Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.86 Кб
Скачать

1.Тақырыбы: Белоктар.

Белоктардың жалпы қасиеттері: Коллоидты қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Белок молекуласының структуралары. Белоктардың жіктелуі (жай және күрделі белоктар). Жай глобулярлы белоктар: өкілдері, химиялық касиеттері, табиғатта таралуы, ролі.

2.Мақсаты:

1) Белоктардың жалпы қасиеттері туралы білім қалыптастыру.

2) Денатурация, ренатурация, денатурациялаушы агенттер туралы білім қалыптастыру.

3) Белоктардың жіктелуі туралы білім қалыптастыру.

4) Жай глобулярлы белоктар туралы білім қалыптастыру.

5) Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу.

3.Оқыту міндеттері:

1.Белоктардың жалпы қасиеттерін: коллоидты қасиетін, тұнбаға түсу реакцияларын, белок молекуласының структураларын оқып-білу.

2. Денатурация, ренатурация, денатурациялаушы агенттер туралы түсінік беру.

3. Студенттерді белоктардың жіктелуімен таныстыру.

4. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылық факторлары, белоктардың денатурация мен ренатурациясы, денатурациялаушы агенттер, глобулиндер фракциялары, электрофорез туралы жаңа түсініктерді енгізу.

5. Белоктардың құрылымдық деңгейін қарастыру, белоктардың биологиялық қасиетінің біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік құрылымдарына тәуелділігін көрсету.

6. Альбуминдер мен глобулиндердің, протаминдер мен гистонлдардың химиялық қасиеттерін, ролі мен табиғатта таралуын оқып-білу.

7. Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Белоктардың жалпы қасиеттері:

  1. Белоктардың коллоидты қаситтері. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.

  2. Тұнбаға түсу реакциялары және белоктардың тұздалуы. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

  3. Белок молекуласының құрылымдары (структуралары). Денатурация, ренатурация.

2.Белоктардың жіктелуі.

3. Альбуминдер мен глобулиндердің, протаминдер мен гистонлдардың химиялық қасиеттерін, ролі мен табиғатта таралуы

5. Оқыту әдістері мен құралдары:

Аралас-әдіс:

  1. Аралас сұрау (ауызша сұрау, блиц- сұрақ, жазбаша бақылау )

Оқыту құралдары: тақырып бойынша кестелер, схемалар, суреттер, тесттік тапсырмалар.

Бағаланатын құзырлылықтар:

  1. «Білім» құзырлылығы жазбаша бақылаудың сұрақтарына, тақырыпты ауызша сұрау кезінде студенттің тақтада жауап бергеніне қарай бағаланады.

1.Сабақты ұйымдастыру – сабақтың мақсаты және міндеттерімен танысу. Қиын сұрақтарды анықтап, оларға ауызша талдау барысында жеке тоқталу.

Үй тапсырмасы: Гликопротеиндер, хромопротеиндер, нуклеопротеиндер, өкілдері, қасиеттері, құрылысы, маңызы.

Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Гликопротеиндер, құрылысы, қасиеттері, маңызы, жіктелуі. Нағыз гликопроетиндердің протеогликандардан ерекшелігі, негізгі өкілдері.

  2. Хромопротеиндер, жіктелуі: гемопротеиндер, магнийпорфириндер, пигменттер, құрылысы, маңызы.

  3. Нуклеопротеиндер, құрамы, қасиеттері, ролі.

  4. Нуклеин қышқылдары – құрылымдары, құрылысы, ролі.

2.Блиц-сұрақ тест сұрақтары бойынша жүргізіледі.

3.Ауызша сұрау төмендегі сұрақтар бойынша жүргізіледі:

  1. Белоктардың жалпы қасиеттері:

  1. Белоктардың коллоидты қасиеттері.

  2. Ерітіндідегі белок молекуласының тұрақтылығы. Тұрақтылық факторлары.

  3. Тұнбаға түсу реакциялары (кесте толтыру) және белоктардың тұздалуы.

  4. Белок молекуласының құрылымдары (кесте толтыру). Белоктардың денатурациясы, ренатурациясы, денатурациялаушы агенттер.

2.Белоктардың жіктелуі.

3. Альбуминдердің, глобулиндердің, протаминдердің, гистонлдардың химиялық қасиеттерін, ролі мен табиғатта таралуы.

4.Жазбаша бақылау билеттер бойынша жүргізіледі (билеттер бар)

5. Сабақты қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды, баға қояды және қойылған бағаны студенттерге жариялайды.