Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эмтихан№11-20.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
250.42 Кб
Скачать

2.2 Эмиссиялық кіріс және сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар есебі

Эмиссиялық кіріс дегеніміз- акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық кірісі). Мұндай капиталдың есебі 5110 «Эмиссиялық кіріс» шотында жүргізіледі.  Эмиссиялық кіріс шоты акционерлермен дивиденд түріндегі бөлуге жатпайды. Басқаша айтқанда, эмиссиялық кірістің ақшалай эквиваленті алынғаннан кейін ол компанияда қалады.  Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар- бұл сатылған, содан соң шығарған акционерлік қоғам сатып алған акциялар. Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар фирманы тарату кезінде активтердегі үлесіне дивидендтер алуға құқық бермейді.  Акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар туралы ақпараттар қалыптастыру үшін 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар» шоты тағайындалған. Осы шоттың дебеті бойынша акционерлерден сатып алынған акциялар құны, айналымнан қайтарып алған немесе опциондар арқылы сатылған акциялардың құны көрсетіледі.  Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша меншікті акцияларды сатып алуды жүргізуге құқығы бар. Акцияларды сатып алу:  • акционерлік қоғамның акциялары үшін қолайлы конъюнктураны ұстап тұру;  • әрбір айналым жасаушы акциялардың кірісін көбейту;  • өзге компанияларға сату үшін қолда акциялардың қажетті санына ие болу;  • өзге заңды және жеке тұлғалардың акциялардың бақылау пакетін басып алуын жою;  • опциондар арқылы жұмысшылармен қызметкерлерге таратып бөлу үшін қолда акциялардың болуы, яғни белгілі бір жеңілдік жағдайларында қызметкерлер (жұмыскерлер) арасында акциялар тарату туралы әкімшілік пен оның қызметкерлері (жұмыскерлері) арасындағы келісім үшін жүзеге асырылуы мүмкін.  Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар:  • айналымнан алынып қойылуы;  • сатылуы және қор нарығы айналымында тағы да пайда болуы мүмкін.  Акционерлік қоғам барлық кредит берушілерге акцияның сатып алынатыны туралы хабарлауы керек. Ал кредит берушілер қоғамнан өз жұмысын азайтуда тоқтатуды және өздеріне келтірген залалдың орыны толтыруды талап етуге құқылы.  Заңға сәйкес сатып алынған акция құны қоғам шығарған акцияның жалпы санының 25%-інен аспауы керек, ал акцияны сатып алуға қоғам бағыттаған қаражат қоғамның 10% өзіндік капиталынан аспауы керек.

2.3 Резервтік капиталдың есебі

Жарғылық капиталдың бекітілген мөлшерін қамтамасыз ету үшін және құрылтайшылардың (акционерлер, инвесторлар) тұрақты түрде дивидендтер алу қызығушылығын сенімді қорғау үшін кәсіпорындарда резервтік капитал құрылуы мүмкін.  Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субьектінің негізгі қызметінен алынған залалдарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.  Резервтік капиталды құрудың негізгі мақсаты акция құнының төмендеуі тәуекелі туындаған жағдайда жарғылық капиталдың белгіленген мөлшерін ұстап тұру, себебі жарғылық капитал осы резервтер есебінен толып отырады. Резервтік капитал ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін екі жыл ішінде қалыптасуы керек.  Резервтік капиталдың есебі 5300-ші «Резервтер» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5310-ші «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», 5320-шы «Қайта бағалакға арналған резерв», 5330-шы «Шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған резерв», 5340-шы «Басқа да резервтер».  Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалары) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.  5340 «Басқа да резервтер» шотында заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.  Бұл шоттардың аналитикалық есебі №13 журнал-ордерде жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]