Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.86 Кб
Скачать

3.Төмендегі сұрақтар бойынша жаңа тақырыпты бірігіп талдау:

  1. Белоктардың атқаратын функциялары.

  2. Белоктардың жалпы қасиеттері.

    1. элементтік құрамының ұқсас болуы

    2. жоғары молекулалық массасының болуы;

    3. белоктардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен болуы;

    4. ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;

    5. белок молекуласындағы байланыс түрлері және олардың белок молекуласын тұрақтандыруға қатысуы, осы сұрақты талдағанда мына кестені толтыру ұсынылады:

Байланыстың аты, оған сипаттама

Байланыс қалай түзіледі

Байланысқа мысал (формуламен көрсету)

Пептидтік (ковалентті, берік)

Бірінші амин қышқылының (АҚ)

СООН тобы мен екінші АҚ-ның NH2 әрекетттескенде түзіледі

Дисульфидтік (ковалентті, берік)

Цистеиннің 2 молекуласындағы тио топтар өзара әрекеттескенде түзіледі

Сутектік (ковалентті емес, әлсіз)

Пептидтік байланыс түзуге қатысқан сутек пен оттектегі артық заряд есебінен түзіледі.

Иондық (ковалентті емес, әлсіз)

Диссоциацияланған күйде болатын МАДК-ның бос СООН тобы мен ДАМК-ның бос NH2тобы арасында түзіледі

Гидрофобты әрекеттесу (полярлы емес, әлсіз)

АҚ-ның заряды жоқ көмірсутек радикалдары арасында түзіледі

    1. белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

    2. Белоктардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының белок зарядына әсері.

Шағын топта жұмыс жасау – жағдайлық есепті шешу:

  1. Белоктың жалпы формуласы

осы белок қандай қасиетке ие? рН= 4,7; 7,0; 10 шамаларына тең болғанда, белок заряды қандай болады? Осы белоктың құрамына кіретін амин қышқылдарын анықтаңыздар.

  1. Белоктың жалпы формуласы

Осы белок қандай қасиетке ие? ИЭН-сі қай ортада? Нейтрал ортада заряды қандай? Осы белоктың құрамына кіретін амин қышқылдарын анықтаңыздар.

  1. Белоктың жалпы формуласы

Осы белок қандай қасиетке ие? рН-тың мәні қай шамада бұл бейтарап болады. Осы белоктың құрамына кіретін амин қышқылдарын анықтаңыздар.

Блиц-сұрақ тест немесе төменде берілген сұрақтар бойынша жүргізіледі, оқытушы студентті тақтаға шығарады, ол тестті ішінен оқып, дұрыс жауабын бірден айтуы тиіс, немесе оқытушы қай тестті оқу керектігін нұсқайды, студент жауап береді.

Блиц-сұрақтар:

1)Белок құрамына қандай химиялық элементтер кіреді?

2)Белоктардың ыдырау өнімдерін атаңыз.

3) Белок молекуласындағы ковалентті байланыстарды атаңыз.

4) Белок молекуласындағы ковалентті емес байланыстарды атаңыз.

5) Моноаминомонокарбон қышқылдарын (2-3 мысал) атаңыз?

6) Гидрокси амин қышқылдарын атаңыз?

7) Құрамында күкірті бар амин қышқылдарын атаңыз?

8)Моноаминодикарбон қышқылдарын атаңыз?

9) Диаминомонокарбон қышқылдарын атаңыз?

10) Имин қышқылдарын атаңыз?

11)Ароматты амин қышқылдарын атаңыз?

12) Гетероциклді амин қышқылдарын атаңыз?

13) Қандай амин қышқылдары алмастырылатын деп аталады?

14) Қандай амин қышқылдары алмастырылмайтын деп аталады?

15) Алмастырылмайтын амин қышқылдарын атаңыз белгілі?

16) Қандай амин қышқылдары шартты түрде алмастырылатын деп аталады?

17) Неліктен белоктар амфотерлік қасиет көрсетеді?

18) Белоктардың амфотерлігі оның құрамындағы қандай функционалдық топтың болуына тәуелді?

19)Белоктың қандай күйі изоэлектрлік деп аталады (ИЭК)?

20) Изоэлектрлік нүкте (ИЭН) дегеніміз не?

21) Бейтарап белоктың ИЭН-сі неге тең?

22) Белок заряды қандай факторларға тәуелді?

23)Егер белок құрамында МАМҚ басым болса, белок (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?

24) Егер белок құрамында МАДҚ басым болса, белок (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?

25) Егер белок құрамында ДАМҚ басым болса, белок (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?

26) Белок ерітіндісінің тұрақтылық факторларын атаңыз.

27) Жалпы түсті реакциялар қандай мақсатқа пайдаланылады?

28) Жеке амин қышқылдарына арналған түсті реакциялар қандай мақсатқа пайдаланылады?

  1. Жазбаша бақылау ҚТ ережелері бойынша жүргізіледі (билеттер бар)

5. Сабақты қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды, баға қояды және қойылған бағаны студенттерге жариялайды.

Жаттығулар:

  1. Аланилцистеилглицин трипептидін жазыңыз. Осындай екі трипептидті дисульфидтік байланыспен байланыстырыңыз. Осы амин қышқылдарынан түзілген белоктың қасиеті қандай болады? Пептидтік байланысты көрсетіңіз. N– және С-шетін белгілеңіз.

  2. Белок гидролизі, түрлері. Гидролиз сатыларын қандай реакциялар арқылы анықтауға болады?

Жағдайлық есеп:

Белок құрамында изолейцин анықталған жоқ. Осы белокты құнды деп есептеуге бола ма?