Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.86 Кб
Скачать
  1. Тақырыбы: Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторлар. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы. Гидролазалар.

  2. Мақсаты:

  1. Ферменттердің табиғаты мен әсер ету механизмі, ферменттің активтілігіне әсер етуші факторлар, ферменттердің жіктелуінің тәртібі, гидролазалардың өкілдері туралы білім қалыптастыру.

  2. Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу.

  3. Кәсіби әдебиетпен жұмыс істегенде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерді қалыптастыру.

  1. Оқытудың міндеттері:

  1. Ферменттердің жалпы қасиеттерін қарастыру.

  2. Студенттерді кәсіби әдебиетті зерттеуге (оқуға) және ғаламторда ақпарат (мәліметтер) іздеуге ынталандыру.

  3. Жаңа терминдер енгізу және фермент, ферменттің әсет етудің оптимумы, конкурентті(бәсекелес) ингибитор, конкурентті емес (бәсекелес емес) ингибитор, активті орталық, субстрат, субстратты аймақ, катализдік аймақ, кофермент, апофермент, холофермент, аллостерикалық орталық, ферменттің активтілігін аллостерикалық реттелуі, катал, ферменттің әсер ету арнайлығы түсініктерге анықтама беру:.

  4. Ферменттердің химиялық табиғатын оқып білу.

  5. Ферменттердің әсер ету механизмін оқу.

  6. Ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторларын оқып білу.

  7. Ферменттердің жіктелуін және катализдейтін реакцияларын оқу.

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ферменттер, түсінік.

  2. Ферменттердің жалпы қасиеттері.

  3. Ферменттердің құрылысы. Жай (бір компонентті) және күрделі (екі компонентті) ферменттер. Ферментативті реакцияларындағы апофермент пен коферменттің ролі.

  4. Ферменттің активті орталығының құрылысы, оның ролі.

  5. Ферменттердіңәсер ету механизмі.

  6. Ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторлар:

  7. Ферменттердің әсер етуінің реттелуі. Активаторлар мен ингибиторлар. Арнайлығы бар және арнайлығы жоқ эффекторлар.

  8. Ферменттердің жіктелуі.

  1. Білім берудің және оқытудың әдістері:

Әдіс – аралас әдіс: блиц-сұрақтарға немесе тест жаттығуларына (тест берілген) жауап беру, жазбаша бақылау (билеттер берілген), ЖИГСО әдісі бойынша ағылшын тілінде жасалған видеоәдісімен бірге (үш тілдік бағдарламасына сәйкес) ауызша талдау кіреді.

Оқыту құралдары: кафедраның әдістемелік нұсқаулары, тест жаттығулары, дәрістің электрондық нұсқасы, видеофильм (кафедралдық ноутбуғының жұмыс столында бар).

Бағаланатын құзырлылықтар:

- білім – жазбаша бақылау кезіндегі студент берген жауаптары бойынша, ЖИГСО әдісі бойынша ауызша сұрағанда немесе шағын топтарда жұмыс жасағанда берген жауаптары бойынша, блиц-сұрақтарға берген жауаптары бойынша бағаланылады.

  1. Ұйымдастыру бөлімістуденттерді тексеріп, сабаққа келмеген студенттердің себебін білу, үйге тапсырма беріледі: «Ферменттер. Лиазалар. трансферазалар».

Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Трансферазалар – жіктелуі, жалпы сипаттама.

  2. Аминотрансферазалар, метилтрансферазалар, фосфотрансферазалар ацетилтрансфераза-лар – құрылысы, катализдік әсері.

  3. Лиазалар – құрылысы, жалпы сипаттама.

  4. Кетоқышқылдарының және амин қышқылдарының декарбоксилазалары –құрылысы, катализдік әсері.

  5. Карбангидразалар – құрылысы және катализдік әсері.