Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_ZILKhAN_mangilik_makhabbat_zhyry.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.36 Кб
Скачать

14. Қанша қызға ғашық болдыңыз?

—Екі қызға. Екеуіне де өлердей ғашық болдым. Біріншісі О. деген қыз, екіншісі — Халима еді.

Мен 14 жасымда ғашық болдым. 6-класта едім. Жақындағы жетім балалар үйінен біздіңауылдағы орталау мектепке оқуға қыздар келді. Солардың ішінен бір аққұба қызға көзім түсті. Ғашық болдым. Хат жаздым. Қыз қабыл алды. Екеуміз институт бітіргеннен кейін қосыламыз деп уәделестік.Екеуміз бір-бірімізге қосылғанша пәктігімізден айырылмаймыз, таза күйінде қосыламыз деп серттестік. 7-класты бітіріп, мен Алматыға тау-кен институтының рабфагына оқуға кеттім. Инженер болғым келді. Қызым Семейдегі №11 орта мектептің интернатына ауыстырылды. Жарты жылға дейін хат жазысып тұрдық. Мен: "О.., тамаша жарым болады!" деп іштей мақтанып жүрдім. Жарты жылдан кейін қыздың хаты тоқтап қалды. Қайғырдым. Алматыдағы оқуымды тастап, Семейге келіп, педучилищеге түстім. Бұл 1939 жыл еді. 5-қыркүйек күні қызымды іздеп, №11 мектепке бардым. Қызым шақырғаныма келмей, жолықпай қойды. Содан кейін қайғыланып, оған жүзінші рет хат жаздым. Ол былай басталатын еді:

Жүз хат жаздым бір қызға.

Әдет жоқ қазақ, қырғызда.

Махаббатым мәңгілік.

Үлгі болсын ұл-қызға.

Ұзақ өлең. Ең соңында: "Қош, бақытты бол. Мен саған өмір бойы тілектеспін" дедім. Содан соң ол қыздың досы Халимаға құмарттым. О-ға - 3, Халимаға — 9 жыл ғашық болдым. Халимаға ғашық болуым былай басталды. Алматыдан Семейге келіп, оқуға орналасқаннан кейін ғашық қызымды іздеп, №11 орта мектептің интернатына бірнеше рет бардым. Бір күні интернат есігінің алдында шашын қиған, үкі көз, аққұба қызға кездесіп қалдым. Тоқтатып, О-ны сұрадым.

—Білемін, бірге оқитын құрбым. Жатақханада бір бөлмеде тұрамыз, – деді.

—Сол қызды шақырып бере аласын ба?

—Жарайды, күте тұрыңыз, — деді аққұба қыз.

Әлден уақытта ол қайта шықты. Аяғын әрең басып қасыма келді.

—Келе ме? – дедім мен дегбірсізденіп.

—Жоқ, келмейді.

—Неге?

—Білмеймін. "Менен күдер үзсін, енді ешқашан мені іздеп келмесін" — деді. Бұл сөздерді ол үзіп-үзіп, қинала тұрып айтты. Мен жылап жібердім. Баламын ғой. Менің көз жасымды көріп, әлгі қыз қосыла жылады.

—Сен неге жылайсың? — дедім мен жеңіммен көзімді сүрткілеп.

—Саған жаным ашып кетті, — деді ол алақанымен бетін сүртіп.

—Атың кім?

—Халима. Қыздар Катя деп атайды, — деді ол. Катя қызға рақмет айтып, педучилищеге қайттым. О-дан айырылып қалғаныма өлердей өкіндім. Жылай бергім келді. "Не жазығым бар еді?" деп көп ойландым. Осындай ұзақ айлардан кейін менімен қосыла жылаған көз шарасы кең бейтаныс аққұба қыз көз алдыма елестейтін еді. Әсіресе, көзінен моншақтаған жасты сүртіп жатқан кезі көкейімнен кетпейтін болды. Кейін ол қызбен Н.В. Гоголь атындағы қалалық, кітапханасында кездесіп жүрдім. Кездескен сайын:

—О. қалай? — деп сұраймын.

—Жақсы, оқуы бәрі ойдағыдай, — дейді ол. Одан О-ға өлеңмен жазылған 2-3 хат беріп жібердім, жауап болмады. Сөйтіп О-дан күдер үздім. Енді Халимаға ғашық болдым. Бірақ, оған ғашық екенімді білдіргенім жоқ. Өте тату, дос болып жүрдік. Бергі жағым дос, арғы жағым ғашық. Ол менің түпкі ойымды сезе ме, сезбей ме, білмеймін. Tic жарып айтпайды. Бірақ, маған деген достық қамқорлығында қапы жоқ болатын. Ылғи жанашырлық жасап жүретін. Өзара достық хаттар да жазысатынбыз. Осылай үш жылды оқумен өткіздік. Одан кейін төрт жыл соғыс болды. Екеуміз де әскерде жүрдік. Үзбей хат жазысып тұрдық. Енді ғашықтық жайлы ашық айтылды. Ол да сезеді екен. Амандық болса, соғыс біткеннен кейін қосыламыз деп уәделестік. Халима екеуміздің қосылуымызға себепкер болған О-ға үнемі алғысымызды айтатын едік. О. мен Халима екеуі жақсы дос болатын: интернатта бірге өсті, онжылдықты бірге бітірді. Соғысқа да бірге барып, бір батальонда радистка болды. Сонда О. Халимаға ылғи мені мақтайды екен. "Сен ойың да, бойың да таза қызсың. Соған қосыл!" деп үнемі айтып жүріпті.

—Жоқ, сен қосыл. Екеуіңнің бала күндерден уәделерің бар. Уәдеңді бұзба, — деп Халима оны үгіттейтін болса керек. Ал, О. оған өзінің маған неге қосыла алмайтын себебін айтпайды. Халима екеуміздің бір-бірімізді тапқанымызға О. себеп болды. Егер ол болмаса біз бір- бірімізді білмес едік. О. екеуміздің арамыздағы бала махаббат Халима екеуміздің арамыздағы мәңгілік махаббатқа жол ашты. Мен жан жарым қайтыс болғаннан кейін оған арнап "Халима. Мәңгілік махаббат жыры" деген деректі шығарма жаздым. Ол шығарма "Жұлдыз" журналы мен "Простор" журналдарында қазақ, орыс тілдерінде жарияланды. Оны оқырмандар деректі дүние емес, көркем шығарма санатында өте жылы қабылдады. Маған ол туындыға разылық білдірген бірнеше хаттар келді. Әсіресе, орыс әйелдері ерекше сүйіспеншілік білдірді. Қазір ол еңбек ағылшын тіліне аударылып жатыр.

15. Неге кейіпкеріңіз Меңтай тойына шақырғанда оған 3 шарт қойдыңыз?

—Дүниеқор емеспін. Зейнетақыда отырған қарт ұстазды аядым.

16.Әйеліңізден дүниеден өткеніне қанша уақыт болды ?

—Бүгін тура 496 күн. Содан бері жетіммін, мүсәпірмін, мұңдымын. Бұл уақыт ішінде әйелімнің жатқан жеріне 100-рет бардым. Ол маған: "Қасыма келгенде 3 рет атымды ата. Немесе, Абайдың 2-3 ауыз өлеңін айт, мен соны құран деп қабылдаймын" деген еді. Мен барған сайын Абайдың "Айттым сәлем, қаламқасының" алғашқы екі шумағын айтамын. Содан соң: "Халима Қалиақпарқызы Өзбақанова Нұршайықова" деген жазуы бар құлпытасты қайта-қайта құшақтап, ішімнен егіле еңіреп, үйге қайтамын.

17.Сіз Мәншүк туралы көп жаздыңыз ғой. Әлі күнге дейін аузыңыздан тастамайсыз. Егер Мәншүк тірі болса, оған үйленер ме едіңіз?

—Жоқ, үйленбес едім. Оған екі себеп бар. Біріншісі, менің үйленемін деп уәделескен қызым бар. Уәдемді бұзбас едім. Екіншіден, егер қызым жоқ болған күннің өзінде, Мәншүктің: "Соғыс біткен күні маған бірінші ұсыныс жасаған кісіге жар боламын. Оған дейін жаныма ешкімді жолайтпаймын" деген сөзі бар болатын. Мен артиллериядамын. Мәншүк жаяу әскер пулеметінің батальонында. Мен сөз айтамын деп артполктен батальонға жеткенше басқа біреулер менен бұрын оған сөз айтып қойған болар еді. Міне, осы себептерден мен сүйікті Мәншүкке үйлене алмаған болар едім. Мен Мәншүкке рухани ғана ғашықпын. Оның Отаншылдығы мен ерен ерлігіне ғашықпын және мәңгі ғашықпын. Оған барлық ұрпақ мәңгі ғашық болуы керек! Қазақ қызы Мәншүк Мәметова

— Орден қызы Жанна Д’Арк!18.

Соғыста қуанған, қайғырған күндеріңіз?

—Украинада әкем Нұршайық оққа ұшқанын, ағайым Ниғаптың Ленинград қоршауында қаза тапқанын және елде шешемнің қайтыс болғанын естігенде, қатты қайғырдым.

Қуанған күндерім: Жамбылға хат жазған күнім. Жамбылдан жауап алған күндерім. Ең ұлы қуаныш 1945 жылы 9-мамыр Жеңіс күні болатын. Одан кейінгі ұлы қуаныш 1947 жылы 5-маусымда Халимаға үйленген күнім болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]