Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.86 Кб
Скачать

2.Блиц-сұрау тест бойынша жүргізіледі.

3.Жазбаша сұрау билеттер бойынша жүргізіледі.

4,5 Лабораториялық жұмыс және кіші топтарда жұмыс істеу.

а) «Қан сарысуындағы және зәрдегі мочевина мөлшерін диацетилмонооксиммен түсті реакция арқылы анықтау» ( № 93 жұмыс).

*Студенттер жұмыстың принципін, анықтау әдісін, есептеу формулаларын, қалыпты көрсеткіштерін, қан сарысуындағы мочевинаны, креатининді, билирубинді анықтаудың клинико-диагностикалық маңызын жұмыс дәптерлеріне жазып алады.

б)«Қанның сарысуындағы және зәрдегі креатининнің мөлшерін Яффе реакциясы (Поппер әдісі) арқылы анықтау» (№94 жұмыс).

в) «Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін Ендрашек, Клеггорн және Гроф әдісімен анықтау» ( № 99 жұмыс)

6. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

Негізгі әдебиеттер:

1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006. –136-156 б.

2. Уатқан С., Өмірзақова К.К. «Заттар алмасуы», - Алматы, 2004 ж. –265-278 б.

3. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.

4. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.

7.Бақылау

Құзырлылылық бағалау әдістері:

  • білімді құзырлылылық бағалау

жазбаша жауап алу, блиц сұрақтарға жауап алу арқылы жүргізіледі;

  • дағды құзырлылысын бағалау зертханалық жұмыстың орындалу барысында және билеттің 5-ші сұрағының жауабын тексеру арқылы жүргізіледі

Тесттер:

1. Қалыпты асқазан сөліндегі қышқылдық түрлері:

1. жалпы

2. бос НСI-ң қышқылдығы

3. көмірсулармен байланысқан HCI-ң қышқылдығы

4. байланысқан және бос HCI-ң қышқылдығы

5. белоктармен байланысқан HCI-ң қышқылдығы

3 дұрыс жауапты табыңыз

2. Жалпы қышқылдық – бұл:

1. асқазан сөлінің 1 литріндегі барлық қышқыл түзуші заттардың қосындысы

2. асқазан сөлінің 100 мл-гі барлық қышқыл түзуші заттардың қосындысы сумма

3. асқазан сөлінің 20 мл-гі барлық қышқыл түзуші заттардың қосындысы сумма

4. асқазан сөлінің 50 мл-гі барлық қышқыл түзуші заттардың қосындысы

5. асқазан сөлінің 10 мл-гі барлық қышқылтүзуші заттардың қосындысы

3. Креатинин

1. креатиннің түзілуіне жұмсалады

2. креатинфосфаттың түзілуіне жұмсалады

3. соңғы өнім болып табылады және зәрмен бөлінеді

4. белоктар алмасуының аралық өнімі болып табылады

5. бауыр функциясын анықтау үшін керек.

4. Организмдегі аммиакты залалсыздандырудың негізгі жолы:

1. белок синтезі

2. мочевина синтезі

3. креатин синтезі

4. билирубинсинтезі

5. биогенді аминдердің синтезі

5. Тікелей билирубин түзіледі:

1. ішекте

2. бауырда

3. бүйректе

4. қанда

5. сүйектің қызыл кемігінде

6. Тікелей емес билирубин

1. усыз

2.суда ерімейді, улы

3. суда ериді, усыз

4. Эрлих диазореактивімен бірден реакция береді

5. альбуминдермен байланысады

7. бауырдың қызметтері:

1. пластикалық

2. қор ретінде

3 .э нергетикалық

4. тіректік

5. секреторлы

Дұрыс 4 жауапты таңда.

8.Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері

1.қан

2.өт

3.муциндер

4.пепсин

5.пепсиноген

Дұрыс 2 жауапты таңда.

9.Өттің пигменттері

1.мезобилиноген

2.стеркобилин

3.билирубин

4.каротин

5.меланин

10.Көмірсулар,белоктар,липидтер алмасуынын ортақ өнімі

1.ФГА

2.аммиак

3.ҚСҚ

4.ПЖҚ

5.ДОАФ

9 (24) Сабақ

1. Тақырыбы: Гормондар. Гормондардың құрылысы, құрылысы бойынша жіктелуі. Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету механизмдері. Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары. Қалқанша безінің гипер- және гипофункциясының биохимиялық негіздері.