Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.86 Кб
Скачать

2) Блиц-сұрақ немесе тест сұрақтарымен жұмыс жасау.

Блиц-сұрақтар:

1 – фермент дегеніміз не?

2 – ферменттің активті орталығы дегеніміз не?

3 - ферменттің активті орталығы қандай аймақтардан тұрады?

4 – ферменттің аллостерикалық орталығы дегеніміз не?

5 – ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы неге жауап береді?

6 – ферменттің активті орталығының катализдік аймағы неге жауап береді?

7 –кофермент дегеніміз не?

8 –апофермент дегеніміз не?

9 –холофермент дегеніміз не?

10 – профермент дегеніміз не?

  1. Жазбаша бақылау (билеттер берілген).

  2. Ауызша сұраудәстүрлі әдістеме арқылы немесе ЖИГСО әдісі бойынша жүргізіледі.

Дәстүрлі әдіс бойынша ауызша талдауға арналған сұрақтар:

  1. Фермент дегеніміз не, бейорганикалық катализатормен ұқсатығы;

  2. Фермент пен бейорганикалық катализаторлардың айырмашылықтары;

  3. Ферменттің құрылысының күрделі болуы – бір компонентті және екі компонентті ферменттердің активті орталықтарының құрылысы;

  4. Изоферменттер туралы түсінік, мысалдар келтіру;

  5. Ферменттің әсер етуінің қуат күштілігі, өлшем бірлігі, мысалдар;

  6. Ферменттің әсер ету арнайлығы, пируватдегидрогеназды комплекстің мысалында мультиферментті комплекс туралы түсінік;

  7. Субстратты арнайлық, түсінік, түрлері, мысалдар;

  8. Фермент активтілігіне температураның әсері;

  9. Фермент активтілігіне рн-тың әсері;

  10. Фермент активтілігіне фермент пен субстраттың концентрацияларының әсері;

  11. Бәсекелес (конкурентті) ингибирлену, мысал келтіру;

  12. Бәсекелес емес (конкурентті емес) ингибирлену, мысал келтіру.

  13. Ферменттердің жіктелуі.

ЖИГСО әдісі бойынша жұмыс жасағанда топ 3-4 адамнан үш топшаға (шағын топшаларға) бөлінеді, әр топшаның әр студентіне тақырыптың сұрақтары беріледі. Әр студентке бір сұрақты дайындау үшін 2 минут уақыт беріледі, кейін топшаның ішінде тапсырмаларды талдау үшін тағы уақыт беріледі (15 минут). Содан соң оқытушы негізгі сұрақтар бойынша әр топшадан студенті шақырып, оған сұрақ қояды, бірақ оған алдын ала берген сұрақ емес, сол топшадағы басқа студентке қойылған сұрақты қояды. Яғни, топшаішілік дисскусия уақытында әр студент, педагог ролін атқара отырып, шағын топшалардың басқа мүшелеріне өзінің сұрағын түсіндіреді.

5) Қорытынды жасаубағалар қойылады.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Плешкова С.М. және т.б. «Белоктар. Ферменттер. Энергия алмасуы. Витаминдер.» - Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы. 1 бөлім – Алматы, 2009 ж, 90-111бет.

  2. У. Сайпіл, Абитаева С.А. « Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер»., Алматы 2000ж., б. 4-48, 73-92.

  3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

  4. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж..

Қосымша:

        1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

        2. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

        3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

  1. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.

  2. Строев Е.А. “Биологическая химия”, Москва,1986г.

  3. Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2004г.

  4. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004.

Тест:

1. Химиялық табиғаты жағынан ферменттер:

              1. көмірсулар

              2. ерекше қызметі бар белоктар

  1. ерекше қызметі жоқ белоктар

  2. бейорганикалық катализаторлар

  3. аминқышқылдары

2. Бейорганикалық катализаторлармен салыстырғанда ферменттер:

        1. активтену энергиясын бірден төмендетеді

        2. реакцияның бағытын өзгертпейді

        3. ферменттер жоғары арнайылылыққа ие

        4. қайтымды реакцияның тепе-теңдікке жету уақытын тездетеді

        5. реакция барысында жұмсалмайды

  1. Профермент-бұл:

  1. IV құрылымы бар ферменттер

  2. аллостериялық орталығы жоқ ферменттер

  3. бірнеше активті орталығы бар ферменттер

  4. ферменттің активсіз түрі

  5. ферменттердің молекулалық формасының бірі

4. Бір компонентті ферментінің активті орталығы қалыптасады:

  1. амин қышқылдарының функционалды топтарынан

  2. витаминдерден

  3. нуклеин қышқылдарынан

  4. әртүрлі металдардан

  5. моносахаридтерден

  1. Ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы қамтамасыз етеді:

  1. субстратты тану және онымен байланысу

  2. ферменттің реакция өнімдерімен әрекеттесуін

  3. аллостерикалық орталығының түзілуін

  4. ферменттің әсер ету арнайылығын

  5. фермент-субстратты комплекс түзілуін

6. Ферменттің активті орталығының катализдік аймағы қамтамасыз етеді:

  1. ферменттің әсер ету арнайылығын

  2. катализдейтін реакцияның түрін

  3. ферменттің реакция өнімдерімен әрекеттесуін

  4. аллостериялық орталықтың түзілуін

  5. фермент-субстрат комплексінің түзілуін

7. Абсолютты субстраттық арнайылығы деп аталады, егер фермент:

  1. әр түрлі байланыстары бар субстраттардың тобына әсер етсе

  2. тек бір субстратқа ғана әсер етсе

  3. байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етсе

  4. төртіншілік структурасы болса

  5. изоферменттері жоқ болса

8. Салыстырмалы субстраттық арнайылығы деп аталады, егер фермент:

  1. әр түрлі байланыстары бар субстраттардың тобына әсер етсе

  2. тек бір ғана субстратқа әсер етсе

  3. байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етсе

  4. төртіншілік структурасы болса

  5. изоферменттері жоқ болса

  1. Оптималды температура дегеніміз не?

  1. Осы температурада қайтымсыз инактивация байқалады

  2. Осы температурада фермент ең жоғары белсенділік көрсетеді

  3. Осы температурада фермент өте төмен белсенділік көрсетеді

  4. Осы температурада қайтымды инактивация байқалады

  5. Осы температурада фермент белсенді емес болады

10. Фермент келесі температурада қайтымсыз инактивацияға ұшырайды:

  1. 0С

  2. -50С

  3. -40С

  4. 40С

  5. 100С

  1. Бәсекелес ингибирлену байқалады, егер субстрат пен ингибитор:

  1. ферменттің аллостерикалық орталығымен ұқсас келсе

  2. құрылыс жағынан бір-біріне ұқсас келсе және ингибитор ферменттің активті орталығымен байланысса

  3. активті орталықпен ұқсас болмаса

  4. ферменттің құрылысымен ұқсас болса

  5. ферменттің аллостерикалық орталығымен ұқсас болмаса

  1. Бәсекелес емес ингибирлену кезінде келесі комплекс түзіледі:

  1. фермент-субстрат

  2. фермент-ингибитор

  3. субстрат-ингибитор

  4. фермент-субстрат-ингибитор

  5. фермент-реакция өнімі

  1. Берілген қосылыстардың қайсысы СДГ-ның бәсекелес ингибиторы болып табылады?

  1. СООН-СН2-СООН

  2. СООН-СН2-СН2-СООН

  3. СООН-СО-СН3

  4. СООН-СН2-СН2ОН

  5. СООН-СН2-СН3

14. Ферменттердің классқа жіктелуі негізделген:

1. ферменттің құрылысына

2. ферменттің белсенділігіне

3. катализдейтін реакция түрінде

4. субстраттың құрылысына

5. ағзалық ерекшелігіне

15. Ас-қорытуға қатысатын ферменттер берілген ферменттердің қай класына жатады?

1. трансферазалар

2. оксидоредуктазалар

3. лиазалар

4. гидролазалар

5. изомеразалар

6 Сабақ

1. Тақырыбы: Ферменттер. Трансферазалар, лиазалар. Өкілдері, құрылысы, ролі. Трансферазалар мен лиазалардың құрамына кіретін витаминдер..