Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.86 Кб
Скачать

1.Тақырыбы: Аралық бақылау №2: Гормондар. Қан және зәр биохимиясы.

2.Мақсаты:

  1. «Гормондар. Қан және зәр биохимиясы» тақырыптарын оқу барысындағы студенттердің алған білімдерін бағалау.

  2. Жағдайлық есептерді шешу арқылы студенттердің тәжірибелік дағдыларын бағалау.

  3. Аралық бақылау билеттерінің жағдайлық есептері бойынша студенттермен әңгімелесу кезінде олардың коммуникативті дағдыларын бағалау.

3.Оқыту міндеттері:

1) Студенттерді өтілген материалды талдай алуға және кең көлемді теориялық білімнен клиникалық пәндерді оқуда септігі тиетін білімді бөліп алуға үйрету.

2) Студенттерді жағдайлық есептерді шешу барысында олардың алған теориялық білімдерін қан мен зәрдің биохимиялық анализінің нәтижелерін түсіндіру үшін қолдануға үйрету.

3) Студенттерді гормондар бойынша жағдайлық есептерді шешу барысында организмдегі гормондардың жеткіліксіз немесе артық мөлшерде бөлінуінің сол гормонның әсер етуінің биохимиялық механизмімен байланысын көрсете білуге үйрету.

4) Студенттерді аралық бақылау билетінің сұрақтары бойынша оқытушымен диалог жасай білуге баулу.

5)Студенттерді кәсіби әдебиетті оқып-білуге және Ғаламтордан ақпарат іздеуге ынталандыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Қандағы кальций мен фосфаттардың мөлшерін реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

2. Негізгі алмасуды реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

3.Су-минерал (су, натрий мен калий деңгейін) алмасуын реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

4.Гипогликемиялық әсер көрсететін гормон. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

5.Контринсулярлы гормондар. Түзілетін орны. Олардың гипергликемиялық әсерінің механизмдері.

6.Қантты диабет дамуының биохимиялық механизмдері.

7. Гипертиреоз дамуының биохимиялық механизмдері.

8. Гипотиреоз дамуының биохимиялық механизмдері. Ересектер мен балалардағы гипотиреоз. Эндемиялық зоб.

9. Катехоламиндер. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

10. Анаболикалық эффект көрсететін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

11.Әйел адамдардың жыныс гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

12. Ер адамдардың жыныс гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

13. Эйкозаноидтар. Олардың түзілетін орны. Эйкозаноидтардың негізгі өкілдерінің физиологиялық әсері.

14.Гипофиз гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері..

15.Қан сарысуының белоктары мен белок фракциялары. Қалыпты жағдайдағы пайыздық мөлшері. Қағаздағы электрофорез әдісінің принципі.

16.Белок электрофореграммасының түрлері, олардың диагностикалық маңызы.

17.Қан плазмасының ферменттері, түрлері, диагностикалық маңызы.

18.Гиперлипидемиялар, олардың диагностикалық маңызы.

19.Мочевина және несеп қышқылы. Олар қайда түзіледі? Қан сарысуындағы қалыпты мөлшері. Оларды қанда және зәрде анықтаудың диагностикалық маңызы.

20.Билирубиннің түрлері. Олар қайда түзіледі? Қан сарысуындағы қалыпты мөлшері. Қандағы және зәрдегі билирубинді анықтаудың диагностикалық маңызы

21. Креатин және креатинин. Олардың түзілетін орны. Маңызы. Қандағы креатининнің қалыпты мөлшері. Қандағы креатинин мөлшерінің артуы нені көрсетеді? Креатинурия қандай жағдайда байқалады?

22.Қан плазмасының азотсыз органикалық заттары. Олардың қалыпты жағдайдағы мөлшері. Оларды анықтаудың диагностикалық маңызы.

23. Натрий және калий. Осы элементтердің қан плазмасы мен эритроциттердегі қалыпты мөлшері және организмдегі маңызы. Қандағы натрий мен калий деңгейін қандай гормон реттейді?

24.Қалыпты зәрдің физика-химиялық қасиеттері және химиялық құрамы. Зәр құрамындағы заттардың қалыпты мөлшері.

25.Зәрдің патологиялық компоненттері. Олардың зәрде пайда болуының негізгі себептері.

26.Атеросклероз дамуының биохимиялық механизмдері.

27.Қантты диабет кезіндегі қан және зәр құрамындағы биохимиялық өзгерістер.

28.Орташа молекулалы пептидтер. Олардың диагностикалық маңызы.

Жағдайлық есептер (тәжірибелік дағдыны қабылдау)

1.Науқас белок мөлшері төмен диетада. Оның қан сарысуын зерттегенде мочевина мөлшері 11,83 мМоль/л болды. Науқас қандай ауруға шалдыққан деп болжауға болады?

2.Зерттелетін қан сарысуындағы креатин мөлшері 1,2 мМоль/л. Осы жағдай қай органның қызметі бұзылғанда байқалады?

3.Науқаста кіші буын артриті байқалады. Оның қанында несеп қышқылы мөлшері артқан. Қандай ауру деп болжауға болады? Несеп қышқылы неден түзіледі?

4. Пациенттің бауыр тұсы ауырады, склерасы мен терісі сарғайған. Нәжісі түссіз, зәрі – сыра түсті (қоңырлау). Осы күйді қандай патология тудырады? Осы пациент қандай анализ тапсыруы керек? Нәжістің түссізденуін қалай түсіндіруге болады? Зәр түсінің өзгеруі қандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді? Осы патологияда тікелей және тікелей емес билирубин арақатынасы өзгереді ме?

5. Операция алдында науқастың қанындағы қалдық азот мөлшері жоғарылаған (50мМоль/л). Оған операция жасауға болады ма? Неліктен?

6. Қан сарысуындағы глюкоза мөлшері 10мМоль/л. Бұл күй қашан байқалады? Зәрде глюкоза пайда болады ма?

7. Қан сарысуы белоктарының электрофорезі кезінде қан сарысуындағы жалпы беклок мөлшері қалыпты, ал жеке белок фракцияларының проценттік арақатынасы: альбуминдер – 40, α-глобулиндер – 10, β-глобулиндер – 10, γ-глобулиндер-38 құрады. Бұл дені сау адамның, әлде науқастың қан сарысуы ма? Неліктен олай ойлайсыз?

8. Науқаста тырыспа байқалады. Қан сарысуын тексеру барысында кальций мөлшері 1,2 мМоль/л болды. Осы күй қалай аталады? Қашан байқалады?

9. Науқастың қан сарысуында калий мен магний мөлшері артқан. Бұл қай кезде байқалады?

10.Қан сарысуындағы кальций мөлшері нормадан көп (6 мМоль/л). Қандай горомн секрециясы артқан? Неліктен?

11. Науқастың тілі ісінген, үлкейгендігі сонша аузына сыймайды, тілінің үстінде тістің іздері қалады. Бұл ауру қандай эндокринді бездің қызметі бұзылғанда байқалады? Ісінудің биохимиялық механизмі.

12. Базедов ауруымен ауыратын науқастардың дене температурасы неліктен қалыптыдан жоғарырақ болады?

13. Зәрде 17-окси- және 17-кетостероидтар, альдостерон мөлшері төмендеген. Қысым төмендеген. Сусыздану, гипогликемия байқалады. Бұл қай бездің гипофункциясы кезінде байқалады және неліктен?

14. 10 жастағы бала бойының неліктен аласа екенін анықтау үшін ауруханаға келді. Оның бойы өзімен жасты балалардан аласа болатын, ата-анасы оның 7 жасар інісінен аласа болғанына мазаланып, дәрігерге әкеледі. Ол екі жылда 3 см-ге ғана өсті. Қандай горомн жеткіліксіздігі деп болжауға болады? Бұл жайт баланың ақыл-ойына әсер етуі мүмкін бе?