Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.86 Кб
Скачать

5. Оқыту әдістері мен құралдары:

Аралас әдіс:

  1. Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).

Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, схемалар.

1. ОСӨЖ-ді ұйымдастыру – оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дің мақсаты және міндеттерімен таныстырып, келесі ОСӨЖ-ге тапсырма береді:

Үй тапсырмасы: Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның негізгі сатылары. Метаболизмнің анаболикалық және катаболикалық жолдары. Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогенолиз, гликогеногенез. Тіндердегі глюкозаның өзгерістері.

Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Метаболизм, оның негізгі сатылары.

  2. Тағам көмірсулары, олардың жіктелуі, маңызы.

  3. Көмірсулардың қорытылуы.

  4. Жекелеген моносахаридтердің сіңірілу механизмдері мен жылдамдығы.

  5. Гликогеногенез, түсінік, осы үрдістің биологиялық ролі.

  6. Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары, маңызы.

  7. Бауырдың глюкостатикалық қызметі.

2. Тақырып және тапсырмалар бойынша кеңес беру оқытушы студенттерден қандай сұрақтар қиындық туғызғанын сұрап, оларға кеңес береді. Содан кейін ОСӨЖ барысын түсіндіреді.

3. Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттердің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жаттығулар мен жағдайлық есептерді шешу). Студенттер тапсырманы орындау кезінде оқытушы студенттердің өзіндік жұмысты орындауын тексереді, , тапсырманы кімнің дұрыс орындағанын тексеріп, оны бағалайды, қажет болғанда түзету енгізеді.

4. Шағын топта жұмыс жасау. Студенттер 4 топқа бөлінеді: әр топ жағдайлық есепті шешеді, оны талдап, содан соң бүкіл топпен барлық жағдайлық есепті талдайды.

5. ОСӨЖ-ді қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды.

Кестені толтыру: «Витаминдердің кофермент түзуге қатысуы»:

Витаминнің белгіленуі

Химиялық аты

Қай коферменттің құрамына кіреді

Катализдейтін реакциясына мысал

Жаттығулар:

  1. Е витаминінің тіндік тыныс алуға және липидтер алмасуына әсері қандай?

  2. В1 авитаминозы кезінде неліктен көмірсулар алмасуы бұзылады?

  3. А витаминінің авитаминозы кезінде неліктен ксерофтальмия байқалады?

  4. Д3 витаминінің активті алмасу формаларының құрылысын жазыңыз.

  5. Қандай витамин жеткіліксіз түссе, қан ұюының бұзылуы байқалады?

  6. Қандай витаминдер жануар организмінде өте аз мөлшерде синтезделуі мүмкін.

Жағдайлық есептер:

  1. Науқас сәбидің басы үлкен, еңбегі қатпаған, қарны қампиған, тіс жаруы кешеуілдеген. Ауруға диагноз қойыңыз. Қандай витаминмен емдеуге болады? Осы витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттігі және табиғатта таралуы.

  2. Науқас әйел бұлшық еттерінің әлсіздігіне, бірнеше рет түсік тастағанына шағымданады. Қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.

  3. Науқастың танауынан және асқазан-ішегінен қан кету жиі байқалады. Хирургиялық операция кезінде көп қан кетеді. Бұл жағдай қандай витаминнің жетіспеушілігінен болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.

  4. Науқас сульфаниламидті препараттар мен антибиотиктерді көп қабылдаған, осыдан кейін науқаста дерматит (бүкіл денесі қызарып, қабыршақтанған) дамыды, шашы түсіп, тырнақтары зақымданды. Егер В5және В6витаминдерімен емдеу нәтиже бермесе, қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.