
- •5. Айналыс үрдісіндегі капитал (дайын өнім, ақша қаражаттары, қаржылық салымдар, тауарлар, т.Б.)
- •1. Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебінің міндеттері. 1.1 Меншікті капитал –экономикалық ресурстардың қалыптасу көзі.
- •2. Меншікті капиталдың есебі. 2.1 Шығарылған капитал (Жарғылық капитал) есебі.
- •2.2 Эмиссиялық кіріс және сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар есебі
- •2.3 Резервтік капиталдың есебі
- •2.4 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) есебі
2. Меншікті капиталдың есебі. 2.1 Шығарылған капитал (Жарғылық капитал) есебі.
Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады. Қосымша №1 Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды. Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асып түсуi керек, бiрақ сол бағалауды тәуелсiз эксперт қуаттауы керек. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қайта тiркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлiк құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерiмен қуатталып бағалануы мүмкiн. Осындай бағалау кезеңiнен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылтайшылыры өздерi қосқан сомаларының шегiнен артық бағаланған салымдарына субъектi кредиторларының алдында бiрлесiп жауап бередi. Егер де салым ретiнде субъектiге мүлiктi пайдалану құқы берiлсе, онда бұл салым үшiн төленетiн төлемнiң мөлшерi, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмi үшiн есептелген сомадан анықталады. Мүлiктiк құқы жоқ және басқа да материалдық емес игiлiктердi жеке салым ретiнде жасауға рұқсат етiлмейдi, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есаптесуге жатқызуына болмайды. Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады: • ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз; • ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес; • жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі. Акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталының қалыптасуында ерекшеліктер бар. Қосымша №2, №3 Толық серіктестіктің жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек, яғни жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген елу еселенген айлық есептік көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері жарғылық капиталдың 50 пайыз құрауы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшерін жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық түрінде ақшалай нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткішке тең сомадан асса, оны бағалауды тәуелсіз эксперт куәландыруы керек. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы жиналыстың шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек. Жарғылық капитал мен оның меншіктік капиталдағы қатынасы тіркелгенде немесе қайта тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен тексерілмейді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына жағдайларда тексеріледі: 1. кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді. 2. сот шешімі бойынша. 3. әр қаржылық жылдың соңында-қаржылық есеп беру бойынша. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзінің үлесін немесе оның бөлігін өз еркі бойынша осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің өзгеруі серіктестікке жаңа қатысушының келуі мен шығуына байланысты болса да жарғылық капиталға қайта есептеу жүргізіледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының өсуі оның толық төленгеннен кейін жүзеге асырылады және ол мына жолдармен жүргізілуі мүмкін: • серіктестіктің барлық қатысушыларымен жүргізілген қосымша, пропорциондалдық салымдар; • жарғылық капиталдың мөлшері серіктестіктің меншіктік капиталының есебінен, сонымен қатар оның резервтік капиталының есебінен өсуі; • серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталдың) қайта бағалау, нақты құны баланстық құннан асатын. Қайта бағалау тәуелсіз экспертпен ғана жүргізілуі керек. • бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдарымен, егер барлық басқа қатысушылар рұқсат етсе. • серіктестіктің құрамына жаңа қатысушылар алған кезде. Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің кемуі серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдарының мөлшерін пропорционалды кеміту арқылы жүргізіледі. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады. Акционерлік қоғам- жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең. Акцияның номиналдық құны- акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі. Орналастыру бағасы- алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда анықталатын акция бағасы. Акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді. Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына қатысуы кезінде барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс алған кезде дивиденд алуға, сонымен қатар қоғам жабылған кезде заңмен бекітілген негізде қоғамның мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді. Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді. Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек. Артықшылығы бар акция акционерге қоғамды басқаруға құқық бермейді, келесі дербес жағдайлардан басқа, егер: • акционерлік қоғамның жалпы жиналысы артықшылығы бар акцияны иеленуші акционерлердің құқығын шектеуі мүмкін шешімдер бойынша сұрақтарды қарастырады. • қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның жабылуы немесе қайта құрылуы бойынша сұрақтарды шешуге қатысады; • артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер толық көлемде оның төленуі тиіс мерзімнен үш ай асып кеткенде. Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады. Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді. Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010 «Жарияланған капитал» деген шотта 5000 «Шығарылған капитал» шоттар бөлімшесіне енгізілетін шотта жүргізіледі. Заңды тұлға өндірістік кооператив формасында ұйымдастырылуы мүмкін. Олардың жеке еңбекпен катысуы және оның мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік үшін мүшелік негізінде азаматтардың ерікті түрде бірігуі өндірістік кооператив болып танылады. Өндірістік кооператив жарғысы заңды тұлға жарғысының жалпы ережелерінен өзге, кооператив мүшелерінің пайдалары туралы кооператив мүшелерінің кұрамы мен пайлар салу тәртібі туралы және пайлар салу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін олардың жауапкершілігі туралы; кооператив қызметіне оның мүшелерінің еңбекпен қатысу тәртібі туралы; кооператив пайдаларын болу мен шығындарын (залалдарын) өтеу тәртібі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзырлары туралы жағдайлардан тұруы тиіс. Салынған пай кооператив мүшесінің үлесі болып саналады. Кооператив пайдасы, егер кооператив жарғысында басқалай қаралмаған болса, олардың еңбектеріне сәйкес, кооператив мүшелері арасында бөлінеді. Мемлекеттік кәсіпорын- шаруашылық меншік құқығына немесе оперативтік басқаруға негізделеді. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі мемлекетке жатады, бөлінбейтін болып саналады және салымдар (үлес, пай) бойынша, оның ішінде кәсіпорын жұмыскерлері арасында бөлінбейді. Мемлекеттік кәсіпорындар өкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады. Мемлекет мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы болып қатысады. Жарғылық капитал мемлекет бөлген мүлік есебінен қалыптасады. Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындар, оның міндеттемелері бойынша құрылтайшылардың субсидияларлы жауапкершілік көтеретіндігімен сипатталады. Коммерциялық емес ұйымдар- басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы меншіктенушілермен құрылатын және қаржыландырылатын ұйым. Қосымша №4 Серіктестіктердегі капиталдың есебі. Серіктестіктердегі капиталдың бухгалтерлік есебі жеке иеленудегіге өте ұқсас болып келеді. Негізгі айырмашылығы капиталды салу мен алу шоты бойынша әр әріптеске пайда мен зиянды бөлуінде көрінеді. «Әріптестер капиталы» баланстық есеп беру кезінде әр шот бойынша қалдықты көрсету керек. Салымдар есебі. Әр әріптес серіктестікке материалдық және материалдық емес активтерді құрылтай келісім-шартында көрсетілген тәртіпте сала алады. Салынған активтер серіктестікке активті салған күні әділ нарықтық бағасы бойынша бағалануы керек. 2005 жылы 1 шілдеде Ахметов Мади мен Балтабаев Жанибек өздерінің капиталдарын біріктіріп жауапкершілігі шектеулі серіктестік «КаzЖиһаз» ашпақшы болды. Ахметов 280 000 теңге ақша қаражатын және 370 000 теңгеге бағаланған жиһаз салды. Балтабаев 400 000 теңге ақша қаражатын және 200 000 теңгеге бағаланған құрал- жабдық салды.
1 шілде Д 1010, 1040 Ақша қаражаты.............................................280 000 2410 Жиһаз.......................................................................370 000 К 5020 Ахметовтың капиталы............................................650 000
Д 1010, 1040 Ақша қаражаты............................................400 000 2410 Құрал жабдық.........................................................200 000 К 5020 Балтабаев капиталы...............................................600 000 Серіктестік инвестициямен байланысты міндеттемелерді ала алады. Сөйтіп, Балтабаев қосымша жеті айдан кейін өзі қозғалатын арбаша, сомасы 450 000 теңге құрайтын салды. Бұл мүлікке қатысты кредиторлық қарыз серіктестікпен 370 000 теңге қабылданды. Бухгалтерлік жазу: 1 ақпан Д 2410 Көлік құралы...................................................................................450 000 К 3310 Жеткізушілер мен медігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары............................................................................................................370 000 К 5020 Балтабаев капиталы..........................................................................80 000 Серіктестікте пайда мен зиянды бөлу. Серіктестікте пайда мен зиянды бөлу серіктестіктің келісім-шартында көрсетілген кез келген әдіспен жүргізіледі. Серіктестіктің пайдасы ереже бойынша үш бөлімге бөлінеді: 1. әріптестер капиталдары (салынған капиталға пайыз ретінде қарастыруға болады) 2. әріптестермен көрсетілген қызметтерге өтем (әріптестердің еңбекақылары ретінде қарастыруға болады) 3. коммерциялық тәуекелден қосымша пайда. Пайданы мұндай үш бөлімге бөлу әр әріптестің серіктестікке қанша салғанын көрсетуге мүмкіндік береді. Пайданы бөлудің бірнеше әдістері бар: 1. бекітілген пропорция бойынша 2. салынған капиталдың ара салмағы бойынша 3. жалақының мөлшерінен тәуелді және бекітілген пропорция бойынша капиталдан пайыздар. Табысты бөлудің әртүрлі нұсқауларын қарастырайық. Бекітілген пропорция әдісі. Егер барлық әріптестердің салымдары бірдей көлемде болса, онда олар пайданың тең үлестерін алады.Бірдей салымдар әртүрлі нысанда болуы мүмкін. Мысалға, барлық әріптестер бірдей капитал салулары мүмкін немесе біреуі қызметіне көп уақыт бөліп басқару бойынша көптеген мүмкіндіктерді иеленуі мүмкін, ал енді біреуі көп капитал салуы мүмкін. Егер әріптестер серіктестікке әртүрлі салым салса, онда пайданы бөлу де әртүлі жүргізіледі. Ахметов пен Балтабаев өткен жылы 1 400 000 теңге пайда алды. Серіктестіктің келісім-шарты бойынша пайда мен зиянды бөлу 60% және 40% пропорция бойынша Ахметов пен Балтабаевқа тиесілі. 30 маусым 2006 жыл Д 5410 Таза пайда.......................................................1 400 000 К 5020 Ахметовтың капиталы ( 1 400 000*60%) .......840 000 К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*40%).......560 000 Салынған капиталдың ара салмағы әдісі. Ахметов пен Балтабаев 1 250 000 теңге капиталмен серіктестік құрды. Ахметов 650 000 теңге, Балтабаев 600 000 теңге салды. Егер серіктестіктің қызметіне салынған капитал пайданың ең көп бөлігін берсе, онда пайда мен зиян салынған капиталға сәйкес бөлінеді.Бұл екі жақты талданады: 1. Әр әріптестің салған капиталы шоты бойынша жыл басына қалдық негізінде (қосымша салымдар мен алымдарды есептемегенде): 30 маусым 2006 жыл Д 5410 Таза пайда ...............................................................1 400 000 К 5020 Ахметовтың капиталы (1 400 000*65/125)...............728 000 К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*60/125)............672 000 2. Осы шоттар бойынша орташа жылдық қалдықты қолдану негізінде: Егер әріптестер жыл бойы олардың капиталдағы үлестері өзгеруі мүмкін деп санаса, онда пайда мен зиянды бөлу әр әріптестің капиталындағы үлесі орташа салмақтандырылған негізде жүргізіледі. 2005 жылы 1 қарашада Балтабаев 100 000 теңге, ал 2006 жылы 1 қаңтарда Ахметов 100 000 теңге алды. Сонымен қатар, 2006 жылы 1 қаңтарда Балтабаев қосымша 80 000 теңге салды. Орташа капиталдың жылға есебі: Әріптес Кезең (ай,жыл) капитал Айлар саны Капитал*ай Орташа капитал Ахметов
Балтабаев
Капитал орташа жинағы 07.01.12.01. 01.02.06.02.
07.01-10.01 11.01-01.02 02.02-06.02 650 000 550 000
600 000 500 000 580 000 6 6 12 4 3 5 12 3 900 000 3 300 000 7 200 000 2 400 000 1 500 000 2 900 000 6 800 000
600 000
566 670 1166670
Капиталдағы пайыздық қатынас: Ахметов= 600 000/1 166 670=51,4% Балтабаев=566 670/ 1 166 670=48,6% Пайданы бөлу бойынша бухгалтерлік жазу: 30 маусым 2006 жыл Д 5410 Таза пайда ..................................................................1 400 000 К 5020 Ахметовтың капиталы (1 400 000 * 0,514)...............719 600 К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*0,486).................680 400 Жалақының мөлшерінен тәуелді және бекітілген пропорция бойынша капиталдан пайыздар әдісі. Назарға салымдардың бірдей емес екенін ала отырып, кейбір серіктестіктер әріптестерге еңбекақы мен салынған капиталға пайыздар тағайындайды. Олардың комбинациясы пайданы бөлуде есепке алынады. Пайыздар мен еңбекақы пайданы анықтаған уақытқа дейін шығын ретінде қарастырылмайды. Ахметов пен Балтабаев салынған алғашқы капиталынан 10 пайыз алуды шешті, сонымен қатар еңбекақы (Ахметов 700 000 тг және Балтабаев 600 000 тг). Қалған табыс немесе зиян тең бөлінуі керек. Жалпы пайда 1 400 000 тг құрады. Еңбекақы мен пайыздарды бөлгенен кейін пайданы бөлуде теріс сома пайда болуы мүмкін. Ол серіктестіктің келісім шартында көрсетілген пропорцияға сәйкес жабылуы керек. Әріптестер Бөлінетін пайда Ахметов Балтабаев Бөлінетін пайда 1 400 000 Еңбекақыны бөлу 700 000 600 000 1 300 000 Еңбекақыны бөлуден кейінгі пайда 100 000 Салынған капиталға пайызды бөлу: Ахметов (650 000 * 10%) 65 000 60 000 125 000 Балтабаев (600 000 * 10%) Пайыздар мен еңбек ақыны бөлуден кейінгі пайда соммасы -25 000 Қалған соманы тең бөлу -12 500 -12 500 25 000 Жиыны 752 500 647 500 1 400 000
Пайданы бөлу бойынша бухгалтерлік жазу: Д 5410 Таза пайда ...............................................................................1 400 000 К 5020 Ахметовтың капиталы ..............................................................752 500 К 5020 Балтабаевтың капиталы ............................................................647 500 Серіктестікті тарату (қайта тіркелу). Серіктестікті тарату оның бастапқы құрамында өзгерістер орын алғанда жүргізіледі. Жаңа әріптесті қабылдау соңынан серіктестікті таратуға әкеліп соғады, себебі ол жаңа ассоциация ұйымдастырады. Бұрынғы серіктестікті тарату мен жаңасын құру тек алдыңғы қатысушылардың келісімімен жүргізіледі. Тұлға серіктестікке екі әдіспен қабылдануы мүмкін: 1. бір немесе бірнеше бұрынғы әріптестердің капиталының үлесін сатып алу жолымен; 2. серіктестіктің капиталына салым салу жолымен; Әріптестің капиталының үлесін сатып алу. Әріптес Ахметов өзінің үлесіндегі 700 000 теңгені 1 000 000 теңгеге Рахимбековқа сатпақшы болды. Балтабаев бұған келісті. Бухгалтерлік жазу келесідей болады: 31 тамыз Д 5020 Ахметовтың капиталы ..........................................................700 000 К 5020 Рахимбековтың капиталы......................................................700 000 Серіктестікке капитал салу. Әріптестер Ахметов пен Балтабаев Рахимбековты егер ол 750 000 тг салса ғана қабылдамақ. 31 тамыз Д 1010, 1040 Ақша қаражаттары ................................................750 000 К 5020 Рахимбековтың капиталы...............................................750 000 Алдыңғы әріптестерге сыйақы. Кейде, бұрынғы әріптестер жаңа әріптесті қабылдай отыра оның үлесін анықтап одан сыйақы алуы мүмкін. Жаңа әріптес 1 000 000 тг салуды қалайды, ал оның капиталдағы үлесі 800 000 тг құрайды. 200 000 тг артықшылық алдыңғы әріптестерге сыйақы болады. Егер сыйақыны бөлу тәртібі келісім шартта қарастырылмаса, онда сыйақы пайда мен зиян сияқты бөлінеді. Ахметов пен Балтабаев серіктестікте бірнеше жыл жұмыс істеді және келесі капиталды иеленді. Әріптес Капитал(тг) Үлес Ахметов 1 600 000 55% Балтабаев 1 400 000 45% Жиыны 3 000 000 100% Рахимбеков осы серіктестікке қосылғысы келеді және 1 желтоксанда 1 000 000 тг әріптестер капиталының бестен бір бөлігін салуды ұсынады. Алғашқы әріптестерге сыйақы есебі: 5020 Алғашқы әріптестердің капиталдары ...................................3 000 000 5010 Рахимбековтың салымы .........................................................1 000 000 5020 Жаңа серіптестіктің капиталы ...............................................4 000 000
Алдыңғы әріптестерге сыйақылар: 5010 Рахимбековтың салымы...................................................................1000 000 Минус:Рахимбековтың капиталының үлесі( 4 000 000*1/5).. 800 000...200 000
Сыйақыны бөлу: Ахметов (200 000*55%)...................................................................110 000 Балтабаев (200 000*45%)...................................................90 000...200 000 Серіктестікке Рахимбековтың 1 000 000 салымы тіркелгенде келесі жазу жазылады: 1 желтоқсан Д 1010, 1040 Ақша қаражаттары.....................................................1 000 000 К 5020 Ахметовтың капиталы............................................................110 000 К 5020 Балтабаевтың капиталы............................................................90 000 К 5020 Рахимбековтың капиталы.......................................................800 000