Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.86 Кб
Скачать

2. Мақсаты:

1.Студенттерде белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының ащы ішекте сіңірілуі туралы білім қалыптастыру;

2. Тоқ ішекте белоктардың шіруі, белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру туралы білім қалыптастыру.

3. Студенттерде қалыпты және патологиялық жағдайлардағы асқазан сөлінің физико- химиялық қасиеттері мен құрамы, асқазан сөлін талдау әдісі туралы білім қалыптастыру.

4. Интернет және кәсіптік әдебиетпен жұмыс істеу кезіндегі студенттердің аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.

5. Жаңа түсініктер мен терминдерді еңгізу.

3. Оқыту міндеттері:

1. АІЖ белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының сіңірілуі және белоктардың тоқ ішекте шіруі үрдістерін талқылау.

2. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері мен құрамын, және олардың патологиялық жағдайларда өзгеруін қарастыру.

3.Студенттердің асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері мен құрамы туралы алған білімдерін патологиялық кездегі АІЖ-ң функционалдық күйін түсіну үшін қолдана білуге үйрету.

4. Студенттерге асқазан сөлінің қышқылдығын және патологиялық құрамдас бөліктерін анықтай білуге үйрету.

5. Асқазан сөлінің қышқылдығы, тұз қышқылының дебит-сағаты, гиперхлоргидрия, гипохлоргидрия, ахилия, белоктардың шіруі, эфиркүкірт қышқылдары, эфирглюкурон қышқылдары

6. Интернетте мәлімет іздеу және кәсіби әдебиетті оқу үшін студенттерді ынталандыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері және химиялық құрамы.

  2. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының рөлі.

  3. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері, пайда болу себептері.

  4. Асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттерінің патологиядағы өзгерістері.

  5. АІЖ-дағы белоктардың қорытылуы, бұл үрдістерге қатысатын ферменттер, оларға сипаттама.

  6. Амин қышқылдарының сіңірілуі.

  7. Белоктардың ішекте шіруі, улы шіру өнімдерінің залалсыздануы. Залалсызданудың жүретін орны мен әдістері.

5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Аралас, комбинирленген тәсіл қолданыланады: видеотәсіл қосылған ауызша сұрау, блиц-сұрақтар, жазбаша түрде бақылау, шағын топтарда жұмыс жасау.

Оқыту құралдары: кестелер, сызбанұсқалар, тест тапсырмалары, видеофильм (кафедралдық компьютерде)

Бағаланатын құзырлылылар

  • білімді құзырлылылық бағалау ауызша сұрау, кіші топтармен жұмыс жасау,

жазбаша жауап алу, үй тапсырмасын (жаттығулар, жағдайлық есептер және тесттер) тексеру арқылы жүргізіледі;

  • дағды құзырлылысын бағалау зертханалық жұмыстың орындалу барысында;

1. Сабақты ұйымдастыру- сабақтың міндеттері мен мақсатымен танысу. Күрделі сұрақтар бөлек талданылады.

Үйге тапсырма беру: Белоктар алмасуы. Жай белоктардың аралық алмасуы. Жасушада амин қышқылдарының (анаболикалық реакцияларға – белок, креатин, алмастырылатын амин қышқылдарының синтезіне) қолданылуы. Амин қышқылдарының катаболизмі: амин қышқылдарының декарбоксилденуі және дезаминденуі. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының және аммиактың қолданылуы. Аммиакты залалсыздандыру. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.

Келесі сабақтың өзбетімен дайындалу сұрақтары:

1. Жасушада амин қышқылдарының пайдаланылуы.

2. Белоктар алмасуындағы бауырдың рөлі.

3. Амин қышқылдарын анаболикалық үрдістерге пайдалану.

4. Жасушада амин қышқылдарының ыдырау жолдары (катаболикалық үрдістер).

5. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі, биогенді аминдердің түзілуі, маңызы.

6. Амин қышқылдарының дезаминдену түрлері.

7. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының пайдаланылуы.

8. Аммиактың түзілуі және оның пайдаланылу жолдары.

9. Мочевина синтезі.

10. Белоктар алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан шығарылуы.

2. Блиц-сұрау тест сұрақтары бойынша жүргізіледі