Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.86 Кб
Скачать

3. Оқыту міндеттері:

1. Инсулин, глюкагон, адреналин, норадреналин, глюкокортикостероидтардың, соматотропты гормонның, соматомединдердің әсер ету механизмін, физиологиялық әсерін, секрециясының реттелуін қарастыру.

2. Қантты диабет кезіндегі биохимиялық өзгерістерді талдау. 3.Студенттерді топпен жұмыс істеуге үйрету

4.Өткізілу түрі

1.Аз топпен жұмыс

2. Рөлдік ойын

5.Тақырып бойынша тапсырмалар:

Аз топпен жұмыс: топ төрт топшаға бөлінеді:

Әр топшаға гормон беріледі, бұл гормондардың көмірсулар, белоктар, липидтер алмасуына әсерін талдау үшін уақыт беріледі.

Сабақ материалдарын талдау барысында «Көмірсулар алмасуына әсер етуші гормондар» кестесі толтырылады:

1-топша инсулин мен глюкагон

2-топша катехоламиндер 3-топша ГКС 4-топша соматотропты гормон мен соматомединдер

Гормондар

Көмірсу алмасу

Белок алмасуы

Липид алмасуы

Қандағы глюкозаның деңгейі

Инсулин

Глюкагон

Адреналин

Норадреналин

ГКС

СТГ

Соматомединдер

Рөл бойынша ойын

Ойынға 4 студент қатысады (1-топ).Ойын коммуникативті дағдыны дамытуды қамтамасыз етеді: дұрыс сұрақ қоя білуді, дәрігердің науқаспен қатынасын, дұрыс анализ жасауға үйретеді.

Дәрігер

Науқас-2

Дәрігер-биохимик

1) Бірінші науқаста қантты диабеттің симптомы байқалады. Науқас ол симптомдарды атап шығуы керек.

Дәрігер дұрыс тексеру жасауы керек.Науқаспен сөйлесіп, содан кейін биохимиялық сараптама жасауға жіберу керек.

Биохимик науқастың биохимиялық сараптамасының нәтижесімен танысу керек ( Дәрігер мен биохимик – осы зерттеулерді орындауы керек.

Соңында алынған зерттеулердің нәтижесін талдау арқылы дұрыс диагноз қоюы керек.

2)Екінші науқаста қантсыз диабеттің симптомы байқалады. Науқас ол симптомдарды атап шығуы керек.

Дәрігер дұрыс тексеру жасауы керек. Науқаспен сөйлесіп, содан кейін биохимиялық сараптама жасауға жіберу керек.

Биохимик науқастың биохимиялық сараптамасының нәтижесімен танысу керек (Дәрігер мен биохимик – осы зерттеулерді орындауы керек.

Соңында алынған зерттеулердің нәтижесін талдау арқылы дұрыс диагноз қоюы керек.

6.Таратылатын материалдар: кафедраның оқу-әдістемелік құралдары, тест тапсырмалары, тақырып бойынша кестелер, гормондар, көмірсу алмасуын реттейтін гормондар бойынша дәрістің электронды нұсқасы, рөлдік ойынның сценарийі.

Рөлдік ойынның сценарийі.

Бір науқас (Серік) соңғы уақытта қатты шөлдеу, жиі зәр шығару (полиурия) байқалатыны туралы шағымданады.

Дәрігер. Дұрыс диагноз қою үшін алдымен қанда және зәрде глюкозаны анықтау керек екенін шешті.

Екінші науқас (НД) жиі шөлдейтіні және бөлінетін зәр мөлшерінің артқаны (полиурия) туралы шағымданды.

Дәрігер. Бұл науқасқа да қанда және зәрде глюкозаны анықтау керек екенін айтты.

Биохимик дәрігер берілген көрсеткіштерді анықтады.

Қантты диабетпен ауыратын науқаста (Серік) гипергликемия және глюкозурия анықталды, ал екінші науқастың (НД) қанында глюкоза нормада, ал эәрінде глюкоза анықталмады. Зәрдің тығыздығын анықтаған кезде, қантты диабетпен науқаста зәр тығыздығы жоғары, ал қантсыз диабетпен науқаста зәр тығыздығы төмен болды.

Сонымен бірінші науқасқа, айтылған өзгерістер инсулиннің жетіспеуіне байланысты қантты диабет деп диагноз қойылды, ал екінші науқасқа қантсыз диабет деп диагноз қойылды, ол вазопрессиннің жетіспеумен байланысты.