Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.86 Кб
Скачать

№4 Сабақ

1. Тақырыбы: Белоктар. Белоктардың маңызы. Жалпы қасиеттері, жіктелуі. Жай және күрделі белоктардың жеке өкілдері; құрылысы, ролі. Нуклеин қышқылдары. ДНҚ, РНҚ, құрылымдары, маңызы. Белоктарға түсті реакциялар және тұнбаға түсу реакцияларын демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.

2.Мақсаты:

1) Материалдыңмеңгеру тереңдігін тексеру.

2) Зертханалық ыдыстармен және биологиялық материалдармен, реактивтермен жұмыс істеуге дағдыландыру. (жұмыртқа белогы, желатин).

3) Студенттерді кіші топтарға бөле отырып, жұмыс жасату және жаңа терминдер мен ұғымдарды енгізу арқылы коммуникативтік дағдылануды дамыту.

4) Кәсіптік әдебиеттер мен интернетте жұмыс істеуге дағдыландыру.

3.Оқыту міндеттері:

1. Зертханада ерітінділерді қыздырғанда, химиялық реактивтермен, ыдыстармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

2. Керек препараттарды қалай дайындауды үйрету.

3. Түсті реакциялармен және тұнбаға түсіру реакцияларымен жұмыс істеу әдісін үйрету.

4. Зертханалық жұмыстардың негізгі принципін айқындау және олардың клиникалық- диагностикалық маңызын түсіндіру.

5. Биохимиялық реакциялардың нәтижесін дұрыс түсіндіре алу.

6. Студенттерді кәсіптік әдебиеттермен жұмыс ітеуге және интернеттен жаңа ақпараттарды табуға ынталандыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Белоктар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері

2. Белоктардың жіктелуі.

3.Жай белоктардың өкілдері (альбуминдер, глобулиныдер, протаминдер, гистондар,

коллагендер, эластиндер, кератиндер), қасиеттері, құрылысы, маңызы.

4.Күрделі белоктардың өкілдері (фосфо,- глико,- хромо,- метало,- липо- және

нуклеопротеиндер), құрылымы, қасиеттері, маңызы.

5.Нуклеин қышқылдары, түрлері, бір-бірінен айырмашылықтары, құрылымы, қасиеттері, маңызы.

6. Түсті реакциялардың жіктелуі, принциптері, тәжірибелік маңызы.

7. Түсті реакциялар арқылы ертіндіден құнсыз белоктарды қалай анықтауға болады?

8. Белоктарды тұнбаға түсіру және тұздалу реакцияларының медицинада қолдану принциптері.

9. Қан сарысуындағы белоктардың гидролиздену дәрежесін биурет реакциясы және аммоний сульфатымен тұздалу реакциялары арқылы қалай анықтауға болады?

5.Әдістер мен оқытудың тәсілдері:

Аралас-әдіс:

  1. Жазбаша сұрау

  2. Кіші топтармен жұмыс істеу- зертханалық жұмыстарды істеу

Оқыту құралдары: дәрістің электронды нұсқасы, толтыратын кестелер, жұмыртқа белогы, желатин, химиялық реактивтер, зертханалық ыдыстар, жазбаша тексерілетін билеттер, силлабус.

Бағаланатын құзырлылылар:

- Білім – жазбаша сұрақтарға жауап беру арқылы бағаланады.

- Практикалық дағды– зертханада жұмыс істеу сапасына және оларды дұрыс түсіндіре алуына қарай бағаланады.

1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі – оқытушы студенттерді сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстырады. Күрделі сұрақтарды қарастырады.

Үйге тапсырма: Ферменттер

Ферменттердің жалпы қасиеттері және әсер ету механизмдері. Ферменттердің активтілігін реттеу. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы. Гидролазалар: жіктелуі, түзілу орны және жеке өкілдерінің каталитикалық әсері.

Келесі сабаққа өздігінен дайындалуға берілетін сұрақтар:

  1. Ферменттер туралы түсінік.

  2. Бейорганикалық катализаторлар мен ферменттердің әсер ету ұқсастықтары

  3. Ферменттердің жалпы қасиеттері.

  4. Ферменттердіңхимиялық табиғаты.

  5. Ферменттердің құрылымы. Жай (бір компонентті) және күрделі (екікомпонентті) ферменттер.

  6. Ферменттің активті орталығының құрылымы, оның рөлі.

  7. Ферменттің аллостерикалық орталығы деген не , оның рөлі.

  8. Ферменттердің әсер ету механизмі

  9. Ферменттердің арнайылығы: а) субстратты б) арнайылық әсері.

  10. Субстраттыарнайылықтың түрлері.

  11. Ферменттердің әсер ету қуаттылығы.

12. Изоферменттер, олардың диагностикалық маңызы. Мультиферменттік комплекстер, түрлері және маңызы.

13. Ферменттердің активтіліктеріне әсер етуші факторлар (температура, ортаның рН, фермент және субстрат концентрацияларының эффекторлары).

14. Ферменттердің активтіліктерін ингибирлеушілер:

а. конкурентті (бәсекелес)

б. бәсекелес емес ингибирлеушілердің және активтеушілердің типтері.

15. Ферменттердің жіктелуі және номенклатурасы.

16. Гидролазалар, жалпы сипаттамасы. Негізгі топшалары: эстеразалар, гликозидазалар, пептидгидролазалар

17. Эстеразалардың негізгі топшалары: карбон қышқылдары түзетін күрделі эфирлік байланыстарды үзетін эстеразалар (липазалар, А12 фосфолипазалар), фосфоэстеразалар (С, Д фосфолипазалар, АТФ-азалар, глюкозо-6-фосфтатаза) шоғырлануы, каталитикалық әсері.

18. Гликозидазалардың негізгі өкілдері: α-амилаза, γ-амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза, шоғырлануы, каталитикалық әсері.

19. Пептидгидролазалар: эндопептидазалар (пепсин, трипсин, химотрипсин, катепсиндер) және экзопепетидазалар (карбоксипептидазалар, аминопептидазалар, дипептидазалар), шоғырлануы, каталитикалық әсері.

2.Жазбаша сұрау– билеттер бойынша жүргізіледі.

3. Шағын топтармен жұмыс істеу

Топ 3 топшаға бөлінеді де Практикум бойынша зертханалық жұмыс жасайды.

а) белоктар мен кейбір амин қышқылдарына түсті реакциялар желатин мен 1% жұмыртқа белогымен жасалынады (1,2,3,5,7,8-жұмыстар). Жұмыс істеп біткеннен соң Практикумның 10- бетіндегі кестені толтырады. Белок ерітінділерінің қайсысы құнсыз екендігі туралы қорытынды жасайды.Жұмыстардың клиникалық- диагностикалық маңызын жазады.

б) тұнбаға түсу реакциялары (10,12,13,14 - жұмыс). Тұнбаға түсу реакцияларының практикалық маңызын жазады.

В) күрделі белоктардың кейбір бөліктеріне сапалық реакциялар (18, 19, 20б, 25)

Шағын топ жұмыс істеп болғаннан кейін жұмыстарын жалпы талқыға салады, қорытындылайды.