
- •« Абылай » деген ұрандары болғандығы туралы қай ғалым жазған?
- •Е. Пугачев көтерілісіне қолдау көрсетті?
- •Тест 8 – §12
- •Тест 8 – §13
- •Тест 8 – §14
- •Тест 8 – 15
- •Тест 8 – 16
- •Тест 8 – 17
- •Тест 8 – 18
- •Тест 8 – 19
- •Тест 8 – 20
- •Тест 8 – 21
- •Тест 8 – 22
- •Тест 8 – 23
- •Тест 8 – 24
- •Тест 8 – 25
- •Тест 8 – 26
- •Тест 8 – 27
- •Тест 8 – 28
- •Тест 8 – 29
- •Тест 8 – 30
- •Тест 8 – 31
- •Тест 8 – 32
- •Тест 8 – 33
- •Тест 8 – 34
- •Тест 8 – 35
- •Тест 8 – 36
- •Тест 8 – 37
- •Тест 8 – 38
- •Тест 8 – 39
- •Тест 8 – 40
- •Тест 8 – 41
- •Тест 8 – 42
- •Тест 8 – 43
- •Тест 8 – 44
- •Тест 8 – 45
- •Тест 8 – 46
- •Тест 8 – 47
- •Тест 8 – 48
8 – §1
1. Ресей империясы бойынша алғашқы халық санағы қай жылы болды?
А) 1895 жылы
В) 1822 жылы
С) 1897 жылы
Д) 1907 жылы
2. Қазақ жеріндегі Шыңғысханның ұрпақтары қалай атаған?
А) Төленгіт
В) Төрелер
С) Бастықтар
Д) Ұлықтар
3. Қазақ хандары дәстүр бойынша қай қалада жерленген?
А) Сығанақ
В) Тараз
С) Сарайшық
Д) Түркістан
4. Қазақ халқында құлдыққа кімдерді ұстамаған?
А) Басқа халық өкілдерін
В) Әскери қызметкерлерді
С) Тұтқындарды
Д) Өз тайпаластарын
5. Қазақ қоғамында билер соты кімдердің істерін қарай алмайды?
А) Батыр
В) Би
С) Құл
Д) Сұлтан
6. Қазақтарға қай уақыттан бастап құл ұстауға тыйым салынды?
А) 1822 жылдан
В) 1922 жылдан
С) 1731 жылдан
Д) 1843 жылдан
7. Қазақстанның орталық, солтүстік және солтүстік – шығыс аймақтары қай жүзге кірген?
А) Ұлы жүз
В) Орта жүз
С) Кіші жүз
Д) Екі жүз жері
8. Қарамандар деп кімдерді атаған?
А) Шыңғысхан ұрпақтарын
В) Би мен батырлар ұрпақтарын
С) « Қара сүйектен » қыз алған сұлтан
Д) « Қара сүйектен » шыққан бай адам
9. Орта жүздің батыры Жәнібек тархан атағын қай жылы алады?
А) 1743 жылы
В) 1843 жылы
С) 1753 жылы
Д) 1845 жылы
10. Ішкі Орда жері қай губернияға қараған?
А) Орынбор
В) Түркістан
С) Астрахан
Д) Дала
11. Қазақ қоғамында Ресейге салық төлеуден кімдер босатылды?
А) Билер
В) Тархандар
С) Батырлар
Д) Қараша
12. Қазақ халқының ішіндегі құрамалар қатарына жататын қырғыздар қай уезде кездескен?
А) Ақмола
В) Семей
С) Қарқаралы
Д) Көкшетау
13. Көшпелі қоғамның рухани өмірінде өте үлкен рөл атқарған кімдер?
А) Шежірешілер
В) Қожалар
С) Сұлтандар
Д) Бақсылар
14. Руаралық және тайпааралық даулы мәселелерді кімдер шешіп отырды?
А) Хандар
В) Сұлтандар
С) Тархандар
Д) Билер
15. Қазақтардың қанша пайызы санақ бойынша қалаларда тұратын?
А) 3,4 %
В) 2,5 %
С) 1,1 %
Д) 8,9 %
16. Қарапайым адамдарды қалай атаған?
А) Қожалар
В) « Ақсүйектер »
С) « Қара сүйектер »
Д) Төлеңгіттер
17. Сұлтандардың әскери күші кімдерден құралды?
А) Батырлардан
В) Билерден
С) Құлдардан
Д) Төлеңгітерден
18. Қазақ қоғамында қандай атақ мұрагерлікпен берілмеген?
А) Сұлтан
В) Батыр
С) Хан
Д) Болыс
19. XIX ғасырда қазақ халқының арасына танымал болған батырлар?
А) Бөгенбай, Кенесары, Ағыбай, Олжабай
В) Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай
С) Ағыбай, Бұқарбай, Жанқожа, Есет
Д) Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Абылай
20. Ресей империясы қазақтар арасында ислам дінің тарату үшін кімдерді қолданды?
А) Башқұрттарды
В) Еділ казақтарын
С) Еділ татарларын
Д) Орта Азия халық өкілдерін
8 – §2
1. Қай хан тұсында қазақ жасағы 80 мың адамға жеткен?
А) Тәуке хан
В) Әбілқайыр хан
С) Абылай хан
Д) Кенесары хан
2. Тәуке хан мұрагері болған кім?
А) Сәмеке
В) Жолбарыс
С) Қайып
Д) Әбілмәмбет
3. Біріккен қазақ жасағын жалпы басшылық жасау үшін кімді сайлады?
А) Әбілқайыр хан
В) Сәмеке хан
С) Абылай хан
Д) Барақ
4. Қай мемлекетпен соғыс кезінде Ресей сыртқы жаулап алу жүргізе алмады?
А) Қытай
В) Польша
С) Швеция
Д) Түркия
5. Тәуке хан тұсында қазақ хандығының солтүстік шекарасы қай қалаға дейін жеткен?
А) Түмен
В) Омбы
С) Тара
Д) Барнаул
6. Омбы, Черкасск, Семей, Өскемен бекіністері қай жылдар аралығында тұрғызылды?
А) 1718 – 1722 ж.ж.
В) 1716 – 1720 ж.ж.
С) 1720 – 1726 ж.ж.
Д) 1725 – 1728 ж.ж.
7. Қазақ қоғамындағы алғадай әдет – ғұрпы неге байланысты қалыптасқан?
А) үй шаруашылығына байланысты
В) діни мейрамға байланысты
С) әскери іске байланысты
Д) некеге отыру кезіне байланысты
8. Ірі бекіністер арасына салынған шағын бекіністер қалай аталады?
А) цитадель
В) батарея
С) форт
Д) редут
9. Қазақ және жоңғар хандықтары арасында соғыс қанша жылға созылған?
А) 50 жыл
В) 100 жыл
С) 150 жыл
Д) 200 жыл
10. Қай сұлтан Ертіс бойындағы қазақтарға өз билігін жүргізген?
А) Барақ
В) Батыр
С) Қайып
Д) Сұлтанбет
11. Жоңғар хандығы қазақ жеріне 1698 жылы қанша әскерімен басып кірді?
А) 10 мың
В) 30 мың
С) 50 мың
Д) 40 мың
12. Қарақұмдағы құрылтай қай жылы шақырылды?
А) 1697 жылы
В) 1710 жылы
С) 1717 жылы
Д) 1718 жылы
13. Жоңғар билеушісі Цеван – Рабтан қай жылы билік басына келді?
А) 1663 жылы
В) 1679 жылы
С) 1697 жылы
Д) 1709 жылы
14. Сырдария өзені бойындағы неше қала қазақ хандығының құрамында болды?
А) 23
В) 32
С) 42
Д) 13
15. Қай жылы жоңғарлар Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің бойына жетті?
А) 1710 жылы
В) 1717 жылы
С) 1718 жылы
Д) 1721 жылы
16. Қазақтар жасақты құру кезінде қандай дәстүрге сүйенетін?
А) Аймақтық жүйе
В) Ауылдық жүйе
С) Рулық – тайпалық жүйе
Д) Ұлыстық жүйе
17. Қайың ағашынан қазақтар қандай қару жасаған?
А) Семсер
В) Шоқпар
С) Найза
Д) Балта
18. Тәуке хан тұсында қазақ халқының беделді өкілдері қай жерде маңызды шешімдер қабылдады?
А) Ұлытауда
В) Күлтөбеде
С) Ордабасында
Д) Түркістанда
19. « Жаудан кек аламыз, өлсек, қару ұстап өлеміз!» деп қай батыр айтқан?
А) Қабанбай
В) Науырызбай
С) Малайсары
Д) Бөгенбай
20. Тәуке хан билігі туралы жазып қалдырған орыс ғалымы?
А) Левшин
В) Радлов
С) Бартольд
Д) Рычков
8 – §3
1. Жоңғар хандығында тұрақты әскерде қанша жауынгер болды?
А) 100 мың
В) 80 мың
С) 60 мың
Д) 40 мың
2. Жоңғарлардың рухани бірлігін қамтамасыз етуде кімдердің елеулі рөлі болды?
А) Бақсылардың
В) Будда дінің уағыздаушылар
С) Тибет ламалары
Д) Конфуций ілімі
3. Жоңғар шапқыншылығынан ауыр зардап шеккен аймақ?
А) Солтүстік Қазақстан
В) Шығыс Қазақстан
С) Жетісу
Д) Орталық Қазақстан
4. Қытай императоры басқаша қалай аталды?
А) Боғдыхан
В) Ұлы хан
С) Елхан
Д) Қаған
5. Кімнің келтірген деректері бойынша қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшыраған?
А) Ш. Құдайбердіұлы
В) М. Тынышпаев
С) А. И. Левшин
Д) И.И. Крафт
6. Жоңғар хандығының заңдар жинағы қай жылы қабылданды?
А) 1635 жылы
В) 1640 жылы
С) 1670 жылы
Д) 1710 жылы
7. Жоңғар хандығын құрған қонтайшы?
А) Канси
В) Батыр
С) Цеван – Рабтан
Д) Әмірсана
8. « Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » жылдары туралы халық арасында қандай сөз қалған?
А) « Өлі безген »
В) « Қайың сауған »
С) « Тас жеген »
Д) « Қар басқан »
9. Еділ бойындағы қалмақтардың ханы кім?
А) Абылай хан
В) Аюке хан
С) Айбар хан
Д) Алтын хан
10. Қытай императоры Канси қайтыс болғаннан кейін, Жоңғар хандығымен қандай қарым – қатынас орнайды?
А) Ұзақ уақыт соғыс басталды
В) Бейбіт келісім жасалды
С) Ешқандай өзгеріс болған жоқ
Д) Әскери бекіністер салынды
11. Қазақ жеріне жоңғарлар неше бағытта шабуылға шықты?
А) Бес
В) Алты
С) Жеті
Д) Тоғыз
12. Қазақ тарихында « Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » деген атпен аталған кезең қай жылдар аралығын қамтиды?
А) 1733 – 1737 ж.ж.
В) 1727 – 1729 ж.ж.
С) 1723 – 1727 ж.ж.
Д) 1721 – 1727 ж.ж.
13. Орта жүз қазақтары « Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » жылдары қай қала төңірегіне қоныс аударды?
А) Ташкент
В) Самарқанд
С) Бұхара
Д) Үргеніш
14. Қай жылы Қытай императоры Канси қайтыс болды?
А) 1722 жылы
В) 1742 жылы
С) 1622 жылы
Д) 1627 жылы
15. « Елім – ай » атты зарлы жыр авторы кім болып есептеледі?
А) Бұқар – жырау
В) Сыпыра – жырау
С) Ақтанберді – жырау
Д) Қожаберген – жырау
16. Қазақстан жеріне 1723 жылы қол бастап келген жоңғар қонтайшы?
А) Батыр
В) Галдан – Бошокту
С) Канси
Д) Цеван – Рабтан
17. Жоңғарларға зеңбірек құюды үйреткен кім?
А) неміс Иоган Густав Ренат
В) поляк Иоган Густав Ренат
С) орыс Иоган Густав Ренат
Д) швед Иоган Густав Ренат
18. Жоңғарларға қарсы бір ай бойы қарсылық көрсеткен қала?
А) Сайрам
В) Сығанақ
С) Тараз
Д) Ташкент
19. Жоңғар хандығы қай жылы құрылды?
А) 1635 жылы
В) 1640 жылы
С) 1645 жылы
Д) 1675 жылы
20. Қай жердегі ұлыстарды жоңғарлар бағындырып, олардан алым - салық жинады?
А) Сібір жеріндегі
В) Алтай жерінде
С) Қиыр Шығыста
Д) Қашғарда
8 – §4
1. Қай жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан Еділ бойындағы қалмақтарға жорық жасады?
А) 1723 жылы
В) 1727 жылы
С) 1725 жылы
Д) 1726 жылы
2. Бірлескен қазақ – қарақалпақ әскерінің 1725 жылы қолбасшы кім болды?
А) Бөгенбай батыр
В) Әбілқайыр хан
С) Сәмеке хан
Д) Райымбек батыр
3. Ордабасы тауында жалпы қазақ құрылтайы қай жылы болды?
А) 1723 жылы
В) 1725 жылы
С) 1726 жылы
Д) 1728 жылы
4. Қазақ жасағында барлаушыларды кім басқарған?
А) Қабанбай батыр
В) Бөгенбай батыр
С) Гауһар батыр
Д) Бұқар
5. Бүкіл қазақ жасағының бастаған Бөгенбай батыр қандай атақ алды?
А) Ұлы батыр
В) Әскербасы
С) Тархан
Д) Бас сардарбегі
6. 1724 жылы қазақ жасағы қай қаланы азат етті?
А) Сайрам
В) Ташкент
С) Түркістан
Д) Тараз
7. Абылай сұлтанның жоңғарларға қарсы соғысқа қатысқан қыз баласы кім?
А) Айсұлу
В) Айтолқын
С) Айбике
Д) Айғаным
8. Жоңғарлармен соғыс кезінде беделі ел арасында көтеріле бастаған сұлтан?
А) Барақ
В) Абылай
С) Сұлтанбет
Д) Айшуақ
9. Қарасиыр деген жерде шайқас қай жылы болды?
А) 1728 жылы
В) 1729 жылы
С) 1730 жылы
Д) 1731 жылы
10. Аңырақай шайқасы кімдер арасындағы жекпе – жекпен басталды?
А) Шарыш – Бөгенбай
В) Сабалақ – Шарыш
С) Бөгенбай – Батыр
Д) Шарыш – Қабанбай
11. « Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту » деген сөзді қазақ ауыз әдебиетінде кім айтты деп сақталған?
А) Айтолқын
В) Бөгенбай батыр
С) Гауһар батыр
Д) Бұқар жырау
12. « Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт, Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт » деген сөздерді жырлаған жырау?
А) Бұқар
В) Тәтіқара
С) Үмбетей
Д) Ақтамберді
13. Қай қазақ жүзі жоңғарларға аманат жіберуге мәжбүр болған?
А) Орта
В) Кіші
С) Ұлы
Д) Орта және Ұлы
14. Қарасиыр деген жерде шайқаста қазақ жасағы неше мың болды?
А) 40 мың
В) 50 мың
С) 55 мың
Д) 60 мың
15. Жоңғарларға қарсы күреске басқа қай халық өкілдері қатысты?
А) Өзбек – тәджік
В) Қырғыз – ұйғыр
С) Башқұрт – татар
Д) Қарақалпақ - қырғыз
16. Аңырақай шайқасынан кейін қандай жағдай қалыптасады?
А) Жоңғар хандығы жойылады
В) Қазақтар көрші елдерге көшіп кетеді
С) Ұлы жүз және Орта жүз жерлері жаудан қайтарылады
Д) Кіші жүз жері жаудан босатылады
17. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Орта жүздегі ықпалды хан?
А) Әбілқайыр
В) Сәмеке
С) Жолбарыс
Д) Әбілмәмбет
18. Қазақ жасағының моральдық рухын әлдеқайда күшейткен шайқас?
А) Бұланты өзені бойындағы жеңіс
В) Аңырақай шайқасы
С) Ордабасындағы құрылтай
Д) Жоңғар қонтайшысының қайтыс болуы
19. Итішпес Алакөл деген жердегі шайқас қай жылы болды?
А) 1728 жылы
В) 1729 жылы
С) 1730 жылы
Д) 1731 жылы
20. Қазақ хандығының ұлы ханы Болат қайтыс болғаннан кейін хан тағына кім сайланады?
А) Әбілқайыр
В) Сәмеке
С) Абылай
Д) Әбілмәмбет
8 – §5
1. Ресей империясының елшілері Борис Брянцев пен Федор Жилин қазақ жеріне қай жылдары келіп қайтты?
А) 1715 жылы
В) 1716 жылы
С) 1717 жылы
Д) 1718 жылы
2. 1708 жылы башқұрттардың көтерілісі кезінде оларға көмекке 20 мың әскер басқарып барған қазақ билеушісі?
А) Тәуке хан
В) Сәмеке хан
С) Абылай сұлтан
Д) Барақ сұлтан
3. 1724 жылы Туринск қаласына қай қаладан қазақтардың іс - әрекеттері туралы хабар жетті?
А) Түмен
В) Омбы
С) Тобыл
Д) Өскемен
4. Қай жылы қазақ әскері 300 казакты тұтқынға түсіріп Хиуаға құлдыққа сатып жіберді?
А) 1710 жылы
В) 1711 жылы
С) 1715 жылы
Д) 1718 жылы
5. XVII – XVIII ғасырларда орыс елі қазақтарды қалай атаған?
А) қара қайсақтар
В) қырғыздар
С) қалмақтар
Д) өзбек – қазақтар
6. Бекович – Черкасский қай жерге экспедиция жасады?
А) Жоңғар жеріне
В) Ертіс бойына
С) Хиуа жеріне
Д) Жетісуға
7. Ресей империясы XVIII ғасырдың бас кезінде қай жерлерге өздерінің әскери бекіністерін көптеп сала бастады?
А) Есіл өзені
В) Ертіс өзені
С) Обь өзені
Д) Сырдария өзені
8. 1717 жылы Әбілқайыр хан бастаған қазақ жасағы Ресей империясының қай губерниясының жеріне басып кірді?
А) Саратов
В) Казан
С) Орынбор
Д) Астрахан
9. Қазақтар мен қарақалпақтар әскері Жайық қалашығын неше ай бойы қоршауда ұстады?
А) Бір ай
В) Екі ай
С) Оң бес күн
Д) Алты ай
10. XVI ғасырда Орта жүз қазақтары кімдермен сауда байланыс орнатқан?
А) Рюриктермен
В) Строгановтар
С) Столыпиндықтар
Д) Долгорукилер
11. Зайсан көлі мен Қара Ертісті зерттеу үшін келіп қайтқан елшілік құрамына кімдер кірді?
А) Борис Брянцев пен Федор Жилин
В) Иван Чередов пен Федор Жилин
С) Колмаков, Урусов және Сомов
Д) Никита Белоусов пен Унковский
12. Семей бекінісінің іргесі қай жылы қаланды?
А) 1710 жылы
В) 1713 жылы
С) 1716 жылы
Д) 1718 жылы
13. Қай жылы Орта жүз қазақтары Туқала округына шабуыл жасады?
А) 1698 жылы
В) 1700 жылы
С) 1705 жылы
Д) 1710 жылы
14. Ертіс бойындағы бекіністер тұрғызу туралы жазған тарихшы?
А) Н. Коншин
В) А. И. Левшин
С) Бартольд
Д) Радлов
15. Әбілқайыр хан қай өзен туралы мынадай сөздер айтқан « қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді »?
А) Ертіс
В) Жайық
С) Есіл
Д) Сырдария
16. Омбы бекінісі гарнизоны әскерімен қазақтар арасында қақтығыс қай жылы болды?
А) 1728 жылы
В) 1730 жылы
С) 1731 жылы
Д) 1735 жылы
17. Тобылдан Еркетіге дейінгі аралықта әскери бекіністер салу үшін кімнің экспедициясы жіберіледі?
А) Бекович – Черкасский
В) Бухгольц
С) Никита Белоусов
Д) Унковский
18. Қайып хан Ресейге қай жылы елшілік жібереді?
А) 1710 жылы
В) 1713 жылы
С) 1716 жылы
Д) 1718 жылы
19. Жайық пен Еділ өзендері аралығына қазақ ханы Әбілқайыр хан қашан өз билігін орнатады?
А) 1717 – 1720 ж.ж.
В) 1720 – 1723 ж.ж.
С) 1723 – 1724 ж.ж.
Д) 1723 – 1727 ж.ж.
20. Ресейдің қай патшасына Еркеті қаласында « алтын аралас құмның » мол екендігі жөнінде хабар жетеді?
А) IV Иван
В) Борис Годунов
С) I Петр
Д) III Петр
8 – 6
1. Ресей империясына Әбілқайыр хан жіберген қай елшілік жауапсыз қалдырылды?
А) Таймас Шайымов
В) Сейітқұл Қойдағұлұлы
С) Қойбағар
Д) Тевкелев
2. Кіші жүз қазақтарын Ресей империясы құрамына алғанға дейін, қай елдер Ресей патшасының билігін мойындаған еді?
А) Еділ қалмақтары және Кабардин княздігі
В) Хиуа мен Қоқан хандықтары
С) Түрікмен мен қырғыздар
Д) Болгария мен Түркия
3. Әбілқайыр хан және 29 қазақ старшыны Ресей бодандығын қабылдау қай жерде болды?
А) Құйрықтөбе
В) Майтөбе
С) Тастөбе
Д) Айбұлақ
4. Ресей империясының Кіші жүз жеріне елшілік басқарып келген Тевкелев қандай әскери шен алды?
А) капитан кейінрек полковник
В) майор кейінрек полковник
С) полковник кейінрек генерал
Д) лейтенант кейінрек капитан
5. 1741 жылы қазақ жеріне жорық ұйымдастырған жоңғар қонтайшысы?
А) Батыр
В) Галдан – Бошокту
С) Галдан - Церен
Д) Цеван – Рабтан
6. Кіші жүз ханы Әбілқайыр қай жылы қаза тапты?
А) 1738 жылы
В) 1758 жылы
С) 1728 жылы
Д) 1748 жылы
7. 1731 жылдың соңына қарай Орта жүздің қай ханы Ресейдің бодандығын қабылдады?
А) Болат хан
В) Сәмеке хан
С) Уәли хан
Д) Жолбарыс хан
8. Кіші жүз жеріне Тевкелев елшілігі қай уақытта келді?
А) 1730 жылы 14 қыркүйек
В) 1731 жылы 30 сәуір
С) 1735 жылы 21 қазан
Д) 1741 жылы 30 сәуір
9. Ресей империясының бодандығын мойындағаннан кейін Кіші жүз қазақтары қандай міндет алды?
А) жасақ төлеу
В) басқа елмен сауда жасамауға
С) жерін тастап кетуге
Д) мал сатпауға
10. Қай жылы 30 мың қарақалпақтар Ресей империясының бодандығын мойындаған?
А) 1740 жылы
В) 1742 жылы
С) 1752 жылы
Д) 1762 жылы
11. Тевкелев елшілігінің құрамында болған башқұрт старшинасы, кейін тархан атағын алған кім?
А) Таймас Шайымов
В) Сейітқұл Қойдағұлұлы
С) Қойбағар
Д) Құдайменді
12. Қырғыз – қайсақ экспедициясы қай жылы құрылды?
А) 1724 жылы
В) 1744 жылы
С) 1734 жылы
Д) 1754 жылы
13. Орынбор қаласының ірге тасы қай жылы қаланды?
А) 1725 жылы
В) 1735 жылы
С) 1745 жылы
Д) 1755 жылы
14. Орынбор экспедициясын Кириллов қайтыс болғаннан кейін кім басқарды?
А) Тевкелев
В) Неплюев
С) Татищев
Д) Рычков
15. Үй шекара шебі ұзындығы қанша шақырым болды?
А) 670 шақырым
В) 710 шақырым
С) 730 шақырым
Д) 770 шақырым
16. Қай жылы қазақтарға Жайық өзені мен Жайық қалашығына жақындауға қатаң тиым салынды?
А) 1724 жылы
В) 1744 жылы
С) 1738 жылы
Д) 1742 жылы
17. Ресей елшілерін қорғауға Әбілқайыр хан кімге тапсырды?
А) Барақ сұлтан
В) Інісі Нұралы
С) ұлы Нұралы
Д) Досалы сұлтан
18. Ресей бодандығын қабылдау ұсынысы Ұлы жүзден қай жылдан бастап түскен?
А) 1723 жылы
В) 1733 жылы
С) 1743 жылы
Д) 1753 жылы
19. Ресей Әбілқайыр хан көмегімен қай жерді өз бодандығына алғысы келді?
А) Хиуа
В) Қоқан
С) Қырғыз
Д) Қалмақ
20. Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдің бодандығын қай жылы қабылдады?
А) 1740 жылы
В) 1742 жылы
С) 1752 жылы
Д) 1762 жылы
8 – §7
1. Батыр сұлтанды қай ру өз билеушіміз деп таныды?
А) Табын
В) Жетіру
С) Адай
Д) Шекті
2. Ертіс шекаралық шебінің жалпы ұзындығы неше шақырым болды?
А) 740 шақырым
В) 930 шақырым
С) 1050 шақырым
Д) 250 шақырым
3. Қазақтар мен қарақалпақтар 1740 жылы болған қай башқұрт басшысының көтерілісіне белсене қатысты?
А) Батырша
В) Қарасақал
С) Басбатыр
Д) Салават Юлаев
4. Қазақ руларын башқұрттарды жасырмау, оларды патша өкіметіне ұстап беруге көндіру үшін кімді жібереді?
А) Тевкелев
В) Татищев
С) Айшуақ сұлтан
Д) Неплюев
5. Ертеден Орта жүз қазақтары көшіп – қонып жүрген 250 шақырымдық жер қай шептер салыну нәтижесінде Ресей империясы аумағына өтіп кетті?
А) Жайық пен Ертіс
В) Колыван мен Сырдария
С) Ескіесіл және Жаңаесіл
Д) Ащы шеп және Жайық
6. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының солтүстіктегі ұзаққа созылатын ең үлкен шекарасы кімдермен болды?
А) Башқұрт
В) Қалмақ
С) Татарлар
Д) Жоңғарлар
7. Қай ханға Ресей патшалығы 600 сом мөлшерінде жалақы төлеуге міндеттеме алды?
А) Әбілқайыр хан
В) Абылай хан
С) Нұралы хан
Д) Болат хан
8. Өскемен бекінісінен Кузнецк бекінісіне дейін созылған шепті қалай атаған?
А) Колыван
В) « Ащы шеп »
С) Ертіс шебі
Д) Жаңаесіл
9. 1765 жылы қабылданған бұйрық бойынша Ертістің далалық бетіне неше шақырымға қазақтарға жақындамауға белгіленді?
А) 10 шақырым
В) 15 шақырым
С) 20 шақырым
Д) 25 шақырым
10. Екі елдің арасындағы алауыздықты күшейтуге үлес қосқан патша өкіметінің саясаты туралы жазған орынборлық зерттеуші?
А) Кононов
В) Рычков
С) Витевский
Д) Шпрингер
11. Жаңаесіл шекара шебіндегі әскери бекіністер қай жылдар аралығында салынды?
А) 1745 – 1758 жж.
В) 1752 – 1755 жж.
С) 1785 – 1789 жж.
Д) 1752 – 1875 жж.
12. Патша өкіметі қай өзеннен Кіші жүз қазақтарына өтуге тиым салды?
А) Еділ
В) Жайық
С) Ембі
Д) Жем
13. Қай жылы Ертістің оң жағына қазақтарға өтуге қатаң тыйым салынды?
А) 1745 жылы
В) 1750 жылы
С) 1755 жылы
Д) 1760 жылы
14. Қай жылы Сұлтанбет және Орыс сұлтандар басқарған қазақтарға Ертіс өзенінің оң жағына өтуге рұқсат берді?
А) 1771 жылы
В) 1761 жылы
С) 1762 жылы
Д) 1755 жылы
15. Батырша бастаған көтеріліс қай жылы башқұрттар жерінде болды?
А) 1740 жылы
В) 1748 жылы
С) 1755 жылы
Д) 1760 жылы
16. Ертіс өзенінен өту үшін қазақтар не істеуге міндетті болды?
А) Қыз беріп, қыз алуға
В) Аманат беруге
С) Әскер қатырана өтуге адам беру
Д) Мал беруге
17. Патша өкіметінің қай генерал – губернаторы көтеріліске қатысқан башқұрттардың қазақтарға олардың дүние – мүлкі мен мал басын тартып алуға рұқсат етті?
А) Тевкелев
В) Татищев
С) Горчаков
Д) Неплюев
18. 540 шақырым болатын шеп атауы?
А) Колыван
В) Ертіс
С) Жаңаесіл
Д) « Ащы шеп »
19. XIX ғасырдың 40 – жылдарына дейін келімсек шаруалар мен қазақтар арасында жер мәселесі бойынша күрес болып отырғандығын жазып қалдырған зерттеуші ғалым?
А) Левшин
В) Рычков
С) Татищев
Д) Петропавловский
20. Кіші жүз жерінің шекарасына қанша башқұрттар көшіп қелді?
А) 50 мың
В) 25 мың
С) 5 мың
Д) 10 мың
8 – §8
1. Қытай өкіметі қалмақтарға атамекеніне қоныс аударуға қай жылы рұқсат берді?
А) 1770 жылы
В) 1775 жылы
С) 1780 жылы
Д) 1790 жылы
2. Елшібек батыр ерлігі туралы қай ғалым жазып қалдырған?
А) Левшин
В) Татищев
С) Ш. Уәлиханов
Д) Коншин
3. Орыс патшасы I Петр Аюкеге шығыс шекараны қорғау туралы ресми түрде міндетті қай жылы жүктеді?
А) 1697 жылы
В) 1699 жылы
С) 1701 жылы
Д) 1709 жылы
4. Қалмақтардың көшуін басқарған әмірші?
А) Аюке
В) Әмірсана
С) Убаши
Д) Шерен
5. Торғауыттар қай жылы қазақтар жері арқылы көшіп Еділ бойына дейін жетті?
А) 1628 жылы
В) 1638 жылы
С) 1668 жылы
Д) 1688 жылы
6. Қалмақтарға Ресей патшалығы жыл сайын қандай міндет жүктеді?
А) Белгілі жерді өндеуге
В) Салықты басқа халықтардан жинау
С) Әскерге сарбаз беруге
Д) Аманат беруге
7. Қалмақ хандығы қай билеуші тұсында күшейеді?
А) Әбілпейіз
В) Аюке
С) Сұлтанбет
Д) Орыс
8. Қалмақтарды ежелгі атамекеніне қайтуға үгітті жүргізуді кім басқарды?
А) Аюке
В) Әмірсана
С) Убаши
Д) Шерен
9. Қанша мың қалмақ Қытайға көшіп баруға әрекет жасады?
А) 100 мың
В) 150 мың
С) 180 мың
Д) 250 мың
10. Қай жылдары Кіші жүз ханы Әбілқайыр Еділ қалмақтарға жорық жасады?
А) 1723, 1726 жж.
В) 1732, 1736 жж.
С) 1752, 1755 жж.
Д) 1716, 1737 жж.
11. Жақсы қаруланған қалмақ әскері кімдерді тас – талқан етіп женді?
А) қазақтарды
В) башқұрттарды
С) қарақалпақтарды
Д) ноғайларды
12. Қалмақтардың қоныс аударуын патша өкіметі қалай қабылдады?
А) Қолдады
В) Қарсы болды
С) Бейтарап саясат жүргізді
Д) Байқамай қалды
13. Қалмақтар көші кезінде әскері қанша сарбаздан құралған еді?
А) 10 мың
В) 20 мың
С) 30 мың
Д) 40 мың
14. Нұралы ханға қалмақтар қазақтарға шабуыл жасау үшін келе жатыр деген хабарды берді?
А) Батырша
В) Неплюев
С) Аюке
Д ) Әмірсана
15. Қазақ халқының қай ханы қалмақ билеушілерімен қыз алып, қыз берісіп, әулеттік құдалар болуға әрекет жасады?
А) Әбілмәмбет
В) Нұралы
С) Әбілқайыр
Д) Сәмеке
16. Айшуақ сұлтан жасағы қалмақтарды қай өзен бойында талқандады?
А) Жайық
В) Сарысу
С) Сағыз
Д) Есіл
17. Қай қазақ ханы Мойынты өзені бойында қалмақтарды қоршауға алды?
А) Әбілмәмбет
В) Әбілқайыр
С) Абылай
Д) Сәмеке
18. Шыңжаңға жеткен қалмақтар қандай қызмет атқырды?
А) Шекара күзетуге
В) Сауда жасауға
С) Егін егуге
Д) Құрылыс салуға
19. Кіші жүз қазақтары солтүстік – батысында қай мемлекетпен шектесті?
А) Жоңғар
В) Башқұрт
С) Қалмақ
Д) Татарлар
20. Қалмақтардың атамекеніне көшуі қазақ тарихында қандай атпен қалды?
А) Ұлы халықтар қоныс аударуы
В) Ұлы көш
С) « Шаңды жорық »
Д) « Қанды жорық »
8 –§ 9
1. Абылай хан неше тілді менгерген?
А) 4 ( төртеу )
В) 5 ( бесеу )
С) 6 ( алты )
Д) 7 ( жетеу )
2. Абылай сұлтанға қай руды басшылық жасау сеніп тапсырылды?
А) Тама
В) Атығай
С) Албан
Д) Қыпшақ
3. Сабалақ аталып жүрген Абылай хан кіммен жекпе – жекті жеңді?
А) Батырша
В) Барақ
С) Шарыш
Д) Шей – Ахмед
4. Қай жылы қазақ жасақтары мен Қытай әскері арасында ең соңғы шайқас болды?
А) 1745 жылы
В) 1755 жылы
С) 1765 жылы
Д) 1757 жылы
5. Абылай ұлы хан болып сайланғаннан кейін Жетісуды оның атынан басқаруға қай сұлтандарға бөліп берді?
А) Қасым мен Сұлтанбет
В) Әділ және Сүйік
С) Әбілпейіз және Қасым
Д) Әділ мен Әбілпейіз
6. Абылай хан кімдердің билігін шектеді?
А) Сұлтандар соты
В) Билер кеңесі
С) Батырлар жиыны
Д) Ақсақалдар кеңесі
7. 1742 жылы Жоңғар қонтайшысы Галдан – Церенге орыс елінен келген елшілікті бастап келген кім?
А) Тевкелев
В) Миллер
С) Әмірсана
Д) Марков
8. Қай жерде Абылай ханға стелла орнатылған?
А) Алматыда
В) Астанада
С) Көкшетауда
Д) Семейде
9. Абылай хан қай қалада дүниеге келген?
А) Отырар
В) Сығанақ
С) Суяб
Д) Түркістан
10. Абылай хан қырғыздардың тонаушылық әрекеттерін тоқтату үшін қай жылдары жорықтар жасады?
А) 1771, 1778 және 1791 жж.
В) 1755, 1758 және 1761 жж.
С) 1765, 1770 және 1779 жж.
Д) 1765, 1780 және 1784 жж.
11. Жоңғарлар қазақ жеріне қай жылы жаңа жорық ұйымдастырды?
А) 1741 жылы
В) 1745 жылы
С) 1758 жылы
Д) 1765 жылы
12. Абылай хан қай жылы және қай қалада жерленген?
А) 1781 жылы Отырар қаласында
В) 1771 жылы Сығанақ қаласында
С) 1781 жылы Ташкент қаласында
Д) 1781 жылы Түркістан қаласында
13. Абылай ханды тек Орта жүз ханы деп Ресей империясы қашан таныды?
А) 1771 жылы
В) 1775 жылы
С) 1778 жылы
Д) 1785 жылы
14. Жоңғар билеушісі Әмірсананы Цин империясына қарсы күресін қай қазақ ханы қолдады?
А) Сәмеке
В) Абылай
С) Жолбарыс
Д) Әбілқайыр
15. Қытай империясы қазақтарға Тарбағатай мен Іле өзені бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етуге мәжбүр болды?
А) 1745 жылы
В) 1758 жылы
С) 1760 жылы
Д) 1767 жылы
16. II Екатерина атына қазақтардың 2 сұлтаны, 19 старшын және 120 мыңнан астам адам қол қойған өтініші қай жылы жолданды?
А) 1785 жылы
В) 1790 жылы
С) 1795 жылы
Д) 1798 жылы
17. Сібір қазақтары арасында
« Абылай » деген ұрандары болғандығы туралы қай ғалым жазған?
А) Бөкейханов
В) Ш. Уалиханов
С) Левшин
Д) Крафт
18. Цин империясы Жоңғар хандығына қай жылы әскер енгізеді?
А) 1745 жылы
В) 1755 жылы
С) 1758 жылы
Д) 1785 жылы
19. Абылай хан саясаты нәтижесінде қазақ халқы ешкімге де бас иген жоқ деп баға берген ғалым?
А) Бөкейханов
В) Ш. Уалиханов
С) Левшин
Д) Крафт
20. Цин империясы қай жылы Жоңғар жеріне Синьцзянь аймағын құрды?
А) 1755 жылы
В) 1758 жылы
С) 1761 жылы
Д) 1758 жылы
8 – 10
1. Емельян Пугачев көтерілісі қай жылдары болды?
А) 1773 – 1775 жж.
В) 1775 – 1778 жж.
С) 1771 – 1773 жж.
Д) 1774 – 1778 жж.
2. Көктемірдің қозғалысы қай қазақ руларының арасында кең тарады?
А) Табын, тама
В) Қыпшақ, керей
С) Найман, қыпшақ
Д) Жетіру, адай
3. Емельян Пугачев өзін қалай атады?
А) I Петр
В) III Петр
С) Иса пайғамбар
Д) Ұлы хан
4. Қай Кіші жүз ханы көтеріліс кезінде бейтараптық саясат ұстанды?
А) Ералы
В) Нұралы
С) Сейдалы
Д) Досалы
5. Кіші жүз қазақтарына қысқы кезеңде Еділ мен Жайық аралығын жалға алу арқылы қыстап шығуына қай жылы рұқсат етілді?
А) 1772 жылы
В) 1782 жылы
С) 1785 жылы
Д) 1787 жылы
6. Қай жыл ішінде қазақтар тарапынан патша өкіметі салған шептерге 240 рет шабуыл жасалды?
А) 1773 жылы
В) 1774 жылы
С) 1775 жылы
Д) 1776 жылы
7. Кіші жүз қазақтарын көтерілісшілерге қосылғаннан кейін оларды басқару үшін кім атаман болып тағайындалған?
А) Салават Юлаев
В) Андрей Овчинников
С) Досалы
Д) Нұралы
8. Орта жүз қазақтары қай бекіністі басып алуға қатысты?
А) Орынбор
В) Губерлинская
С) Кулагин
Д) Петропавл
9. Орта жүз жеріндегі қай рулар
Е. Пугачев көтерілісіне қолдау көрсетті?
А) Уақ, Керей, Арғын
В) Жалайыр, Найман, Үйсін
С) Керей, Қыпшақ, Арғын
Д) Тама, Табын, Жетіру
10. Патша өкіметінің қай бекінісін қазақтар бес күн бойы қоршауда ұстады?
А) Орынбор
В) Омбы
С) Орск
Д) Троицк
11. Е. Пугачев Кіші жүз қазақтардың арасына қай жылы келіп қайтты?
А) 1771 жылы
В) 1773 жылы
С) 1775 жылы
Д) 1778 жылы
12. Көтеріліс барысында қазақтар қай жерді толық бақылауында ұстады?
А) Еділ бойы
В) Жайықтың төмен ағысын
С) Жем бойы
Д) Жайық қалашығын
13. Қазақтар қай бекіністі алу үшін Толкачев пен татар Тангаевтың әскеріне көмектесті?
А) Орынбор
В) Жайық
С) Кулагин
Д) Атырау
14. Қазақ хандығының қай ханы орыс бекіністеріне шабуыл жасап тұруына ресми рұқсат етті?
А) Нұралы
В) Әбілқайыр
С) Абылай
Д) Әбілмәмбет
15. Қай қала түбінде Е. Пугачев әскері патша өкіметінен ойсырата женіледі?
А) Орынбор
В) Орск
С) Троицк
Д) Царицын
16. Е. Пугачев көтерілісі женілгеннен кейін қазақ жерінде патша өкіметіне қарсы күресті кім жалғастыра берді?
А) Досалы сұлтан
В) Сырым Датұлы
С) Нұралы
Д) Қаратай сұлтан
17. Жайық атауы Орал деп аталу жөнінде патша өкіметі жарлығы қай жылы шығарылды?
А) 1773 жылы
В) 1774 жылы
С) 1775 жылы
Д) 1778 жылы
18. Қазақ даласында қай жылы тыныштық орнады?
А) 1776 жылы
В) 1778 жылы
С) 1780 жылы
Д) 1782 жылы
19. Орынборға тікелей шабуыл жасауға қатысқан қазақ сұлтаны?
А) Ералы
В) Нұралы
С) Сейдалы
Д) Досалы
20. Орынбор өлкесіндегі қазақтарды басқару үшін Шекаралық экспедициясы қай жылы құрылды?
А) 1772 жылы
В) 1782 жылы
С) 1785 жылы
Д) 1787 жылы
8 – §11
1. Жайық өзенінің оң жақ жағалауына өтуге қай жылы рұқсат етіледі?
А) 1797 жылы
В) 1801 жылы
С) 1802 жылы
Д) 1805 жылы
2. 1789 жылы Игельстром ұсынған жоба бойынша Сырым Датұлына қандай қызмет ұсынылды?
А) Рубасы
В) Сот биі
С) Прокурор
Д) Кеңесші
3. Есім хан қай жылы өлтіріледі?
А) 1791 жылы
В) 1792 жлы
С) 1795 жылы
Д) 1797 жылы
4. Сырым батыр бастаған көтеріліске не себептен старшындардың көп бөлігі қатысудан бас тартқан?
А) Онымен араз болды
В) Жерлерінен айырылып қалудан қорықты
С) Патша өкіметі сатып алған
Д) Әскерілері жетіспеді
5. 1783 жылы Орынбордың солтүстік – шығысындағы бекіністерге шабуылдаған қазақ руы?
А) Табын
В) Тама
С) Жетіру
Д) Адай
6. 1791 жылы сайланған Ералы хан қайтыс болғаннан кейін Кіші жүздің хан тағына кім сайланды?
А) Есім сұлтан
В) Қаратай сұлтан
С) Сейдалы сұлтан
Д) Сырым сұлтан
7. Сырым Датұлы қай рудан шыққан батыр болды?
А) Әлімұлы
В) Байбақты
С) Табын
Д) Шекті
8. Сырым Датұлы қай жылы қаза табады?
А) 1797 жылы
В) 1801 жылы
С) 1802 жылы
Д) 1805 жылы
9. 1786 жылғы О. Игельстром жобасы бойынша Кіші жүзді нешеге бөлу ұсынылды?
А) Екіге
В) Үшке
С) Төртке
Д) Беске
10. Елек қорғанысына Сырым Датұлы жасақтары шабуыл жасады?
А) 1789 жылы
В) 1791 жылы
С) 1792 жылы
Д) 1795 жылы
11. Кіші жүзде хандық билікті жоюға қарсы адамдар кімді хан деп таныды?
А) Батыр сұлтанның ұлы Қайып
В) Барақ сұлтан ұлы Ералы
С) Батыр сұлтанның ұлы Барақ
Д) Қайып сұлтанның ұлы Нұралы
12. 1790 жылы Нұралы хан қайда жер аударылды?
А) Қазанға
В) Уфаға
С) Орынборға
Д) Омбыға
13. 1797 жылы Кіші жүз жерінде Игельстром қандай басқару органын құрады?
А) Билер кеңесі
В) Хандық кеңес
С) Сұлтандар жиналысы
Д) Старшындар кеңесі
14. Сырым Датұлы бастаған көтерілісіне қатысқан Жантөре қай сұлтанның баласы болды?
А) Досалы
В) Сейдалы
С) Нұралы
Д) Айшуақ
15. Айшуақты хан ретінде тануға қарсы болған адамдар кімді хан деп таныды?
А) Есім
В) Сырым
С) Нұралы
Д) Қаратай
16. Қай жылдары қазақтардың Еділ мен Жайық аралығына жаппай көшуі басталды?
А) 1783 – 1784 жж.
В) 1785 – 1786 жж.
С) 1786 – 1787жж.
Д) 1787 – 1788 жж.
17. 1785 жылы Сырым Датұлы қанша сарбазы бар жасаққа басшылық жасады?
А) 1500 сарбаз
В) 2000 сарбаз
С) 2700 сарбаз
Д) 3500 сарбаз
18. Сырым батыр жас кезінен қандай атқа ие болды?
А) Батыр бала
В) Болыс хан
С) Бала би
Д) Ұлы бек
19. Ауыз әдебиетінің деректері бойынша Сырым Датұлы асына қанша мал сойылған?
А) 2000 жылқы, 2500 қой
В) 1000 қой, 500 жылқы
С) 2000 қой, 500 жылқы
Д) 100 жылқы, 1000 қой
20. Кіші жүздегі сұлтандардың билігін шектеуде елеулі роль атқарған жүйе?
А) Старшындар кеңесі
В) Расправалар
С) Билер соты
Д) Ақсақалдар кеңесі