Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.86 Кб
Скачать
  1. Тақырыбы:Белоктар алмасуы. Жай белоктардың аралық алмасуы. Жасушада амин қышқылдарының (анаболикалық реакцияларға – белок, креатин, алмастырылатын амин қышқылдарының синтезіне) қолданылуы. Амин қышқылдарының катаболизмі: амин қышқылдарының декарбоксилденуі және дезаминденуі. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының және аммиактың қолданылуы. Аммиакты залалсыздандыру. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.

  2. Мақсаты:

  1. Студенттерде ағзадағы амин қышқылдарының негізгі өзгерістерге ұшырауы туралы білімді қалыптастыру.

  2. Студенттерде аммиактың түзілу мен жұмсалу жолдары туралы білімді қалыптастыру.

  3. Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу арқылы коммуникативті дағдыларын дамыту.

  4. Кәсіби әдебиетті зерттеу және ғаламторда ақпарат (мәліметтер) іздеу барысында дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.

  1. Оқыту міндеттері:

  1. Амин қышқылдарының жасушадағы негізгі пайдалану жолдарын қарастыру.

  2. Амин қышқылдарының декарбоксилдену процестерін және ағзадағы биогенді аминдердің маңызын талқылау.

  3. Амин қышқылдарының дезаминдену жолдарын қарастыру.

  4. Аммиактың залалсыздандыру жолдарын қарастыру.

  5. Жаңа терминдер енгізу және түсініктерге анықтама беру: креатин, креатинфосфат, креатинин, гиппур қышқылы, орнитин циклі (цитруллин теориясы), аммонийгенез.

  6. Студенттерді кәсіби әдебиетті зерттеуге (оқуға) және ғаламторда ақпарат (мәліметтер) іздеуге ынталандыру.

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жасушадағы амин қышқылдарының пайдалану жолдары.

  2. Белоктар алмасуындағы бауырдың ролі.

  3. Анаболикалық процесстерде амин қышқылдарының пайдалануы.

  4. Амин қышқылдарының жасушадағы ыдырау жолдары (катаболикалық процестер).

  5. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі. Биогенді аминдердің түзілуі, олардың маңызы.

  6. Амин қышқылдарының дезаминдену түрлері.

  7. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының өзгерістері.

  8. Аммиактың түзілу және залалсыздандыру жолдары.

  9. Мочевина синтезі.

  10. Жай белоктардың соңғы өнімдері және олардың бөлінуі.

  1. Білім берудің және оқытудың әдістері:

Әдіс – аралас әдісі:

Құрамалау әдіске ауызша талдау, жазбаша бақылау кіреді (билеттер берілген), сонымен қатар шағын топтарда жұмыс жасау, жаттығуларды, жағдайлық есептерді орындауын тексеру кіреді.

Оқыту құралдары: Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы. 2 Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі. - Алматы, 2009 ж. – 110-132 бет; тест сұрақтары; жазбаша бақылаудың билеттері; тақырып бойынша дәріс.

  1. Сабақты ұйымдастыру – студенттерді тексеріп, сабаққа келмеген студенттердің себебін білу, конспектер тексеріледі. Үйге берілген жаттығулар мен жағдайлық есептер тексеріледі, шешілмеген сұрақтар айқындалады. Үйге тапсырма беріледі: «Күрделі белоктар алмасуы». Студенттерге ескерту керек: келесі сабақ үш тілдік талдау компонетімен жүргізіледі!!!

Үй тапсырмасын өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Гемоглобин - құрылысы мен маңызы.

  2. Гемнің синтезі туралы түсінік (басқа тілде дайындалып келу керек – топтың оқу тілі бойынша байланысты ағылшын, қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі, тілдердің біреуінде жеке тақырып бойынша глоссарий және осы сұрағының жауабының электронды нұсқасын тапсыру).

  3. Гемоглобиннің ыдырауы, реакциялардың реті.

  4. Өт, нәжіс және зәр пигменттерінің түзілуі.

  5. Сарғыштану, түрлері, пайда болу себептері.

  6. Нуклеопротеиндердің алмасуы, түсінік. Нуклеопротеиндердің ыдырауы, несеп қышқылының түзілуі. Подагра туралы түсінік.

  1. Блиц-сауалнама – тест бойынша жүргізіледі, оқытушы студентті тақтаға шақырып, сұрақты ішенен оқуға ұсынады, студент бірден жауап беруге керек.

  2. Ауызша талдау.

Ауызша талдауға арналған сұрақтар:

  1. Жасушадағы амин қышқылдарының түзілу мен пайдалану жолдары (схема арқылы көрсету).

  2. Амин қышқылдарды залалсыздану үрдістерге пайдалану – гиппур қышқылының түзілуі.

  3. Креатин синтезі, оны бұлшық ет тінінде пайдалануы, креатининнің түзілуі (екі студентті тақтаға шығаруға болады).

  4. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі, мысалдар келтіру, реакция өнімдерінің маңызы.

  5. Аммиактың түзілу және залалсыздандыру жолдары – схема арқылы көрсету.

  6. Амин қышқылдарының дезаминденуі – түрлері, реакциялар (екі студентті тақтаға шығаруға болады).

  7. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының өзгерістері.

  8. Амидтену және дезамидтену, маңызы, жүретін жері.

  9. Мочевина синтезі, реакциялар, жүретін жері (екі студентті тақтаға шығаруға болады).

  10. Тотықсыздана аминдену – схема арқылы көрсету.

  11. Аммонийгенез, маңызы.

  12. Жай белоктардың соңғы өнімдері және олардың бөлінуі.

Бірінші сұрақты талдағанда келесі сызбанұсқа құрастырылады «Анаболикалық реакцияларда амин қышқылдарды пайдалану».

Сонымен қатар, келесі сызбанұсқа құрастыруға ұсынылады «Амин қышқылдарының ыдырау жолдары».

  1. Шағын топтарда жұмыс жасау – топ екі топшаға бөлінеді (5 адамнан), әр топшаға 1-2 бірдей жағдайлық есептер беріледі. команданың әр студентіне жағдайлық есепті шешуге (2-3 мин), содан соң нәтижені топша ішінде талдау үшін және қорытынды шешуін жазу үшін (5 мин) уақыт беріледі. Оқытушы әр команданың қорытынды шешуін тексеріп, барлық студенттермен бірге ұсынылған есептерді талдайды.

  2. Жазбаша бақылау.

  3. Қорытынды жасау – жазбаша бақылаудар тексеріліп, сабаққа баға қойылады.