Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.86 Кб
Скачать

2. Мақсаты:

1. Студенттерде глицерин мен бос май қышқылдарының (БМҚ) ролі және организмдегі өзгерстері туралы білім қалыптастыру.

2. Студенттерде ТАГ пен ФЛ синтезіндегі бәсекелестік, фосфолипидтердің липотропты әсері туралы түсінік қалыптастыру.

3. Студенттерде глицериннің глюконеогенезге жұмсалуы және осының негізінде заттар алмасуының өзара байланысы туралы білім қалыптастыру.

4. Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.

5. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу.

6. тақырып бойынша шет ел тілінде (ағылшын, орыс, қазақ тілі) сөйлеуді арттыру.

3. Оқыту міндеттері:

1. Глицерин мен БМҚ-ның анаболикалық үрдістерге жұмасалуын қарастыру.

2. Глицериннің тотығуын және БМҚ-ның өзгерістерін оқып-білу.

3. Липидтердің пероксидтік тотығуын, осы үрдістің қалыпты және патологиялық жағдайлардағы ролін қалыптастыру.

4. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу: бета – тотығу, фосфатидтік жолмен липогенез.

5. Студенттерді арнайы әдебиеттермен және интернеттен материал іздеуге ынталандыру.

6. Тақырыптың бір сұрағын шет тілде (ағылшын, орыс, қазақ тілі) қастыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. БМҚ мен глицеринді биосинтездік үрдістерге қолдану жолдары.

  2. Глицериннің тотығуы, осы үрдістің энергиялық балансы.

  3. БМҚ түрлері. Қаныққан және қанықпаған БМҚ-ның тотығуы, энергиялық балансы.

  4. Көп қанықпаған май қышқылдарының (КҚМҚ) пероксидтік тотығуы.

  5. Антиоксидантты қорғаныс жүйесі: ферменттік және ферменттік емес.

5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша талқылау (тақырыптың бір сұрағын шет тілде (ағылшын, орыс, қазақ тілі) қастыру, дискуссия. аз топпен жұмыс).

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқытуға қажетті материалдар: Тақырып бойынша дәріс, Тест сұрақтары,

жаттығулар, ситуациялық есептер,биохимиядан студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу құралы.2-бөлімі.

Сабақтың сценариі:

Мазмұны

Әдістемелік қамтамасыз етілуі

Уақыты, мин (болжаммен хронометраж, топтың дайындығына және тағы басқа факторларға байланысты өзгері мүмкін)

  1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі, үй тапсырмасын тексеру (жаттығулар, ситуациялық есептер және тест сұрақтары). Күрделі сұрақтарды талдау

  2. жазбаша тексеру

  3. Ауызша сұрау

  4. дискуссия

  5. сабаққа қорытынды жасау

Оқу журналы,

Жазбаша тексеруге арналған билеттер,

Тест сұрақтары,

жаттығулар,

Ситуациялық есептер,

Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал сценариімен

Силлабус

Тақырып бойынша дәріс

  1. 5

  2. 10

  3. 40

  4. 5

    1. Сабақтың ұйымдастыру бөлімі–конспекті тексеріледі, үйге берілген жаттығулар мен ситуациялық есептер тексеріледі, шешілмеген сұрақтар түсіндіріледі.

Үйге тапсырма: Студенттерге келесі сабақ 3-тілдің біреуінде болатынын ескерту. Липидтер алмасуы.АСҚ ағзадағы өзгерістері.

Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:

АСҚ-ның пайдаланылу жолдары (схемамен).

2. БМҚ биосинтезінің сатылары.

3. Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмі.

4. Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және -гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы.

5. Холестерин синтезі, сатылары және холестерин синтезінің реттелуі.

6. Холестерин мен кетон денелерінің синтезінің ұқсастықтары мен айырмашылығы.

7. Холестерин алмасуы.Холестерин алмасуындағы бауырдың рөлі. Холестерин алмасуындағы ТТЛП пен ТЖЛП рөлі.

8. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі.

9. Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдері.

Ауызша сұрауға арналған сұрақтар:

  1. БМҚ мен глицеринді биосинтетикалық үрдістерге қолдану жолдары(топқа байланысты шет тілінің біреуінде жүргізіледі).

  2. Фосфатид қышқылыныңФЛ синтезінідегі рөлі.

  3. Фосфатид қышқылыныңТАГ синтезінідегі рөлі.

  4. Глицериннің тотығуы, осы үрдістің энергиялық балансы.

  5. БМҚ-ның -тотығуы және оның энергиялық балансы.

  6. Көп қанықпаған май қышқылдарының (КҚМҚ) пероксидтік тотығуы (ЛПТ).

  7. Антиоксидантты қорғаныс жүйесінің негізгі бөліктері.

4-5 сұрақтарды талдау кезінде сұрақт ыбірнеше бөлікке бөлуге болаыд. Бір студентке глицериннің ПЖҚ-на дейін тотығуын, 2-ші студентке ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену реакциясын бұл кезде реакцияға қатысатын ферменттер мен витаминдерді еска түсіреді, 3-ші студентке схема түрінде АСҚ-дан бастап глицериннің тотығуын жазып қанша АТФ түзілетінін санаатуға болады.

Осындай жолмен БМҚ бета-тотығуын да талдауға болады. 2 студент бета-тотығу реакцияларын жазса, 3-ші студент АТФ санайды. Топ мүмкіншілігіне байланысты әр түрлі варианттарды қолдануға болады.

2. Келесі сұрақтар бойынша дискуссия

      1. ТАГ пен ФЛ синтезінідегі фосфатид қышқылының рөлі.

(Фосфатид қышқылының ФЛсинтезінен ТАГ синтезіне жұмсалу жағдайларын нақтылау).ТАГ пен ФЛ синтезі арасындағы бәсекелестік байланыс.

  1. ФЛ синтезіне қандай липотропты заттар қажет?

  2. Липидтердің пероксидтік тотығуының (ЛПТ) артуына және оттектің активті радикалдарының түзілуіне қандай факторлар әсер етеді.

  3. ЛПТ қандай заттар төмендетеді.Қандай тағам өнімдерінде антиоксиданттар кездеседі.

4. Аз топпен жұмыс: студентерді 2-3 студенттен 3 топқа бөліп , олардың әр қайсысына тапсырма беріледі. 5 минуттан уақыт беріп одан кейін барлығымен талданады.

5. Жазбаша бақылау- тақырып бойынша билетпен жүргізіледі(билеттер берілген).

6. Қорытынды шығару- оқытушы үй тапсырмасын тексеріп студенттерге баға қояды.