Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_ZILKhAN_mangilik_makhabbat_zhyry.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.36 Кб
Скачать

19.Соғыста хат жазысып тұрдыңыздар ма ?

Жаздық. "Қайран қыздар, сағындық," деген өлеңіме көп хат келді. Қыздардан келген хаттарды жігіттерге үлестірдім. Маған келген хат арқылы үйленген жігіттер ұлдарына Әзілхан деп ат қойды (Мұқан Омарбаев, Қабікен Мендібаев, Талғат Қосаев т.б.).

Бір қыз суретімді сұрады. Оған мынадай өлеңмен жауап бердім:

МЕНІҢ ПОРТРЕТІМ

Тұрпатым қатты қысқан жұдырықтай,

Қаңылтақ денем, мойын қылдырықтай.

Жүректе жалын атқан жігерім бар,

Жүрісім жылдам ұшқан бұлдырықтай.

Кескінім торсық шеке, қыртыс маңдай,

Қос қабақ бір-бірімен қырқысқандай.

Тұңғиық мөлдірейді екі көзім,

Жүзімді жылытуға тыртысқандай.

* * *

Көк тастан қашалғандай өң келбетім.

Салпы ерін, үйрек мұрын, шүңгіл бетім.

Қаралығым қазанның күйесіндей,

Мінеки, менің осы портретім.

Осылай деп қызға хат жазып қоя бердім.

Қыз: "Сенбеймін. Сіз екі иығыңызға екі кісі мінгендей сұлу жігітсіз! Біз солай деп ойлаймыз", — деді. Қалай ойласаңдар, олай ойлаңдар, өзім осындаймын деп мен жүре бердім.

20.Алғашқы қызыңыз неге Сізді менсінбей кетті?

—Көп жылдан кейін: "Маған берген сертіңізді неге орындамадыңыз?" деп сұрадым мен одан.

—Орындамайын дегенім жоқ. Балалықпен сақинамды сындырып алдым —пәктігімнен айырылып қалдым. Сондықтан сенен ұялып, жоламай кеттім, – деді ол.

Ол екеуміз 22 жылдан кейін кездестік. Күйеуі әскерден босап, олар Алматыға көшіп келіпті. 3 қызы бар екен. Ол кезде мен "Социалистік Қазақстан" газеті редакторының орынбасары болатынмын.

Ол қыз менің әйелімнің досы болған соң ерулікке шақырдық. Кейін араласып тұрдық. Бір жолы ол маған жоғарыдағыдай сырлы шынын айтты.

—Мен сенің пәк қызға қосылуыңды тіледім. Халимаға қосылса екен дедім. Қосылдыңдар. Мен соған шексіз қуаныштымын. Бірақ, мен сені ешқашан ұмытқаным жоқ. Егер ұл тапсам, атын Әзілхан деп қоярмын деп ойлаушы едім. Тағдыр маған ұл бермеді, 4 қыз таптым. Алғашқы қызымыз өліп қалды, — деді.

21.Пәктік мәселесіне қалай қарайсыз? Кейбіреулер пәктігінен айырылған қыздарды кінәламайды. Маған пәктіктің керегі жоқ дейді ғой. Сіздің ойыңыз ?

—Пәктік керек. Пәк қосылған жұп берік, бір-біріне өмір бойы адал болады. Ал пәктігі жоқ қыз бен жігіт қосылғанымен: бөтен еркек пен әйелдің дәмін татып алған олар бөтенге бой ұра береді. Қазақта "дәніккен ит мамағын жалайды" деген дөкірлеу және мәдениетсіздеу мақал бар. Неге ол мамағын жалайды? Қаншыққа қосылып дәніккен төбет тағы бір қаншыққа қосылуға құмартып, мамағын жалайды. Жүргіш еркектер сол "мамағын жалайтын" итке ұқсайды. Басқа әйелге аңсары ауып тұрады. Содан отбасы бұзылып, адалдық адыра қалады. махаббат мәнсіздікке айналады. Өз басым қыз бен жігіт пәк күйінде қосылса ғана екеуінің арасында мәңгілік махаббат болады деп ойлаймын. Сондықтан да мен "Махаббат, қызық мол жылдарда" қанша жақсы қыз болса да, пәктігінен айырылып қалғандықтан, Меңтайды "өлтіріп" тастауыма тура келді.

Бұл мәселені басқаша ойлап, өзгеше пайымдайтындар болар. Мен олармен таласпаймын. Өмірден түйген өз ойымды ғана айтып тұрмын. Ғафу өтінемін.

22. Кентау сапарыңызда ерекше есте қаларлық оқиғалар болды ма?

—Болды. Бірі мынадай. Меңтай тойының орта тұсында үш келіншек бір шамаданды көтеріп, қасыма келді. Келді де бірі:

Ақ, етіне қызыл көрпе басылып,

Көкірегі жатыр екен ашылып.

Дірілдейді кеудесінде қос алма,

Қара шашы толқындай боп шашылып, — десе, екіншісі,

Оны көрсе жүрек күйіп жанатын,

Кездессе жүз, естен мүлде танатын:

Болсам етті, әттең дүние-ай сол көрпе,

Құшып, сүйіп, құмарымнан қанатын, — десе, үшіншісі,

Беріп тәңір тілегімді ниетін,

Тым болмаса киіміңді киетін,

Не сол көрпе астарының бір сабақ

Жібі болсам денесіне тиетін,

деп өлеңдетіп қоя берді.

"Махаббат, қызық мол жылдардағы" менің өлеңім. Осы өлеңді айтты да үшеуі алақандарындағы целлулоид шамаданды ашып, ішінен жұмсақ жүннен жасалған бір қызыл көрпені алып, менің иығыма жапты.

—Сол өлеңіңіз үшін Сізге Меңтай-Тұрғамила апамыз 40 жыл қызмет істеген №11 қазақ орта мектебінің ұжымының сыйлығы, деді.

—Ол қызыл көрпеге оранып, әдемі қыз жатқан еді ғой. Сол қыз осы көрпенің ішінде ме? — дедім мен оларға әзілдеп.

—Бізді мына сол қыз деп есептеңіз, — деп үш келіншек мені құшақтап, екі бетімнен кезек-кезек сүйді. Өздері аппақ, көздері ботаның көзіндей қап-қара, тістері маржандай сұлу келіншектер шөпілдетіп бетіңнен сүйіп жатқанда адамның буыны босап кетеді екен Ал ол келіншектер сыйлаған көрпені қыздың шашы сияқты сипай бергің келеді, сипай бергің келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]