелдер жатады.

Образды тұрақты сөз тіркестерін аудару тәсілдері:

1. Фразеологиялық баламалылық. Егер белгілі бір фразеологиялық бірлік түпнұсқа және аударма тілдерінде толығымен мағыналық және стилистикалық жағынан сәйкес келсе, оны фразеологиялық баламалылық тәсілімен аударамыз. Баламалар толық және толық емес болып екіге бөлінеді. Толық балама мысалы: to cast a glance – көз тастау,  the bitter truth – ащы шындық,  to play with a fire – отпен ойнау. Толық емес балама мысалы: to kill the goose that lays the golden eggs – алтын жұмыртқа туатын тауықты өлтіру, a bird may be known by its song – құс ұшқанымен көрінеді,  to fish in triobled waters  — лай суда балық аулау.

2. Фразеологиялық нұсқаны қолдану. Мұндай тұрақты сөз тіркестер мағынасы жағынан ұқсайтын тұрақты сөз тіркестеріне аударылады. Мысалы: to work one’s fingers to be bone – қол үзбей жұмыс жасау, to hit the bird in the eye – дәл табу.

3. Фразеологиялық бірліктерді немесе тұрақты сөз тіркестерін калькалау. Аударма тілінде баламасы немесе нұсқасы жоқ тұрақты сөз тіркестерін аударғанда аудармашы түпнұсқа мағынасын сақтап қалу мақсатында сөзбе-сөз аударады. Мысалы: liars must have good memories –  өтірікшілерге жақсы есте сақтау қабілеті қажет, to keep a dog and bark oneself – ит ұстағанымен өзің абалайсың.

4. Бейнелеп аудару. Егер аудармашы тұрақты сөз тіркес мғынасынан ауытқып кетсе, ол сол тұрақты сөз тіркес мағынасын суреттепнемесе бейнелеп аудара алады. Мысалы: And it is from this that we shall arrive at some particulars regarding the Newcome family which will show us that they have a skeleton or two in their closets, as well as their neighbors – Бұл адамдардан біз Ньюкомов жанұясына тиесілі олардың көршілерінде сияқты жанұялық құпиялары бар екендігі туралы кейбір жаңалықтарды біле аламыз.

25. Интернационал сөздер және аудармашының «жалған достары»

Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема. Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады: 1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Алла, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с. 2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшік, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электрт. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады. [1]

20. Модаль етістіктердің should, would, ought to аудармасы.

21. Артикльдерді аудару.

19. Модаль етістіктердің can, must, may аудармасы.

18. Шартты бағыныңқылы сөйлемдердің аудармасы.

17. Шартты райдың аудармасы.

16. Ырықсыз етістің аудармасы.

15. Герундийдің, герундий орамдарының аудармасы.

14. Тұйық етістіктің,тұйық етістік орамдарының аудармасы.

13. Есімшенің, есімше орамдарының аудармасы.

Аударманың түрлері. Аударма түрліше тұрғыдан мынандай түрлі бөлінеді:

аударма тілдік өзгешеліктерге байланысты ана тілден басқа тілге аудару, өзге тілден өз тілге аудару деп екі түрге бөлінеді. Аударма барысында ана тілінен басқа тілге аудару біршама қиын болады. Өйткені, аудармашылардың басым көпшілігінде өзге тілмен бейнелеу қабілеті ана тіліндегісіндей бола қоймайды. Сондықтан да екі тілге бірдей жетік аудара білу әрқандай аудармашы қолжеткізуге құлшынатын биік нысана болып есептеледі.

аударма жұмысы тәсіліне қарай ауызша аударма мен жазбаша аударманың екеуі де аударма өлшеміне бағынуға міндетті. Бірақ екеуінің аудармашыға қоятын талабы түрліше болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың өзіне тән жеңілдіктері мен қиыншылықтары бар. Ауызша аудармда- аудармашыдан тез түсініп, қолма-қол аудару талап етіледі. Бірақ, сөйлеушінің стилін сақтауға, нақтылыққа, жинақтылыққа ерекше жоғары шарт қойылмайды. Бейнелеу жағында көп еркіндіке ие болады. Бір сөзді, бір мазмұнды бірнеше түрлі синонимдермен ауыстырып аудара алады. Оның есесіне оларды түсінбей қалған сөздерді біреуден сұрауға сөздіктерді пайдалануға мүмкіндігі болмайды. Ал жазбаша аудару - аудармашыдан мол білімді, қалам қуатының күшті болуын, мазмұнды дәл бейнелеп беруді, көбірек ойланып толғануды қажет етеді. Түпнұсқаға адал бола отырып, мазмұнды толық қамтуға, түпнұсқаның стиліне бойсынуға міндетті болады. Сөз сөйлемге, грамматикаға, нақтылыққа, логикаға, емлеге баса көңіл бөлінеді. Ауызша аудармаға қарағанда сөздік пайдалану, қайта-қайта қарап тексеріп шығу, өзгерту мүмкіндігі мол болады.

аударма материалдық өзгешеліктерге қарай саяси теориялық шығармалар аудармасы, көркем әдебиет аудармасы, ғылыми техникалық шығарма аудармасы және іс қағаздар аудармасы деп бөлінеді. Жанрладың ерекшеліктеріне қарай оларғақойылатын талап та өзгеше болады.қытай тілінде әр саланың өте күшті ұлттық сипатта бейнеленеді. Сондықтан да әрбір аудармашы ең алдымен өзі аударатын материялға қанық болуы, кәсіптік білім деңгейінің жоғары болуы, түпнұсқаның мазмұнына, ерекшеліктеріне баса назар аудару қажет.

аударылатын материалдың қажеттілігіне байланысты аударма жұмысы «толық аудару, бөліп аудару, мазмұндап аудару, құрастырып аудару» деп тағы да төртке бөлінеді. Бастан-аяқ Бастан аяқ түгел аударуды толық аудару дейміз. Түпнұсқаның ішінара қажетті жерін ғана аудару бөліп аудару деп аталады. Түпнұсқаның негізгі мазмұндарын шолып аудару мазмұндап аудару деп аталады. Түпнұсқаның кейбір жерлерін аударып, пайдаланып, кейбір жерлерін өзі құрастырып жазу құрастырып аудару делінеді. Бөліп аудару,мазмұндап аудару, құрастырып аудару дегендер әдетте ерекше бір қажетке қарай болады.[1].

«Аударма» сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін – ауызша

немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі.

Сонымен бірге, аударма – сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның

мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде

мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да

өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.

Аударманың бірнеше түрі бар :

1. Ауызша аудару. 2. Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар,

ғылыми және көркем шығармалар жазба түрінде аударылады.

3. Компьютерлік (машинамен) аудару. Алдын ала жасалған программа

бойынша кибернетикалық әдіспен сөзбе-сөз аударып, түпнұсқа туралы

түсінік беру

эквивалент

Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік)

мәселелері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]