Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.86 Кб
Скачать

1.Тақырыбы: Белоктар.

Белоктардың жалпы қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Белоктардың жіктелуі (жай және күрделі белоктар). Жай глобулярлы белоктар.

2.Мақсаты:

1) Белоктардың жалпы қасиеттері және жіктелуі туралы білімдерін бекіту.

2) Жай глобулярлы белоктар туралы білімдерін бекіту.

3) Кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге студенттерді ынталандыру.

3.Оқыту міндеттері:

1.Оқытушының жетекшілігімен тақырып бойынша жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу.

2. «Белок молекуласының құрылымдары және оларды тұрақтандыратын байланыстар» кестесін толтыру.

3. Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Белоктардың жалпы қасиеттері:

  1. Белоктардың коллоидты қасиеттері. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.

  2. Белоктарды тұнбаға түсу реакциялары және тұздалуы. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

  3. Белок молекуласының құрылымдары (структуралары). Денатурация, ренатурация.

2.Белоктардың жіктелуі.

3. Альбуминдер мен глобулиндердің, протаминдер мен гистондардың химиялық қасиеттері, ролі мен табиғатта таралуы

5. Оқыту әдістері мен құралдары:

Аралас әдіс:

  1. Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).

  2. Жазбаша бақылау (билеттер келтірілген).

Оқыту құралдары: оқу кестелері, схемалар, тақырып бойынша сурет, дәрістің электронды нұсқасы.

Бағаланатын құзырлылықтар:

«Білім» құзырлылығы жазбаша бақылаудың сұрақтарына берген жауабына, жаттығулар мен есепті орындау сапасына қарай бағаланады.

1. ОСӨЖ-ді ұйымдастыру – оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дің мақсаты және міндеттерімен таныстырып, келесі ОСӨЖ-ге тапсырма береді:

Үй тапсырмасы:

Гликопротеиндер, хромопротеиндер, нуклеопротеиндер, өкілдері, қасиеттері, құрылысы, маңызы.

Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Гликопротеиндер, құрылысы, қасиеттері, маңызы, жіктелуі. Нағыз гликопроетиндердің протеогликандардан ерекшелігі, негізгі өкілдері.

  2. Хромопротеиндер, жіктелуі: гемопротеиндер, магнийпорфириндер, пигменттер, құрылысы, маңызы.

  3. Нуклеопротеиндер, құрамы, қасиеттері, ролі.

  4. Нуклеин қышқылдары – құрылымдары, құрылысы, ролі.

2.Тақырып және тапсырмалар бойынша кеңес беру оқытушы студенттерден қандай сұрақтар қиындық туғызғанын сұрап, оларға кеңес береді. Содан кейін ОСӨЖ барысын түсіндіріп, әр студентке тапсырма береді.

Белок молекуласының құрылымдары (структуралары)

Белок молекуласының құрылымдары

Осфы структураны тұрақтандыратын байланыс түрлері

Осы құрылым арқылы анықталатын белоктың негізгі қасиеттері

3.Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттердің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жаттығулар мен жағдайлық есептерді шешу). Студенттер тапсырманы орындау кезінде оқытушы студенттердің өзіндік жұмысты орындауын тексереді, оны бағалайды, тапсырманы кімнің дұрыс орындағанын тексерді, қажет болғанда түзету енгізеді.

4. Жазбаша бақылау (билеттер келтірілген)

5. ОСӨЖ-ді қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды, баға қояды және қойылған бағаны студенттерге жариялайды.